Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабының 7-тармағына және 90-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Преамбула жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.06.2021 № 626 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, оңалту рәсіміндегі кредиторлар талаптары тізілімінің нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес, банкроттық рәсіміндегі кредиторлар талаптары тізілімінің нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес, оңалту рәсіміндегі және банкроттық рәсіміндегі астық қабылдау кәсіпорындары кредиторларының талаптары тізілімінің нысаны;
4) алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 29.06.2021 № 626 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес, кредиторлар талаптары тізілімін уақытша әкімшімен және уақытша басқарушымен қалыптастыру қағидалары мен мерзімі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.06.2021 № 626 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі |
А. Смаилов |
Оңалту рәсіміндегі кредиторлар талаптарының тізілімі
______________________________________________________
(атауы/тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын
құжатта көрсетілсе), оңалтылатын борышкердің ЖСН/БСН)
№ т. | Кезек, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)/ кредитордың атауы | Кредитордың (ЖСН/БСН) | Қойылған талаптардың сомасы (теңге) | Әкімші қабылдаған шешімнің негізділігін растайтын құжаттар (атауы, күні, нөмірі),берешектің пайда болған күні | Танылған талаптар | Танылмаған талаптар | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1. | Бірінші кезек | ||||||
1) | өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянның орнын толтыру бойынша борышкер жауапты болатын азаматтардың талаптары | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
2) | Алименттерді өндіріп алу бойынша талаптар | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
3) | Еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбекақы төлеу мен өтемақыларды төлеу бойынша талаптары | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
4) | Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша берешек | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
5) | Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша жалақыдан ұсталған берешектер | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
6) | Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектер | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
7) | Қызметтік өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі үшін авторларға сыйақылар төлеу бойынша | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
Бірінші кезек бойынша барлығы: | |||||||
2. | Екінші кезек | ||||||
1) | Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген банкрот мүлкінің кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
2) | Орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын клирингтік ұйымның осы клирингтік ұйымның клирингтік қатысушысы болып табылатын банкрот орталық контрагенттің қатысуымен бұрын жасаған және орындамаған мәмілелердің нәтижесінде туындаған талаптар | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
Барлығы екінші кезек бойынша: | |||||||
3. | Үшінші кезек | ||||||
1) | Салықтық берешек | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
2) | Салық төлеуші салық есептілігіне сәйкес есептеген, салық қызметі органы өтіпкеткен салық кезеңдері мен банкроттық рәсімі қолданылған салық кезеңі үшін салықтық тексерулер нәтижелері бойынша есептеген салық берешегі | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
3) | Кедендік төлемдер, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, пайыздар бойынша берешек | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
Барлығы үшінші кезек бойынша: | |||||||
4. | Төртінші кезек | ||||||
1) | Азаматтық-құқықтық және өзге де міндеттемелер бойынша талаптар | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
2) | Бірінші кезек құрамына кірмеген авторлық шарттар бойынша талаптар | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
3) | Соттың мәмілені жарамсыз деп тануы және мүлікті банкроттың мүліктік массасына қайтару туралы шешім қабылдауы нәтижесінде туындаған талаптары | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
Барлығытөртінші кезек бойынша: | |||||||
5. | Бесінші кезек | ||||||
1) | Залалдар, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
2) | Өздерімен еңбек қатынастары бір жылдан басталатын оңалту туралы немесе банкроттық туралы іс қозғалғанға дейінгі кезең ішінде туындаған кредиторлардың еңбекақы мен өтемақы төлеу бойынша талаптары борышкерде оңалту туралы немесе банкроттық туралы іс қозғалғанға дейінгі бір жылдың алдындағы күнтізбелік он екі айда құралған орташа айлық жалақыдан аспайтын есеппен. | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
3) | Қызметкердің жалақысын көтеру нәтижесінде пайда болған, бір жылдан бастап банкроттық туралы іс қозғалғанға дейінгі кезеңде есептелген еңбекақы және өтемақы төлеу жөніндегі кредиторлар талаптарының ұлғайту сомасы. | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
Бесінші кезек бойынша барлығы: | |||||||
6. | Алтыншы кезек | ||||||
1) | Белгіленген мерзімнен кешіктіріліп мәлімделген талаптар | ||||||
... | |||||||
Алтыншы кезек бойынша барлығы: | |||||||
Тізілім бойынша барлығы: | |||||||
7. | Тізілімнен алынған талаптар | ||||||
... | |||||||
Барлығы: |
_____________________________________________ _________
(уақытша әкімшінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол (қолы)
жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе))
Ескертпе: аббревиатураны ашып жазу:
ЖСН жеке сәйкестендіру нөмірі
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі
Банкроттықрәсіміндегі кредиторлар талаптарының тізілімі
______________________________________________________
(атауы/тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын
құжатта көрсетілсе),таратылатын борышкердің ЖСН/БСН)
№ т. | Кезек, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)/ кредитордың атауы | Кредитордың (ЖСН/БСН) | Қойылған талаптардың сомасы (теңге) | Әкімші қабылдаған шешімнің негізділігін растайтын құжаттар (атауы, күні, нөмірі), берешектің пайда болған күні | Танылған талаптар | Танылмаған талаптар | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1. | Бірінші кезек | ||||||
1) | өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянның орнын толтыру бойынша борышкер жауапты болатын азаматтардың талаптары | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
2) | Алименттерді өндіріп алу бойынша талаптар | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
3) | Еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбекақы төлеу мен өтемақыларды төлеу бойынша талаптары | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
4) | Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша берешек | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
5) | Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша жалақыдан ұсталған берешектер | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
6) | Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектер | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
7) | Қызметтік өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі үшін авторларға сыйақылар төлеу бойынша | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
Бірінші кезек бойынша барлығы: | |||||||
2. | Екінші кезек | ||||||
1) | Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген банкрот мүлкінің кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
2) | банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде банкроттықты басқарушының қарыз алуы нәтижесінде туындаған талаптар | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
3) | Орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын клирингтік ұйымның осы клирингтік ұйымның клирингтік қатысушысы болып табылатын банкрот орталық контрагенттің қатысуымен бұрын жасаған және орындамаған мәмілелердің нәтижесінде туындаған талаптар | ||||||
... | ... | ||||||
Барлығы: | |||||||
Барлығыекінші кезек бойынша: | |||||||
3. | Үшінші кезек | ||||||
1) | Салықтық берешек | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
2) | Салық төлеуші салық есептілігіне сәйкес есептеген, салық қызметі органы өтіп кеткен салық кезеңдері мен банкроттық рәсімі қолданылған салық кезеңі үшін салықтық тексерулер нәтижелері бойынша есептеген салық берешегі | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
3) | Кедендік төлемдер, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, пайыздар бойынша берешек | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
Барлығы үшінші кезек бойынша: | |||||||
4. | Төртінші кезек | ||||||
1) | Азаматтық-құқықтық және өзге де міндеттемелер бойынша талаптар | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
2) | кепілмен қамтамасыз етілмеген мөлшердегі кепілді кредитордың міндеттемелері бойынша талаптары | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
3) | Бірінші кезек құрамына кірмеген авторлық шарттардан талаптары | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
4) | Соттың мәмілені жарамсыз деп тануы және мүлікті банкроттың мүліктік массасына қайтару туралы шешім қабылдауы нәтижесінде туындаған талаптары | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
5) | кепілге салынған мүлікті беру кезіндегікепілге салынған мүліктің бағалау құны кепілді кредитор талаптарының мөлшерінен аз болса, кепілді кредиторлардың талаптарының айырмашылық мөлшеріндегі талаптары | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
Барлығытөртінші кезек бойынша: | |||||||
5. | Бесінші кезек | ||||||
1) | Залалдар, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
2) | Өздерімен еңбек қатынастары бір жылдан басталатын оңалту туралы немесе банкроттық туралы іс қозғалғанға дейінгі кезең ішінде туындаған кредиторлардың еңбекақы мен өтемақы төлеу бойынша талаптары борышкерде оңалту туралы немесе банкроттық туралы іс қозғалғанға дейінгі бір жылдың алдындағы күнтізбелік он екі айда құралған орташа айлық жалақыдан аспайтын есеппен | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
3) | Қызметкердің жалақысын көтеру нәтижесінде пайда болған, бір жылдан бастап банкроттық туралы іс қозғалғанға дейінгі кезеңде есептелген еңбекақы және өтемақы төлеу жөніндегі кредиторлар талаптарының ұлғайту сомасы | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
Бесінші кезек бойынша барлығы: | |||||||
6. | Алтыншы кезек | ||||||
1) | Белгіленген мерзімнен кешіктіріліп мәлімделген талабы | ||||||
... | |||||||
Алтыншы кезек бойынша барлығы: | |||||||
Тізілім бойынша барлығы: | |||||||
7. | Тізілімнен алынған талаптар | ||||||
... | |||||||
Барлығы: |
_____________________________________________ _________
(уақытша басқарушының тегі, аты, әкесінің аты (егер (қолы)
ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе))
Ескертпе: аббревиатураны ашып жазу:
ЖСН жеке сәйкестендіру нөмірі
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі
Оңалту және банкроттық рәсімдеріндегі астық қабылдау кәсіпорындарының кредиторлар талаптарының тізілімі
______________________________________________________
(атауы/тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын
құжатта көрсетілсе), таратылатын борышкердің ЖСН/БСН)
№ т. | Кезек, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)/ кредитордың атауы | Кредитордың (ЖСН/БСН) | Қойылған талаптардың сомасы (теңге) | Әкімші қабылдаған шешімнің негізділігін растайтын құжаттар (атауы, күні, нөмірі), берешектің пайда болған күні | Танылған талаптар | Танылмаған талаптар | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1. | Бірінші кезек | ||||||
1) | Азаматтардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтірілгені үшін олардың алдында оңалтылатын немесе таратылатын астық қабылдау кәсіпорны жауап беретін талаптары | ||||||
... | |||||||
Бірінші кезек бойынша барлығы: | |||||||
2. | Екінші кезек | ||||||
1) | Eңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға еңбекақы төлеу бойынша талаптар | ||||||
... | |||||||
Екінші кезек бойынша жиыны: | |||||||
3. | Үшінші кезек | ||||||
1) | Кепіл туралы мәліметтерді қамтитын астық қолхаттарын ұстаушылардың талаптары | ||||||
... | |||||||
Үшінші кезек бойынша жиыны: | |||||||
4. | Төртінші кезек | ||||||
1) | Кепіл туралы мәліметтерді қамтымайтын астық қолхаттарын ұстаушылардың талаптары | ||||||
... | |||||||
Төртінші кезек бойынша жиыны: | |||||||
5. | Бесінші кезек | ||||||
1) | Оңалтылатын немесе таратылатын астық қабылдау кәсіпорнының мүлік кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредиторлардың талаптары | ||||||
... | |||||||
Бесінші кезек бойынша жиыны: | |||||||
6. | Алтыншы кезек | ||||||
1) | Бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша талаптар | ||||||
... | |||||||
Алтыншы кезек бойынша жиыны: | |||||||
7. | Жетінші кезек | ||||||
1) | Заңнамалық актілерге сәйкес басқа кредиторлардың талаптары | ||||||
... | |||||||
Жетінші кезек бойынша жиыны: | |||||||
Тізілім бойынша жиыны: | |||||||
8. | Тізілімнен алынған талартар | ||||||
... | |||||||
Жиыны |
_____________________________________________ _________
Әкімшінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке (қолы)
басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)
Ескертпе: аббревиатураны ашып жазу:
ЖСН жеке сәйкестендіру нөмірі
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары- Қаржы министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 456 бұйрығына 4-қосымша |
Банкроттық рәсіміндегі мақта өңдеу ұйымдарының кредиторлары талаптарының тізілімі
Ескерту. 4-қосымша алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 29.06.2021 № 626 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары- Қаржы министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 456 бұйрығына 5-қосымша |
Кредиторлар талаптары тізілімін уақытша әкімшімен және уақытша басқарушымен қалыптастыру қағидалары мен мерзімі
1. Тарау. Жалпы ережелер
1. Осы кредиторлар талаптарының тізілімін уақытша әкімшімен және уақытша басқарушымен қалыптастыру қағидалары мен мерзімі (бұдан әрі – Қағидалар) "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 72-бабының 7-тармағына және 90-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленді және оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімінде уақытша әкімшімен және уақытша басқарушымен кредиторлар талаптарының тізілімін (бұдан әрі – тізілім) қалыптастыру тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.06.2021 № 626 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Тарау. Оңалту рәсімі кезінде тізілімді қалыптастыру
2. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру және олардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында уақытша әкімші оңалту туралы іс қозғау туралы сот ұйғарымы шығарылған күннен бастап 2 (екі) айдан кешіктірілмейтін мерзімде осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілім қалыптастырады.
Тізілімді қалыптастыру үшін уақытша әкімші оңалту туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органына (бұдан әрі – аумақтық мемлекеттік кірістер органы) оңалту рәсімін қолдану және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы қазақ және орыс тілдеріндегі хабарландыруды (бұдан әрі – хабарландыру) аумақтық мемлекеттік кірістер органының интернет-ресурсында жариялау үшін жолдайды.
Хабарландыру аумақтық мемлекеттік кірістер органының және борышкердің интернет-ресурсында (бар болған жағдайда) жарияланады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 28.02.2023 № 223 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Хабарландыруында келесі мәліметтер көрсетіледі:
1) борышкердің жеке сәйкестендіру немесе бизнес сәйкестендіру нөмірлері (бұдан әрі – ЖСН немесе БСН);
2) борышкердің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (егерде ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.);
3) борышкердің заңды мекенжайы;
4) оңалту рәсімінің іс қозғау туралы ұйғарым шығарған соттың атауы;
5) оңалту рәсімінің іс қозғау туралы ұйғарым нөмірі және шығарған күні;
6) уақытша әкімшінің Т.А.Ә.;
7) уақытша әкімшімен келісім жасаған күні;
8) уақытша әкімшінің кредиторлардың талаптарын қабылдау мерзімі
9) кредиторлардың талаптарын қабылдау мекенжайы;
10) уақытша әкімшінің байланыс деректері (ұялы телефон, электрондық мекенжайы).
4. Хабарландыру алынған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде аумақтық мемлекеттік кірістер органымен жарияланады.
5. Талаптар, хабарлама жарияланған сәттен бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде мәлімделуі және хабарландыруда көрсетілген мекенжайға жіберілуі тиіс.
Кредиторлардың борышкерге қоятын талаптары ерікті түрде жазбаша нысанда мәлімделуі тиіс және мыналарды:
1) талаптың сомасы туралы (негізгі борыштың, сыйақының (мүдденің), тұрақсыздық айыбы мен өзге де айыппұл санкцияларының, залалдар сомасы туралы жеке-жеке) мәліметтерді;
2) Заңның 25-бабы 1-тармағында көзделген кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарлама тәсілдерінің бірін көрсетуді қамтуға тиіс.
Сонымен қатар, салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсына отырып, кредиторлардың талаптарына берешек сомасын және оның туындау негіздерін растайтын құжаттардың (ақша қаражаттары түріндегі берешекті борышкерден өндіріп алу туралы заңды күшіне енген сот шешімдері, шарттардың көшірмелері, борышкердің қарызын мойындауы) көшірмелері беріледі.
Салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор берешегі барын растайтын құжат ретінде талапқа қоса төлеушінің жеке шотынан салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің, кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, өсімпұлдар, пайыздар бойынша немесе кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың белгілі бір түрлері бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы үзінді-көшірме береді.
6. Сыйақы (мүдденің), шығындардың, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдар, өсімпұлдар) сомасы оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күні айқындалады.
7. Уақытша әкімші кредитордан талаптарды растайтын қосымша құжаттарды талап етеді (оның ішінде, заңды күшіне енген сот шешімдері, шарттардың көшірмелері, борышкердің қарызын мойындауы), құжаттардың түпнұсқаларын салыстыру үшін ұсынумен бірге.
8. Кредиторлардың талаптары және оларға қоса берілген құжаттар уақытша әкімшімен олар мәлімделген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде, осы Қағидалардың 7 және 9 тармақтарымен анықталған тәртіпте қаралуға тиіс.
9. Қарау нәтижелері бойынша талаптарды толық немесе ішінара мойындау немесе мойындамау туралы шешім қабылданады.
Кредиторлардың талаптарын толық немесе ішінара мойындау немесе мойындамауды уақытша әкімші кредитор ұсынған құжаттар мен борышкердің құжаттарын:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген шарттарды;
2) кредитор мен борышкер арасындағы өзара есеп айырысуларды салыстыру актілерін;
3) түгендеу ведомосы;
4) шот-фактуралар;
5) кіріс кассалық ордерлер;
6) фискалды чектерді;
7) тауарларды шығаруға арналған жүкқұжаты;
8) тауарға ілеспе жүкқұжаты;
9) банктік шоттан көшірмелер;
10) шығыс кассалық ордерлер;
11) салықтық есептілікті;
12) берешектің пайда болуын растайтын өзге де құжаттарды салыстыру негізінде жүзеге асырады.
10. Кредиторлардың шетел валютасында көрсетілген талаптары сот оңалту рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған күніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша теңгемен ескеріледі.
11. Кредиторлардың талаптарын қарау нәтижелері туралы (мойындамау себептерін көрсете отырып, талаптарды толық көлемде немесе бір бөлігін мойындау немесе мойындамау туралы) уақытша әкімші шешім қабылданған күннен кейінгі күні әрбір кредиторды жазбаша хабардар етеді.
Уақытша әкімшінің кредиторлардың талаптарын қарау нәтижелері туралы хабарламасында мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) кредиторлардың талаптарын толық немесе ішінара мойындау немесе мойындамау;
2) кредиторлардың мойындалған немесе мойындалмаған талаптарының сомасы;
3) талаптарды толық немесе ішінара мойындамау себептері;
4) кредиторлардың бірінші жиналысының күні, уақыты, өткізу орны және күн тәртібі.
12. Кредиторлардың талаптарын қарау және кредиторлар ұсынған растайтын құжаттарды зерделеу нәтижелері бойынша уақытша әкімші Заңның 100, 101, 102, 103, 105, 106, 107 және 107-1-бабында белгіленген кезектілікті сақтай отырып тізілімді қалыптастырады.
1 бөлік. Кредиторлардың бірінші кезектегі талаптарын қалыптастыруы
13. Заңның 100-бабы 2-тармағына сәйкес тізілімге бірінші кезекте кредиторлардың мынадай талаптары енгізіледі:
өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянның орнын толтыру бойынша;
алименттерді өндіріп алу бойынша;
еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбекақы төлеу мен өтемақыларды төлеу бойынша:
1) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар (бұдан әрі – ӘА);
2) міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ);
3) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ);
4) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар (бұдан әрі – МӘМС);
5) қызметтік өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі үшін авторларға сыйақылар төлеу бойынша талаптар.
14. Кредитормен тізілімге енгізілу үшін талаппен бірге еңбек қызметін растайтын құжаттар, сондай-ақ берешегінің бар екенін растайтын құжаттар ұсынылады.
15. Борышкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге жауапты азаматтардың талаптарының сомасын анықтау азаматқа 70 (жетпіс) жас толғанға дейін, бірақ кем дегенде 10 (он) жылға төленуге жататын тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру жолымен жүзеге асырылады.
Егер азаматтың жасы 70 (жетпіс) жастан асса, тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру кезеңі 10 (он) жылды құрайды.
Денсаулығына залал келтіргенге дейінгі таба алу мүмкіндігі бар және ай сайын борышкер төлеп отырған азаматтың жоғалтқан жалақысын (табысын) немесе оның бөлігін өтеуді мерзімді төлемдер деп түсінуге болады.
Капиталдандыру кезінде заңнамамен белгіленген өзге де залалдарды өтеу бойынша төлемдер (емделуге, қосымша тамақтануға, дәрі-дәрмек сатып алуға, санатарлық-курорттық емделуге, арнайы көлік құралдарын сатып алуға кеткен шығындар және басқа да шығындар) есепке алынбайды.
Заңның 102-бабында көзделген тәртіпте анықталған капиталдандырылған төлемдер (өтемақылар) сомасы индекстеуге, сондай-ақ азаматқа белгілеген мүгедектік тобының өзгертілуіне байланысты көбейту немесе азайту жағына қайта қарауға жатпайды.
16. Бірінші кезектегі тізілімге жеке табыс салығы бойынша берешегі (бұдан әрі - ЖТС) енгізіледі.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 351-бабының 3-тармағына сәйкес ЖТС ұстап қалу төлем көзінен салық салынатын табыс төленген күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
Еңбекақы бойынша талап бюджетке ұстап қалу және аударуға тиісті ЖТС сомасымен қоса толық көлемде көрсетіледі.
Ескерту. 16-тармақтың екінші бөлігіне орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тілінде өзгеріссіз - ҚР Қаржы министрінің 29.06.2021 № 626 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Қызметкердің еңбек қызметін, МЗЖ, МКЗЖ, ӘА, МӘМС және еңбекақы бойынша берешегін растайтын құжаттар болмаған (жеткіліксіз) жағдайда, не ұсынылған берешек сомасы борышкердің бухгалтерлік құжаттарының деректерімен расталмаса, мұндай адамдардың талаптары танылуға және тізілімге енгізілуге жатпайды.
2 бөлік. Кредиторлардың екінші кезектегі талаптарының қалыптастырылуы
18. Заңның 100-бабы 3-тармағына сәйкес тізілімге екінші кезекте кредиторлардың мынадай талаптары енгізіледі:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген банкрот мүлкінің кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша;
2) банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде банкроттықты басқарушының қарыз алуы нәтижесінде туындаған;
3) орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын клирингтік ұйымның осы клирингтік ұйымның клирингтік қатысушысы болып табылатын банкрот орталық контрагенттің қатысуымен бұрын жасаған және орындамаған мәмілелердің нәтижесінде туындаған.
19. Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша талап сомасын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы № 14 бұйрығына (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 13 мамырда № 913 болып тіркелген) сәйкес ресімделген кепілмен қамтамасыз етілген бөлігіндегі міндеттеме бойынша берешек ескеріледі.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.06.2021 № 626 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Егер кепіл туралы шарттың нысаны мен мазмұны Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, сондай-ақ кепіл туралы шарты уәкілетті органдарда тіркелмесе, кредиторлардың талаптары төртінші кезектің құрамында тізілімге енгізілуі керек.
21. Кепілді кредитордың кепілді мүлікті заттай қабылдауға келісімі алынса, мұндай кредиторлардың талаптары тізілімнен алып тасталады.
Егер кепілді мүлікті бағалауға жұмсалған шығыстарды шегергенде, оның бағалық құны кепілді кредитордың талаптарынан аз болса, кепілді кредитордың айырмашылық мөлшеріндегі талаптары кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізіледі және төртінші кезектің құрамында қанағаттандырылуға жатады.
3 бөлік. Кредиторлардың үшінші кезектегі талаптарын қалыптастыруы
22. Заңның 100-бабы 4-тармағына сәйкес тізілімге үшінші кезекте кредиторлардың мынадай талаптары енгізіледі:
1) салықтық берешек;
2) салық төлеуші салық есептілігіне сәйкес есептеген, мемлекеттік кірістер органы өтіп кеткен салық кезеңдері мен оңалту немесе банкроттық рәсімдері қолданылған салық кезеңі үшін салықтық тексерулер нәтижелері бойынша есептеген салықтық берешек;
3) кедендік төлемдер, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, пайыздар бойынша берешек.
23. Салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор берешегі барын растайтын құжат ретінде талапқа қоса төлеушінің жеке шотынан салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің, кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, өсімпұлдар, пайыздар бойынша немесе кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың белгілі бір түрлері бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы үзінді-көшірмені тізілімге қосу үшін ұсынады.
4 бөлік. Кредиторлардың төртінші, бесінші және алтыншы кезектегі талаптарының қалыптастырылуы
24. Заңның 100-бабы 5-тармағына сәйкес тізілімге төртінші кезекте кредиторлардың мынадай талаптары енгізіледі:
1) азаматтық-құқықтық және өзге де міндеттемелер бойынша;
2) кепілмен қамтамасыз етілмеген мөлшердегі міндеттемелер бойынша кепілді кредитордың талаптары;
3) бірінші кезек құрамына кірмеген авторлық шарттардан;
4) соттың мәмілені жарамсыз деп тануы және мүлікті банкроттың мүліктік массасына қайтару туралы шешім қабылдауы нәтижесінде туындаған талаптары;
5) егер кепілге салынған мүлікті беру кезіндегі кепілге салынған мүліктің бағалау құны кепілді кредитор талаптарының мөлшерінен аз болса, кепілді кредиторлардың талаптарының айырмашылық мөлшеріндегі талаптары.
25. Заңның 100-бабы 6-тармағына сәйкес тізілімге бесінші кезекте кредиторлардың мынадай талаптары енгізіледі:
1) залалдардың орнын толтыру және тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) өндіріп алу бойынша;
2) өздерімен еңбек қатынастары бір жылдан басталатын оңалту туралы немесе банкроттық туралы іс қозғалғанға дейінгі кезең ішінде туындаған кредиторлардың еңбекақы мен өтемақы төлеу бойынша талаптары борышкерде оңалту туралы немесе банкроттық туралы іс қозғалғанға дейінгі бір жылдың алдындағы күнтізбелік он екі айда құралған орташа айлық жалақыдан аспайтын есеппен.
3) қызметкердің жалақысын көтеру нәтижесінде пайда болған, бір жылдан бастап банкроттық туралы іс қозғалғанға дейінгі кезеңде есептелген еңбекақы және өтемақы төлеу жөніндегі кредиторлар талаптарының ұлғайту сомасы.
26. Кредитордың талабы осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген мерзімнен кешіктіріліп мәлімделген жағдайда тізілімнің алтыншы кезегіне енгізіледі, бірақ мұндай кредитор бір ай мерзімде мәлімделген кредиторлар талаптары толық қанағаттандырылғанға дейін кредиторлар жиналысында дауыс беру құқығынан айырылады.
27. Тізілімді борышкердің бухгалтерлік теңгеріміне кредиторлық берешекті таратып жазу, сондай-ақ, салыстыру есебі негізінде оған қоса растайтын құжаттарсыз қалыптастыруға жол берілмейді.
28. Айыппұлдар мен өсімпұлдар бойынша кредиторлардың қойылатын талаптарын қарау кезінде айыппұлдар мен өсімпұлдар бойынша берешекті есептеудің дұрыстығы және негізділігі бөлігінде келісім-шарттарды зерделеу қажет.
29. Төртінші кезектегі кредиторлардың талаптарын растайтын құжаттар болмаған (жеткіліксіз болған) жағдайда, әкімші осындай кредиторлардың талаптарын мойындаудан бас тартады.
30. Кредиторлардың бұрын сотқа өздері мәлімдеген талаптары, егер олар Заңның 72 бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес келсе, кредитордың өтініші болған кезде тізілімге енгізілуі мүмкін.
31. Тізілімді қалыптастыру кезінде тізілімге:
1) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасында айқындалған кредиторлардың, бөлінген активтермен қамтамасыз етілген және мынадай мүлік кепілімен қамтамасыз етілген ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың талаптары: ипотекалық тұрғын үй заемы шарттары, сондай-ақ, осы облигацияларға меншік құқығы оларды ұстаушыда туындаған немесе оларға мәмілелер немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа негіздер бойынша берілген жағдайларда Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша талаптардың (ипотекалық куәліктердің кепілін қоса алғанда);
2) мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген инфрақұрылымдық облигациялар бойынша кредиторлардың талаптары;
3) борышкер құрылтайшыларының (қатысушыларының) еңбекке ақы төлеу, еңбек шарттары бойынша өтемақылар төлеу жөніндегі талаптарын, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына ӘА бойынша міндеттемелерді, МЗЖ және МКЗЖ, МӘМС аударымдар және (немесе) жарналар бойынша міндеттемелерді қоспағанда, олардың талаптары;
4) кепіл беруші үшінші тұлғалар болған жағдайларда, кепілді кредиторлардың кепіл нысанасына өндіріп алуды қолдану нәтижелері бойынша өтелген талаптары енгізілмейді.
Кредитордың талабы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен өндіріп алуға жатпайтын бөлігінде кредиторлар талаптарының тізіліміне талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі себебінен енгізілмейді.
32. Тізілімнің әрбір кезегі бойынша уақытша әкімші бөлек іс қалыптастырылады, онда хронологиялық тәртіпте және (немесе) логикалық реттілікпен тігіледі:
кредитордың талабы (арызы);
кредитормен ұсынылған құжаттар;
әкімші қолын қойып куәландырылған кредитордың талаптарын мойындайтынын немесе мойындамайтынын растайтын құжаттардың көшірмелері.
Әрбір істің тақырыбы (мұқаба парағы) кезектің атауын қамтиды және қысқаша түрде оның мазмұнын көрсетеді.
Әрбір іс тігіледі (байланады), нөмірленеді және істің сыртқы жағында борышкердің мөрімен (бар болған жағдайда) куәландырылады және уақытша әкімші қолын қояды.
Құжаттардың көлемі үлкен болған жағдайда парақтарды дербес нөмірлеу арқылы том құрылады. Томнан тұратын (олардың реттік нөмірін көрсете отырып) істердің тақырыбы (кезектің атауын көрсетіп) осы томның ерекшеліктерін сипаттайтын ақпараттан тұрады.
33. Тізілім мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырылады, тізілімнің әрбір бетіне қол қойылады, борышкер қол қояды және мөрімен (жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардан басқа) куәландырылады, содан кейін орналастыру үшін қағаз және электронды тасымалдағыштарда аумақтық мемлекеттік кірістер органына (қағаз тасымалдағышында – тізілімнің түпнұсқа, электронды форматта – тізілімнің pdf форматында сканерленген түрде) жіберіледі.
34. Уақытша әкімші оңалту туралы істі қозғау туралы сот ұйғарымы шығарылған күннен бастап 2 (екі) айдан кешіктірілмейтін мерзімде аумақтық мемлекеттік кірістер органының интернет-ресурсына орналастыру үшін тізілімді жібереді.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 28.02.2023 № 223 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.35. Ұсынылған тізілім бекітілген нысанға сәйкес келмеген немесе ақпаратты толық қамтымаған жағдайда аумақтық мемлекеттік кірістер органы тізілімді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде уақытша әкімшіге, оларды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жоюға жататын, жазбаша негізделген ескертулерді жолдайды.
36. Тізілім тиісті аумақтық мемлекеттік кірістер органның интернет-ресурсында оңалту рәсімі аяқталғанға дейін орналасады
3. Тарау. Банкроттық рәсімі кезінде тізілімді қалыптастыру
37. Уақытша басқарушы тағайындалған күнінен бастап екі айдан кешіктірілмейтін мерзімде кредиторлар талаптарының тізілімін осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде қалыптастырады.
38. Уақытша басқарушы:
1) сот банкроттық туралы іс қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей, ал егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор не мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға өтініш беруші болып табылса – тағайындалған күнінен бастап аумақтық мемлекеттік кірістер органына банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды (бұдан әрі – хабарландыру) интернет-ресурсында орналастыру үшін қазақ және орыс тілдерінде жібереді;
Хабарландыру аумақтық мемлекеттік кірістер органының және борышкердің интернет-ресурстарында (бар болған жағдайда) орналастырылуға тиіс.
2) сот орындаушысынан заңды күшіне енген сот шешімін не борышкерден ақшаны өндіріп алу туралы атқарушы құжаттарды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде мұндай кредиторларды банкроттық туралы істің қозғалғаны туралы (борышкерді банкрот деп тану) және талап арыз беру тәртібі туарлы жазбаша хабардар етеді;
3) соттың банкроттық жөнінде істі қозғау туралы ұйғарымды шығарған күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өміріне және денсаулығына зиян келтірілгені үшін олардың алдында борышкер жауапты болатын азаматтарды да борышкерді банкрот деп тану және талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабардар етеді.
39. Хабарламада келесі мәліметтер көрсетіледі:
1) борышкердің БСН немесе ЖСН;
2) атауы немесе борышкердің Т.А.Ә.;
3) борышкер заңды мекенжайы;
4) банкроттық туралы іс қозғау туралы ұйғарымды шығарған соттың атауы;
5) банкроттық туралы іс қозғау туралы соттың ұйғарым нөмірі және шығарған күні;
6) уақытша басқарушының Т.А.Ә.;
7) уақытша басқарушымен келісім жасасу күні немесе уақытша басқарушының тағайындалу күні (егер арызданушы салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор, мемлекеттік мекеме немесе мемлекет қатысуымен заңды тұлға болса)
8) уақытша басқарушының кредиторлардың талаптарын қабылдау мерзімі;
9) кредиторлардың талаптарын қабылдау мекенжайы;
10) уақытша басқарушының байланыс деректері (ұялы телефоны, электронды мекенжайы).
40. Хабарландыру алынған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде аумақтық мемлекеттік кірістер органымен жарияланады.
41. Талаптар, кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарлама жарияланған сәттен бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде мәлімделуі және хабарландыруда көрсетілген мекенжайға жіберілуі тиіс.
Егер кредиторлардың мәлімдеген талаптары бойынша сыйақы (мүдде), тұрақсыздық айыбы және өзге де айыппұл санкциялары есептелген, шығындар өндіріп алынған болса, онда мұндай кредиторлар борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі шығарылғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі шығарылғанға дейін талаптар қойылған күннен басталған кезең үшін сыйақыны (мүддені), тұрақсыздық айыбын және өзге де айыппұл санкцияларын, сондай-ақ залалдарды ескере отырып, өзінің талаптарын қайта мәлімдейді.
42. Кредиторлардың борышкерге қоятын талаптары ерікті түрде жазбаша нысанда мәлімделуі тиіс және мыналарды:
1) талаптың сомасы туралы (негізгі борыштың, сыйақының (мүдденің), тұрақсыздық айыбы мен өзге де айыппұл санкцияларының, залалдар сомасы туралы жеке-жеке) мәліметтерді;
2) Заңның 25-бабы 1-тармағында көзделген кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарлама тәсілдерінің бірін көрсетуді қамтуға тиіс.
43. Сыйақы (мүдденің), шығындардың сомасы борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі қабылданған күні айқындалады.
44. Кредиторлардың шетел валютасында көрсетілген талаптары сот банкроттық рәсімін енгізу туралы шешім қабылдаған сәтте Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша теңгемен ескеріледі.
45. Кредиторлар талаптарын қарастыру нәтижесі бойынша кредиторлар талаптарын толық көлемде немесе бір бөлігінде мойындау немесе мойындамау туралы шешім қабылданады.
Кредитордың талабын уақытша басқарушымен қарастыру тәртібі осы Қағидалардың 5, 6, 7, 9, 10 және 11-тармақтарына сәйкес өткізіледі.
46. Кредиторлардың талаптарын қарау және кредиторлар ұсынған растайтын құжаттарды зерделеу нәтижелері бойынша уақытша басқарушы Заңның 100, 101, 102, 103, 104-1, 105, 106, 107 және 107-1-бабтарында белгіленген кезектілікті сақтай отырып тізілімді қалыптастырады.
47. Кредиторлардың сотқа бұрын өздері мәлімдеген талаптары, егер олар Заңның 90 бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сай келсе, кредитордың өтініші болған кезде тізілімге енгізілуі мүмкін.
48. Уақытша басқарушымен кезектілікті сақтай отырып тізілімді қалыптастыру тәртібі осы Қағидалардың 2 тарауының 1, 2, 3 және 4-бөліктеріне сәйкес өткізіледі
49. Тізілімді қалыптастыру тәртібі осы Қағидалардың 33, 34, 35 және 36-тармақтарына сәйкес өткізіледі
50. Уақытша басқарушы тізілімді қалыптастырылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және талабы танылмаған кредиторлар тізімін, аумақтық мемлекеттік кірістер органның интернет-ресурсында жариалау үшін жібереді.
51. Тізілім интернет-ресурста орналастырылған күннен бастап қалыптастырылған болып саналады.
52. Тізілім тиісті аумақтық мемлекеттік кірістер органның интернет-ресурсында банкроттық рәсімі аяқталғанға дейін орналасады.
53. Оңалтылатын немесе таратылатын астық қабылдау кәсіпорнының тізілімін қалыптастыру осы Қағидаларға сәйкес "Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңының ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады.
Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.06.2021 № 626 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.54. Алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 29.06.2021 № 626 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.