Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабы 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Занының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Тасқала ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.
2. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы | Ж. Бисенгалиева |