"Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 196 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 26 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 20 қаңтарда № 31730 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 196 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12045 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптарында:

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Бұйымдарды жөндеудің (түрлендірудің) барлық сатысында:

      1) бұйымның атауы мен нөмірінен;

      2) түрлендіруді және конструкторлық құжаттаманың және технологиялық құжаттаманың (техникалық шешімдер парақтары, рұқсат карталары) талаптарынан жіберілген ауытқуларды қоса алғанда, орындалған жұмыстардың көлемі мен мазмұнынан;

      3) бөлшектердің, бұғаулардың және бұйымдардың іс жүзіндегі сипаттамалары мен параметрлерінен;

      4) жұмыстарды орындау мен бақылау күнінен;

      5) жөндеуді орындаушылар мен бақылаушылардың тегінен және қолынан (мөртаңбасынан, жеке таңбасынан) тұратын бақылау құжаттамасы ресімделеді.

      Бақылау құжаттамасын осы Сертификаттау талаптарының 22-тармағына сәйкес электрондық түрде жүргізуге және электрондық базада сақтауға жол беріледі.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымы ондағы ақпараттың өзектілігін сақтау үшін АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның рәсімдері бойынша нұсқаулыққа қажетті өзгерістер енгізуді қамтамасыз етеді.

      АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның рәсімдері бойынша нұсқаулықты және оның кейінгі өзгерістерін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым бекітеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
И. Шархан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады