Теректі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 48-2 "Теректі ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 31-3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 5 қаңтарда № 31565 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 қыркүйектегі № 7-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 12.09.2023 № 7-3 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Теректі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Теректі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 48-2 "Теректі ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (2020 жылғы 31 желтоқсандағы нормативтік кұқықтық актілердімемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6753 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес.";

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қағидаларда:

      1 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Теректі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына" (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау тәртібін белгілейді.";

      4 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12 бабының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары осы қағидаларда айқындалған тәртіппен көрсетіледі.";

      6 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне - бір реттік 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде және ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде;

      3) Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына - бір реттік 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 120 000 (бір жүз жиырма мың) теңге және ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдарына - бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде;

      5) екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарына - бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде;

      6) бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне - бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде;

      7) Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарына - бір реттік 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 120 000 (бір жүз жиырма мың) теңге және ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      8) екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарына - бір реттік 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 120 000 (бір жүз жиырма мың) теңге мөлшерінде және ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      9) 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы (бұдан әрі –Чернобыль АЭС) апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарына - бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күініне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;

      10) жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне:

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде, Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарды қоспағанда - бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күініне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстанда әскери қызмет өткеру кезінде - бір реттік 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;

      11) қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарға - бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күініне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;

      12) басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген тиісті санаттардағы жұмысшылар мен қызметшілерге - бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күініне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;

      13) 1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарына - бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      14) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарына және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына - бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күініне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;

      15) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарына бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      16) 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарына - бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      17) бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының(әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) шешiмдерiне сәйкес ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына:

      басқа мемлекеттердiң аумағындағы - бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күініне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде, Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарды қоспағанда;

      ауғанстан аумағындағы – бір реттік 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;

      18) оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге - бір реттік 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;

      19) Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне - бір реттік 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;

      20) бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне - бір реттік 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;

      21) Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлеріне - бір реттік 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;

      22) 1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;

      23) 2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;

      24) 1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;

      25) бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн (қызметтік мiндеттерді) атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан қаза болған (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердің, партизандардың, астыртын әрекет етушiлердің, осы Заңның 4 – 6 баптарында аталған адамдардың отбасыларына - бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      26) бұрынғы КСР Одағы Қорғаныс министрлiгiнің, ішкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының әскери мiндеттілер жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлерінiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасыларына - бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      27) Ұрыс қимылдары кезеңінде жаралану, контузия алу, мертігу, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына:

      Ауғанстанда - бір реттік 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде және 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      Ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде - бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      28) бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына - бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      29) Чернобыль АЭС апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына - бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      30) сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына - бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      31) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) - бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      32) 1988 – 1989 жылдары Чернобыль АЭС апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарына - бір реттік 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      33) 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне) – бір реттік 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде.";

      7- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) емдеудің амбулаториялық сатысында жатқан туберкулезбен ауыратын тұлғаларға медициналық мекеменің анықтамасы негізінде табыстарын есепке алмай, 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ай сайын;

      2) адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын аурулар бар балалардың ата-анасына немесе заңды өкілдерге табыстарын есепке алмай, Батыс Қазақстан облысы бойынша 2 (екі) ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, ай сайын;

      3) емделудің амбулаторлық бақылаудағы қатерлі ісіктің 1, 2, 3 және 4 сатысындағы ауруы бар тұлғаларға медициналық мекеменің анықтамасына сәйкес; адамның иммун тапшылығы вирусы тудыратын аурулар бар тұлғаларға "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының анықтамасына сәйкес; дәрігерлік-консультативтік комиссия қорытындысы негізінде дәнекер тіннің жүйелі зақымданулары бар тұлғаларға табыстарын есепке алмай, бер реттік 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға дәрігерлік консультативтік комиссия қорытындысы негізінде емдеуге табыстарын есепке алмай, бір реттік 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) гемодиализ аппаратын пайдаланатын бірінші топ мүгедектігі бар адамдарға табыстарын есепке алмай, бір реттік 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      6) Батыс Қазақстан облысында жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен адамдарға (отбасыларға) 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір реттік;

      7) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға табыстарын есепке алмай, бір реттік 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      8) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен адамдарға өмірлік қиын жағдайда қалған сәтінен бастап табыстарын есепке алмайүш ай ішінде бір реттік 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштің шекті мөлшерінде.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Теректі аудандық мәслихатының хатшысы А. Нургалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады