Сайлауды, референдумды әзірлеу мен өткізу кезеңінде сайлау комиссияларын ұйымдастыру және қызметі үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 8/659 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2023 жылғы 11 қаңтарда № 31677 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 12-бабының 16-12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Сайлауды, референдумды әзірлеу мен өткізу кезеңінде сайлау комиссияларын ұйымдастыру және қызметі үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы аппаратының заң бөлімі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Н. Абдиров

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі


  Қазақстан Республикасы
  Орталық сайлау
  комиссиясының Төрағасы
  2023 жылғы 9 қаңтардағы
  № 8/659 Қаулыға
  қосымша

Сайлауды, референдумды әзірлеу мен өткізу кезеңінде сайлау комиссияларын ұйымдастыру және қызметі үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары 1-бөлім. Сайлауды, референдумды әзірлеу мен өткізу кезеңінде сайлау комиссияларын ұйымдастыру және қызметі үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібі 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сайлауды, референдумды әзірлеу мен өткізу кезеңінде сайлау комиссияларын ұйымдастыру және қызметі үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Президентті, Парламент, мәслихаттар депутаттарын, әкімдерді сайлауды әзірлеу мен өткізу кезінде, сондай-ақ республикалық референдум өткізу кезеңінде сайлау комиссияларының:

      еңбек шарттары бойынша жеке тұлғалардан сатып алынатын қызметтерді;

      кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалардан өтеулі қызметтер көрсету шарттары бойынша сатып алынатын, көрсетілетін қызметтерді;

      іссапар шығыстарын;

      өкілдік шығыстарға байланысты тауарларды, көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуетті өнім беруші – сатып алу туралы шарт жасасуға үміткер, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшін өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);

      2) әлеуетті өнім берушінің үлестес тұлғасы – осы әлеуетті өнім берушінің шешімдерін айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешімдерге, оның ішінде жазбаша нысанда жасалған мәмілеге орай ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзіне қатысты осы әлеуетті өнім берушінің осындай құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға;

      3) біртекті тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер – бірдей болмаса да, ұқсас сипаттамалары бар және сол бір функцияларды орындауға мүмкіндік беретін ұқсас компоненттерден тұратын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер;

      4) өнім беруші – тапсырыс берушімен жасалған сатып алу туралы шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);

      5) жұмыстар – заттық нәтижесі бар қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыстарға жатқызылған өзге де қызмет;

      6) көрсетілетін қызметтер – тапсырыс берушінің қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған, заттық нәтижесі жоқ қызмет;

      7) тауар – нәрсе (зат), оның ішінде жартылай фабрикаттар немесе қатты, сұйық немесе газ тәріздес күйдегі шикізат, электр және жылу энергиясы, зияткерлік меншік құқығының объектілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмілелерін жасасуға болатын заттық құқықтар;

      8) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі – "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылатын әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілердің тізбесі;

      9) сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімі – әлеуетті өнім берушімен сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында сатып алуды ұйымдастырушы осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асыратын өзара байланысты, дәйекті іс-шаралар кешені;

      10) сатып алуды ұйымдастырушы – Орталық сайлау комиссиясының осы Қағидаларға сәйкес сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

      11) тапсырыс беруші – Орталық сайлау комиссиясы;

      12) сатып алу – тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен сатып алуы;

      13) сатып алу туралы шарт – Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және осы Қағидаларға сәйкес Тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында жасалған, тауарды беруге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге жазбаша нысанда жасалған азаматтық-құқықтық шарт;

      3. Тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) сатып алуды өткізу кезінде мынадай қағидаттарға сүйенеді:

      1) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;

      2) сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу.

      4. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу процесі мыналарды қамтиды:

      1) сатып алу жоспарын әзірлеу және бекіту;

      2) өнім берушіні таңдау және онымен сатып алу туралы шарт жасасу;

      3) сатып алу туралы шартты орындау.

      5. Өткізілетін (өткізілген) сатып алу жөніндегі құжаттарды тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) бекітілген іс номенклатурасына сәйкес сақтайды.

2-тарау. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлау

      6. Сайлауды, республикалық референдумды дайындау мен өткізуге көзделген тиісті бюджеттің негізінде тапсырыс беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алу жоспарын (бұдан әрі - сатып алу жоспары) әзірлейді және бекітеді.

      7. Сатып алу жоспарын (оған өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды) тапсырыс беруші тиісті бюджет бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бекітеді.

      8. Сатып алу жоспары (оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар) мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қазақ және орыс тілдеріндегі атауы;

      2) өлшем бірлігі;

      3) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің саны, көлемі;

      4) қосылған құн салығын есепке алмағандағы бірлік бағасы (теңге);

      5) қосылған құн салығын есепке алмағанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген жалпы сома;

      6) сатып алуды өткізудің жоспарланған мерзімі және тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны.

      9. Сатып алу жоспарын (сатып алудың алдын ала жоспарын) жасау кезінде тапсырыс беруші тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері және оларды жеткізу (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.

      10. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды Тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) бекітілген сатып алу жоспарының негізінде жүзеге асырады.

      11. Тапсырыс беруші сатып алу туралы шарт жасасқанға дейін мынадай жағдайларда сатып алуды жүзеге асырудан:

      1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың орынсыздығына негізделген;

      2) еңсерілмейтін күш жағдайлары туындағанда бас тартуға құқылы.

      12. Тапсырыс беруші тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудан бас тартуды сатып алу жоспарына тиісті өзгерістер негізінде жүзеге асырады.

      Тапсырыс беруші осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өткізілетін сатып алуға қатысатын тұлғаларды қабылданған шешім туралы хабардар етуге міндетті.

3-тарау. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру

      13. Сайлау комиссияларының сайлауды, республикалық референдумды дайындауы және өткізуі кезеңінде шарт жасасу сайлау комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметі үшін қажетті төмендегі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қолданылады.

      Сайлау комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметі үшін қажетті тауарлар, жұмыстар және қызметтер:

      1) дауыс беру кабиналарын дайындауға арналған маталар;

      2) дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін дайындауға арналған қағаз;

      3) жиһаз сатып алу;

      4) сайлау құжаттарын сақтауға арналған металл сейфтер;

      5) электрондық ақпарат тасымалдағыштар (компакт-дискілер, USB-флешжинақтағыштар, картридждер, сыртқы қатты дискілер);

      6) кеңсе тауарлары;

      7) желілік және серверлік жабдық, компьютерлер (жиынтықта), ноутбуктер, принтерлер, көшіру аппараттары, факстар, телефон аппараттары, дыбыс-, бейне-, фотоаппаратура, қағаздарды жойғыш, лицензиялық бағдарламалық қамтылым;

      8) серверлік жабдыққа, компьютерлерге, принтерлерге, көшіру, факсимильдік және телефон аппараттарына арналған жиынтықтауыштар мен шығыс материалдары;

      9) А-4, А-3 форматындағы қағаз;

      10) үстел жалаушалары, оның ішінде шет мемлекеттердің жалаушалары;

      11) секьюрити пакеттер (сайлау құжаттары үшін арнайы қорғау дәрежесі бар конверттер);

      12) кәдесыйлар;

      13) портфельдер, папкалар;

      14) халықаралық байқаушыларға арналған Қазақстан жолдарының карта-схемалары;

      15) жанар-жағармай материалдары, талондар, карточкалар;

      16) бейдждерге арналған баулар;

      17) жеке қорғаныс құралдары: маскалар, қорғаныс экрандары, қолғаптар, бактерияға қарсы әсері бар, қолға арналған құралдар (қолға арналған антисептик), обаға қарсы қорғаныс костюмдері, бірреттік медициналық халаттар;

      18) үлкейткіштер;

      19) дезинфекциялық кілемшелер;

      20) үгіттік бейне-, дыбысроликтерді, оқыту фильмдерді, ақпараттық баннерлерді, билбордтарды, стендтерді, тақтайшаларды дайындау;

      21) дауыс беруге арналған кабиналарды дайындау;

      22) сайлау учаскелері мен дауыс беруге арналған пункттерде орналастыру үшін мемлекеттік рәміздерді дайындау;

      23) Президенттің, Парламент депутатының, мәслихат депутатының омырауға тағатын белгісін және оған құжаттарды дайындау;

      24) дауыс беруге арналған тұрақты және тасымалданатын жәшіктерді дайындау;

      25) жәшіктерге арналған жиынтықтауыштарды дайындау: мөрлеуге немесе пломбалауға арналған бекіткіштер; желімделетін стикер (Қазақстан Республикасының елтаңбасы); металл бұрыштар;

      26) сайлау жәшіктерін (пломбаларды) мөрлеуге немесе пломбалауға арналған құрылғыларды дайындау;

      27) сайлау комиссиялары үшін мөрлер мен мөртабандарды дайындау;

      28) медальондарды дайындау;

      29) ақпараттың электрондық жеткізгіштердегі көшірмелерін дайындау (тираждау);

      30) полиграфиялық және баспа өнімдерін дайындау: сайлау комиссияларының ақпараттық плакаттары; кандидаттар туралы ақпараттық плакаттар; дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері; Президенттікке және депутаттыққа кандидаттарды қолдау үшін сайлаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарының бланкілері; дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерінің бланкілері; Президенттікке, Парламент, мәслихаттар депутаттығына, әкімдікке кандидаттардың, Президенттікке, Парламент, мәслихаттар депутаттығына, әкімдікке кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірген адамдарының, халықаралық байқаушылардың куәліктері; брошюралар; жаднамалар; кітаптар; күнтізбелер; планингтер; күнделіктер; пакеттер; папкалар-беговкалар; бейдждер; блокноттар; сайлаушылар үшін сайлауға шақыру қағаздары; бюллетеньді өз бетінше толтыру үшін көру қабілеті бұзылған сайлаушыларға арналған трафареттер (оның ішінде Брайль қарпі бар бюллетеньдер үшін);

      31) үй-жайларды жалдау қызметтері;

      32) автокөлік қызметтері;

      33) сайлау комиссиялары үшін жабдықтарды жалға беру қызметтері;

      34) байланыс қызметтері: интернет, кабельді теледидар, телефон, пошта, байланыс орталығының қызметтері (колл-орталық);

      35) өзіне-өзі қызмет көрсету және төлемдер терминалдары арқылы ақпараттық қолдау қызметтері;

      36) ұялы байланыс операторларының ақпараттық хабарлар жіберу жөніндегі қызметтері;

      37) жабдықтар мен техникалық жүйелерге профилактикалық және сервистік қызмет көрсету жөніндегі қызметтер;

      38) саяси, оның ішінде телевизиялық, бейне, пікірсайыстарды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметтер;

      39) бұқаралық ақпарат құралдарында, онлайн-платформаларда ақпараттық-үгіт бейнелерін, дыбыс бейне және баспа материалдарын орналастыру жөніндегі қызметтер;

      40) сыртқы көрнекі жарнама қызметтері: ақпараттық баннерлер, билбордтар, стенділер, тақтайшалар, сондай-ақ оларды орнату жөніндегі қызметтер;

      41) электрондық көрнекі жарнама объектілерінде ақпараттық бейнематериалды трансляциялау жөніндегі қызметтер;

      42) қажетті тауарларды сатып ала отырып, кофе-брейк жүргізу жөніндегі қызметтер;

      43) аудармашылардың қызметтері (ілеспе және сурдо);

      44) сайлау материалдарының дизайнын әзірлеу жөніндегі қызметтер;

      45) сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметтер;

      46) саяси партиялардың өкілдерімен және сайлау процесіне басқа да қатысушылармен сайлауды ұйымдастыру мен өткізу жөнінде семинарлар өткізу жөніндегі қызметтер;

      47) суға арналған диспенсерлер;

      48) су жеткізу бойынша қызметтер;

      49) құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу жөніндегі қызметтер;

      50) тутұғырлар.

      14. Қазақстан Республикасының Парламенті, мәслихаты депутатының омырауға тағатын белгісін және оның құжатын дайындау жөніндегі қызметтерді, сайлау процесіне қатысушылардың оқуын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметтерді, саяси партиялардың өкілдерімен және сайлау процесіне басқа да қатысушылармен сайлауды ұйымдастыру мен өткізу бойынша семинарларды өткізу жөніндегі қызметтерді, байланыс (пошталық) қызметтерін сатып алу жағдайларын қоспағанда, тапсырыс беруші өнім берушіні айқындау мақсатында тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жарнамасындағы, каталогтарындағы, сипаттамаларындағы және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес көпшілік оферта болып танылған басқа ұсыныстардағы жалпыға қолжетімді ақпарат көздерін зерделеу арқылы сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығын талдау нәтижелері бойынша айқындалған сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында, оның ішінде ұқсас (сол тәріздес) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қызметін жүзеге асыратын кемінде үш әлеуетті өнім берушіге коммерциялық ұсыныстар беру туралы сұрау салулар жібереді.

      Айрықша жағдайлар бойынша коммерциялық ұсыныстар беру туралы сұрау салу (шақыру) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің белгiлi бiр нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие белгілі бір әлеуетті өнім берушіге не қызметінің негізгі нысанасы бойынша мемлекеттік монополия субъектілеріне (мемлекеттік наградалар, ордендер, медальдар, монеталар түріндегі ұлттық валюта шығаратындарға, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарына және олардың филиалдарына, ұлттық пошта операторына) жіберіледі.

      15. Коммерциялық ұсыныстар беру туралы сұрау салулар (шақырулар) жіберілетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау үшін Тапсырыс беруші комиссияны құрып, бекітеді. Комиссия кемінде ұш адамнан тұрады, оның құрамына төраға және тауарларды, орындалған жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қабылдауға жауапты құрылымдық бөлімшелердің және басқа да құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері қатарынан комиссия мүшелері кіреді. Коммерциялық ұсыныстар беру туралы сұрау салулар жіберілетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау кезінде әлеуетті өнім берушілерге мынадай талаптар қойылады:

      жұмыс тәжірибесінің болуы;

      сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының болуы.

      Комиссия сатып алуды ұйымдастырушыға коммерциялық ұсыныстар беру туралы сұрау салу (шақыру) жіберілетін әлеуетті өнім берушілердің атауларын, БСН, нақты мекенжайын және байланыс деректерін (телефон нөмірлері мен электрондық пошта) көрсете отырып тізімін жолдайды.

      16. Әлеуетті өнім берушілерге қағаз жеткізгіште немесе электрондық поштаға жіберілетін коммерциялық ұсыныстар беру туралы сұрау салу бір уақытта осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

      17. Сатып алуды Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың ұйымдастырушы тізілімінде әлеуетті өнім берушілердің бар-жоғына тексеруді жүзеге асырады. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде бар әлеуетті өнім берушіге шақыру жіберілмейді.

      18. Әлеуетті өнім берушілердің коммерциялық ұсыныстары жеткізілетін тауарлардың (орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сипаттамасымен және басқа растайтын құжаттардың сипаттамасымен прайс-парақтар түрінде ұсынылуы мүмкін.

      19. Осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген жағдайда сатып алуды ұйымдастырушының сұрау салуы бойынша және (немесе) әлеуетті өнім берушілердің бастамасы бойынша коммерциялық ұсыныстар сатып алуды ұйымдастырушы шақыру жіберген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей қағаз жеткізгіште немесе электрондық поштаға жіберу арқылы ұсынылады.

      Өнім беруші коммерциялық ұсыныс берген кезде әлеуетті өнім беруші шешім қабылдауға және (немесе) қабылдайтын шешімдерге ықпал етуге құқығы бар жеке және заңды тұлғалардың үлестестігі туралы тексеруді жүзеге асыру мақсатында құрылтайшылар немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтерді еркін нысанда ұсынады. Сатып алуды ұйымдастырушы Комиссия мүшелерімен және әлеуетті өнім берушілер арасында үлестестігі болу фактісі анықталған жағдайда, әлеуетті өнім берушінің коммерциялық ұсыныстары қарауға жатпайды.

      20. Әлеуетті өнім берушінің коммерциялық ұсыныс беруі сұрау салуда көзделген және оған қоса берілген шарт жобасы мен техникалық ерекшеліктің талаптарын сақтай отырып, тауарды жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға оның келісімін білдіру нысаны болып табылады.

      21. Осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген жағдайда және (немесе) әлеуетті өнім берушілердің бастамасы бойынша сатып алуды ұйымдастырушының сұрау салуы бойынша белгіленген мерзімдерде ұсынылған коммерциялық ұсыныстар негізінде Комиссия осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген сатып алуды жүзеге асыру қағидатын сақтай отырып, бір жұмыс күн ішінде әлеуетті өнім берушіні айқындайды және тапсырыс берушінің комиссия төрағасымен бекітетін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алу шартын жасасу үшін сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресімдейді.

      22. Ең аз коммерциялық ұсыныс ұсынған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады.

      Егер ең аз коммерциялық ұсынысты бірнеше әлеуетті өнім беруші ұсынған жағдайда, коммерциялық ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің коммерциялық ұсыныстарынан бұрын келіп түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады.

      23. Комиссия сайлаудың, референдумдардың барысы туралы халықты уақтылы хабардар ету мақсатында бекітілген бюджет шеңберінде осы Қағидалардың 13-тармағының 39) тармақшасында белгіленген қызметтерді сатып алу кезінде өтіп жатқан қызмет көрсететін бірнеше әлеуетті өнім берушілерді бірден айқындайды.

      24. Әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігі тапсырыс беруші үшін қолайлы болған жағдайда, әлеуетті өнім берушінің жұмыстарды орындау кезінде ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің неғұрлым үздік функционалдық және басқа да сипаттамалары, сондай-ақ тиімді технологиялық шешімдері және (немесе) қолданысы бар техникалық ерекшелігін ұсынуына жол беріледі.

4-тарау. Сатып алу туралы шарт жасасу

      25. Сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырыс беруші қол қойған және тапсырыс берушінің жауапты бөлімшесінің қызметкерлері әр парағына қол қойған сатып алу туралы шарттың жобасына тапсырыс беруші қол қояды және жеңімпазға жібереді (ұсынады).

      Сатып алу туралы шарт жобасын өнім берушінің өзі келіп алуына және қол қоюына жол беріледі.

      26. Сатып алу туралы шарттың жобасына жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім беруші қол қояды және тапсырыс беруші қол қойған сатып алу туралы шарттың жобасын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге ұсынады.

      27. Өнім беруші:

      1) тапсырыс берушіге белгіленген мерзімде қол қойылған сатып алу туралы шартты ұсынбаған;

      2) сатып алу туралы шарт жасасудан жазбаша бас тартуды ұсынған жағдайда сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған болып танылады.

      28. Сатып алу жеңімпазы сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған болып танылған жағдайда, Тапсырыс беруші сатып алу жеңімпазының ең төмен баға ұсынысынан кейінгі баға негізінде айқындалған екінші орынды алған сатып алуға қатысушыға оны сатып алу жеңімпазы деп тану туралы хабарламаны және сатып алу туралы шарттың жобасын жібереді.

      29. Ұсынысы сатып алу жеңімпазының баға ұсынысынан кейінгі келесі ең төмені болып табылатын сатып алуға қатысушы хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей сатып алу туралы шартқа қол қояды не бар келіспеушіліктер туралы немесе сатып алу туралы шартқа қол қоюдан бас тарту туралы тапсырыс берушіні жазбаша хабардар етеді.

      30. Өнім берушіні таңдау үшін тек негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермеуі шартымен сатып алу туралы шарттың жобасына өзгерістер енгізуге мынадай өзара байланысты шарттар сақталған кезде жол беріледі:

      1) сатып алу туралы шарт жобасының сомасын азайту бөлігінде өзгеріс енгізу туралы шешім тараптардың өзара келісімі бойынша қабылданған;

      2) егер жеңімпаз болып айқындалған әлеуетті өнім беруші сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайда, екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге жіберілетін сатып алу туралы шарттың орындалу мерзімін күнтізбелік бес күнге ұлғайту бөлігінде өзгеріс енгізу жатады.

      31. Өнім берушіні таңдау үшін негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермеуі шартымен жасалған сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізуге жол беріледі:

      1) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағасын және тиісінше сатып алу туралы шарт сомасын азайту бөлігінде тараптардың өзара келісімі бойынша;

      2) осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы жасалған шартта көрсетілген тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бірлігі үшін бағаның өзгермеуі шартында, сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер көлеміне қажеттілікті азайтумен не арттырумен байланысты сатып алу туралы шарттың сомасын азайту не ұлғайту бөлігінде;

      3) егер өнім беруші тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатып алу туралы өзімен жасалған шартты орындау процесінде тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бірлігі үшін бағаның өзгермеуі шартымен неғұрлым жақсы сапалы және (немесе) техникалық сипаттамаларды не онымен жасалған сатып алу туралы шарттың мәні болып табылатын тауарды жеткізудің, жұмысты орындаудың, қызметті көрсетудің мерзімдерін және (немесе) шарттарын ұсынған жағдайда;

      4) төтенше жағдайдың не карантиндік шектеулердің енгізілуіне байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттың орындалу мерзімдерін өзгерту бөлігінде жол беріледі. Сатып алу туралы жасалған шартты осылай өзгертуге өнім берушінің хабарламасы бойынша ағымдағы қаржы жылы шегінде жол беріледі;

      5) өнім беруші ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг) шартын жасасқан кезде не банктік шот пен деректемелерді ауыстыру мақсатында ақша алушының деректемелерін өзгерту бөлігінде жол беріледі.

      32. Сатып алу туралы шарттың жобасына не сатып алу туралы жасалған шартқа өткізілетін (өткізілген) сатып алу талаптарының мазмұнын өзгерте алатын өзгерістерді және (немесе) осы Қағидалардың 30 және 31-тармақтарында көзделмеген өзге де негіздер бойынша өнім берушіні таңдау үшін негіз болған ұсынысты енгізуге жол берілмейді.

      33. Сатып алу туралы шарт мынадай жағдайларда:

      1) тапсырыс беруші осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес сатып алудан бас тартса;

      2) егер әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;

      3) тауар жеткізілмеген, қызметтер көрсетілмеген және жұмыс орындалмаған, оның ішінде толық көлемде орындалмаған жағдайларда кез келген кезеңде оны бұзу туралы талапты қамтиды.

      34. Сатып алу туралы шарт бойынша ақы төлеу мерзімі тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жөніндегі міндеттемелер толық көлемде орындалған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде көзделеді.

      35. Тауарларды жеткізу үшін ең аз мерзімді тапсырыс беруші сатып алу туралы шартта кемінде күнтізбелік он күн мерзімге белгілейді.

      36. Сатып алу туралы шартты орындау Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және сатып алу туралы шартта көзделген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

      37. Тапсырыс беруші мен өнім беруші сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін толық орындаған жағдайда сатып алу туралы шарт орындалды деп есептеледі.

      38. Сатып алу туралы шарт тапсырыс беруші мен өнім беруші қол қойғаннан кейін күшіне енеді. Егер сатып алу туралы шарт тіркелуі тиіс болса, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелгеннен кейін күшіне енеді.

2-бөлім. Аумақтық сайлау комиссияларының сайлауды, референдумды әзірлеу мен өткізуге бөлінген қаражат есебінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығыстарының негізгі бағыттары

      39. Аумақтық сайлау комиссиялары Президент, Парламент, мәслихаттар депутаттарын, әкімдерді сайлауды әзірлеу мен өткізуге бөлінген республикалық бюджет қаражаты есебінен және шегінде, сондай-ақ республикалық референдум өткізу кезеңінде "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген мақсаттарға тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алуды жүзеге асырады.

      Сайлауды дайындау мен өткізуге республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен аумақтық сайлау комиссиялары шығыстарының негізгі бағыттары сайлау комиссияларын ұйымдастыру мен олардың қызметі үшін қажетті тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер болып табылады:

      1) дауыс беру кабиналарын дайындауға арналған маталар;

      2) дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін дайындауға арналған қағаз;

      3) жиһаз сатып алу;

      4) сайлау құжаттарын сақтауға арналған металл сейфтер;

      5) электрондық ақпарат тасымалдағыштар (компакт-дискілер, USB-флешжинақтағыштар, картридждер, сыртқы қатты дискілер);

      6) кеңсе тауарлары;

      7) желілік және серверлік жабдық, компьютерлер (жиынтықта), ноутбуктер, принтерлер, көшіру аппараттары, факстар, телефон аппараттары, дыбыс-, бейне-, фотоаппаратура, қағаздарды жойғыш, лицензиялық бағдарламалық қамтылым;

      8) серверлік жабдыққа, компьютерлерге, принтерлерге, көшіру, факсимильдік және телефон аппараттарына арналған жиынтықтауыштар мен шығыс материалдары;

      9) А-4, А-3 форматындағы қағаз;

      10) үстел жалаушалары, оның ішінде шет мемлекеттердің жалаушалары;

      11) секьюрити пакеттер (сайлау құжаттары үшін арнайы қорғау дәрежесі бар конверттер);

      12) кәдесыйлар;

      13) портфельдер, папкалар;

      14) халықаралық байқаушыларға арналған Қазақстан жолдарының карта-схемалары;

      15) жанар-жағармай материалдары, талондар, карточкалар;

      16) бейдждерге арналған баулар;

      17) жеке қорғаныс құралдары: маскалар, қорғаныс экрандары, қолғаптар, бактерияға қарсы әсері бар, қолға арналған құралдар (қолға арналған антисептик), обаға қарсы қорғаныс костюмдері, бірреттік медициналық халаттар;

      18) үлкейткіштер;

      19) дезинфекциялық кілемшелер;

      20) үгіттік бейне-, дыбысроликтерді, оқыту фильмдерді, ақпараттық баннерлерді, билбордтарды, стендтерді, тақтайшаларды дайындау;

      21) дауыс беруге арналған кабиналарды дайындау;

      22) сайлау учаскелері мен дауыс беруге арналған пункттерде орналастыру үшін мемлекеттік рәміздерді дайындау;

      23) мәслихат депутатының омырауға тағатын белгісін және оған құжаттарды дайындау;

      24) дауыс беруге арналған тұрақты және тасымалданатын жәшіктерді дайындау;

      25) жәшіктерге арналған жиынтықтауыштарды дайындау: мөрлеуге немесе пломбалауға арналған бекіткіштер; желімделетін стикер (Қазақстан Республикасының елтаңбасы); металл бұрыштар;

      26) сайлау жәшіктерін (пломбаларды) мөрлеуге немесе пломбалауға арналған құрылғыларды дайындау;

      27) сайлау комиссиялары үшін мөрлер мен мөртабандарды дайындау;

      28) медальондарды дайындау;

      29) ақпараттың электрондық жеткізгіштердегі көшірмелерін дайындау (тираждау);

      30) полиграфиялық және баспа өнімдерін дайындау: сайлау комиссияларының ақпараттық плакаттары; кандидаттар туралы ақпараттық плакаттар; дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері; президенттікке және депутаттыққа кандидаттарды қолдау үшін сайлаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарының бланкілері; дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерінің бланкілері; Президенттікке, Парламент, мәслихаттар депутаттығына, әкімдікке кандидаттардың, Президенттікке, Парламент, мәслихаттар депутаттығына, әкімдікке кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірген адамдарының, халықаралық байқаушылардың куәліктері; брошюралар; жаднамалар; кітаптар; күнтізбелер; планингтер; күнделіктер; пакеттер; папкалар-беговкалар; бейдждер; блокноттар; сайлаушылар үшін сайлауға шақыру қағаздары; бюллетеньді өз бетінше толтыру үшін көру қабілеті бұзылған сайлаушыларға арналған трафареттер (оның ішінде Брайль қарпі бар бюллетеньдер үшін);

      31) үй-жайларды жалдау қызметтері;

      32) автокөлік қызметтері;

      33) сайлау комиссиялары үшін жабдықтарды жалға беру қызметтері;

      34) байланыс қызметтері: интернет, кабельді теледидар, телефон, пошта, байланыс орталығының қызметтері (колл-орталық);

      35) өзіне-өзі қызмет көрсету және төлемдер терминалдары арқылы ақпараттық қолдау қызметтері;

      36) ұялы байланыс операторларының ақпараттық хабарлар жіберу жөніндегі қызметтері;

      37) жабдықтар мен техникалық жүйелерге профилактикалық және сервистік қызмет көрсету жөніндегі қызметтер;

      38) саяси, оның ішінде телевизиялық, бейне, пікірсайыстарды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметтер;

      39) бұқаралық ақпарат құралдарында, онлайн-платформаларда және лезде хабар алмасу сервистерінде ақпараттық-насихаттық бейне, дыбыс бейне және баспа материалдарын орналастыру жөніндегі қызметтер;

      40) сыртқы көрнекі жарнама қызметтері: ақпараттық баннерлер, билбордтар, стенділер, тақтайшалар, сондай-ақ оларды орнату жөніндегі қызметтер;

      41) электрондық көрнекі жарнама объектілерінде ақпараттық бейнематериалды трансляциялау жөніндегі қызметтер;

      42) қажетті тауарларды сатып ала отырып, кофе-брейк жүргізу жөніндегі қызметтер;

      43) аудармашылардың қызметтері (ілеспе және сурдо);

      44) сайлау материалдарының дизайнын әзірлеу жөніндегі қызметтер;

      45) сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметтер;

      46) саяси партиялардың өкілдерімен және сайлау процесіне басқа да қатысушылармен сайлауды ұйымдастыру мен өткізу жөнінде семинарлар өткізу жөніндегі қызметтер;

      47) суға арналған диспенсерлер;

      48) су жеткізу бойынша қызметтер;

      49) құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу жөніндегі қызметтер;

      50) тутұғырлар.

      "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 тіркелген) 471-тармағына сәйкес тиісті сайлау комиссияларының төрағалары бекітілген жеке қаржыландыру жоспары шегінде сайлау науқанын, республикалық референдумды өткізу үшін бөлінетін бюджет қаражатын бөлушілер болып табылады.

      Аумақтық сайлау комиссиялары сайлау өткізу кезеңінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді азаматтық заңнаманың нормаларына сәйкес сатып алады.

  Сайлауды, референдумды әзірлеу мен өткізу кезеңінде сайлау комиссияларын ұйымдастыру және қызметі үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына
  1-қосымша

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың ___ жылға арналған жоспары/ Тауарларды, жұмыстарды сатып алудың алдын ала жоспары, ___ жылға қызмет көрсету (көрсетілген мәндердің бірін таңдаңыз)

      Сатып алу жоспары

Бағдарлама

Кіші бағдарлама

Ерекшелік

Сатып алу мәнінің түрі

Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы

1

2

3

4

5

6







Өлшем бірлігі

Саны, көлемі

Бір бірлігі үшін баға, теңге

Сатып алу үшін бекітілген жалпы сома, теңге

Сатып алу мерзімі (ай)

7

8

9

10

11






Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі(қазақ тілінде)

Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі(орыс тілінде)

Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (қазақ тілінде)

Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (орыс тілінде)

12

13

14

15





      Сатып алу жоспары:

      1) "№" жолағы –реттік нөмері;

      2) "Бағдарлама" деген жолақта – оның шеңберінде сатып алу жүзеге асырылатын шығыстарды функционалдық жіктеудің бюджеттік бағдарламасының коды;

      3) "Кіші бағдарлама" деген жолақта – оның шеңберінде сатып алу жүзеге асырылатын шығыстарды функционалдық жіктеудің бюджеттік кіші бағдарламасының коды;

      4) "Ерекшелік" деген жолақта – оның шеңберінде сатып алу жүзеге асырылатын шығыстарды экономикалық жіктеудің ерекшелігі коды;

      5) "Сатып алу мәнінің түрі" деген жолақта – сатып алу мәнінің түрі көрсетіледі (тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет);

      6) "Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды" деген жолақта – тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің анықтамалығына сәйкес тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды көрсетіледі;

      7) "Өлшем бірлігі" деген жолақта – "Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды" деген жолаққа енгізілген мәнге сәйкес сатып алу мәнінің өлшем бірлігі көрсетіледі;

      8) "Саны, көлемі" деген жолақта – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің саны немесе көлемі көрсетіледі;

      9) "Бір бірлігі үшін баға, теңге" деген жолақта – теңгеде сатып алу мәнінің бірлігі үшін баға көрсетіледі;

      10) "Сатып алу үшін бекітілген жалпы сома, теңге" деген жолақта – "Саны, көлемі" деген жолақты "Бір бірлігі үшін баға, теңге" деген жолаққа көбейту арқылы есептеледі және сатып алуды жүргізу жоспарланатын соманы білдіреді;

      11) "Сатып алуды хабарлаудың мерзімі (ай)" деген жолақта – сатып алуды жүргізу жоспарланған ай көрсетіледі;

      12) "Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі (қазақ тілінде)" деген жолақта – қазақ тілінде тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі көрсетіледі;

      13) "Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі (орыс тілінде)" деген жолақта – орыс тілінде тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі көрсетіледі;

      14) "Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (қазақ тілінде)" деген жолақта – қазақ тілінде тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны көрсетіледі;

      15) "Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (орыс тілінде)" деген жолақта – орыс тілінде тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны көрсетіледі.

  Сайлауды, референдумды әзірлеу мен өткізу кезеңінде сайлау комиссияларын ұйымдастыру және қызметі үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларының
  2-Қосымша
  Нысан
  ____________________________
  (әлеуетті өнім берушінің атауы,
  мекенжайы)

      Күні______________ № __________

Коммерциялық ұсынысты беру туралы сұрау салу

      Осымен ________________________ (тапсырыс беруші атауы) бір көзден алу тәсілімен мынадай тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге шарт жасасу жолымен сатып алуды жүзеге асыруға ниет білдіру туралы хабардар ету:

сатып алынатын тауарлардың жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы

сатып алуды өткізудің нысаны болып табылатын тауарлардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі

 
сатып алуға бөлінген сома

 
тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны

 
тауарды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімдері






      Осыған байланысты, әлеуетті өнім берушіні айқындау мақсатында жеткізілетін тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің, орындалатын жұмыстардың) сипаттамасын жаза отырып, Сіздің коммерциялық ұсынысыңызды 20__жылғы "__" __________ дейінгі мерзімде (екі жұмыс күннен кешіктірілмеуі тиіс) жіберуді сұраймыз.

      Қосымша: техникалық ерекшеліктерді көрсете отырып, сатып алу туралы шарттың жобасы

      ____________________________ _______ ________________________________________ (тапсырыс берушінің лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

  Сайлауды, референдумды әзірлеу мен өткізу кезеңінде сайлау комиссияларын ұйымдастыру және қызметі үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына
  3-Қосымша

Қорытынды туралы хаттама (баға ұсыныстарын сұрату нөмірі) Күні мен уақыты

      Сатып алудың атауы _____________________________________________

      Өтінімдердің қабылдауы басталған күні ____________________________

      Өтінімдердің қабылдауы аяқталған күні ____________________________

      Ұйымдастырушының атауы _______________________________________

      Ұйымдастырушының мекен-жайы _________________________________

Лот № _____

Лоттың атауы


Тапсырыс берушінің атауы


Тапсырыс берушінің мекенжайы


Бірлік үшін баға, теңге


Сома, теңге


Өлшем бірлігі


Саны


      Әлеуетті өнім берушілер мынадай баға ұсыныстарын ұсынды (өтінімдер саны):

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН)/ ССН/ТЕН

Әлеуетті өнім берушінің бірлік үшін бағасы

Әлеуетті өнім берушінің жалпы сомасы

Өтінім берудің күні және уақыты (хронологиясы бойынша)







      1. №___ лоты бойынша жеңімпаз: (жеңімпаз әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН, атауы), екінші орын алған әлеуетті өнім беруші (екінші орын алған әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН атауы) айқындау.

      2. Тапсырыс берушіге (тапсырыс берушінің атауы) Сайлауды, референдумды әзірлеу мен өткізу кезеңінде сайлау комиссияларын ұйымдастыру және қызметі үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларымен белгіленген мерзімде (жеңімпаз әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН атауы) сатып алу туралы шарт жасасу.

      Не:

      "№___ лот бойынша сатып алуды (сатып алу атауы) _____________________ байланысты өтпеді деп тану":

      Не:

      Сайлауды, референдумды әзірлеу мен өткізу кезеңінде сайлау комиссияларын ұйымдастыру және қызметі үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларының __ тармағына сәйкес сатып алудан бас тартылды.

      Аббревиатураларды таратып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушінің есеп нөмірі;

      кк.аа.жжжж. – күні, айы, жылы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады