"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Железнов және Новенький ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып және Облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Железнов ауылдық округі Железнов ауылының көшелері:
Степная көшесін Желтоқсан көшесіне;
Дружба көшесін Мерей көшесіне;
Садовая көшесін Саяжай көшесіне;
Крайняя көшесін Ақбидай көшесіне;
Природная көшесін Көктем көшесіне қайта аталсын.
2. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Железнов ауылдық округі Новенький ауылының көшелері:
Дорожная көшесін Ақжайық көшесіне;
Школьная көшесін Болашақ көшесіне;
Новостройка көшесін Береке көшесіне қайта аталсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Железнов ауылдық округінің әкімі | Е. Сидагалиев |