"Есеп саясатын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 444 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 16 ақпандағы № 176 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 21 ақпанда № 31948 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Есеп саясатын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 444 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6505 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Есеп саясатында:

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілікті жасауы және ұсынуы "Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15594 болып тіркелген) бекітілген Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасауы және ұсынуы "Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14624 болып тіркелген) Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептілікті жасау және ұсыну "Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы №344 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27339 болып тіркелген) бекітілген Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептілікті жасау және ұсыну қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Кейіннен бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі:

      1) қаржылық нәтижені танығанда әділ құны бойынша ескерілетін қаржы инвестициялары;

      2) таза активтерді\капиталды танығанда әділ құны бойынша – сатуға қолда бар қаржы инвестицияларының таза активтерді\капиталды;

      3) пайыздың тиімді мөлшері әдісін қолдану арқылы амортизацияланған құн бойынша – өтегенге дейін ұсталатын қаржы инвестициялары;

      4) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қаржылық инвестициялар – нақты жұмсалған шығындар (өзіндік құны) бойынша;

      5) бюджеттік кредиттеу бойынша берілген қарыздар – өзіндік құны бойынша;

      6) қауымдастырылған ұйымдарға қаржы инвестициялары – үлестік қатысу әдісі бойынша жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады