"Кредиторлар талаптары тізілімінің нысандарын, оны уақытша әкімшімен және уақытша басқарушымен қалыптастыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 456 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 223 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 наурызда № 31984 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кредиторлар талаптары тізілімінің нысандарын, оны уақытша әкімшімен және уақытша басқарушымен қалыптастыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 456 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20592 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Кредиторлар талаптарының тізілімін уақытша әкімшімен және уақытша басқарушымен қалыптастыру қағидалары мен мерзімдерінде:

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру және олардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында уақытша әкімші оңалту туралы іс қозғау туралы сот ұйғарымы шығарылған күннен бастап 2 (екі) айдан кешіктірілмейтін мерзімде осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілім қалыптастырады.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Уақытша әкімші оңалту туралы істі қозғау туралы сот ұйғарымы шығарылған күннен бастап 2 (екі) айдан кешіктірілмейтін мерзімде аумақтық мемлекеттік кірістер органының интернет-ресурсына орналастыру үшін тізілімді жібереді.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады