Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 61 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 ақпанда № 31827 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-миниcтріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
М. Карабаев

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің 2023 жылғы
31 қаңтардағы № 61 Бұйрыққа
қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10666 болып тіркелген):

      9-тармақтың 1) және 2) тармақшаларын мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жауапкершілігі I (жоғары) деңгейдегі объектілер:

      өнеркәсіп объектілері, өндірістік ғимараттар және құрылыстар:

      осы Қағидаларда көрсетілмеген, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 70 және 71-баптарында белгіленген белгілері бар және № 353 бұйрыққа сәйкес солай деп сәйкестендірілетін қауіпті өндірістік объектілер;

      атом энергиясын пайдаланатын объектілер (оның ішінде ядролық қондырғылар, ядролық материалдарды және радиоактивті заттарды, қалдықтарды сақтау пункттері);

      қуаты 150 МВт (Мега Ватт) және одан жоғары жылу-энергетикалық ғимараттар мен құрылыстар;

      домна пештерінің орталық тораптары, биіктігі 100 м (метр) және одан астам түтін мұржалары;

      аралығы 100 м (метр) және одан астам, биіктігі 50 м (метр) және одан биік және (немесе) жүк көтергіштігі 32 тонна және одан астам крандары бар өндірістік ғимараттар мен құрылыстар;

      тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер:

      арнайы жасанды микроклимат құрылғыларын талап ететін және (немесе) арнайы күзет немесе террорға қарсы іс-шараларды талап ететін әкімшілік республикалық басқару органдарының ғимараттары, республикалық маңызы бар мұражайлардың, мемлекеттік мұрағаттардың ғимараттары, ұлттық және мәдени құндылықтарды сақтау қоймалары және қалалар мен елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз етуге байланысты объектілер;

      геологиялық жағдай қалыпты аудандар үшін биіктігі 25 қабаттан және одан жоғары (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) тұрғын үй және көпфункционалды ғимараттар;

      геологиялық жағдай қалыпты аудандар үшін биіктігі 25 қабаттан және одан жоғары (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) әкімшілік-тұрмыстық, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар;

      құрылыс салған кезде арнайы техникалық шешімдерді және іс-шараларды талап ететін, сейсмикалық белсенділігі жоғары (7 және одан астам балл) аудандар үшін немесе өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық және геотехникалық) жағдайдағы биіктігі 12 қабаттан асатын (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) тұрғын үй және көпфункционалды ғимараттар;

      құрылыс салған кезде арнайы техникалық шешімдерді және іс-шараларды талап ететін, сейсмикалық белсенділігі жоғары (7 және одан астам балл) аудандар үшін немесе өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық және геотехникалық) жағдайдағы биіктігі 12 қабаттан асатын (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) әкімшілік-тұрмыстық, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар;

      ауысымда 480-нен артық адам қабылдайтын стационары жоқ денсаулық сақтау объектілері;

      травматологиялық және хирургиялық бөлімдері, сондай-ақ 50-ден астам төсек орынға арналған стационарлары бар аурухана ғимараттары;

      бір мезгілде (сыйымдылығы) 500-ден астам адам бара алатын спорттық-ойын-сауық, жабық ғибадат ғимараттары немесе ашық құрылыстар;

      бір мезгілде (сыйымдылығы) 1 200-ден астам адам бара алатын сауда-ойын-сауық объектілері;

      200 және одан да көп жұмыс орны бар тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының ғимараттары;

      сейсмикалық белсенділігі жоғары (7 және одан астам балл) аудандар үшін өрт сөндіру депосы кешендері;

      сыйымдылығы кемінде 1 500 оқушыдан астам (қоса алғанда) жалпы білім беру мектептерінің (гимназиялар, лицейлер) ғимараттары;

      жобалау құжаттамасында мынадай сипаттамалардың кем дегенде біреуі көзделген конструктивтік шешімдері және (немесе) конструкциялары бар бірегей құрылыс объектілері:

      тұрғын үй және көп функционалды ғимараттар қоспағанда, биіктігі 50 м (метр) астам;

      өндіріс объектілерін қоспағанда аралығы 50 м (метр) астам;

      15 м (метр) асатын консольдің болуы көзделген конструктивті шешімдері және (немесе) конструкциялары бірегей құрылыс объектілері;

      жердің жоспарлау белгісінен 10 м (метр) астам төмен жерасты бөлігін немесе жерасты қабатының санын екіден астам тереңдету;

      оларға қатысты физикалық және геометриялық желілік емес қасиеттері ескеріле отырып, стандартты емес есептеу әдістері қолданылатын немесе жобалауға және құрылыс салуға арналған арнайы техникалық шарттар әзірлеу талап етілетін конструкциялар мен конструкциялық жүйелердің болуы;

      тергеу изоляторларын, түзеу колонияларын, түрмелерді қоса алғанда, инфрақұрылым объектілері (медициналық қызмет көрсету объектілері, өндірістік кешендері және басқа да объектілері) бар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің объектілері;

      өзге құрылыстар:

      сыйымдылығы 10 000 м3 (текше метр) және одан астам мұнай, мұнай өнімдері, сұйытылған газ резервуарлары;

      I және II сыныпты гидротехникалық құрылыстар;

      жобалау жөніндегі мемлекеттік нормативтерге сәйкес белгіленетін, I, II және III санаттағы жерасты мұнай, мұнай өнімдері және газ қоймалары;

      қысымы 1,2 МПа (Мега Паскаль) жоғары газ тарату желілерінің объектілері;

      I және II сыныпты магистральдық мұнай құбырлары және мұнай өнімдері құбырлары;

      топтық су тартқыштарды қоса алғанда, магистральдық сумен жабдықтау, су бұру желілері және шартты (ішкі) диаметрі 500 мм (миллиметр) және одан жоғары кәріздік коллекторлар және олардағы құрылыстар, су құбыры және кәріздік тазарту құрылыстары (СТҚ және КТҚ), өнімділігі тәулігіне 10 000 м3 (тәулігіне текше метр) және одан астам сорғы станциялары мен су тарту құрылыстары;

      диаметрі 500 мм (миллиметр) және одан жоғары магистральдық және тарату (орамішілік) жылумен жабдықтау желілері және олардағы құрылыстар;

      биіктігі 100 м (метр) және одан биік теледидар мұнаралары және антенналық-мачталық байланыс құрылыстары;

      кернеуі 220 кВ (кило Вольт) астам электр беру желілері және өзге де электр-желілік шаруашылық объектілері;

      Iа санатты автомобиль жолдары және олардағы құрылыстар;

      шекара бөлімшелері;

      елді мекендер шегіндегі магистральдық жүрдек қозғалыс жолдары, жалпықалалық маңызы бар магистральдық үздiксіз қозғалыс көшелері және олардағы құрылыстар;

      бірыңғай кешен ретінде салынатын магистральдық теміржолдар;

      барлық санаттардағы жолдарда ұзындығы 100 м (метр) және одан астам көпір құрылыстары;

      теміржол және автомобиль жолдары тоннельдері;

      метрополитендер;

      әуежайлар, ұшу-қону жолақтары және өзге де авиациялық инфрақұрылым объектілері;

      спорт және серуендеу кемелеріне қызмет көрсетуге арналған мамандандырылған порттарды қоспағанда, өзен және теңіз порттары;

      ғарыш айлақтарын қоса алғанда, ғарыш инфрақұрылымы объектілері; ұшыру кешендері және тасымалдағыш зымырандарды іске қосу қондырғылары; ғарыш аппараттарын басқаратын жерүсті кешендері; команда беру-өлшеу кешендері; ақпаратты қабылдауға, сақтауға, өңдеуге және таратуға арналған жерүсті нысаналы кешендер; ғарышты зерттеудің ғылыми-экспериментальдық базасы; антенналық кешендер; обсерваториялар; тәжірибелік өндірістер; ғарыш аппараттарын, тасымалдағыш зымырандарды және олардың құрам бөліктерін жинау, монтаждау, сынау жөніндегі кәсіпорындар; объектілердің қауіпсіздігі мен инженерлік-техникалық беріктігін қамтамасыз етуге байланысты ғимараттар мен құрылыстар;

      азаматтық қорғаныс объектілері;

      көлемі жылына 100 мың және одан астам тонна қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары;

      қауіптілігі I, II және III сыныпты уытты өнеркәсіп қалдықтарын залалсыздандыру және көму жөніндегі полигондар;

      сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін үлгілік жобалар (жобалау);

      2) жауапкершілігі II (қалыпты) деңгейдегі объектілер:

      өнеркәсіп объектілері, өндірістік ғимараттар және құрылыстар:

      қуаты 150 МВт (Мега Ватт) дейінгі жылу-энергетика ғимараттары мен құрылыстары;

      домна пештерінің орталық тораптары, биіктігі 100 м (метр) дейінгі түтін мұржалары;

      өрт, жарылыс, газ, химиялық агрессивті, улы және уытты заттар бойынша қауіпті емес өндірістік-шаруашылық құрылыстарын (биіктігі 2 қабаттан жоғары және алаңы 2000 шаршы метрден жоғары қоймалар және тауарлар мен материалдарды сақтау үшін ерекше жағдайларды, сондай-ақ өзге де жобалау шешімдері мен іс-шараларды талап ететін, сақтау қоймалары) қоса алғанда, жалпы аралығы 12 метрден (қоса алғанда) 100 метрге дейінгі, биіктігі 12 метрден (қоса алғанда) 100 метрге дейінгі және (немесе) жүк көтергіштігі 5 тоннадан (қоса алғанда) 32 тоннаға дейінгі крандары бар өндіріс объектілері (машина жасау, көлік, құрастыру, өңдеу, жеңіл және басқа да өнеркәсіп салаларының объектілері);

      элеваторлар;

      сақтау көлемі 500 т (тонна) (қоса алғанда) астам астық қоймалары;

      сүт, ет өнімдерін өндіру бойынша мал басының саны 1500-ден (қоса алғанда) астам мал шаруашылығы кешендері мен фермалар, асыл тұқымды мал өсіру шаруашылықтары, бордақылау алаңдары, сондай-ақ мал басының саны 10000-нан астам (қоса алғанда) шошқа шаруашылығы);

      мал басы саны жылына 6 млн. бастан (жылына млн. бас) (қоса алғанда) асатын құс фермалары мен кешендері;

      алаңы 10 000 м2 (шаршы метр) астам (қоса алғанда) жылыжай кешендері;

      көлемі 5 т/сағ. (сағатына тонна) (қоса алғанда) астам құрама жем заводтары мен цехтар;

      ауысымына 10 тоннадан астам (бір ауысымда тонна) (қоса алғанда) мал сою және сою өнімдерін алғашқы өңдеу;

      мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар), сондай-ақ күйдіргіден өлген жануарлардың өлекселерін көму;

      ауысымына 10 тоннадан астам (бір ауысымда тонна) (қоса алғанда) өндірістік қуаттылығына байланысты сүт қабылдау және дайындау пункттері станциялары;

      кернеуі 35 кВ (кило Вольт) дейінгі (қоса алғанда) электр желілері бар қуаты 100 Мвт (Мега Ватт) кем (қоса алғанда) күн электр станцияларын қоспағанда, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері;

      тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер:

      геологиялық жағдайлары қалыпты аудандар үшін биіктігі 6 қабаттан 25 қабатқа дейінгі (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) тұрғын үй және көпфункционалды ғимараттар;

      геологиялық жағдайлары қалыпты аудандар үшін биіктігі 3 қабаттан 25 қабатқа дейінгі (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) әкімшілік-тұрмыстық, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар;

      сейсмикалық белсенділігі жоғары (7 және одан астам балл) немесе құрылыс салған кезде арнайы техникалық шешімдерді және іс-шараларды талап ететін өзге де геологиялық (гидрогеологиялық және геотехникалық) жағдайлары ерекше аудандардағы биіктігі 6 қабаттан 12 қабатқа дейінгі (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) тұрғын үй және көпфункционалды ғимараттар;

      сейсмикалық белсенділігі жоғары (7 және одан астам балл) немесе құрылыс салған кезде арнайы техникалық шешімдерді және іс-шараларды талап ететін өзге де геологиялық (гидрогеологиялық және геотехникалық) жағдайлары ерекше аудандардағы биіктігі 12 қабатқа дейінгі (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) әкімшілік-тұрмыстық, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар;

      ауысымына 50-ден 480-ге дейін адам (қоса алғанда) қабылдайтын стационары жоқ денсаулық сақтау объектілері;

      сыйымдылығы 50 орыннан асатын қонақ үй кешендері (мотельдер, туристік базалар);

      мектепке дейінгі балалар мекемелерінің ғимараттары;

      травматологиялық және хирургиялық бөлімдері бар ауруханалардың ғимараттары, сондай-ақ 50 және одан кем төсек орынға арналған стационарлар;

      бір мезгілде (сыйымдылығы) 150-ден 500-ге дейін адам (қоса алғанда) бара алатын спорттық-ойын-сауық, жабық ғибадат ғимараттары немесе ашық құрылыстар;

      бір мезгілде (сыйымдылығы) 800-ден 1200-ге дейін адам (қоса алғанда) бара алатын сауда-ойын-сауық объектілері;

      50-ден 200-ге дейін жұмыс орны бар тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының ғимараттары;

      геологиялық жағдайлары қалыпты аудандар үшін өрт сөндіру депосы кешендері;

      сыйымдылығы 50 баладан асатын мектеп-интернаттарының жатын корпустарының, балаларға арналған демалу лагерлерінің ғимараттары;

      сыйымдылығы 600 оқушыдан (қоса алғанда) 1 500 оқушыға дейінгі жалпы білім беру мектептерінің (гимназиялар, лицейлер) ғимараттары;

      бір мезгілде 10 бірліктен астам көлік құралдарына қызмет көрсететін автосервис пункттері (шеберханалар), сондай-ақ жер үстіндегі биіктігі 5 қабаттан асатын, жер астындағы биіктігі 2 қабаттан асатын жерүсті немесе жерасты гараж-тұрақтар;

      вахталық кенттердің 3 жерүсті қабатынан асатын (қоса алғанда) тұрғын ғимараттары мен әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық объектілер;

      өзге құрылыстар:

      сыйымдылығы 10 000 м3 (текше метр) дейінгі мұнай, мұнай өнімдері, сұйытылған газ резервуарлары;

      III және IV сыныпты гидротехникалық құрылыстар;

      жобалау жөніндегі мемлекеттік нормативтерге сәйкес белгіленетін мұнайдың, мұнай өнімдерінің және газдың IIIб және IIIв санатындағы жерасты қоймалары;

      қысымы 1,2 МПа (МегаПаскаль) дейінгі (қоса алғанда) өндірістік мақсаттағы газ тарату жүйелерінің объектілері;

      қысымы 0,3 МПа-дан (МегаПаскаль) 1,2 МПа (Мега Паскаль) дейінгі (қоса алғанда) тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы газ тарату жүйелерінің объектілері;

      III және IV сыныпты магистральдық мұнай құбырлары және мұнай өнімдері құбырлары;

      топтық су тартқыштарды қоса алғанда, магистральдық сумен жабдықтау, су бұру желілері және шартты (ішкі) диаметрі 500 мм (миллиметр) дейінгі кәріздік коллекторлар және олардағы құрылыстар, су құбыры және кәріздік тазарту құрылыстары (СТҚ және КТҚ), өнімділігі тәуілігіне 500 м3 (текше метрден) 10 000 м3 (текше метрге) дейін (тәуілігіне текше метр) сорғы станциялары мен су тарту құрылыстары;

      траншеясыз әдіспен орындау кезінде шартты (ішкі) диаметрі 500 мм (миллиметр) және жоғары топтық су құбырлары мен су жинау құрылыстары;

      шартты (ішкі) диаметрі 350 мм (миллиметр) бастап (қоса алғанда) 500 мм (миллиметр) дейінгі магистральдық және тарату (орамішілік) жылумен жабдықтау желілері және олардағы құрылыстар;

      тұрғындар саны 500 адамнан жоғары (қоса алғанда) жеке тұрғын үй кешендеріне арналған жұмыс қысымы 1 МПа (Мега Паскаль) және одан жоғары, шартты (ішкі) диаметрі 300 мм (миллиметр) жоғары сыртқы сумен жабдықтау желілері және олардағы құрылыстар, оның ішінде тарту (орамішілік, көшелік) алаңішілік сумен жабдықтау желілері, орамішілік су бұру желілері, үйішілік сумен жабдықтау және су бұру желілері, су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстары;

      магистральдық байланыс желілерінің желілік-кабельдік құрылыстары, биіктігі 100 м (метр) дейінгі телевизиялық мұнаралары;

      биіктігі 45 м (метрден) бастап 100 м (метрге) дейінгі антенналық-мачталық байланыс құрылыстары;

      кернеуі 35 кВ бастап 220 кВ (кило Вольт) дейінгі (қоса алғанда) электр беру желілері және өзге де электр-желілік шаруашылық объектілері;

      II, III санаттарындағы автомобиль жолдары және олардағы құрылыстар;

      автомобильдік өткізу пункттері;

      барлық санаттардағы жолдарда ұзындығы 100 м (метр) дейінгі көпір құрылыстары;

      9-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген қалалық және ауылдық елді мекендердегі көшелер мен жолдар, өнеркәсіп кәсіпорындарының ішкі және сыртқы автомобиль жолдары және олардағы құрылыстар (көпір құрылыстарын қоспағанда);

      жекелеген жобалар бойынша іске асырылатын магистральдық теміржол желілерінің объектілері, сондай-ақ кіреберіс және станциялық жолдар;

      көлемі жылына 100 мың тоннаға дейінгі қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары;

      қауіптілігі IV сыныпты утты өнеркәсіп қалдықтарын залалсыздандыру және көму полигондары;".

      2. "Жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін салуға, сондай-ақ қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарды өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10722 болып тіркелген):

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу барысында сарапшылар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тапсырыс берушілерден және жобаның әзірлеушілерінен қажетті материалдарды және ақпаратты сұратады және алады;

      2) осы Қағидалардың 38-тармағында көзделген тәртіппен оларды жою мақсатында қолданыстағы заңнаманың және нормативтік-техникалық құжаттардың тармақтарына, баптарына сілтеме жасай отырып, негізделген және дәлелді ескертулер береді.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың теріс қорытындысы жобаның жобалау және құрылыс, қоршаған ортаны қорғау саласындағы бастапқы құжаттарда (материалдарда, деректерде) белгіленген талаптарға, шарттарға немесе шектеулерге және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға және гигиеналық нормативтерге, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік-әдістемелік құжаттарға сәйкессіздігі анықталған және жойылмаған жағдайларда жасалады және тапсырыс берушіге жіберіледі.

      Бұл жағдайларда сараптама жүргізуге арналған шарттың қолданылуы тоқтатылады.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу барысында сарапшылар тапсырыс берушіге:

      сараптаманың ұзақтығы 45 (қырық бес) жұмыс күнінен аспаған кезде шарт күшіне енген және ескертулер берілген күннен бастап тапсырыс беруші 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оларды жойған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен;

      сараптаманың ұзақтығы 30 (отыз) жұмыс күнінен аспаған кезде шарт күшіне енген және ескертулер берілген күннен бастап Тапсырыс беруші 5 (бес) жұмыс күннен аспайтын мерзімде оларды жойған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен;

      сараптаманың ұзақтығы 10 (он) жұмыс күнінен аспаған кезде шарт күшіне енген және ескертулер берілген күннен бастап Тапсырыс беруші 1 (бір) жұмыс күннен аспайтын мерзімде оларды жойған күннен бастап 4 (төрт) жұмыс күнінен;

      сараптаманың ұзақтығы 60 (алпыс) жұмыс күннен аспаған кезде шарт күшіне енген және ескертулер берілген күннен бастап тапсырыс беруші 14 (он төрт) жұмыс күннен аспайтын мерзімде оларды жойған күннен бастап 26 (жиырма алты) жұмыс күнінен кешіктірмей қолданыстағы заңнаманың және нормативтік-техникалық құжаттардың тармақтарына, баптарына сілтеме жасай отырып, сарапшылардың негізделген және дәлелді ескертулер береді, олар шекті қарау кезінде тапсырыс берушілерге беріледі.

      Сарапшылардың дәлелді ескертулері белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайларда, теріс жиынтық қорытынды жасалады.";

      69-14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "69-14. Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу барысында сарапшылар сараптамалық сүйемелдеу режимінде тапсырыс берушіге:

      сараптаманың ұзақтығы 45 (қырық бес) жұмыс күнінен аспаған кезде шарт күшіне енген және ескертулер берілген күннен бастап Тапсырыс беруші 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оларды жойған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен;

      сараптаманың ұзақтығы 30 (отыз) жұмыс күнінен аспаған кезде шарт күшіне енген және ескертулер берілген күннен бастап Тапсырыс беруші 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оларды жойған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен;

      сараптаманың ұзақтығы 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспаған кезде шарт күшіне енген және ескертулер берілген күннен бастап Тапсырыс беруші 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оларды жойған күннен бастап 9 (тоғыз) жұмыс күнінен;

      сараптаманың ұзақтығы 10 (он) жұмыс күнінен аспаған кезде шарт күшіне енген және ескертулер берілген күннен бастап Тапсырыс беруші 1 (бір) жұмыс күннен аспайтын мерзімде 4 (төрт) жұмыс күнінен кешіктірмей қолданыстағы заңнаманың және нормативтік-техникалық құжаттардың тармақтарына, баптарына сілтеме жасай отырып, сарапшылардың негізделген және дәлелді ескертулер береді, олар шекті қарау кезінде тапсырыс берушілерге беріледі.

      Сарапшылардың дәлелді ескертулері белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайларда, теріс жиынтық қорытынды жасалады.".

      3. "Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілер салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелер мен жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 304 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10632 болып тіркелген):

      12, 13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілгеннен кейін үш және одан да көп жыл ішінде жобалау-сметалық құжаттама әзірленбеген және бекітілмеген техникалық-экономикалық негіздеме ескірген болып есептеледі және осы Қағидалардың 3-бөліміне сәйкес түзетілгеннен (бастапқы материалдар жаңартылғаннан, жобалық материалдар өзектендірілгеннен), қайта сараптама жүргізілгеннен және қайта бекітілгеннен кейін іске асыру үшін пайдаланылады.

      13. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілгеннен кейін үш және одан да көп жыл ішінде құрылыс басталмаған жобалау-сметалық құжаттама ескірген болып есептеледі және осы Қағидалардың 3-бөліміне сәйкес түзетілгеннен (бастапқы материалдар жаңартылғаннан, жобалық материалдар өзектендірілгеннен), қайта сараптама жүргізілгеннен және қайта бекітілгеннен кейін іске асыру үшін пайдаланылады.

      14. Бұрын бекітілген техникалық-экономикалық негіздемелер мен жобалау-сметалық құжаттама осы Қағидалардың 12 және 13-тармақтарында көзделген жағдайларда түзетуге (бастапқы құжаттарды жаңартуға, жобалау материалдарын өзектендіруге) және қайта бекітуге жатады.";

      16-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Бұрын бекітілген жобалау-сметалық құжаттама, егер белгіленген объектіні салу басталғанға дейін немесе оның барысында объектінің конструкциялық схемасына, оның көлемдік-жоспарлау, инженерлік-техникалық және (немесе) технологиялық жобалық шешімдеріне әсер ететін, инженерлік және (немесе) технологиялық жабдықты, техникалық-экономикалық көрсеткіштерді өзгертетін негізгі материалдарды және (немесе) бұйымдарды ауыстыруды қоса алғанда, оған елеулі сипаттағы өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізудің негізді қажеттілігі туындаса, сондай-ақ, Азаматтық кодекстің 655-бабының 3-тармағына (Ерекше бөлім) сәйкес жобалау шешімдерін өзгертпей, сметаны қайта қарауды жүргізу туралы мердігер өтініш жасаған кезде құрылыс ресурстары құнының ұлғаюы себебінен бұрын бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың құны кемінде он пайызға елеулі түрде ұлғайған кезде түзетілуге, қайта сараптауға және қайта бекітуге жатады.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады