"Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 10 қаңтардағы № 15 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 18 қаңтарда № 31710 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10722 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларында:

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын құрылыс жобасының және бастапқы құжаттардың жинақтылығы мен құрамы:

      1) жаңа объектілер құрылысының жобалары осы Қағидаларға 2-қосымшаға;

      2) бұрыннан бар объектілерді реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру) жобалары осы Қағидаларға 3-қосымшаға;

      3) бұрыннан бар объектілерді күрделі жөндеу жобалары осы Қағидаларға 4-қосымшаға;

      4) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодекстің (Ерекше бөлім) (бұдан әрі – ҚР АК) 655-бабының 3-тармағына сәйкес мердігер жобалау шешімдерін өзгертпей, сметаға қайта қарау жүргізу туралы өтініш жасаған кезде құрылыс ресурстары құнының ұлғаюына байланысты бұрын бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың құнын кемінде он пайызға ұлғайтуды болжайтын жобалар осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес құжаттамалар (материалдар) тізбелеріне сәйкес келеді.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Ұсынылған құрылыс жобасының және бастапқы құжаттардың жинақтылығы мен құрамы осы Қағидаларға 2, 3, 4, 4-1-қосымшаларға сәйкес құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасына ұсынылатын құжаттама (материалдар) тізбелеріне сәйкестігіне көрсетілген материалдар сараптама ұйымында тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тексеріледі.

      5 (бес) жұмыс күні өткеннен кейін жобаның және бастапқы құжаттардың толық жинақталмағаны немесе олардың құрамы бойынша талаптарға сәйкес еместігі анықталған кезде тапсырыс берушіге жобаны және (немесе) бастапқы құжаттарды жинақтылығы мен құрамы бойынша талаптарға сәйкес жобаға және (немесе) бастапқы құжаттарға сәйкес келтіргеннен кейін оларды сараптамаға қайта ұсыну үшін жетіспейтін материалдарды көрсете отырып, жобаны сараптамаға қабылдаудан бас тарту және оны қараусыз қайтару туралы ресми хабарлама жіберіледі.";

      25-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы Қағидалардың 38, 38-1-тармақтарында көзделген тәртіппен оларды жою мақсатында дәлелді ескерулер береді.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың теріс қорытындысы:

      жобаның жобалау және құрылыс, қоршаған ортаны қорғау саласындағы бастапқы құжаттарда (материалдарда, деректерде) белгіленген талаптарға, шарттарға немесе шектеулерге және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға және гигиеналық нормативтерге, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік-әдістемелік құжаттарға сәйкессіздігі анықталған жағдайда:

      ҚР АК 655-бабының 3-тармағына сәйкес сметаны қайта қарауды жүргізу туралы мердігер жүгінген кезде құрылыс ресурстарының құнын ұлғайту себебі бойынша сметалық құнды түзету жобалары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу, жобалық шешімдерді өзгертпестен, бұрын бекітілген құрылыс құнын ұлғайту туралы он пайыздан кем, сондай-ақ осы Қағидалардың 37-1 және 38-1-тармақтарымен белгіленген мерзімде сарапшылардың дәлелді ескертулері жойылмаған кезде жіберіледі.

      Бұл ретте, сараптама жүргізуге арналған шарттың қолданылуы тоқтатылады.";

      мынадай мазмұндағы 31-1-тармақпен толықтырылсын:

      "31-1. ҚР АК (Ерекше бөлім) 655-бабының 3-тармағына сәйкес мердігер жобалау шешімдерін өзгертпей, сметаға қайта қарау жүргізу туралы өтініш жасаған кезде құрылыс ресурстары құнының ұлғаюына байланысты сметалық құны түзетілетін жобалар бойынша сараптама ұйымы жүзеге асыратын ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу мерзімдері мен ұзақтығы орындаушы мен тапсырыс беруші арасында жасалатын шартта белгіленеді, бірақ 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Шартта сараптама ұзақтығының мерзімі осы Қағидалардың 31-тармағында көрсетілген сараптаманың шекті рұқсат етілген ұзақтығынан кем болып белгіленген кезде ескертулер беру және жобаның бөлімдері мен бөліктерін қарау мерзімдері осы Қағидалардың 34, 36, 37, 37-1, 38, 38-1-тармақтарында көрсетілген мерзімдерге және сатыларға тең бөлінеді.";

      мынадай мазмұндағы 37-1-тармақпен толықтырылсын:

      "37-1. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың шекті ұзақтығы 15 (он бес) жұмыс күні кезінде:

      1) 10 (он) жұмыс күні жобаның сметалық құжаттамасын қарау үшін;

      2) 3 (үш) жұмыс күні:

      жиынтық сметалық құжаттаманы қарауды аяқтауға;

      сараптама қорытындысын дайындауды және ресімдеуді аяқтау үшін;

      3) ведомстводан тыс кешенді сараптаманы толық аяқтау және шартта көзделген құжаттаманы тапсыру және қабылдау актісін ресімдеу үшін 2 (екі) жұмыс күні беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 38-1-тармақпен толықтырылсын:

      "38-1. ҚР АК 655-бабының 3-тармағына сәйкес мердігер жобалау шешімдерін өзгертпей, сметаға қайта қарау жүргізу туралы өтініш жасаған кезде құрылыс ресурстары құнының ұлғаюына байланысты сметалық құны түзетілетін жобалар бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу барысында сарапшылар тапсырыс берушіге сарапшылардың дәлелді ескертпелерін жібереді, олар тапсырыс берушілерге шекті қарау кезінде шарт күшіне енген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі және тапсырыс беруші сараптаманың ұзақтығы 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын кезде ескертпелер берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жояды.

      Сарапшылар дәлелді ескерулерді белгіленген мерзімде жоймаған жағдайда теріс қорытынды жасалады.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Сараптама қорытындысында міндетті түрде техникалық зерттеп-қарау қорытындысының нөмірі мен күні, сондай-ақ орындаушы ұйым көрсетіледі.";

      69-1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Түркістан облысы Түркістан қаласында, сондай-ақ, Астана қаласында, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй құрылысы салаларында объектілер салу жөніндегі инвестициялық пилоттық жобалар бойынша;";

      72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "72. Жүргізілген ведомстводан тыс кешенді сараптаманың нәтижелері бойынша сараптама ұйымдары:

      1) қаралған жобаны (ТЭН немесе ЖСҚ) іске асыру үшін оны бекітуге ұсынымдары бар оң сараптамалық қорытынды;

      2) Жобаның (ТЭН немесе ЖСҚ) Қазақстан Республикасында қолданылатын мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкессіздігі туралы теріс сараптамалық қорытындыны;

      3) ҚР АК 655-бабының 3-тармағына сәйкес мердігер жобалау шешімдерін өзгертпей, сметаға қайта қарау жүргізу туралы өтініш жасаған кезде құрылыс ресурстары құнының ұлғаюына байланысты сметалық құны түзетілетін жобалары бойынша құрылыстың бұрын бекітілген құны он пайыздан кем ұлғайғаны анықталған кезінде теріс сараптамалық қорытынды береді;

      4) жоспарлау кезеңінде ғимараттар мен құрылыстарды (бар болса) және/немесе ұқсас объектілерді салу құнының ірілендірілген көрсеткіштерін қолдана отырып айқындалған Астана қаласында, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй құрылысы салаларында объектілер салу жөніндегі инвестициялық пилоттық жобаларды іске асыру шеңберінде объектінің сметалық құнының лимитін есептеу нәтижелері туралы келісім-хат береді.

      Түзетілген ТЭН немесе ЖСҚ бойынша теріс қорытынды алынғаннан кейін қайтадан (жаңа) сараптама пысықталған бөлімдер бойынша жүргізіледі. Бұл ретте осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес ұсынылған түзетілген ТЭН-ге немесе ЖСҚ-ға қайтадан сараптаманы теріс сараптама қорытындысын берген сараптама ұйымы жүзеге асырады.

      Теріс қорытынды алған жобаға бұрын сараптама жүргізген сараптама ұйымында аккредиттеу туралы куәлік болмаған немесе оның қолданысы тоқтатылған жағдайда тапсырыс беруші өзінің қалауы бойынша сараптама жүргізу үшін кез келген аккредиттелген сараптама ұйымын таңдайды.";

      мынадай мазмұндағы 75-1-тармақпен толықтырылсын:

      "75-1. Бұрын бекітілген жобалау-сметалық құжаттама, егер белгіленген объектіні салу басталғанға дейін немесе оның барысында объектінің конструкциялық схемасына, оның көлемдік-жоспарлау, инженерлік-техникалық және (немесе) технологиялық жобалық шешімдеріне әсер ететін, инженерлік және (немесе) технологиялық жабдықты, техникалық-экономикалық көрсеткіштерді өзгертетін негізгі материалдарды және (немесе) бұйымдарды ауыстыруды қоса алғанда, оған елеулі сипаттағы өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізудің негізді қажеттілігі туындаса, сондай-ақ, ҚР АК (Ерекше бөлім) 655-бабының 3-тармағына сәйкес мердігер жобалау шешімдерін өзгертпей, сметаны қайта қарауды жүргізу туралы өтініш жасаған кезде құрылыс ресурстары құнының ұлғаюына байланысты бұрын бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың құны кемінде он пайызға елеулі түрде ұлғайған кезде түзетуге жатады.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 4-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
И. Шархан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрі міндетін атқарушының
2023 жылғы 10 қаңтардағы
№ 15 бұйрыққа қосымша
  Қаржыландыру көздеріне
қарамастан, жаңа үйлер мен
ғимараттарды, олардың
кешендерін, инженерлік және
көлік коммуникацияларын
салуға, сондай-ақ бұрыннан
барын өзгертуге
(реконструкциялауға, кеңейтуге,
техникалық қайта
жарақтандыруға, жаңғыртуға
және күрделі жөндеуге)
арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге
және жобалау-сметалық
құжаттамаға ведомстводан тыс
кешенді сараптама
жүргізу қағидаларына
  4-1-қосымша

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 655-бабының 3-тармағына сәйкес мердігер жобалау шешімдерін өзгертпей, сметаға қайта қарау жүргізу туралы өтініш жасаған кезде құрылыс ресурстары құнының ұлғаюына байланысты бұрын бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың құнын кемінде он пайызға ұлғайтуды болжайтын жобалар бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын құжаттаманың (материалдардың) тізбесі

      Егер құрылыс ресурстары құнының елеулі өсуі құрылыстың бұрын бекітілген сметалық құнының кемінде он пайызға ұлғаюына әкеп соқса, жобалау шешімдерін өзгертпей, сметалық құнды (сметалық құжаттаманы) түзету жобалары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге тапсырыс берушінің өтініміне (оның деректемелерін көрсете отырып):

      1) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 655-бабының 3-тармағына сәйкес мердігердің жобалау шешімдерді өзгертпей, сметаға қайта қарау жүргізу туралы өтінішхаты;

      2) сметалық құжаттаманы жобалау (техникалық) шешімдерін түзету тапсырмасы;

      3) бюджеттік инвестициялық жобалар, сондай-ақ өзге инвестициялық жобалар бойынша тиісті бюджеттік комиссиясының шешімі және ішкі мемлекеттік аудит бойынша уәкілетті органның аудиторлық есебі.

      Күрделі жөндеу жобалары бойынша ішкі мемлекеттік аудит бойынша уәкілетті органның аудиторлық есебі қажет емес;

      4) объектілерді өзге инвестициялар есебінен іске асыру кезінде қымбаттаудың болжамды (шекті) сомасы көрсетіле отырып, тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе тапсырыс берушінің заңнамасына және (немесе) жарғысына сәйкес осындай мәселені шешу құзыретіне жататын тапсырыс берушінің өзге органы қол қойған қосымша қаржыландыру туралы құжат;

      5) тапсырыс беруші бекіткен және техникалық және авторлық қадағалаулармен келісілген орындалған және қалған физикалық жұмыс көлемдерінің бөлу ведомосы;

      6) бұрын берілген сараптаманың оң қорытындысында көрсетілген бағаларда орындалған жұмыстарға сметалық құжаттама;

      7) сметалық құжаттама, ағымдағы бағадағы жұмыстардың қалдық көлемі;

      8) бұрын берілген ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысы және бұрын сараптаманың оң қорытындысын алған сметалық құжаттама ұсынылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады