Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасының Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Тасқала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Тасқала ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшері белгіленсін.
2. "Тасқала ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тасқала ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Айтмагамбетов |
Тасқала ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 239 қаулысына қосымша |
Тасқала ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшері
№ | Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайдың мекенжайы | Айына бір шаршы метр үшін төлемақы мөлшері |
1 | Тасқала ауылы, Сәулет шағын ауданы, № 5 үй | 47 (қырық жеті) теңге, 1 (бір) тиын |
2 | Тасқала ауылы, Сәулет шағын ауданы, № 6 үй | 47 (қырық жеті) теңге, 1 (бір) тиын |
3 | Тасқала ауылы, Сәулет шағын ауданы, № 8 үй | 47 (қырық жеті) теңге, 1 (бір) тиын |
4 | Тасқала ауылы, Сәулет шағын ауданы, № 10 үй | 47 (қырық жеті) теңге, 1 (бір) тиын |
5 | Тасқала ауылы, Сәулет шағын ауданы, № 11 үй | 48 (қырық сегіз) теңге, 37 (отыз жеті) тиын |
6 | Тасқала ауылы, Сәулет шағын ауданы, № 12 үй | 48 (қырық сегіз) теңге, 37 (отыз жеті) тиын |
7 | Тасқала ауылы, Сәулет шағын ауданы, № 13 үй | 48 (қырық сегіз) теңге, 37 (отыз жеті) тиын |
8 | Тасқала ауылы, Сәулет шағын ауданы, № 17 үй | 48 (қырық сегіз) теңге, 37 (отыз жеті) тиын |
9 | Тасқала ауылы, Сәулет шағын ауданы, № 18 үй | 48 (қырық сегіз) теңге, 37 (отыз жеті) тиын |
10 | Тасқала ауылы, Сәулет шағын ауданы, № 19 үй | 48 (қырық сегіз) теңге, 37 (отыз жеті) тиын |
11 | Тасқала ауылы, Сәулет шағын ауданы, № 21 үй | 48 (қырық сегіз) теңге, 37 (отыз жеті) тиын |
12 | Тасқала ауылы, Абай көшесі, № 29 үй | 37 (отыз жеті) теңге, 40 (қырық) тиын |
13 | Тасқала ауылы, Жасыбаев көшесі, № 21 үй | 42 (қырық екі) теңге, 1 (бір) тиын |
14 | Тасқала ауылы, № 1 учаскесі, № 45 үй, 2 пәтер | 50 (елу) теңге, 15 (он бес) тиын |
15 | Тасқала ауылы, Самал шағын ауданы, № 1 үй | 31 (отыз бір) теңге, 75 (жетпіс бес) тиын |
16 | Тасқала ауылы, Самал шағын ауданы, № 4 үй | 31 (отыз бір) теңге, 75 (жетпіс бес) тиын |
17 | Тасқала ауылы, Самал шағын ауданы, № 6 үй | 31 (отыз бір) теңге, 75 (жетпіс бес) тиын |
18 | Тасқала ауылы, Самал шағын ауданы, № 9 үй | 31 (отыз бір) теңге, 75 (жетпіс бес) тиын |
19 | Тасқала ауылы, Көктем шағын ауданы, № 1 үй | 32 (отыз екі) теңге, 45 (қырық бес) тиын |
20 | Тасқала ауылы, Көктем шағын ауданы, № 3 үй | 31 (отыз бір) теңге, 81 (сексен бір) тиын |
21 | Тасқала ауылы, Көктем шағын ауданы, № 9 үй | 32 (отыз екі) теңге, 61 (алпыс бір) тиын |
22 | Тасқала ауылы, Көктем шағын ауданы, № 14 үй | 32 (отыз екі) теңге, 74 (жетпіс төрт) тиын |
23 | Тасқала ауылы, Көктем шағын ауданы, № 15 үй | 32 (отыз екі) теңге, 12 (он екі) тиын |
24 | Тасқала ауылы, Сәулет шағын ауданы, 12 орам, № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 6 А үйлері | 112 (жүз он екі) теңге, 39 (отыз тоғыз) тиын |
25 | Тасқала ауылы, Жеңіс көшесі, № 16 үй, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36 пәтерлері | 170 (жүз жетпіс) теңге, 91 (тоқсан бір) тиын |
26 | Тасқала ауылы, Жеңіс көшесі, № 18 үй, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36 пәтерлері | 170 (жүз жетпіс) теңге, 91 (тоқсан бір) тиын |