Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108 бабының 1,5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес Казталов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Казталов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Казталов ауданының кейбір елді мекендерінің шекаралары өзгертілсін және белгіленсін:
1) Казталов ауылдық округі Қоныс ауылының шекарасына Казталов ауданының босалқы жерлерінен 1744,0 гектар жерді қосу арқылы, Казталов ауылдық округі Қоныс ауылының шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 5329,0 гектар шекарасында белгіленсін;
2) Казталов ауылдық округі Бозоба ауылының шекарасына Казталов ауданының босалқы жерлерінен 5627,0 гектар жерді қосу арқылы, Казталов ауылдық округі Бозоба ауылының шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 8133,0 гектар шекарасында белгіленсін;
3) Қарасу ауылдық округі Жұлдыз ауылының шекарасына Казталов ауданының босалқы жерлерінен 11578,0 гектар жерді қосу арқылы, Қарасу ауылдық округі Жұлдыз ауылының шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 15888,0 гектар шекарасында белгіленсін;
4) Қарасу ауылдық округі Бостандық ауылының шекарасына Казталов ауданының босалқы жерлерінен 1640,0 гектар жерді қосу арқылы, Қарасу ауылдық округі Бостандық ауылының шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 3224,0 гектар шекарасында белгіленсін;
5) Қараөзен ауылдық округі Жас ауылының шекарасына Казталов ауданының босалқы жерлерінен 4074,0 гектар жерді қосу арқылы, Қараөзен ауылдық округі Жас ауылының шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 7632,0 гектар шекарасында белгіленсін.
2. "Казталов ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен Казталов ауданы әкімдігінің қаулысы және Казталов аудандық мәслихатының шешімін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;
2) осы бірлескен Казталов ауданы әкімдігінің қаулысы және Казталов аудандық мәслихатының шешімін оның ресми жарияланғаннан кейін Казталов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен Казталов ауданы әкімдігінің қаулысы және Казталов аудандық мәслихатының шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекішілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бірлескен Казталов ауданы әкімдігінің қаулысы және Казталов аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтезбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Казталов ауданының әкімі | Р. Зулкашев |
Мәслихат хатшысы | С. Мулдашев |