Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 220 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 наурызда № 31985 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
- Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Қаржы
министрінің
2023 жылғы 28 ақпандағы
№ 220 бұйрығымен
бекітілген
Нысан

Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама

20 ___ жылғы "___" _____________ №________

      ___________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      ___________________________________________________________________

      "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және

      банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3-тармағына

      сәйкес (бұдан әрі – Заң) Сізді __________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.) (ол болған кезде)

      ___________________________________________________________________

      қаржы басқарушысы)

      ___________________________________________________________________

      (жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН))

      ___________________________________________________________________

      (борышкердің Т.А.Ә (ол болған кезде))

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (борышкердің ЖСН)

      Борышкердің тіркелген жерінің мекенжайы: _____________________________

      ___________________________________________________________________

      20 __ жылғы "_____" __________________ анықталған

      ___________________________________________________________________

      (азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және

      ___________________________________________________________________

      банкроттығы туралы заңнама нормаларын бұзу)

      __________________________________ бұзушылықтар туралы хабардар етеді.

      Хабарламаны қаржы басқарушысы хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде хабарламаның орындалуы туралы есепті мемлекеттік кірістер органына ұсына отырып, хабарламада көрсетілген бұзушылықтарды жою жолымен орындайды.

      Заңның 11-бабының 5-тармағына сәйкес хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, қаржы басқарушысы хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қарсылық жіберуге құқылы.

      Заңның 11-бабының 6-тармағына сәйкес бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне барумен профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне барумен профилактикалық бақылау тағайындауға әкеп соғады.

      Қосымша: анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы ____ парақта.

      Аумақтық мемлекеттік кірістер органының басшысы не басшы уәкілеттік берген тұлға:

      _________________________________________ _____________________

      (Т.А.Ә. (ол болған кезде)) (қолы)

      Мөр орны

      Хабарламаны алды: _____________________________________________

      (қаржы басқарушысының Т.А.Ә. (ол болған кезде)

      ___________________________________________________________________

      (қолы, күні)

      Хабарлама қаржы басқарушысына жіберілді: _______________________

      ___________________________________________________________________

      (жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжат)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады