"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 44-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғау органдарының әскери қызметшілеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қаржы және мемлекеттік сатып алу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрілігінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
министрінің міндетін атқарушы | М. Кульдиков |
министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 14 ақпандағы № 75 Бұйрығымен бекітілген |
Азаматтық Қорғау органдарының әскери қызметшілеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Азаматтық Қорғау органдарының әскери қызметшілеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді (бұдан әрі - әскери қызмет туралы Заң) және Азаматтық Қорғау органдарының (бұдан әрі - АҚО) әскери қызметшілерін ақшалай ризықпен, жәрдемақылармен және басқа да төлемдермен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
2. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді, әскери оқу орындарының кадеттері мен курсанттарын қоспағанда, әскери қызметшілердің ақшалай ризығы ақшалай қамтылымды (лауазымдық айлықақыны және әскери атағы бойынша айлықақыны), қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақыларды және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша ақыларды қамтиды.
Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің, әскери оқу орындарының кадеттері мен курсанттарының ақшалай ризығы (стипендиясы) лауазымдық айлықақыны ғана қамтиды.
Толық бір ай қызмет өткермеген әскери қызметшіге тиесілі ақшалай ризықтың мөлшері осы айда қызмет өткерген күнтізбелік күндердің нақты санына пропорционалды түрде сүйене отырып айқындалады.
3. Әскери қызметші әскери қызметте дәлелсіз себептермен болмаған жағдайда, қамау түріндегі жазасын өтеу уақытында сотталған әскери қызметшіге, гаупвахтада әкімшілік қамауды өтеу уақытында ақшалай ризық әскери қызмет міндеттерін нақты орындаған күндеріне пропорционалды түрде командирдің (бастықтың) бұйрығы негізінде төленеді. Бұйрықта әскери қызметте нақты болмаған күндері көрсетіледі. Ақшалай ризықты пропорционалды түрде есептеу үшін бір айдағы күнтізбелік күндер қолданылады.
4. Ақшалай ризықты төлеу 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады.
5. Әскери қызметшіге тиесілі және оған уақтылы төленбеген немесе мөлшерден аз төленген ақшалай ризық әскери қызметшінің талап мерзімінің өтуі шегінде оған құқығы болған барлық кезең үшін төленеді.
Лауазымдық айлықақыны есептеу үшін коэффициентті айқындау үшін жеке істерінде бұрын белгісіз және есепке алынбаған қызмет кезеңдері расталған жағдайларда, жаңадан белгіленген мөлшерлер бойынша ақшалай үлес әскери қызметшілер бұрын есепке алынбаған еңбек сіңірген еңбегін растайтын құжаттарды өткен уақыт үшін қайта есептемей ұсынған күннен бастап төленеді.
6. Атқаратын лауазымдарының әскери қызметшілер үшін лауазымдар санаттарының топтарына жатқызылуына және Мемлекеттік қызмет өтіліне және әскери қызметшілердің әскери атағы бойынша айлықақысына қарай лауазымдық айлықақылар мөлшері есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді базалық лауазымдық айлықақы мөлшеріне көбейту арқылы айқындалады.
Келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің лауазымдық айлықақысының мөлшерін айқындау үшін әскери бөлімде (республикалық мемлекеттік мекемеде) лауазымдық айлықақыны белгілеуге құқық беретін қызмет өтілін есептеу жөнінде комиссиялар құрылады. Әскери бөлімдегі (республикалық мемлекеттік мекемедегі) комиссияның құрамына қаржы, заң, кадр бөлімшелерінің лауазымды адамдары (кадр бөлімшесі болмаған жағдайда – жеке құрамның есебін жүргізетін адамдар) енгізіледі.
Азаматтар әскери қызметке кірген кезде 15 жұмыс күні ішінде, сондай-ақ жыл сайын 20 қаңтарға дейін 1 қаңтардағы жағдай бойынша барлық әскери қызметшілердің өтілін белгілеу үшін комиссия отырысы шақырылады. Комиссияның қызмет өтілін есептеу туралы шешімі отырыстан кейін 3 жұмыс күні ішінде комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді. Комиссия отырысының хаттамасынан үзінді екі данада жасалады (бір данасы – кадр қызметіне, екіншісі – қаржы қызметіне).
7. Әскери қызметтен шығарылатын әскери қызметшіге Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызметі жарғысы) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызметі жарғысымен белгіленген мерзімдер шегінде істері мен лауазымын тапсырған уақыт үшін, сондай-ақ оған істері мен лауазымын тапсырғаннан кейін шығарылу кезінде берілетін жыл сайынғы негізгі демалыс уақыты үшін ақшалай ризық атқаратын әскери лауазымы бойынша төленеді.
Мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және халықаралық ұйымдарғаіссапарға жіберілген әскери қызметшілерге ақшалай ризық, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлерімен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 74-тармағына сәйкес жүргізіледі (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлерімен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидалары).
8. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақ аумақтарында және экологиялық апат аймақтарында тұрғаны үшін қосымша ақы төленеді "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын мөлшерде және тәртіппен коэффициенттерді қолдана отырып, еңбекке ақы төлеу белгіленеді. және "Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" қаулыларына сәйкес жүзеге асырылады.
2 Тарау. Әскери қызметшіге ақшалай ризықты төлеу
Параграф 1. Курсанттан және мерзімді қызмет әскери қызметшісінен басқа, әскери қызметшінің әскери атағы бойынша айлықақысы
9. Әскери қызметшіге әскери атағы бойынша айлықақы әскери атақ беру туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап төленеді. Жеке құрамды есепке алу жөніндегі бөлімше үш күн мерзімде қаржы қызметіне әскери атақ беру туралы бұйрықпен таныстырады.
10. Әскери қызметке алғаш рет шақырылған әскери қызметшіге әскери атағы бойынша айлықақы жергілікті әскери басқару органынан әскери қызмет өткеру орнына кету туралы бұйрық шығарылған күннен бастап төленеді.
11. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген әскери қызметшіге әскери атағы бойынша айлықақы әскери бөлім (республикалық мемлекеттік мекеме) жеке құрамының тізімдеріне енгізу туралы бұйрық шыққан күннен бастап төленеді.
Параграф 2. Офицерлер құрамы әскери қызметшісінің лауазымдық айлықақысы
12. Қызмет өтілінің көбеюіне байланысты лауазымдық айлықақыны арттыру кезінде лауазымдық айлықақыны есептеу пропорционалды түрде лауазымдық айлықақының арттырылған күнінен бастап жүргізіледі.
13. Әскери оқу орнын бітірген офицерге офицерлік атақ берілген күннен бастап істер мен лауазымды қабылдаған күнге дейін взвод командирінің лауазымы бойынша лауазымдық айлықақы төленеді.
14. Әскери қызметке алғаш рет шақырылған офицерге жергілікті әскери басқару органынан әскери қызмет өткеру орнына кеткен күннен бастап істер мен лауазымды қабылдаған күнге дейін лауазымдық айлықақысы взвод командирінің лауазымы бойынша төленеді.
15. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген офицерге әскери бөлім (республикалық мемлекеттік мекеме) жеке құрамының тізімдеріне енгізу туралы бұйрық шыққан күннен бастап істер мен лауазымды қабылдағанға дейін лауазымдық айлықақысы взвод командирінің лауазымы бойынша төленеді.
16. Офицер лауазымға тағайындалған кезде, оның ішінде әскери оқу орнын бітіргеннен кейін және запастан әскери қызметке тағайындалғаннан кейін атқаратын лауазымы бойынша лауазымдық айлықақы лауазымға кірісу туралы бұйрықтың негізінде, істер мен лауазым қабылданған күннен бастап төленеді.
Параграф 3. Сарбаз (матрос) және сержант (старшина)лауазымдарына келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшінің лауазымдық айлықақысы
17. Қызмет өтілінің көбеюіне байланысты лауазымдық айлықақыны арттыру кезінде лауазымдық айлықақыны есептеу пропорционалды түрде лауазымдық айлықақының арттырылған күнінен бастап жүргізіледі.
18. Сарбаз (матрос) және сержант (старшина) лауазымына тағайындалған әскери қызметшіге лауазымдық айлықақы істер мен лауазымды қабылдау туралы бұйрық шыққан күннен бастап төленеді.
Істер мен лауазымды қабылдағанға дейін мыналар төленеді:
1) мерзімді әскери қызметті аяқтағаннан кейін лауазымға қабылданған және тағайындалған әскери қызметшіге – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646 қбп қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесімен (бұдан әрі – Еңбекақы төлеудің жүйесі) белгіленген лауазымның санаты бойынша лауазымдық айлықақы;
2) әскери орта арнайы оқу орнын бітірген әскери қызметшіге – Еңбекақы төлеу жүйесінде белгіленген лауазымның II санаты бойынша лауазымдық айлықақы;
3) келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген әскери қызметшіге әскери бөлім (республикалық мемлекеттік мекеме) жеке құрамының тізімдеріне енгізу туралы командирдің (бастықтың) бұйрығы шыққан күннен бастап – Еңбекақы төлеу жүйесінде белгіленген лауазымның I санаты бойынша лауазымдық айлықақы.
19. Сарбаз (матрос) және сержант (старшина) лауазымында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіні бір лауазымнан басқасына ауыстырған кезде жаңа лауазым бойынша айлықақы істер мен лауазымды қабылдау туралы бұйрық шыққан күннен бастап төленеді.
Параграф 4. Мерзімді қызмет әскери қызметшісінің лауазымдық жалақысы
20. Мерзімді әскери қызметке шақырылған адамға жергілікті әскери басқару органынан әскери қызмет өткеру орнына кету туралы тиісті командирдің (бастықтың) бұйрығы шығарылған күннен бастап лауазымға тағайындағанға дейін лауазымның Еңбекақы төлеу жүйесінде белгіленген I санаты бойынша лауазымдық айлықақы төленеді.
21. Мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіні бір лауазымнан басқасына ауыстырған кезде жаңа лауазымы бойынша айлықақысы лауазымға тағайындау туралы бұйрық шыққан күннен бастап төленеді.
Параграф 5. Қазақстан Республикасының әскери, арнаулы оқу орнында және шетелдік оқу орындарында білім алатын курсанттың, магистранттың және докторанттың лауазымдық жалақысы (стипендиясы)
22. Келесі курсқа ауыстырылған оқыту курсына байланысты айлықақы алатын курсантқа осы оқыту курсы бойынша айлықақы келесі курсқа ауыстыру туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап, бірақ жаңа оқу жылы басталардан ерте емес төленеді.
23. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдің әскери оқу орындарында білім алып жатқан әскери қызметшіге төлемдер халықаралық келісімшарттарға және шарттарға сәйкес төленеді.
24. Әскери оқу орнынан шығарылған әскери қызметшіге тиісті лауазымға тағайындалғанға дейін оқудан шығару туралы бұйрық шыққан күннен бастап мыналар төленеді:
1) әскери оқу орнына қабылданар алдында әскери бөлімде (республикалық мемлекеттік мекемеде) әскери лауазымды атқарған адамға (үлгермеуі және тәртіпсіздігі үшін шығарылған мерзімді қызмет әскери қызметшісінен басқа) оқуға қабылданғанға дейін ол әскери бөлімде (республикалық мемлекеттік мекемеде) атқарған соңғы штаттық әскери лауазымы бойынша лауазымдық айлықақы;
2) әскери оқу орнына мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген кезеңінде қабылданған және үлгермеуі, сондай-ақ тәртіпсіздігі үшін шығарылғанға лауазымның еңбекақы мерзімді қызмет әскери қызметшілері үшін Еңбекақы төлеу жүйесінде белгіленген I санат бойынша айлықақы.
Параграф 6. Әскери қызметші қарамағында болған кезеңде әскери лауазым бойынша міндеттерін уақытша атқару кезінде ақшалай қамтылым төлеу
25. Осы әскери лауазымға тағайындауға құқығы бар лауазымды адам бос лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруды жүктеген әскери қызметшіге істер мен лауазымды қабылдағаны туралы бұйрық шыққан күннен бастап, ол міндеттерін уақытша атқаруға жіберілген әскери лауазым бойынша лауазымдық айлықақы төленеді.
26. Әскери қызметшіге командирдің((бастықтың) өкіміне қабылданған күннен бастап соңғы атқаратын лауазымы бойынша ақшалай ризық төлеу мынадай мерзімдер ішінде сақталады:
1) оны басқа лауазымға тағайындаған кезде – 2 ай;
2) ұйымдық-штаттық іс-шараларды жүргізуге байланысты – 3 ай.
Әскери қызметшіге командирдің (бастықтың) өкімінде болған кезеңінде оған қатысты күдіктінің әрекетін жіктеу туралы қаулының шығуына не қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша бұлтартпау шарасын қолдануға байланысты – қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім шығарылғанға дейін ақшалай ризық төлеу тоқтатыла тұрады.
27. Ақшалай ризық алуға құқықты айқындаған кезде өкімде болу мерзіміне әскери қызметшінің жыл сайынғы негізгі демалысында, әскери-медициналық (медициналық) мекемелерде емделуде болған кезеңдері есептелмейді.
28. Өкімде болуына байланысты оны алу құқығын жоғалтқан әскери қызметшіге ақшалай ризықты төлеу мыналарға қалпына келтіріледі:
1) лауазымға тағайындалғанға – лауазымға тағайындау туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап, бұл ретте тағайындау туралы бұйрыққа қол қойған күннен бастап және әскери лауазым бойынша міндеттерді атқаруға кіріскен күнге дейінгі кезең үшін бұдан бұрын атқарған лауазымдары бойынша айлықақылары төленеді;
2) бос әскери лауазым бойынша міндеттерді атқаруға уақытша жіберілгенге – әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруға жіберу туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап және әскери лауазым бойынша міндеттерді атқарудан босатылған күнге дейінгіні қоса алғанда;
3) емделуге жіберілгенге – жіберілген күннен бастап, бұл ретте айлықақы өкімде болу орнына қайтқан күнді қоса алғанда, ал сырқаттануы бойынша демалысқа кеткенге әскери-дәрігерлік комиссияның шешімі бойынша демалыс аяқталған күнді қоса алғанда төленеді;
4) әскери оқу орнына күндізгі оқуға қабылданған магистрант пен докторантқа, сондай-ақ курсантқа – оқуға жіберу туралы бұйрыққа қол қойған күннен бастап;
5) демалысқа кеткенге – демалысқа кеткен күннен бастап, бұл ретте айлықақы демалыс аяқталған күнді қоса алғанда төленеді.
29. Ақтайтын негіздер бойынша оған қатысты қылмыстық қудалау (қылмыстық іс) тоқтатылған немесе сот ақтау үкімін шығарған жағдайда әскери қызметшіге ақшалай ризық командирдің өкімінде мәжбүрлі болған уақыты үшін төленеді.
30. Заңды күшіне енген сот үкімімен қылмыс жасауда кінәлі деп танылған әскери қызметшіге командирдің өкімінде болған уақыты үшін ақшалай ризық төленбейді.
Параграф 7. Әскери қызметші қайтыс болған жағдайда, науқастану кезеңінде, демалыста болған уақыты үшін ақшалай ризықты төлеу.
31. Әскери қызметшінің әскери-дәрігерлік комиссияның шешімі бойынша емделуде болған немесе науқастануы бойынша демалыста болған барлық кезеңі үшін ақшалай ризығы сақталады.
32. Еңбек демалысының барлық түрлерінде болу мезгіліне (жүктілік және босану бойынша еңбек демалысында болуды, үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша еңбек демалысында болуды қоспағанда) әскери қызметшінің ақшалай ризығы сақталады.
33. Әскери қызметші қайтыс болған жағдайда ақшалай ризық оны бөлімнің жеке құрамының тізімдерінен шығарған күнге дейін төленеді.
3 тарау. Келісімшарт бойынша әскери қызметшіге қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақылар Параграф 1. Үстемеақылар төлеу тәртібі
34. Ерекше қызмет өткеру жағдайлары үшін үстемеақы алуға құқығы бар әскери қызметшіге үстемеақы атқаратын әскери лауазымы бойынша нақты алатын лауазымдық айлықақысына төленеді.
35. Егер үстемеақы толық бір ай үшін есептелмесе, оның мөлшері осы айдағы өткерілген күнтізбелік күндердің нақты санына сүйене отырып, пропорционалды түрде айқындалады.
36. Сыныптық біліктілігі үшін үстемеақыны қоспағанда, ерекше қызмет жағдайлары үшін үстемеақы мерзімді қызмет әскери қызметшісінен басқа әскери қызметшіге командирдің (бастықтың) бұйрығы негізінде істер мен лауазымды қабылдау туралы бұйрық шыққан күннен бастап төленеді.
37. Сыныптық біліктілігі үшін үстемеақыны қоспағанда, әскери қызметшіге ерекше қызмет жағдайлары үшін үстемеақы төлеу лауазымынан босатылған күннен немесе үстемеақы төлеу белгіленбеген әскери лауазым міндеттерін уақытша атқаруға кіріскен күннен бастап тоқтатылады.
38. Әскери лауазымы бойынша "Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646 ҚБП қаулысымен белгіленген үстемеақыларды алуға құқығы бар, қызмет орны бойынша лауазымы сақтала отырып, әскери бөлімнен (республикалық мемлекеттік мекемеден) және бөлімшеден уақытша кеткен әскери қызметшіге үстемеақылар төлеу сақталады.
39. Ерекше қызмет жағдайлары үшін үстемеақы ағымдағы ай үшін ақшалай ризықты төлеумен бір уақытта әскери қызмет орны бойынша төленеді.
40. Үстемеақы төлеу көзделген әскери лауазымның міндеттерін уақытша атқаруға Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидасының 60-тармағына сәйкес тәртіппен жіберілген әскери қызметшіге осы үстемеақы осы Қағидаларға сәйкес төленеді.
Параграф 2. Сыныптық біліктілігі үшін үстемеақы
41. Үстемеақы әскери қызметшіге сыныптық біліктілік берілген (расталған, төмендетілген, алынып тасталған, қалпына келтірілген) күннен бастап төленеді, бұл үстемеақы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 320 бұйрығымен бекітілген Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидаларына сәйкес негізгі немесе уақытша атқарылатын лауазым бойынша нақты алынатын айлықақыларға төленеді (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31222 болып тіркелген).
42. АҚО қаржы бөлімшесіне тіркелген күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде түсетін бұйрықтың көшірмесі (оның ішінде сыныптық біліктілігі төмендеген жағдайда) лауазымдық айлықақысына үстемеақы есептеу немесе оның мөлшерін өзгерту не сыныптық біліктілігі үшін үстемеақы алу үшін негіз болып табылады.
Сыныптық біліктілігі үшін үстемеақының мөлшері "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын барлық органдар үшін қызметкерлерге Еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646 ҚБП қаулысының 29-қосымшасына сәйкес белгіленген.
43. Сыныптық біліктілігі үшін үстемеақыны есептеу ол расталған күннен бастап пропорционалды түрде, оның ішінде еңбек сіңірген жылдары бойынша АҚО-дан зейнеткерлікке шығарылғандар, АҚО-дан өз еркімен босатылғандар, сондай-ақ штаттарды қысқарту немесе Құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарды, не қарулы күштерді (күштік құрылымдарды) қайта ұйымдастыру бойынша әлеуетті құрылымдардан босатылғандар бойынша және әскери қызметке қайта қабылданғандар бойынша жүргізіледі. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің оқу орындарында және шет елдерде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитындарға; мемлекеттік органдар мен Халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген және АҚО лауазымына қайта тағайындалған; бала күтімі бойынша демалыста жүрген, сот шешімі бойынша АҚО-ға қызметке қайта алынған қызметкерлер мен әскери қызметшілерге.
Сыныптық біліктілігін алып тастаған жағдайда, АҚО қаржы бөлімшесіне келіп түсетін бұйрыққа сәйкес үстемеақы төлеуді тоқтата тұру ол тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
44. Қызмет орны бойынша лауазымдары сақтала отырып, әскери бөлімнен (республикалық мемлекеттік мекемеден) және бөлімшелерден уақытша кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген лауазымдар бойынша үстемеақыларды әскери лауазымы бойынша алуға құқығы бар әскери қызметшілерге үстемеақыларды төлеу олар кеткен кезде тоқтатылмайды:
1) демалысқа-демалыста болған уақыты үшін;
2) емделуге-емделуде болған уақыты үшін;
3) қызметтік іссапарға жіберуге құқығы бар.
4 Тарау. Әскери қызметшіге төленетін жәрдемақылар мен өзге де төлемдер Параграф 1. Әскери қызметші демалысқа кеткен кезде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлеу
45. Мерзімді қызмет әскери қызметшісінен басқа, әскери қызметшіге жыл сайынғы негізгі демалысқа кеткен кезде ақшалай ризық және демалысқа кететін күні атқаратын әскери лауазымы бойынша екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төленеді.
46. Сауықтыруға арналған жәрдемақы командирдің (бастықтың) бұйрығы негізінде төленеді. Қаржы қызметі сауықтыру жәрдемақысын төлеуді ол басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, ал демалыс кестесінен тыс демалыс берілген жағдайда – ол берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
Әскери қызметшінің жыл сайынғы негізгі демалысқа кетуі туралы командирдің (бастықтың) бұйрығы, демалыс басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде шығарылады.
Тиісті командирдің өкімінде тұрған әскери қызметшіге соңғы атқарған әскери лауазымы бойынша лауазымдық айлықақысы есепке алынады.
Бос әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқару жүктелген әскери қызметшіге ол атқаруға жіберілген әскери лауазым бойынша лауазымдық айлықақы есепке алынады.
Бос емес әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаратын әскери қызметшіге атқаратын әскери лауазымы бойынша лауазымдық айлықақы есепке алынады.
47. Лауазымға тағайындалған адамдарға басқа әскерлер мен әскери құралымдардың Қарулы Күштерінен, құқық қорғау органдарынан және арнаулы мемлекеттік органдардан ауыстыру (іссапарға жіберу) тәртібімен оларды ауыстырған (келген) жылы сауықтыруға арналған жәрдемақы оларға бұрынғы қызмет орны бойынша жәрдемақы (бұйрықтан үзінді көшірме, ақшалай аттестат және басқалары) төленбеген фактісі расталған кезде төленеді.
48. Әскери қызметші әскери оқу орнын бітіргеннен кейін жыл сайынғы негізгі демалысқа кеткен кезде оған сауықтыруға арналған жәрдемақыны әскери оқу орны төлейді.
Шетелдік әскери оқу орнын бітірушіге сауықтыруға арналған жәрдемақыны одан әрі әскери қызмет өткеру үшін келген әскери бөлім (мемлекеттік мекеме) төлейді.
Параграф 2. Әскери қызметші қызмет бабында ауыстырған кезде көтерме жәрдемақы төлеу
49. Курсантты және әскерге шақыру бойынша әскери қызметшіні қоспағанда, әскери қызметшіні 100 километрден астам қашықтықтағы басқа жергілікті жерге (оның ішінде әскери бөлім немесе бөлімше құрамында) жаңа қызмет орнына ауыстырған кезде оған әскери қызметшінің өзіне екі айлық ақшалай қамтылым және отбасының әрбір мүшесіне бір айлық ақшалай қамтылымның жартысы мөлшерінде көтерме жәрдемақы төленеді.
Әскери қызмет туралы Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес офицерлер құрамының шақыруы бойынша әскери қызметшілердің мәртебесі келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің мәртебесімен айқындалады.
50. Көтерме жәрдемақы әскери қызметші тағайындалған немесе ол әскери бөлім жаңа тұрақты орналасу пунктіне келген күні атқаратын әскери лауазымы бойынша айлықақыдан және ауысқан күні әскери атағы бойынша нақты айлықақысы бойынша төленеді.
51. Осы Қағидалардың 56-тармағында белгіленген тәртіппен және мөлшерде көтерме жәрдемақы әскери қызметшіге төленеді:
1) лауазымға тағайындалуына байланысты көшіп келген және әскери қызметке алғаш рет шақырылған, келісімшарт бойынша әскери қызметке ерікті түрде түсуден басқа жағдайларда-әскери бөлім командирінің (бастығының) істер мен лауазымды қабылдау туралы бұйрығының негізінде жаңа қызмет орны бойынша;
2) әскери қызметші іссапарға жіберілген әскери бөлім (республикалық мемлекеттік мекеме) іссапарға жіберуге байланысты қоныс аударған;
3) командирдің (бастықтың) әскери бөлімнің (республикалық мелекеттік мекеменің) тізімдеріне енгізу туралы бұйрығы негізінде жаңа қызмет орны бойынша - қарамағына қабылдануына байланысты көшіп келген;
4) командирдің (бастықтың) орналасу орнына келу туралы бұйрығы негізінде әскери бөлімнің (республикалық мемлекеттік мекеменің) немесе бөлімшенің тұрақты орналасу орнының өзгеруіне байланысты қоныс аударған;
5) оқуға қабылданған әскери оқу орны - әскери оқу орны тиісті бастықтың оқуға қабылдау туралы бұйрығы негізінде;
6) шетелдік әскери оқу орнына - әскери бөлімге (республикалық мемлекеттік мекемеге) оқуға қабылданған шетелдік әскери оқу орны бастығының оқуға қабылдау туралы бұйрығынан үзінді көшірме негізінде;
Бұл ретте көтерме жәрдемақы төлеу тиісті командирлердің (бастықтың) жоғарыда аталған бұйрықтарында келісіледі.
52. Әскери бөлімге лауазымға тағайындалған және осы әскери бөлімге келген әскери қызметшіге бастықтың басқа пунктке қоныс аудару туралы бұйрығын алғаннан кейін көтерме жәрдемақы жаңа тұрақты орналасу пунктіне келгеннен кейін бір рет төленеді.
53. Жаңадан құрылған әскери бөлімге тағайындалған және бөлімнің уақытша орналасу пунктіне жаңа қызмет орнына келген, одан кейін оның тұрақты орналасу пунктіне қоныс аударған әскери қызметшіге көтерме жәрдемақы тұрақты орналасу пунктіне келгеннен кейін бір рет төленеді.
54. Әскери қызметшілерге көтерме жәрдемақы отбасының мынадай мүшелеріне төленеді: жұбайы (зайыбы), бірлескен немесе ерлі-зайыптылардың біреуі кәмелетке толмаған балалар (асырап алынған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы), балалар (асырап алынған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) және жұбайының (зайыбының) білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары. жиырма үш жасқа дейінгі мүгедек балалар (асырап алынған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) және жұбайының (зайыбының) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек болған мүгедек балалары, жұбайының (зайыбының)ата-аналары мен ата-аналары, әскери қызметшінің асырауындағы адамдар.
Әскери қызметшінің өз табысы есебінен тұратын және дербес табыс көзі жоқ отбасы мүшелері асырауындағы адамдар деп танылады.
Отбасы мүшелеріне көтерме жәрдемақы төлеу кезінде олардың жасы, мүгедектігі, асырап алу фактісі әскери қызметшінің жаңа қызмет орнына келген күні ескеріледі.
55. Әскери қызметшілерге отбасы мүшелеріне көтерме жәрдемақы қаржы бөлімшесіне мынадай құжаттарды ұсынған кезде төленеді:
1) Кадр бөлімшесі берген отбасы құрамы туралы анықтама;
2) жиырма үш жасқа дейінгі адамдар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылатыны туралы оқу орнының анықтамасы;
3) отбасында мүгедектік тобы бойынша он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болған мүгедек бала болған кезде халықты әлеуметтік қорғау мемлекеттік мекемесінен мүгедектігі туралы анықтама;
4) Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органнан кәмелетке толмағанның қорғаншылық және қамқоршылық туралы анықтама;
5) адамдарды отбасы мүшелері деп тану не әскери қызметшінің асырауында болу туралы сот шешімінің көшірмесі.
56. Егер жұбайы мен зайыбы әскери қызметшілер болып табылған жағдайда, олардың отбасының қалған мүшелеріне көтерме жәрдемақы олардың таңдауы бойынша осы жәрдемақыны алушының ақшалай жалақысынан әскери қызметшілердің біреуіне төленеді.
Параграф 3. Әскери қызметшіні қызметтен шығару кезінде жұмыстан шығу жәрдемақысын төлеу
57. 2013 жылғы 1 қаңтарға әскери қызмет мерзімі он және одан да көп жыл болған келісімшарт бойынша әскери қызметшіге әскери қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттарды қысқартуға байланысты әскери қызметтен шығарылған кезде мынадай еңбек сіңірген жылдары барларға:
1) 10 жылдан 15 күнтізбелік жылға дейінгілерге – төрт айлық ақшалай қамтылым;
2) 15 жылдан 20 күнтізбелік жылға дейінгілерге – бес айлық ақшалай қамтылым;
3) 20 жылдан 25 күнтізбелік жылға дейінгілерге – алты айлық ақшалай қамтылым;
4) 25 жылдан 30 күнтізбелік жылға дейінгілерге – жеті айлық ақшалай қамтылым;
5) 30 жылдан астамдарға – сегіз айлық ақшалай қамтылымның мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленеді.
Жұмыстан шығу жəрдемақысы бұрын қызметтен шығарылған кезде төленбеген жағдайларды қоспағанда, келісімшарт бойынша əскери қызметке қайта кірген кезде жұмыстан шығу жəрдемақысының мөлшері жұмыстан шығу күніне тиесілі ақша қаражатының мөлшері мен бұрын алынған ақша қаражаты мөлшерінің арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады.
Жұмыстан шығу күніне тиесілі ақша қаражатының мөлшері бұрын алынған ақша қаражаты мөлшерімен тең болған жағдайда жұмыстан шығу жәрдемақысы қайта төленбейді.
Әскери қызмет өткеру кезеңінде орденмен (ордендермен) наградталған әскери қызметшіге шығу жәрдемақысының мөлшері ақшалай қамтылымның екі айлықақысына арттырылады.
58. 2013 жылғы 1 қаңтарға әскери қызмет мерзімі он жылдан аз болған немесе көрсетілген күннен кейін əскери қызметке алғаш кірген келісімшарт бойынша əскери қызметшіге, əскери қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін, денсаулық жағдайы бойынша не штаттарды қысқартуға байланысты əскери қызметтен шығарылған кезде жұмыстан шығу жəрдемақысы мынадай əскери қызмет мерзіміне:
күнтізбелік 10 жылдан аз – үш айлық ақша қаражаты;
күнтізбелік 10 жылдан 15 жылға дейін – төрт айлық ақша қаражаты;
күнтізбелік 15 жылдан 20 жылға дейін – бес айлық ақша қаражаты;
күнтізбелік 20 жылдан 25 жылға дейін – алты айлық ақша қаражаты;
күнтізбелік 25 жылдан 30 жылға дейін – жеті айлық ақша қаражаты;
күнтізбелік 30 жылдан астам– сегіз айлық ақша қаражаты мөлшерінде төленеді.
Жұмыстан шығу жəрдемақысы бұрын қызметтен шығарылған кезде төленбеген жағдайларды қоспағанда, келісімшарт бойынша əскери қызметке қайта кірген кезде жұмыстан шығу жəрдемақысының мөлшері жұмыстан шығу күніне тиесілі ақша қаражаты мөлшері мен бұрын алынған ақша қаражаты мөлшерінің арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады.
Жұмыстан шығу күніне тиесілі ақша қаражатының мөлшері бұрын алынған ақша қаражатының мөлшерімен тең болған жағдайда жұмыстан шығу жәрдемақысы қайта төленбейді.
Жауынгерлік іс-қимылдарға, терроризмге қарсы және бітімгершілік операцияларға қатысқаны үшін орденмен (ордендермен) наградталған әскери қызметшіге жұмыстан шығу жәрдемақысының мөлшері ақша қаражатының екі айлықақысына арттырылады.
59. Әскери қызметшіге біржолғы жәрдемақыны қызметтен шығарылғанмен түпкілікті есеп айырысқан және оған қызметтен шығару туралы құжаттар берілген кезде әскери бөлім (республикалық мемлекеттік мекеме) төлейді.
Параграф 4. Әскери қызметшіге Коммуналдық қызметтерге арналған шығыстарды төлеу үшін ақшалай өтемақы төлеу
60. Ақшалай өтемақы төлеу жабық және оқшауланған әскери қалашықта тұратындарды қоспағанда, келісімшарт бойынша әскери қызметшіге жүргізіледі. Бұл ретте, тиісті әскери бөлімнің тұрғын үй комиссиясы жыл сайын тиісті жылдың 20 қаңтарына дейін жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда тұратын әскери қызметшілердің тізімін ұсынады. Тізім бір жыл ішінде түзетілген жағдайда тиісті әскери бөлімнің тұрғын үй комиссиясы үш күн мерзімнен кешіктірмей әскери бөлімнің (республикалық мемлекеттік мекеменің) қаржы қызметіне хабарлама жүргізеді.
Ақшалай өтемақы әскери қызметшіге ағымдағы ай үшін ақшалай ризықты төлеумен бір уақытта төленеді.
61. Ақшалай өтемақы әскери қызметшінің әскери қызметте болуының барлық кезеңі үшін төленеді.
Әскери қызметшіге ақшалай өтемақы төлеу ол әскери қызметтен шығарылған кезде тоқтатылады.
62. Ақшалай өтемақының мөлшері тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.
63. Ақшалай өтемақы төлеу туыстық қатынастарына және бірге тұруына қарамастан, әрбір әскери қызметшіге жүргізіледі.
64. Әскери қызметші қайтыс болған жағдайда ақшалай өтемақы ол әскери бөлім жеке құрамының тізімдерінен шығарылған күнге дейін төленеді.
Параграф 5. Жарылу қаупі бар заттарды және өзге де жарылғыш құрылғыларды іздеу, тасымалдау, қатерсіздендіру және жою жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде әскери қызметшіге ақшалай өтемақы төлеу
65. Жарылу қаупі бар заттарды және өзге де жарылғыш құрылғыларды іздеу, тасымалдау, қатерсіздендіру және жою жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде әскери қызметшіге тәулігіне бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтемақы төленеді.
66. Өтемақы төлеу командирдің бұйрығы негізінде ақшалай ризықты төлеген сәтте көрсетілген жұмыстарды орындаған күндері үшін жүргізіледі. Бұл ретте бұйрықта жарылу қаупі бар заттарды және өзге де жарылғыш құрылғыларды іздеу, тасымалдау, қатерсіздендіру және жою жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындаумен айналысатын әскери қызметшілердің тізімі және осы жұмыстарды жүргізу кезеңі көрсетіледі.
67. Өтемақы әскери қызметшіге ақшалай үлесті төлеумен бір уақытта төленеді.
Параграф 6. Әскери қызметтен шығарылған кезде әскери қызметшіге ақшалай ризық төлеу
68. Әскери қызметтен шығарылған кезде ақшалай ризық мыналарға:
1) мерзімді қызмет әскери қызметшісінен басқа, әскери қызметшіге, әскери бөлім жеке құрамының тізімдерінен шығарылған күнге дейін, бірақ әскери бөлім қызметтен шығару туралы бұйрықты немесе жазбаша хабарламаны алған күннен бастап бір айдан артық емес;
2) мерзімді қызмет әскери қызметшісіне, әскери оқу орнының курсантына, ол шығарылған барлық ай үшін төленеді.
69. Мерзімді қызмет әскери қызметшісінен басқа, әскери бөлім әскери қызметтен шығару туралы бұйрықты (хабарламаны) алған күні емдеу мекемесінде емделудегі әскери қызметшіге ақшалай ризық қызмет орнына қайтып келген күнді қоса алғанда, ал жыл сайынғы негізгі демалыстағыға – демалыс аяқталған күнді қоса алғанда төленеді. Бұл ретте емделуге немесе демалысқа кеткенге дейін істері мен лауазымын тапсырмаған әскери қызметшіге ақшалай үлес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызметі жарғысында белгіленген мерзімдер шегінде істері мен лауазымын тапсыру уақытына төленеді.
70. Қызметтен шығарылатын әскери қызметшіге ол істер мен лауазымын тапсырғанға дейін берілген жыл сайынғы негізгі демалыс уақыты үшін ақшалай ризық әскери бөлім командирінің (республикалық мемлекеттік мекеме басшысының) жыл сайынғы негізгі демалыс беру және оның ұзақтығы туралы бұйрығы негізінде демалыс аяқталған күнді қоса алғанда төленеді.
Әскери қызметшіге қызметтен шығарылған кезде істер мен лауазымын тапсырғаннан кейін берілген жыл сайынғы негізгі демалыс уақыты үшін, оның ішінде белгіленген мерзімнен астам өкімде тұруына байланысты ақшалай қамтылымды төлеу уақытша тоқтатылған әскери қызметшіге төлемдер соңғы әскери лауазымы бойынша айлықақы, әскери атағы бойынша айлықақы есебінен жүргізіледі. Осы жыл сайынғы негізгі демалыс уақыты үшін үстемеақылар мен қосымша төлемдер төленбейді.
Параграф 7. Зейнетақы алу құқығынсыз жұмыстан босатылған офицерге төлемдер
71. Әскери қызметте болудың шекті жасына толуы бойынша, денсаулық жағдайы бойынша, штаттарды қысқарту бойынша, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне құқығынсыз жұмыстан шығарылған офицерлер құрамының әскери қызметшісіне жұмыстан шығу жәрдемақысын төлеумен қатар қызметтен шығарылған күннен бастап бір жыл ішінде әскери атағы бойынша айлықақы төлеу сақталады.
Бұл ретте, егер көрсетілген мерзім ішінде қызметтегі әскери қызметшілерге әскери атағы бойынша айлықақылар арттырылса, тиісінше офицерлер құрамының әскери қызметшілеріне қызметтен шығарылғаннан кейін бір жыл өткенге дейін төленетін осы айлықақылардың мөлшері де арттырылады. Әскерге шақыру бойынша әскери қызметте болған, жұмыстан шығарылған офицерлер құрамының әскери қызметшілеріне қызметтен шығарылған күннен бастап бір жыл ішінде әскери атағы бойынша айлықақылар төленбейді.
72. АҚО-дан зейнетақы алу құқығынсыз босатылған офицерлерге әскери атағы бойынша айлықақылар төлеуді бұрын әскери қызмет өткерген әскери бөлім жүргізеді.
73. Көрсетілген төлемдерді есептеу бөлімнің жеке құрам тізімінен алып тастаған күннен бастап жүргізіледі.
5 Тарау. Ақшалай аттестаттар
74. Әскери қызметшіге қызметтік ауыстыру (оның ішінде бір мемлекеттік органнан екіншісіне), сондай-ақ еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығымен әскери қызметтен шығару кезінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақшалай аттестат беріледі.
75. Әскери қызметшіге ақшалай аттестат оларға әскери бөлімнің (мекеменің) қаржы бөлімшесіне кету парағын бергеннен кейін беріледі.
Әскери қызметшіге ақшалай аттестат берілмеген жағдайларда, ол әскери бөлім (республикалық мемлекеттік мекеме) жаңа қызмет орнына не тиісті жергілікті әскери басқару органына бес жұмыс күні ішінде жіберіледі.
76. Ақшалай аттестат әрбір әскери қызметшіге жеке жазылады. Топтық аттестаттарды беруге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің командасы толық құрамда одан әрі қызмет өткеру үшін бір әскери бөлімге (республикалық мемлекеттік мекемеге) жіберілген жағдайларда жол беріледі. Топтық аттестатқа әскери қызметшілердің атаулы тізімі қоса беріледі. Атаулы тізім екі данада жасалады, оның біреуі берілген аттестаттар тізілімінде сақталады.
77. Ақшалай аттестаттар электрондық форматта толтырылады, әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) және қаржы қызметінің бастығы қол қояды және мөрмен бекітіледі. Ақшалай аттестаттардағы жазбалар олардағы жазбалардың сақталуын қамтамасыз ететін құралдармен ғана жүргізіледі.
78. Ақшалай аттестат берілетін әскери қызметші онда көрсетілген жазбалардың дұрыстығын өз қолымен растайды. Ақшалай аттестат берілген аттестаттар тізілімінде әскери қызметшінің қолы қойылып беріледі.
79. Жаңа қызмет орнына келген әскери қызметшіге ақшалай үлес берілген ақшалай аттестатта көрсетілген деректер ескеріле отырып төленеді.
Жаңа қызмет орнына ақшалай аттестатсыз келген әскери қызметшіге өткен уақыт пен ағымдағы ай үшін ақшалай үлес төленбейді. Бұл жағдайда ақшалай үлес ол атқаруға кіріскен лауазымы бойынша келесі айдың бірінші күнінен бастап төленеді.
Әскери қызметші ақшалай аттестатсыз келген әскери бөлім (республикалық мемлекеттік мекеме) ақша аттестатын өзінің бұрынғы қызмет орнынан дереу сұратады.
80. Әскери бөлім (республикалық мемлекеттік мекеме) ақшалай аттестатты алғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей ақшалай аттестатқа Растауды әскери қызметшінің бұрынғы қызмет орнына жібереді.
Азаматтық қорғау органдарының әскери қызметшілеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидаларына Қосымша |
№ ________ Ақшалай аттестат
____________________________________________________________________
(аттестат берген органның атауы)
____________________________________________________________________
(әскери атағы фамилия, имя, отчество (болған жағдайда)) куәландырады:
1. Лауазымдық жалақы есебінен _________ теңге бойынша___________20__ж.
2. Әскери атағы бойынша айлықақысы ________ теңге бойынша _______20__ж.
3. Үстемеақылар есебінен (қосымша ақылар) _________ теңге бойынша ______20___ ж.
4. Өтемақы толемдері есебінен ________ теңге бойынша ______20___ ж.
5. __________________________________________________________________
6. __________________________________________________________________
7. __________________________________________________________________
8. Барлығы___________________________________________________________
(жазбаша сомасы)
9. Жай-күйі бойынша лауазымдық айлықақыны есептеу үшін еңбек сіңірген жылдары
_____________ 20___: _______ жыл, _____ ай, _____ күн құрайыды.
10. 20____ жылғы демалыс_____________________________________________
(пайдаланылған, қолданылмағанын көрсету)
11. Сауықтыруға арналған жәрдемақы ___________________________________
(төленгенін/төленбегенін көрсету)
12. ______соттың шешімі бойынша алименттер (басқа да ұстап қалулар) _____________
сот бастап 20____ж. "____" _________ № ____ кірісінің _______% мөлшерінде
_______________________________________________
(алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және толық мекенжайы, ЖСН), ағымдағы
шот, Банк атауы)
пайдасына________________________сомада (жазбаша сомасы)
______________________ "__" __________20___ж. аралығында ұсталып, аударылды.
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Кесу сызығы
Ақшалай аттестатқа растау №______
Кімге жіберіледі _____________________________________________________
(ақша аттестатын берген әскери бөлімнің (мекеменің) атауы)
мұны растайды ____________________________________________________
(әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
ақшалай аттестат ұсынылды №_______, оған сәйкес ол қанағаттандырылды
бойынша ақшалай "_____" ________________20____жылғы есебінен:
Артқы жағы
Басқа мәліметтер ______________________________________________________
13. Қарызы бар
_____________________________________________________________________
(берешектің түрін көрсету)
______________ теңге сомасында, өндіріп алынуы тиіс _______20__ж. дейін
және мекен-жайына жіберілді___________________________________________
(қайда жіберу керектігін көрсету)
14. _______________________________________20___ж. бастап иелігінде
15. Әскери қызметшінің деректемелері
_____________________________________________________________________
(ЖСН, ағымдағы шот, банктің атауы)
Аттестат байланысты берілді
_____________________________________________________________________
"___" ________ 20 ____ж. қала __________________
М. О. Қолтаңбалар: 1.
2.
Аттестатта көрсетілген деректер дұрыс деп есептеймін
____________________________________________________________________
(қолы)
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Кесу сызығы
лауазымдық жалақы _________теңге, әскери атағы бойынша жалақысы
__________теңге, қосымша ақылар (қосымша ақылар) ______________теңге,
өтемақы төлемдері ____________теңге,
барлығы______________________________________________________теңге
(сумма прописью)
Ұстауға жататын сома ______________________ алименттерді (басқа да ұстап
қалуларды) төлеуге табыстан "___" % мөлшерінде______немесе _________теңге.
М. О. Қолтаңбалар: 1.
2.