Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 31 "Казталов ауданы аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 7 қазандағы № 219 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 қазанда № 30124 болып тіркелді

      Казталов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Казталов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №31 "Казталов ауданы аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4258 болып тіркелген) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасында:

      реттік нөмірі 9-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

9

Аққурай ауылы

"Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Казталов аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының медициналық пунктінің ғимаратының алдында, Бейбітшілік көшесі, №12 үй

      ";

      реттік нөмірі 11-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

11

Саралжын ауылы

"Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Казталов аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының медициналық пунктінің ғимаратының алдында, Қ.Басымов көшесі, №8/2

      ";

      реттік нөмірі 14-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

14

Мереке ауылы

"Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Казталов аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының медициналық пунктінің ғимаратының алдында, Мектеп көшесі, № 12 үй

      ";

      реттік нөмірі 23-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

23

Саралжын ауылы

Казталов ауданы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "С.Садықов атындағы Казталов аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының жанындағы Саралжын ауылдық клубы ғимаратының алдында, Саралжын көшесі, №28 үй

      ";

      реттік нөмірі 24-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

24

Сатыбалды ауылы

Казталов ауданы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "С.Садықов атындағы Казталов аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының жанындағы Сатыбалды ауылдық клубы ғимаратының алдында, Сатыбалды көшесі, №1/1 үй

      ";

      реттік нөмірі 38-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

38

Сексенбаев ауылы

"Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Казталов аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының медициналық пункті ғимаратының алдында, Мектеп көшесі, №3/2 үй

      ";

      реттік нөмірі 38-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

40

Казталов ауылы

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт баскармасының "Казталов аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алдында, Желтоқсан көшесі, № 31 үй

      ".

      2. "Казталов ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрілігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының оның ресми жарияланғанынан кейін Казталов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Казталов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Казталов ауданының әкімі Р. Зулкашев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Казталов аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады