"Мемлекеттік, тіркелетін танылым белгілері мен қосымша белгілерді азаматтық және эксперименттік әуе кемелеріне салу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 26 қазандағы № 477 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 24 ақпандағы № 123 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 28 ақпанда № 31974 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік, тіркелетін танылым белгілері мен қосымша белгілерді азаматтық және эксперименттік әуе кемелеріне салу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 26 қазандағы № 477 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6649 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін.

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік, тіркелетін танылым белгілері мен қосымша белгілерді азаматтық және эксперименттік әуе кемелеріне салу қағидаларында:

      2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қағидалар Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименттік әуе кемелеріне мемлекеттік, тіркеу, тіркеу танулық және қосымша белгілер енгізу тәртібін белгілейді.

      Қағидалар метерологиялық мақсатта пайдаланылатын зонд-шарларға, пилотсыз басқарылмайтын аэростаттарға, аса жеңіл авиация аппараттарына (дельтоплан, параплан, мотопараплан және моторсыз планерлер), сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен есепке алынуға тиіс пилотсыз әуе кемелеріне қолданылмайды.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әуе кемесi – жер (су) бетiнен шағылысқан ауамен әрекеттесуді болғызбай, ауамен өзара әрекеттесу есебiнен атмосферада қалықтайтын аппарат;

      2) аса жеңіл ұшу аппараттары – ең жоғары ұшу массасы 750 кг дейін қоса алғанда моторлы және моторсыз ұшу аппараттары;

      3) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімі – Қазақстан Республикасы әуе кемелеріне, оған құқықтарға және онымен жасалынатын мәмілелерге мемлекеттік тіркеу жасалынатын құжат;

      4) пайдаланушы – әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өзінің қызметін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;

      5) пилотсыз әуе кемесі – бортта пилотсыз пайдаланылатын немесе дербес жұмыс істеу үшін және (немесе) қашықтықтан басқару үшін арналған әуе кемесі.

      4. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген және ұшуға жіберілген азаматтық әуе кемелерінде ұшуларды орындау оған азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік және тіркелетін танылым белгілерін салғаннан кейін жүргізіледі.

      Тәжірибелік-конструкторлық және ғылыми-зерттеу жұмыстарының ұшу сынақтарын орындауға арналған эксперименттік әуе кемелеріне артықшылық беріледі.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Азаматтық әуе кемелерінде, сондай-ақ пилотсыз әуе кемелерінде қосымша келесі белгiлер енгiзiледi:

      1) фюзеляждың бетiне екi жағынан пайдаланушы (авиакомпания) атауының жазылуы;

      2) арттағы қанаттануының тiк жазықты екi жағынан пайдаланушының (авиакомпания) эмблемасы;

      3) мөлшерi мемлекеттiк және тiркеу тану белгiлерiнiң мөлшерлерiне сәйкес, фюзеляждың тұмсық бөлiгiнiң екi жағынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туының бейнесi;

      4) фюзеляждың екi жағынан тiк шрифтпен, фонға қанық әуе кемесiнiң түрiн белгілеу.

      Дайындаушы зауыт салған әуе кемесiнiң түрi деген белгiнi сақтау ұсынылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
А. Бейспеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады