Көшені қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Казталов ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 4 шілдедегі № 67 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 11 шілдеде № 28771 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Казталов ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 28 сәуірдегі қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Казталов ауданы Казталов ауылдық округі Казталов ауылының Қарасу көшесі Пангерей Сейфуллин көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы
Казталов ауылдық округінің әкімі
Е. Галимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады