Интернет-платформаларды пайдалана отырып қызмет көрсететін тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзге тәртібін қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру мерзімі мен қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 33 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 18 қаңтарда № 31705 болып тіркелді.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Интернет-платформаларды пайдалана отырып қызметтер көрсететін тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзге тәртібін қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру мерзімі мен қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қаржы министрінің
2023 жылғы 17 қаңтардағы
№ 33 бұйрығымен
бекітілген

Интернет-платформаларды пайдалана отырып қызмет көрсететін тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзге тәртібін қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру мерзімі мен қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 14.03.2024 № 141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Интернет-платформаларды пайдалана отырып қызмет көрсететін тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзге тәртібін қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру мерзімі мен қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар), "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі)" (бұдан әрі – Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес әзірленді және интернет-платформаларды пайдалана отырып қызмет көрсететін тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзге тәртібін қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру (бұдан әрі – пилоттық жоба) тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "E-salyq Business" арнаулы мобилдік қосымшасы – салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат негізінде дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою (осындай тіркеу есебінен алу), арнаулы мобильдік қосымшаны пайдалана отырып, арнаулы салық режимін (бұдан әрі – мобилді қосымшаны пайдалана отырып АСР) қолданған кезде міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды төлеу жөніндегі міндеттемелер мен салық міндеттемелерін орындаудың оңайлатылған тәртібін қолдану мақсатында әзірленген, мобильдік қосымша;

      2) әріптес-интегратор – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында интеграцияға белгіленген талаптарға сәйкес пилоттық жоба шеңберінде мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интернет-платформалардың интеграциялануын қамтамасыз ететін ақпараттық өнімнің иесі болып табылатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

      3) интернет-платформа – интернет-платформа операторының, тапсырыс берушінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін және қызмет көрсету бойынша орындаушының электрондық интернет алаңы;

      4) интернет-платформа операторы (бұдан әрі – Оператор) – интернет-платформада тіркелген орындаушылар мен тапсырыс берушілер арасында қызметтер көрсету бойынша байланыс орнату үшін ақпараттық технологиялар мен жүйелерді қолдана отырып, техникалық, ұйымдастырушылық (оның ішінде қызметтер көрсету үшін үшінші тұлғаларды тарта отырып көрсетілетін қызметтер), ақпараттық және өзге де мүмкіндіктер ұсынатын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;

      5) Digital ID – қашықтан биометриялық сәйкестендіру сервисі;

      6) орындаушы – интернет-платформа арқылы пилоттық жобаға қатысуға ерікті негізде келісім берген және интернет-платформаны пайдалана отырып тапсырыс берушілерге қызметтер көрсететін, дара кәсіпкер ретінде интернет-платформада тіркелген жеке тұлға;

      7) тапсырыс беруші – интернет-платформада қызмет көрсетуге тапсырыстарды орналастыратын жеке немесе заңды тұлға.

      3. Пилоттық жоба Қазақстан Республикасының аумағында алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін іске асырылады.

      4. Пилоттық жобаның қатысушылары:

      1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен (бұдан әрі – Комитет) Интернет-платформаларды пайдалана отырып қызмет көрсететін тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзге тәртібін қолдану жөніндегі пилоттық жоба туралы ерікті негізінде келісім жасасқан Операторлар;

      2) орындаушылар;

      3) мемлекеттік кірістер органдары;

      4) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – ҚР ЕХӘҚМ);

      5) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).

      5. Пилоттық жобаға қатысушылар "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, сондай-ақ "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысының талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді.

2-тарау. Пилоттық жобаны іске асыру тәртібі

      6. Пилоттық жоба интернет-платформалар арқылы қызмет көрсететін жеке тұлғаларды тіркеуді және әкімшілендіруді көздейді.

      Салық агенті жеке табыс салығын (бұдан әрі – ЖТС), міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі – МЗЖ), жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі – ЖБМЗЖ), әлеуметтік аударымдарды (бұдан әрі – ӘА) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды (бұдан әрі – МӘМСЖ), ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемелерді орындау бөлігінде Оператор болып табылады.

      Бұл ретте Операторда ЖТС және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерінің орындалуын көрсету үшін салық есептілігінің тиісті нысандарын (200.00 СЕН) ұсыну бойынша міндеттемелер туындамайды.

      7. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес МЗЖ, ЖБМЗЖ, ӘА және МӘМСЖ бойынша салық салу объектісі және мөлшерлемелері айқындалады.

      ЖТС сомасы орындаушының алған табысының 1 пайызы мөлшерінде (шығыстарды есепке алмай) есептеледі.

      Орындаушы бір ай ішінде ең төменгі жалақының 1 еселенген мөлшерінен төмен кіріс алған кезде (2024 жылы 85 000 теңге) осындай айдың қорытындысы бойынша есептелген ЖТС сомасын төлеу бойынша Салық кодексінің 51-бабының ережелерін ескермей, күнтізбелік бір ай мерзіміне кейінге қалдыру ұсынылады. Кейінге қалдыру күнтізбелік бір жыл ішінде 4 реттен артық берілмейді.

      8. Орындаушы ретінде тіркелу үшін жеке тұлға интернет-платформада онлайн-тіркелу рәсімінен өтеді.

      Орындаушы ретінде онлайн-тіркеу рәсімінен өту кезінде жеке тұлға:

      1) Digital ID биометриялық сәйкестендіруден өтеді;

      2) мемлекеттік органдардың деректер базасынан дербес деректерге қол жеткізуді бақылау мемлекеттік сервисі арқылы дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім береді;

      3) пилоттық жобаға қатысуға келісім береді;

      4) интернет-платформа пайдаланатын "Е-лицензиялау" Мемлекеттік деректер базасының тиісті ашық сервисі арқылы дара кәсіпкер ретінде авторландырудан және тіркеуден өтеді.

      Бұл ретте қызмет түрін көрсете отырып және мобильді қосымшаны пайдалана отырып АСР таңдай отырып, дара кәсіпкер қызметінің басталғаны туралы хабарлама толтырылады. Хабарлама орындаушының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады (егер тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркелмесе);

      5) егер дара кәсіпкер ретінде тіркелген болса, қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны толтыру жолымен мобильді қосымшаны пайдалана отырып АСР таңдайды;

      6) оператордың ЖТС және әлеуметтік төлемдерді ұстап қалуына және аударуына келісім береді.

      Орындаушының дербес деректері мемлекеттік органдардың деректер базалары мен ақпараттық жүйелерінің интеграциясы интернет-платформасымен негізінде қалыптастырылады.

      9. Салық кодексінің 678-бабында белгіленген арнаулы салық режимдерін қолданатын және, оның ішінде мобилді қосымшаны пайдалана отырып АСР қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асыратын орындаушылар Салық кодексінің 679-бабы 2-тармағының ережелеріне қарамастан, интернет-платформаны пайдалана отырып қызметтер көрсету қызметі бойынша мобилді қосымшаны пайдалана отырып АСР қолдануға құқылы.

      Орындаушы пилоттық жобаға қатысушы болған күн мобилді қосымшаны пайдалана отырып АСР-ді қолданудың басталу күні болып табылады.

      Оператор растаған орындаушының кірістері "E-Salyq Business" мобилдік қосымшасында көрсетіледі және мобилді қосымшаны пайдалана отырып АСР шеңберінде салық салынады. Мұндай кірістер басқа қызметті жүзеге асыру кезінде орындаушы ұсынатын салық есептілігіне енгізілуге жатпайды.

      10. Мобилді қосымшаны пайдалана отырып АСР қолданысы қолданылатын қызмет түрлерін ғана іс жүзінде жүзеге асыратын өзге де арнаулы салық режимдерін қолданатын орындаушылар Салық кодексінің 679-бабы 2-тармағының ережелеріне қарамастан, мобилді қосымшаны пайдалана отырып АСР-ға көшу үшін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынуға құқылы.

      11. Пилоттық жоба шеңберінде Орындаушы:

      1) мемлекеттік кірістер органдарынан пилоттық жобаны іске асыру тәртібі туралы түсіндірме алады;

      2) МЗЖ, ЖБМЗЖ, ӘА және МӘМСЖ-ның қате (артық) төленген сомаларын қайтаруға өтініш береді.

      12. Пилоттық жоба шеңберінде Оператор:

      1) мемлекеттік кірістер органдарынан пилоттық жобаны іске асыру тәртібі туралы түсіндірме алады;

      2) интернет-платформаны "E-Salyq Business" арнаулы мобилді қосымшасымен интеграциялауды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде, келісім негізінде интеграцияны ұйымдастыру үшін әріптес-интеграторды тартады;

      3) орындаушының табысынан осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес есептелген ЖТС, МЗЖ, ЖБМЗЖ, ӘА және МӘМСЖ сомаларын ұстап қалады;

      4) келесі айдың 25-нен кешіктірілмейтін мерзімде қызмет көрсетуден табыс алу айынан кейін орындаушылар үшін Мемлекеттік корпорацияның банктік шотына бір төлем тапсырысымен ЖТС, МЗЖ, ЖБМЗЖ, ӘА және МӘМСЖ төлем жүргізеді.

      Төлем орындаушылар тізімін қоса бере отырып және әрбір орындаушы бойынша әлеуметтік төлемдер мен ЖТС сомаларын көрсете отырып, МТ-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмасымен жүргізіледі.

      ЖТС, МЗЖ, ЖБМЗЖ, ӘА және МӘМСЖ төленетін орындаушылардың тізімі және әрбір жеке тұлға бойынша:

      жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН);

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      туған күні;

      әлеуметтік төлем және ЖТС сомасы;

      ЖТС және әлеуметтік төлемдер төленетін кезеңді (ай, жыл) көрсетуге;

      5) интернет-платформаны пайдалана отырып, орындаушы көрсеткен әрбір қызмет бойынша тапсырыс берушіге тиісті чек береді;

      6) интернет-платформаны "E-Salyq Business" арнаулы мобилді қосымшасымен интеграциялауды қамтамасыз етеді:

      арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, АСР таңдауға;

      интернет-платформаны пайдалана отырып орындаушы көрсеткен тиісті қызмет бойынша бақылау-касса машинасы немесе "E-Salyq Business" арнаулы мобильді қосымшаның чегін қалыптастыру және беруге;

      қызмет көрсету кезінде алынған орындаушылардың табыстары бойынша интернет-платформаны пайдалануға, ЖТС, МЗЖ, ЖБМЗЖ, ӘА және МӘМСЖ есептелген сомалары туралы мәліметтерді алуға;

      орындаушының интернет-платформаны пайдалана отырып, тиісті қызметтер көрсетуі кезінде алған орындаушылардың табыстары туралы мәліметтерді Комитеттің ақпараттық жүйесіне береді;

      7) Мемлекеттік кірістер органының, ҚР ЕХӘҚМ және Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қызметін интернет-платформаны пайдалана отырып жүзеге асыратын адамдардың салық міндеттемелері мен әлеуметтік төлемдер жөніндегі міндеттемелерін орындауға байланысты мәліметтер мен құжаттарды, сондай-ақ пилоттық жобаны іске асыруға байланысты өзге де мәліметтерді және құжаттар ұсынады;

      8) чектер бойынша орындаушылардың кірістерін есепке алуды жүргізеді.

      13. Пилоттық жоба шеңберінде мемлекеттік кірістер органдары:

      1) пилоттық жобаға қатысушылардан мәліметтерді және салық міндеттемелерін орындауға байланысты құжаттарды, сондай-ақ пилоттық жобаны іске асыруға байланысты өзге де мәліметтер мен құжаттарды сұратады;

      2) "E-Salyq Business" арнаулы мобильдік қосымшасы арқылы жеке тұлғаларды дара кәсіпкер ретінде тіркеу және кәсіпкерлік қызметті тоқтату жөніндегі сервистің жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етеді;

      3) орындаушыларға, Операторларға пилоттық жобаны жүргізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде түсіндірмелер береді;

      4) "E-Salyq Business" арнаулы мобильді қосымшасы және интернет-платформаны интеграциялау арқылы интернет-платформа Операторынан алынатын орындаушылардың табыстары туралы мәліметтер негізінде ЖТС, МЗЖ, ЖБМЗЖ, ӘА және МӘМСЖ сомаларын осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес есептеуді, оның ішінде фискалдық деректер операторлары белгіленген тәртіппен беретін бақылау-кассалық машиналардың чектері бойынша жүзеге асырады;

      5) Операторға интернет-платформаны пайдалана отырып қызметтер көрсету кезінде алынған орындаушылардың табыстары бойынша ЖТС, МЗЖ, ЖБМЗЖ, ӘА және МӘМСЖ есептелген сомалары туралы мәліметтерді беруді жүзеге асырады;

      6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде, қате (артық) төленген ЖТС сомасын қайтаруды жүзеге асырады.

      14. ҚР ЕХӘҚМ интеграциялық өзара іс-қимыл сервистері бойынша сұрау салу/жауап режимінде мемлекеттік кірістер органдарына есепті кезеңнен кейiнгi әр айдың 5-і күнінен кешіктірілмей:

      МЗЖ, ЖБМЗЖ, ӘА төлеуден босатылған адамдар туралы;

      Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңына сәйкес мемлекет МӘМСЖ төлейтін адамдар туралы мәліметтерді беру қамтамасыз етеді.

      15. Мемлекеттік корпорация салық міндеттемелерін орындауға байланысты құжаттарды және мәліметтерді, сондай-ақ пилоттық жобаны іске асыруға байланысты өзге де мәліметтер мен құжаттарды сұратады.

      16. Мемлекеттік корпорация, қаражаттың келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) операциялық күн ішінде:

      1) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына МЗЖ, ЖБМЗЖ, ӘА және МӘМСЖ сомаларын қабылдауды, өңдеуді және аударуды жүзеге асырады;

      2) әлеуметтік төлемдер жүргізілген адамдардың ҚР ЕХӘҚМ ақпараттық жүйесіндегі ЖСН базасында МЗЖ, ЖБМЗЖ, ӘА және МӘМСЖ дербестендірілген есебін жүзеге асыруға және (немесе) МЗЖ, ЖБМЗЖ, ӘА және МӘМСЖ-ны уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұл төлеуді жүзеге асырады;

      3) МЗЖ, ЖБМЗЖ, ӘА және МӘМСЖ қате (артық) төленген сомаларын, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде және МӘМС Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындаушыға қайтаруды жүзеге асырады.

      17. Пилоттық жобаны жүргізу кезінде дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының осы Заңынан туындайтын заңға тәуелді актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

  Интернет-платформаларды
пайдалана отырып қызмет
көрсететін тұлғаларды
салықтық әкімшілендірудің өзге
тәртібін қолдану жөніндегі
пилоттық жобаны іске асыру
мерзімі мен қағидаларына
қосымша

      Нысан

Интернет-платформаларды пайдалана отырып қызмет көрсететін тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзге тәртібін қолдану жөніндегі пилоттық жоба туралы келісім

      Астана қаласы 20__ жылғы "____"________ ____________________________________,

      (атауы)

      бұдан әрі "Оператор" деп аталатын тұлғада ___________________________________,

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      негізінде әрекет ететін _____________________________________________________,

      (құжаттың атауы)

      бір жағынан Республикалық мемлекеттік мекемесі, бұдан әрі "Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігінің

      Мемлекеттік кірістер комитеті" деп аталатын ___________________________________,

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лазауымы)

      негізінде әрекет ететін ________________________________________, екінші жағынан,

                                    (құжаттың атауы)

      бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатын "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі)" (бұдан әрі – Салық кодексі) 68-бабының ережелерін назарға ала отырып, интернет-платформаларды пайдалана отырып қызмет көрсететін тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзге тәртібін қолдану жөніндегі пилоттық жоба туралы (бұдан әрі – Келісім) осы Келісімді жасасты.

1-тарау. Келісімнің мәні

      1. Тараптар интернет-платформаларды пайдалана отырып қызмет көрсететін тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзге тәртібін қолдану бойынша пилоттық жобаны жүргізу туралы келісті.

2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      2. Комитет пилоттық жобаға қатысушылардан мәліметтерді және салық міндеттемелерін орындауға байланысты құжаттарды, сондай-ақ пилоттық жобаны іске асыруға байланысты өзге де мәліметтер мен құжаттарды сұратуға құқылы.

      3. Комитет:

      1) "E-Salyq Business" арнаулы мобильдік қосымшасы арқылы жеке тұлғаларды дара кәсіпкер ретінде тіркеу және кәсіпкерлік қызметті тоқтату жөніндегі сервистің жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етуге;

      2) орындаушыларға, Операторларға пилоттық жобаны жүргізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде түсініктемелер беруге;

      3) "E-Salyq Business" арнаулы мобильді қосымшасы және интернет-платформаны интеграциялау арқылы интернет-платформа Операторынан алынатын орындаушылардың табыстары туралы мәліметтер негізінде жеке табыс салығының (бұдан әрі – ЖТС), міндетті зейнетақы жарналарының (бұдан әрі – МЗЖ), жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының (бұдан әрі – ЖБМЗЖ), әлеуметтік аударымдардың (бұдан әрі – ӘА) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың (бұдан әрі – МӘМСЖ), оның ішінде орындаушылардың табыстары туралы алынатын мәліметтер негізінде фискалдық деректер операторлары белгіленген тәртіппен беретін, бақылау-кассалық машиналардың чектері бойынша сомаларды Интернет-платформаларды пайдалана отырып қызмет көрсететін тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзге тәртібін қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру мерзімі мен Қағидаларының 7-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар) есептеуді жүзеге асыруға;

      4) Операторға интернет-платформаны пайдалана отырып қызметтер көрсету кезінде алынған орындаушылардың табыстары бойынша ЖТС, МЗЖ, ЖБМЗЖ, ӘА және МӘМСЖ есептелген сомалары туралы мәліметтерді беруді жүзеге асыруға;

      5) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде, қате (артық) төленген ЖТС сомасын қайтаруды жүзеге асыруға міндетті.

      4. Оператор:

      1) мемлекеттік кірістер органдарынан пилоттық жобаны іске асыру тәртібі туралы түсіндірме алуға;

      2) келісім негізінде интеграцияны ұйымдастыру үшін әріптес-интеграторды тартуға құқылы.

      5. Оператор:

      1) Қағидалардың 7-тармағына сәйкес орындаушының табысынан ЖТС, МЗЖ, ЖБМЗЖ, ӘА және МӘМСЖ ұстап қалуға;

      2) келесі айдың 25-нен кешіктірілмейтін мерзімде жүргізілсін қызмет көрсетуден табыс алу төлеу айынан кейін орындаушылар үшін ЖТС, МЗЖ, ЖБМЗЖ, ӘА және МӘМСЖ Қағидалардың 12-тармағының 4) тармақшасында көзделген тәртіппен келесі айдың 25-нен кешіктірілмейтін мерзімде қызмет көрсетуден табыстар алған орындаушылар үшін ЖТС, МЗЖ, ЖБМЗЖ, ӘА және МӘМСЖ төлемдер жүргізуге;

      3) интернет-платформаны пайдалана отырып, орындаушы көрсеткен әрбір қызмет бойынша тапсырыс берушіге тиісті чек беруге;

      4) интернет-платформаны "E–Salyq Business" арнаулы мобильді қосымшасымен интеграциялауды қамтамасыз ету үшін:

      арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, арнаулы салық режимін таңдауға;

      "E-Salyq Business" мобильді қосымшасының немесе интернет-платформаны пайдалана отырып орындаушы көрсеткен тиісті қызмет бойынша бақылау-касса машинасының чегін қалыптастыруға және беруге;

      интернет-платформаларды пайдалана отырып қызмет көрсету кезінде алынған орындаушылардың табыстары бойынша МЗЖ, ЖБМЗЖ, ӘА және МӘМСЖ есептелген сомалары туралы мәліметтерді алуға;

      Комитеттің ақпараттық жүйесіне интернет-платформаны пайдалана отырып, Орындаушының тиісті қызметтер көрсетуі кезінде алған орындаушылардың табыстары туралы мәліметтерді беруге міндетті.

      5) Мемлекеттік кірістер органының, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясының сұрау салуын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қызметін интернет-платформаны пайдалана отырып жүзеге асыратын тұлғалардың салық міндеттемелері мен әлеуметтік төлемдер жөніндегі міндеттемелерін орындауға байланысты мәліметтер мен құжаттарды, сондай-ақ пилоттық жобаны іске асыруға байланысты өзге де мәліметтер мен құжаттарды ұсынуға;

      6) чектер бойынша орындаушылардың кірістерін есепке алуды жүргізуге міндетті.

      6. Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге толықтырулар енгізуге құқығы бар.

3-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      7. Осы Келісімнен туындайтын кез келген даулар немесе келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.

4-тарау. Құпиялылық

      8. Тараптар Салық кодексінің 30-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Келісім шеңберінде екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз алынған кез келген ақпаратты жария етпеуге міндеттенеді

      9. Тиісті органдар растаған ақпараттық дерекқорларды ұрлау, тонау, қарақшылық жасау, жымқыру, кибер-шабуыл жасау түрінде көрсетілген үшінші тұлғалар тарапынан құқыққа қайшы әрекеттер салдарынан алынған мәліметтерді байқаусызда тарату құпиялылық туралы талапты бұзу болып табылмайды.

5-тарау. Келісімнің қолданылу мерзімі

      10. Осы Келісім оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді. Осы Келісім интернет-платформаларды пайдалана отырып қызмет көрсететін тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзге тәртібін қолдану жөніндегі пилоттық жоба аяқталғанға дейін қолданылады және оңалту немесе банкроттық, тарату, бірігу, қосылу жолымен қайта құру, біріктірілу, бөлу және бөліп шығару рәсімдерін Операторға қатысты жүргізу кезінде, сондай-ақ Тараптардың келісімі бойынша мерзімінен бұрын бұзылады.

      Бұл ретте Оператор Келісімді бұзу туралы хатты алған күннен бастап келісім бұзылды деп есептеледі.

6-тарау. Қорытынды ережелер

      11. Осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар Тараптардың уәкілетті тұлғаларының қолы қойылған жазбаша нысанда ресімделеді және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.

      12. Қайта құру жолымен Комитетті қайта құру осы Келісімнің қолданылуын тоқтатпайды және барлық құқықтар мен міндеттер мұрагерлерге ауысады.

      13. Пилоттық жоба шеңберінде ұсынылатын ақпаратпен алмасу интернет-платформаларды пайдалана отырып қызмет көрсететін тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзге тәртібін қолдану бойынша құжаттарды, оның ішінде хабарламаларды, сұрау салуларды, ұсынымдар мен хаттарды жіберу мынадай электрондық пошта мекенжайларын пайдалана отырып жүзеге асырылады:

      Комитет тарапынан _________________________________________;

      Оператор тарапынан _________________________________________.

      14. Осы Келісімге Тараптардың әрқайсысы үшін заңды күші бірдей 2 (екі) данадан, қазақ және орыс тілдерінде 4 (төрт) түпнұсқаға қол қойылды.

7-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері

Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті:
__________________________________
(лауазымы)
___________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, (ол болған кезде))
_________________________________
(қолы)

Оператор:
_____________________________________
(лауазымы)
_____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, (ол болған кезде))
_________________________________
(қолы)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады