"Прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеудің және оны өткізу шарттарының, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 26 маусымдағы № 80, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 199 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 14 шiлдедегi № 675 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы.

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 1 ақпандағы № 47, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2023 жылғы 21 ақпандағы № 61 және Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 2 ақпандағы № 42 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 22 ақпанда № 31956 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеудің және оны өткізу шарттарының, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 26 маусымдағы № 80, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 199 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 14 шiлдедегi № 675 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20984 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Осы Қағидалардың 6-тармағының 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген кезеңдерден өту кандидаттың таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде және жеке сәйкестендіру нөмірі бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаты немесе оның электрондық нысаны міндетті түрде болған кезде жүзеге асырылады.";

      12-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Кандидат мынадай құжаттарды қолма-қол ұсынады немесе Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы жібереді:";

      17-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Байқаушы ретінде әңгімелесуге қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей кадр қызметінде тіркеледі. Тіркелу үшін тұлға кадр қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе оның электрондық нысанын және осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген ұйымдардың бірінде еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.";

      43-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жеке сәйкестендіру нөмірі бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе оның электрондық нысанын;"

      2. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қызметін ұйымдастыруға жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасарына, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының норма шығару қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы __________ О. Бектенов

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы __________ Ж. Элиманов

Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры __________

Б. Асылов


     
     
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады