Тасқала ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 35-2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 6 қаңтарда № 31600 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 365-бабының 3-тармағының 2)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) сәйкес, Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Тасқала ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат хатшысы Ж. Бисенгалиева

  Тасқала аудандық мәслихаты
2022 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 35-2 шешіміне қосымша

Тасқала ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілерінің түрлері

Есептік бірлік

Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3

1.

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

0,82

2.

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

1,15

3.

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

1,16

4.

Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер

1 орын

0,46

5.

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,64

6.

Емханалар, медициналық орталықтар

1 келіп кету

0,04

7.

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

2,10

8.

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,14

9.

Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көңіл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

1,20

10.

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар

1 отыратын орын

0,21

11.

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м2

0,3

12.

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,26

13.

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2

0,21

14.

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, аралас дүкендер

Сауда алаңы 1 м2

0,80

15.

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

0,80

16.

Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1 м2

0,13

17.

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,41

18.

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,45

19.

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС

1 машина-орын

0,15

20.

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

2,5

21.

Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер

1 гаражға

0,15

22.

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

0,23

23.

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1 м2

0,15

24.

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,02

25.

Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар)

1 жұмыс орны

0,15

26.

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

0,28


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады