Қаратөбе ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 24-9 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 желтоқсанда № 31059 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қаратөбе аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қаратөбе ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат хатшысы Н. Мендешов

  Батыс Қазақстан облысы
Қаратөбе аудандық
мәслихатының
2022 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 24-9 шешіміне қосымша

Қаратөбе ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Теңге (қосылған құн салығынсыз)

Жайлы үйлер

айына 1 тұрғыннан

184,76

Жайлы емес үйлер

айына 1 тұрғыннан

184,76

Жылдық тариф бірлігіне (көлем)

1 м3

2015,60


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады