"Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік желілердің өзара іс-қимыл жасауы үшін пайдаланатын мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын, сондай-ақ өзге де ақпараттандыру субъектілерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 15 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023 жылғы 23 ақпандағы № 63/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 24 ақпанда № 31962 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік желілердің өзара іс-қимыл жасауы үшін пайдаланатын мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, сондай-ақ өзге де ақпараттандыру субъектілерінің айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13102 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 15 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік желілердің өзара іс-қимыл жасауы үшін пайдаланатын мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, сондай-ақ өзге де ақпараттандыру субъектілерінің айқындау тізбесінде:

      реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Соттың Аппараты

      ";

      реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6.

Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі

      ";

      реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты

      ";

      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10.

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы

      ";

      реттік нөмірі 22-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

22.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

      ";

      реттік нөмірі 35-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

35.

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 42, 43-жодармен толықтырылсын:

      "

42.

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

43.

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне бұйрықтың осы тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а.
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жоғары аудиторлық палатасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Конституциялық Соттың Аппараты

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржылық мониторинг агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сот әкімшілігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Үкіметінің Аппараты

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады