Молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 2 ақпандағы № 50 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 7 ақпанда № 31856 болып тіркелді

      "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция

      министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 2 ақпандағы
№ 50 бұйрығымен бекітілген

Молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) мамандандырылған зертхана – молекулярлық генетикалық сараптаманы жүзеге асыратын аккредиттелген заңды тұлға немесе оның атынан әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшесі, сондай-ақ аккредиттелген заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;

      2) молекулярлық генетикалық сараптама – жануардың шығу тегінің дұрыстығын бағалау және (немесе) генетикалық ауытқуларды анықтау мақсатында жүзеге асырылатын оның биологиялық материалын зерттеу;

      3) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасы – жануарлардың генетикалық әлеуетін жетілдіру және арттыру, сондай-ақ асыл тұқымды өнімді (материалды) есепке алу үшін пайдаланылатын, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган айқындаған оператор сүйемелдейтін асыл тұқымды жануарлар туралы және селекциялық процеске тартылған жануарлар туралы деректерді жинаудың, жинақтаудың және өңдеудің автоматтандырылған жүйесі;

      4) SNP – бір нуклеотидті полиморфизм, бір түрдің өкілдерінің геномындағы (немесе басқа салыстырылатын тізбектегі) немесе гомологты хромосомалардың гомологты учаскелері арасындағы бір нуклеотид мөлшеріндегі ДНҚ тізбегінің айырмашылықтары;

      5) STR – ДНҚ молекуласындағы ұзындығы бірнеше нуклеотидтерден тұратын буындардың қысқа тандемді қайталануы.

2-тарау. Молекулярлық генетикалық сараптаманы ұйымдастыру тәртібі

      3. Молекулярлық генетикалық сараптама жүргізуді "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және МЕМСТ ISO/IEC 17025 "Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" мемлекетаралық стандартына сәйкес аккредиттелген мамандандырылған зертханалар жүзеге асырады.

      4. Молекулярлық генетикалық сараптамаға тапсырыс беруші асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар болып табылады.

      5. Молекулярлық генетикалық сараптаманы жүргізу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес тапсырыс беруші мен мамандандырылған зертхана арасында жасалған молекулярлық генетикалық сараптама жүргізуге арналған шарт негізінде жүзеге асырылады.

      6. Молекулярлық генетикалық сараптама молекулярлық генетикалық сараптама жүргізуге арналған шарт жасалған күннен бастап 1 (бір) ай ішінде жүргізіледі.

      7. Молекулярлық генетикалық сараптама "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің асыл тұқымды өніміне молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу туралы ережені бекіту туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 2 маусымдағы № 74 шешіміне сәйкес жүргізіледі.

      8. Жүргізілген молекулярлық генетикалық сараптаманың қорытындысы бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша молекулярлық генетикалық сертификат беріледі.

      Мамандандырылған зертханалардың генетикалық сертификатты беру мерзімі молекулярлық генетикалық сараптама аяқталғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күнінен аспайды.

      9. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу нәтижелері туралы мәліметтерді мамандандырылған зертханалар молекулярлық генетикалық сараптама аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасына енгізеді.

  Молекулярлық генетикалық
сараптама жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Генетикалық сертификат

      1. Заңды мекенжайы, телефоны, электрондық почтасы, интернет-сайты міндетті

      түрде көрсетіле отырып, генетикалық сертификат берген мамандандырылған

      зертхананың толық атауы_____________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      2. Генетикалық сертификаттың тіркеу нөмірі ___________________________

      __________________________________________________________________

      3. Мамандандырылған зертхананың аккредиттеу саласы, аккредиттеу мерзімі,

      куәліктің нөмірі және аккредиттеу органы _____________________________

      __________________________________________________________________

      4. Зерттеу өткізілген күн_____________________________________________

      5. Жануардың толық лақап аты (бар болса)_____________________________

      6. Асыл тұқымды жануарлардың жануардың бірдейлендіру нөмірі_________

      7. Жануардың туған күні (күн, ай, күнтізбелік жыл) _____________________

      8. Жануардың жынысы______________________________________________

      9. Жануардың түрі__________________________________________________

      10. Жануардың тұқымы (тұқымдылығы)_______________________________

      11. Жануардың шығу тегi:___________________________________________

      енесі – толық лақап аты (бар болса), шығарған елдің бірдейлендіру нөмірі

      __________________________________________________________________

      әкесі – толық лақап аты (бар болса), шығарған елдің бірдейлендіру нөмірі

      __________________________________________________________________

      12. Генетикалық сараптама нәтижелері:

      1) генетикалық профиль (жануарлар геномындағы белгілі бір STR-маркерлерінің

      (микросателлиттердің) немесе SNP-маркерлерінің жиынтығы)

      __________________________________________________________________

      2) шығу тегi(расталады/расталмайды) _________________________________

      3) генетикалық ауытқулар ___________________________________________

      4) генетикалық детерминделген аурулар _______________________________

      __________________________________________________________________

      (құжатқа қол қойған адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы, қолы)

      ______________________________

      (генетикалық сертификатты берген

      мекеменің мөрі (бар болса)

      20 жылғы " " (берілген күні)

  Молекулярлық генетикалық
сараптама жүргізу қағидаларына
2-қосымша

Молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу нәтижелері туралы мәліметтер тізбесі

      1. Заңды мекенжайы, телефоны, электрондық почтасы, интернет-сайты міндетті түрде көрсетіле отырып, генетикалық сертификат берген мамандандырылған зертхананың толық атауы.

      2. Генетикалық сертификаттың тіркеу нөмірі.

      3. Мамандандырылған зертхананы аккредиттеу саласы, аккредиттеу мерзімі,

      сертификат нөмірі және аккредиттеу органы.

      4. Зерттеу өткізілген күн.

      5. Жануардың толық лақап аты (бар болса).

      6. Жануардың бірдейлендіру нөмірі.

      7. Жануардың туған күні (күн, ай, күнтізбелік жыл).

      8. Жануардың жынысы.

      9. Жануар түрі.

      10. Жануардың тұқымы (тұқымдылығы).

      11. Жануардың шығу тегi:

      енесі – толық лақап аты (бар болса), шығарған елдің бірдейлендіру нөмірі;

      әкесі – толық лақап аты (бар болса), шығарған елдің бірдейлендіру нөмірі.

      12. Генетикалық сараптама нәтижелері:

      1) генетикалық профиль (жануарлар геномындағы арнайы STR-маркерлерінің (микросателлиттердің) немесе SNP-маркерлерінің жиынтығы);

      2) шығу тегi (расталады/расталмайды);

      3) генетикалық ауытқулар;

      4) генетикалық анықталған детерминистік аурулар.

      13. Генетикалық сертификаттың берілген күні, генетикалық сертификатқа қол

      қойған адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы, қолы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады