"Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 515 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 24 ақпандағы № 57 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 28 ақпанда № 31966 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 234 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.06.2023 № 234 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 515 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13921 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Осы бұйрықпен бекітілген Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) аудандық (қалалық) комиссия – ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органы жанындағы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;

      3) әлеуметтік келісімшарт – жұмыссыздар, жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, сондай-ақ Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не қандас мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал Заңда көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалардың тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу туралы, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;

      4) бос орын – жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым);

      5) жалдаушы (жалға алушы) – тұрғынжайды жалдау шартындағы тұрғынжайды немесе оның бір бөлігін тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға алушы тарап;

      6) жергiлiктi атқарушы орган (әкiмдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) басшылығымен өз құзыретi шегiнде тиiстi аумақта жергiлiктi мемлекеттiк басқару мен өзiн-өзi басқаруды басшылыққа алатын алқалы атқарушы орган;

      7) коммуналдық қызметтер – тұрудың (болудың) қауіпсіз және жайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, кәрізді, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер;

      8) шет елдегі мекемелер – шекарада орналасқан Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері, сондай-ақ консулдық мекемелері;

      9) қандас – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанына келген және Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері;

      10) қандастарды бейімдеу және интеграциялау орталығы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын және қандастарға, олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және интеграциялау қызметтерін көрсетуге және уақытша тұруға арналған заңды тұлға;

      11) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың немесе қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;

      12) қоныс аударушы – Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ішкі көшіп-қонушы;

      13) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылардың немесе қоныс аударушылар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;

      14) қызметтік тұрғын үй – мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан берілетін және өздерінің еңбек қатынастарының сипатына байланысты міндеттерін орындау кезеңінде, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің ротациясын жүзеге асырған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын қоныстандыруға арналған айрықша құқықтық режимі бар тұрғын үй;

      15) моноқала – бұл бір немесе бірнеше (көп емес) қала құраушы, бір бейінді және шикізаттық бағыттағы қаланың экономикалық және әлеуметтік жағдайын айқындайтын кәсiпорындарда еңбекке жарамды халықтың және өнеркәсіп өндірісінің негізгі бөлігі (20 пайыздан астамы) шоғырландырылған қала;

      16) облыс ішінде қоныс аудару – мемлекеттік тұрғын үй қорынан және/немесе жұмыс берушілердің қаражаты есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасу немесе кәсіпкерлік бастамаларға жәрдемдесу мүмкіндігі болған кезде экономикалық даму әлеуеті төмен ауылдардан облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға, экономикалық өсу орталықтарына бір облыс шегінде қоныс аудару;

      17) өңірлік комиссия – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының жанындағы, жергілікті өкілді органдардың, жұмыс берушілер өкілдерінің, кәсіптік одақтардың және облыстар, республикалық маңызы бар қала және астана кәсіпкерлер палатасының қатысуымен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;

      18) өңіраралық қоныс аудару – "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қоныс аударушыларды және қандастарды қабылдаудың өңірлік квоталары, сондай-ақ ерікті түрде қоныс аударуды көздейтін, халықты жұмыспен қамту саласындағы үкіметтік бағдарламалар шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге адамдардың ерікті түрде қоныс аудару;

      19) сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн мемлекеттiк басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган;

      20) тұрғын үйді жалға алу (жалдау) – тұрғын үйді немесе оның бір бөлігін жалға берушіге (жалға алушыға) тұрақты немесе уақытша иелену және ақыға пайдалану үшін беру;

      21) тұрғынжайды жалдау шарты – оған сәйкес жалдауға беруші жалдаушыға тұрғынжайды немесе оның бір бөлігін ақы төлеп пайдалану құқығын беретін шарт;

      22) тірек ауылдық елді мекен – сол жерде тұратын халықты және іргелес орналасқан ауылдық елді мекендердің (бұдан әрі - AЕМ) тұрғындарын мемлекеттік және ауылдық кластерді құрайтын әлеуметтік көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету үшін инфрақұрылым жасалатын абаттандырылған ауылдық елді мекен;

      23) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;

      24) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      25) шағын қала – халқының саны 50 мың адамға дейінгі қала;

      26) шекара маңындағы аумақтар – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан 50 километрге дейінгі қашықтықта орналасқан әкімшілік-аумақтық құрылымдардың және елді мекендердің аумақтары;

      27) экономикалық өсу орталықтары – өңір экономикасында инновациялар мен прогресс көзі функциясын орындайтын, "ауқым әсерінің" арқасында өндіріс факторларының тартылыс (шоғырлану) полюстері болып табылатын және жаңа тауарлар шығаратын және қызметтер көрсететін серпінді дамып келе жатқан салалардың кәсіпорындары орналасатын нақты елді мекендер;

      28) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;

      28) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;

      29) "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы (бұдан әрі – Электрондық еңбек биржасы) – еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын электрондық ақпараттық ресурс.

      30) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Өңірлік комиссия жыл сайын, 15 қаңтарға дейін, экономикалық даму әлеуеті орташа және жоғары АЕМ, шағын және моноқалалар, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар, сондай-ақ экономикалық өсу орталығы қатарынан қандастар мен қоныс аударушыларды, оның ішінде облыс ішінде қоныстандыру үшін елді мекендердің тізбесін қарастырады және бекітеді және тізбені халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жібереді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмысқа орналастыру үшін мынадай санаттағы:

      1) жұмыс іздеген адамдардың;

      2) жұмыссыздардың;

      3) "Жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттарын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 178 қаулысына сәйкес, жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттарының және олардың отбасы мүшелерінің жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдеседі;

      4) қандастар.";

      11-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Алматы, Жамбыл, Жетісу, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Астана, Алматы және Шымкент қалалары кейінгі 10 жылда облыстағы халық саны жыл сайын 2 %-дан артық өсетін және/немесе халқының тығыздығы шаршы километрге 6,4 адамнан асатын шығу өңірлері болып айқындалған.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Жаңа тұрғылықты жерде ерікті түрде өңіраралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау:

      1) жұмыскердің қоныс аударуы жұмыс берушінің есебінен іске асырылған жағдайды қоспағанда, адамдарға және оның отбасы мүшелеріне материалдық көмек беруді;

      2) жұмыс беруші жұмыскерге тұрғын үй-жай ұсынған жағдайларды қоспағанда, тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй немесе жатақханалардан бөлме беруді;

      3) жұмыс берушінің қажеттілігі бар болған кезде кәсіптік оқытуды;

      4) жаңа тұрғылықты жерде жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді қамтиды.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Халықты жұмыспен қамту орталықтары ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және(немесе) желінің абоненттік құрылғысы және ЭҮП арқылы өтініш берушілерді хабардар етеді және оларға қоныс аударушыларды қабылдау өңірінің жергілікті атқарушы органы қабылдаған шешімдердің көшірмелерін ұсынады, үміткерді жаңа тұрғылықты жерде қабылдауға дайын екендігі туралы хабардар етеді.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Өңіраралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау шаралары жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 353 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21173 болып тіркелген) бекітілген Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарты туралы мәліметтерді ұсыну және алу қағидаларына сәйкес жұмыс беруші қандастар және қоныс аударушылар қатарынан жұмысқа орналастырылған жұмыскерлердің еңбек шарттары бойынша мәліметтерді "Электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі" ААЖ-ға орналастыруды қамтамасыз етеді.";

      46-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жұмыскердің көшуі жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне материалдық көмек беруді;";

      4-параграф тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-параграф. Материалдық көмекті төлеу тәртібі";

      63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "63. Өңіраралық қоныс аудару шеңберінде жаңа тұрғылықты жерге келгеннен кейін қандастар мен қоныс аударушыларға және олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ отбасы жағдайына қарамастан жалғыз басты адамдарға материалдық көмек беріледі.";

      Мынадай мазмұндағы 63-1 – 63-3 тармақтарымен толықтырылсын:

      "63-1. Экономикалық ұтқырлық сертификаты - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу, тұрғын үйді сатып алу және салу үшін ақшалай төлем ретіндегі материалдық көмек.

      Экономикалық ұтқырлық сертификаты келу өңірінде тұрақты тұратын елді мекенде тұрғын үйді сатып алу кезінде қандастар мен қоныс аударушыларға беріледі.

      63-2. Экономикалық ұтқырлық сертификаты бойынша ақшалай төлем алу үшін қандастар және қоныс аударушылар осы Қағидалардың 6-1 қосымшасына сәйкес нысанда бірге халықты жұмыспен қамту орталығына мыналарды қоса бере отырып, өтініш береді:

      1) тұрғын үйді сатып алу кезінде тұрғын-үйді сату-сатып алу шарты;

      2) тұрғын үйді сатып алу кезінде тұрғын үй ипотекалық қарызы бойынша алғашқы жарна барысында екінші деңгейлі банктердің тұрғын үй қарызын беруді мақұлдауын растайтын құжат;

      3) тұрғын үйді құрылысын салу кезінде қандастар мен қоныс аударушылардың меншігінде жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскесінің не/немесе жеке қосалқы шаруашылық бар екенін растайтын құжат.

      Аталған құжаттардың түпнұсқасы және көшірмесі ұсынылады. Олардың сәйкесітігін тексергеннен кейін түпнұсақалар өтініш иесіне қайтарылады.

      Халықты жұмыспен қамту орталықтары өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қарастырады, экономикалық ұтқырлық сертификаты бойынша ақшалай төлемді беру немесе себептерін дәлелді негіздей отырып, одан бас тарту туралы шешім шығарады және қабылданған шешім туралы өтініш иесін хабарландырады.

      Экономикалық ұтқырлық сертификатын ұсынудан бас тарту мынадай себептерге байланысты:

      1) өтініш берушінің осы тармақтың бірінші бөлімінде көзделген құжаттарды ұсынбауы;

      2) ұсынылған құжаттарда деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау.

      63-3. Халықты жұмыспен қамту орталықтары экономикалық ұтқырлық сертификаты бойынша ақшалай төлемді мына жағдайларда аударады:

      1) тұрғын үйді сатып алу кезінде – экономикалық ұтқырлық сертификаты бойынша ақшалай төлемді беру туралы шешім қабылданғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде тұрғын үйді сату-сатып алу шартына сәйкес, сатушының екінші деңгейлі банктегі немесе банк операцияларының жекелей түрін жүзеге асыратын басқа да ұйымдағы дербес шотына;

      2) ипотекалық қарыз кезінде - экономикалық ұтқырлық сертификаты бойынша ақшалай төлемді беру туралы шешім қабылданғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде тұрғын үй қарызы шартына сәйкес екінші деңгейлі банктердің дербес шотына;

      3) тұрғын үйді салу кезінде – екінші деңгейлі банктегі немесе банк операцияларының жекелей түрлерін жүзеге асыратын басқа да ұйымдағы қандастар мен қоныс аударушылардың дербес шотына:

      экономикалық ұтқырлық сертификаты бойынша ақшалай төлемді беру туралы шешім қабылданғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде экономикалық ұтқырлық сертификаты сомасының 25%-ы.

      Қандас пен қоныс аударушы экономикалық ұтқырлық сертификаты бойынша ақшалай төлемді алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде тұрғын үй құрылысының басталғандығы жөнінде халықты жұмыспен қамту орталықтарын хабардар етеді;

      Құрылыс және монтаждау жұмыстарының аяқталғандығы жөнінде аудандық (қалалық) комиссияның растауымен екі жұмыс күні ішінде экономикалық ұтқырлық сертификаты сомасының 40%-ы. Құрылыс және монтаждау жұмыстарының аяқталғанын растау үшін өтініш беруші халықты жұмыспен қамту орталығына ерікті түрде нысандағы фото, бейне дәлелдемелері арқылы өтініш ұсынады. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жанындағы аудандық (қалалық) комиссия көрсетілген өтінішті алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде құрылыс орнына шығады және құрылыс және монтаждау жұмыстарының аяқталғаны жөнінде фактінің расталуы немесе расталмауы туралы шешім шығарады, ол туралы өтініш берушіні хабардар етеді;

      Құрылыс жұмыстарының аяқталғандығы жөнінде аудандық (қалалық) комиссияның растағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде экономикалық ұтқырлық сертификаты сомасының 35%-ы.

      Тұрғын үй құрылысының аяқталғаны туралы факті өтініш берушінің халықты жұмыспен қамту орталықтарына Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес объектіні пайдалануға беру актісі арқылы расталады.".

      64-тармақ алып тасталсын;

      65 және 66-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "65. Көшу шығыстарын өтеу бір рет отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде беріледі.

      Көшу шығыстарын өтеу үшін қандастар мен қоныс аударушылар халықты жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      66. Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу ай сайын, он екі айдан көп емес тұрғын үй алғанға дейін мынадай мөлшерлерде өтеледі:

      1) қалалық жерлерге қоныс аударғандар үшін:

      бір адам үшін 20 АЕК мөлшерінде;

      отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса 25 АЕК мөлшерінде;

      отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде 30 АЕК мөлшерінде төленеді;

      2) ауылдық жерлерге қоныс аударғандар үшін:

      бір адам үшін 15 АЕК мөлшерінде;

      отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болған кезде 18 АЕК мөлшерінде;

      отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде 21 АЕК мөлшерінде төленеді.";

      мынадай мазмұндағы 66-1 тармақпен толықтырылсын:

      "66-1. Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу үшін қандастар мен қоныс аударушылар халықты жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      Жалдау шартына сәйкес халықты жұмыспен қамту орталықтарымен жалдамалы/қызметтік тұрғынжай ұсынылса көшуге, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төленбейді.";

      67-72-тармақтар алып тасталсын;

      73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "73. Материалдық көмек өтініш квотаға енгізілген кезден бастап алты айдан кешіктірілмей берілген жағдайда ұсынылады.";

      75 және 76-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "75. Халықты жұмыспен қамту орталығы материалдық көмекті беру туралы шешімді өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      76. Қандастарда және қоныс аударушыда және оның отбасы мүшелерінде жаңа тұрғылықты жері бойынша меншік құқығындағы тұрғынжайы не соңғы алты айдан астам мерзімге коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрақты пайдалануындағы тұрғынжайы болған жағдайда, тұрғынжайы, қызметтік тұрғынжайы не жаңа тұрғылықты жері бойынша жатақханаға бөлмесі ұсынылмайды, тұрғынжайды жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығыстар өтелмейді, экономикалық ұтқырлық сертификат бойынша ақшалай төлем берілмейді.";

      100-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "100. Жатақханадан бөлмелер отыз бес жасқа дейінгі еңбекші жастарға (оның ішінде жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілеріне, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған балаларға) олардың бұрынғы тұрған жеріне, оның ішінде облыс орталықтарында тұрғанына қарамастан беріледі.";

      101-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жасының отыз беске дейін болуы;".

      2-қосымшада:

      4-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Ерікті қоныс аударуға қатысушыдан материалдық көмек тағайындау және тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелер) беру үшін өтініш пен құжаттар топтамасын қабылдауға;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) материалдық көмектерді тағайындау туралы шешім қабылдауға және субсидияларды Ерікті қоныс аударуға қатысушының дербес шотына аударуды жүзеге асыруға;";

      6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Халықты жұмыспен қамту орталығына материалдық көмек тағайындау және тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелер) бөлу үшін өтініш пен қажетті құжаттар топтамасын тапсыруға;";

      7-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) әлеуметтік келісімшартқа отырғаннан бастап қоныстану жерінен бес жыл ішінде кеткен (отбасымен) жағдайда алған материалдық көмек сомаларын бюджетке өтеуге міндетті.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Әскери қызметке шақырылған, осы елді мекенде тұруға мүмкіндік бермейтін сырқаттанушылықты, жұмыс берушінің өтінімі бойынша басқа жерге оқуға жіберілген жағдайларды қоспағанда, ерікті қоныс аударуға қатысушының отбасы мүшелерінің бірі қоныстандырған жерінен кеткен жағдайда, кеткен отбасы мүшесі алған материалдық көмек сомасы бюджетке қайтарылады.

      9. Отбасы бір мүшесінің қабылдау өңірінен тыс жерге кету фактісі анықталған соң Халықты жұмыспен қамту орталығы материалдық көмекті отбасы мүшелерінің санына сәйкес қайта есептейді.";

      осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес 6-1 қосымшасымен толықтырылсын;

      осы бұйрықтың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес 7 және 8-қосымшалары жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет миинистрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметтері департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынылуын;

      4) осы бұйрықты жұмысында басшылыққа алу үшін облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің назарына жеткізілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Т. Дуйсенова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 24 ақпандағы
№ 57 Бұйрыққа
1-қосымша
  "Жұмыс күшінің ұтқырлығын
арттыру үшін адамдардың ерікті
түрде қоныс аудару
қағидаларына
6-1-қосымша

      Нысан

  ________________________
ауданының (қаласының)
Халықты жұмыспен қамту
орталығының директорына
_______________________
тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

Өтініш

      Менің экономикалық ұтқырлық сертификаты бойынша тұрғын үйді алу үшін құқығымды іске асыру үшін тиесілі соманы бізге төлеуіңізді сұраймын.

      Экономикалық ұтқырлық сертификат қолданылады:

      - құрылыс үшін _______________________________________________;

      - сатып алу үшін_______________________________________________;

      - тұрғын-үй қарызы ипотекасы бойынша алғашқы жарна ретінде өтеу үшін

      _________________________________________________________________.

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (банктiң атауы, банктiң бизнес, жеке сәйкестендіру номірі, банктiң банктік сәйкестендіру коды, алушының жеке шотының нөмiрi көрсетiледi)

      Мекенжай: қала (аудан, ауыл), көше, үй_____________________.

      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:

      1) екінші деңгейдегі банкте ашқан жеке шотымның нөмірі;

      2) ипотекалық қарыз кезінде тұрғын үй несиесін беруді мақұлдау туралы екінші деңгейлі банктен хат;

      3) сатып алған жағдайда сату-сатып алу келісімшарты;

      4) тұрғын үй құрылысын салу кезінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жерге мемлекеттік тіркеу құқығы туралы куәлік.

      20 __ жылғы "____" ____________ ______________________

      (өтініш берушінің қолы)

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалған құпия мәліметтерді қолдануға келісемін.

      (күні) (қолы)

      Құжаттар қабылданды:

      20____ жылғы "____" ________

      ________ _______________________________________________

      Құжаттарды қабылдаған құзыретті тұлғаның ТАӘ (бар болса) қолы

      ________________________________________________________

      Қандастар мен қоныс аударушылардың____________________ ұсынылған құжаттары____________ көлемде қабылданды 20___ жылы "____" __________.

      ________ _______________________________________________

      Құжаттарды қабылдаған құзыретті тұлғаның ТАӘ (бар болса) қолы.

  Бұйрыққа
2-қосымша
  Жұмыс күшінің ұтқырлығын
арттыру үшін адамдардың ерікті
түрде қоныс аудару
қағидаларына
7-қосымша

      Нысан

  ________________________
ауданының (қаласының)
Халықты жұмыспен қамту
орталығының директорына
_______________________
тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

Көшу шығыстарын өтеу туралы өтініш

ЖСН


Т.А.Ә. (бар болса)


Туған күні, айы, жылы


Жынысы


Мекенжайы


      маған және менің отбасымның мүшелеріне көшу шығыстарын өтеуді сұраймын

ЖСН

Т.А.Ә.
(бар болса)

Туыстық дәрежесі

Туған күні

Жағдайы

Жаңа тұрғылықты жері бойынша тұратын мекенжайы

1

2

3

4

5

6

























      Бiзге берілетін көшуге тиесiлi соманы

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (банктiң атауы, банктiң бизнес, жеке сәйкестендіру нөмірі, банктiң банктік сәйкестендіру коды, алушының жеке шотының нөмiрi көрсетiледi)

      аударуды сұраймын.

      Өтінішке екінші деңгейдегі банкте ашқан жеке шотымның нөмірін қоса беремін.

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      20 __ жылғы "___" _________ _______________________________

      (өтініш берушінің қолы)

  Бұйрыққа
3-қосымша
  Жұмыс күшінің ұтқырлығын
арттыру үшін адамдардың ерікті
түрде қоныс аудару
қағидаларына
8-қосымша

      Нысан

  ________________________
ауданының (қаласының)
Халықты жұмыспен қамту
орталығының директорына
кімнен
_______________________
тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге өтініш

ЖСН


Т.А.Ә. (бар болса)


Туған күні, айы, жылы


Жынысы


Мекенжайы


      Сiзден ______________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (көшу себебi көрсетiледi)

      байланысты маған және менің отбасы мүшелерiме, отбасымның мынадай құрамын ескере отырып:

ЖСН

Т.А.Ә.
(бар болса)

Туыстық дәрежесі

Туған күні

Жағдайы

Жаңа тұрғылықты жері бойынша тұратын мекенжайы

1

2

3

4

5

6

























      тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуді сұраймын.

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      _________________________________________ мекенжайы бойынша тұрамын.

      (нақты тұратын мекенжайы (өңір, қала/аудан, ауылдық мекен, көше, үй, пәтер))

      Бiзге тиесiлi тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстардын сомасын

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (банктiң атауы, банктiң бизнес сәйкестендіру нөмірі, банктiң банктік сәйкестендіру коды, алушының жеке шотының нөмiрi көрсетiледi)

      аударуды сұраймын.

      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:

      1) екінші деңгейдегі банкте ашқан жеке шотымның нөмірі;

      2) жалға алу шарты немесе алдын ала сатып алу шарты.

      20 __ жылғы "____" ____________ ______________________

      өтініш берушінің қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады