БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің, сондай-ақ оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 1 тамыздағы № 314-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28994 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларында:
5, 6 және 7 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Уәкілетті орган төлемдер кестесіне сәйкес шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператордың (бұдан әрі - Оператор) ағымдағы шотына осы Қағидалар шеңберінде өтініш берушілердің шығындарының бір бөлігін кейіннен өтеуге дейін өнеркәсіпті мемлкеттік ынталандыру шараларын ұсынуға көзделген қаражатты аударады.
6. Қазақстан Республикасының резиденті – екінші деңгейдегі банк Оператордың ағымдағы шоты бойынша есептейтін барлық сыйақылар ағымдағы шоттағы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну үшін бөлінген қаражат сомасына қосылады және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну үшін пайдаланылады.
7. Оператор:
1) жыл сайынғы негізде не уәкілетті органның сұрау салуы бойынша оған бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуы туралы есеп береді;
2) келісім жасасады (екіжақты не/немесе үшжақты), сондай-ақ өтініш берушіге тараптар жасасқан келісімнің талаптарын бұзған жағдайда, қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде отандық тауарлар мен өңдеу өнеркәсібінің қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі шығындардың бір бөлігін өтеу шеңберінде берілген ақшалай қаражатты қайтаруды қамтамасыз етеді.
3) Республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде осы Қағидалар шеңберінде өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуды жүзеге асырады.";
9 тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) тауарлардың ұйым стандарттарын қоса алғанда, техникалық регламенттерде, стандарттарда белгіленген талаптарға немесе шарттардың талаптарына сәйкестігін бағалау рәсімдеріне немесе тауарларды шетелде өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығын растауға байланысты іс-шараларды жүргізуге арналған шығындар (сәйкестікті бағалау туралы құжаттар), сондай-ақ шығындар, сертификаттау рәсімінен өту үшін өнімнің сынамалық үлгілерін сынау пунктіне дейін жеткізу және кері қайтару кезінде келтірілген (рәсімдерден оң өткен және сәйкестікті бағалау туралы құжат болған кезде);";
12 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Осы Қағидалардың 9 және 10-тармақтарында көрсетілген түрлер бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу Қазақстан Республикасының жанама салықтары (қосылған құн салығы және акциздер) есепке алынбай жүзеге асырылады.
Осы Қағидалардың 9 – тармағы 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) тармақшалары мен 10-тармағында 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген шығындардың бір бөлігін өтеудің жиынтық мөлшері ағымдағы қаржы (күнтізбе) жылында бір өтініш берушіге 13 000 (он үш мың) айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі-АЕК) аспауы тиіс.
Инвестициялық жобаны (инвестициялық басым жобаны және (немесе) арнайы инвестициялық жобаны) іске асыратын заңды тұлға өтініш беруші болып табылатын өтінімдерді қоспағанда, осы Қағидалардың 9-тармағының, 9) тармақшада көрсетілген түрі бойынша шығындардың бір бөлігін өтеудің шекті мөлшері:
1) жоғарғы бөліністегі тауарлар үшін өтінім берілген жылдың алдындағы жылы қайтарылған ҚҚС сомасын шегере отырып төленген салықтар сомасының 100% мөлшерінде;
2) орташа бөліністегі тауарлар үшін өтінім берілген жылдың алдындағы жылы қайтарылған ҚҚС сомасын шегере отырып төленген салықтар сомасының 80% мөлшерінде;
3) төменгі бөліністер үшін өтінім берілген жылдың алдындағы жылы қайтарылған ҚҚС сомасын шегере отырып төленген салықтар сомасының 50% мөлшерін құрайды.
Өтінім беруші ресми өкіл (дистрибьютор)/трейдер / еншілес компания болып табылатын өтінімдер бойынша осы Қағидалардың 9-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген түрі бойынша шығындардың бір бөлігін өтеудің шекті мөлшері:
1) жоғарғы бөліністегі тауарлар үшін қайтарылған ҚҚС сомасын шегере отырып, өтінім беруші мен өндіруші бірлесіп, өтінім берген жылдың алдындағы жылы төленген салықтар сомасының 100% мөлшерінде;
2) орташа бөліністегі тауарлар үшін қайтарылған ҚҚС сомасын шегере отырып, өтінім беруші мен өндіруші бірлесіп өтінім берген жылдың алдындағы жылы төленген салықтар сомасының 80% мөлшерінде;
3) төменгі бөліністегі тауарлар үшін қайтарылған ҚҚС сомасын шегере отырып, өтінім беруші мен өндіруші бірлесіп өтінім берген жылдың алдындағы жылы төленген салықтар сомасының 50% мөлшерін құрайды.
Бұл ретте өтінімдерді ағымдағы қаржы жылына бір ғана өтініш беруші (бір/бір еншілес компания, ресми өкіл (дистрибьютор/трейдер) береді.
Осы Қағидалардың 9-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген түрі бойынша шығындар бөлігінің жиынтық мөлшері, өтініш берушілерді қоспағанда, ағымдағы қаржы (күнтізбе) жылында бір отандық өндірушіге (өндірілген өнімді өткізетін өтініш берушінің еншілес компаниялары мен ресми өкілдіктері (дистрибьюторлары) берген өтінімдер санына қарамастан) 75 000 (жетпіс бес мың) АЕК аспауы тиіс, Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен Көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 мамырдағы № 303 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28283 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 293 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28261 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік жинау туралы Келісім (Бұдан әрі - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 мамырдағы № 304 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28282 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді өнеркәсіптік жинау туралы Келісім (Бұдан әрі - Келісім көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы).
Тауарларды өз автокөлігімен жеткізу кезінде шығындардың бір бөлігін өтеу жүрістің 1 (бір) километріне 0,04 АЕК есебінен жүргізіледі. Қашықтықты есептеу ашық көздерден, жүкті түсіру пунктінен интернет ресурстардан және халықаралық тауар-көлік жүкқұжатында көрсетілген жүкті тиеу орнынан есептеледі.
Егер өтініш беруші көліктің бірнеше түрі пайдаланылған тасымалдау шығындарын шеккен болса, онда көліктің әрбір түрі бойынша шығындардың бір бөлігі осы тармақтың шарттарына сәйкес өтелетін болады.";
14 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Оператор өтінімдерді қабылдау веб-порталын, өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақытын көрсете отырып, өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыруды республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында және веб-порталда орналастырады.
Өтінімдерді қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында және веб-порталда хабарландыру жарияланғаннан кейін бір айдан кейін аяқталады.
Оларды қабылдау аяқталған күннен кейін келіп түскен өтінімдер өтініш берушіге тиісті хабарлама жіберіле отырып, қабылданбауға жатады.";
17 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Өтінім беруші осы Қағидалардың 9-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген шығындардың бір бөлігін өтеуді алу үшін өтінім жіберген кезде мынадай растайтын құжаттарды "PDF (Portable Document Format)" (Портейбл құжат Формат)" электрондық форматында қоса береді:
1) СТ-KZ нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың не сәйкестік туралы декларацияның не өтелетін кезеңге қолданыстағы индустриялық сертификаттың не тауардың шығу тегі туралы сертификаттың көшірмесі;
2) экспорт кезінде рәсімделетін тауарларды жеткізу шарттары бойынша тауардың шығу тегі туралы сертификаттың көшірмесі (тек ресми өкілдер (дистрибьюторлар)/трейдерлер/еншілес компаниялар үшін);
3) өтініш беруші мен сатып алушы арасында жасалған тауарларды жеткізуге арналған шарттардың көшірмелері;
4) өтінім беруші мен өндіруші арасында жасалған отандық өңдеуші өнеркәсіптік тауарлар мен қызметтерді іске асыру жөніндегі шарттардың көшірмелері (тек ресми өкілдер (дистрибьюторлар)/трейдерлер/ еншілес компаниялар үшін);
5) Бірінші басшылардың қолымен, мөрмен (бар болса) бекітілген шот-фактуралардың (инвойстың), орындалған жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің актілерінің және өзара есеп айырысуларды салыстыру актілерінің көшірмелері.
Бірінші басшылардың қолымен, мөрмен (бар болса) бекемделген өзара есеп айырысуларды салыстыру актілері болмаған кезде өтініш берушінің Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу фактісін растайтын төлем құжаттары және төлем шоттарының көшірмелері (егер төлем құжаттарында көзделсе) ұсынылады.
Егер көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының бейрезиденті болса, осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген құжаттардың орнына қызмет көрсету фактісін растайтын құжаттар, өтініш берушінің жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді төлеу фактісін растайтын төлем құжаттары және төлем шоттарының көшірмелері (егер төлем құжаттарында көзделсе) ұсынылады.
6) Заңның 62, 63, 64 - баптарына сәйкес көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің не Ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің не көлік құралдарына және (немесе)ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің көшірмесі (болған кезде);
7) орындалған жұмыстар/көрсетілген қызметтер актісіне таратып жазу;
8) көлік түріне байланысты келесі құжаттар ұсынылады:
1) Автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде:
халықаралық тауар-көлік жүкқұжаты;
көлік құралын тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (өз автокөлігімен тасымалдау кезінде ұсынылады);
2) Теміржол көлігімен тасымалдау кезінде:
темір жол көлік жүкқұжаты;
тасымалдау туралы шартқа орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің тізбесі (егер орындалған жұмыстар/көрсетілген қызметтер актісінде олар туралы толық ақпарат көрсетілмесе);
3) әуе көлігімен тасымалдау кезінде:
әуе жүк қоймасы;
4) теңіз көлігімен тасымалдау кезінде:
коносамент немесе теңіз жүкқұжаты.";
22 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Өтінім мен ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың талаптарына толық және сәйкес келмеген, сондай-ақ өтініш беруші жасалған келісім/келісімдер бойынша 2 (екі) жыл ішінде өнімді сатудан және қызмет көрсетуден түскен валюталық түсім кірістерінің көлемін кемінде 10% - ға ұлғайту бөлігінде қабылданған қарсы міндеттемелерді бұзған жағдайда Оператор 15 (он бес) жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы өтініш берушіге, сондай-ақ өтініш берушінің электрондық поштасына тиісті ескертулер жібереді.
Жаңадан ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың талаптарына толық және сәйкес келмеген жағдайда Оператор 30 (отыз) жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы, сондай-ақ өтініш берушінің электрондық поштасына қайта хабарлама жібереді.";
24 және 25 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес өтініш беруші шығындарының бір бөлігін өтеуден бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін Оператор өтінімді қарау мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге алдын ала шешім, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін уақытын және тыңдауды өткізу орнын (тәсілі) жібереді. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Өтініш беруші өз қарсылығын ауызша білдірген жағдайда, Оператор тыңдау хаттамасын жүргізеді.
25. Оператор шығындардың бір бөлігін өтеу мүмкіндігі туралы шешім қабылданған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде өтініш берушімен (өндіруші) және уәкілетті органмен екіжақты келісім жасасады.
Оператор шығындардың бір бөлігін өтеу мүмкіндігі туралы шешім қабылданған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде өтініш берушімен (ресми өкіл (дистрибьютор)/трейдер/еншілес компания), өндірушімен және уәкілетті органмен үшжақты келісім жасасады.
Өтініш беруші (өндіруші) және (немесе) өтініш беруші (ресми өкіл (дистрибьютор)/трейдер/еншілес компания) көрсетілген мерзім ішінде келісімге (екіжақты немесе үшжақты) қол қоюдан бас тартқан немесе қол қоймаған кезде Оператор шығындардың бір бөлігін өтеуді өтініш берушіге жүргізбейді.".
ҚР ӘРПК 73-бабының 4-тармағына сәйкес, өтініш беруші өз қарсылығын ауызша білдірген жағдайда, Оператор тыңдау хаттамасын жүргізеді.".
2 Қосымшаға Сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі
Мынадай мазмұндағы реттік нөмерлері 859-1 – 859-9, жолдарымен толықтырылсын:
"
859-1 | 220300 | Мия сырасы | Төменгі |
859-2 | 220410 | Күміс шараптар | Төменгі |
859-3 | 220421 | Өзге де шараптар; сыйымдылығы 2 л аспайтын ыдыстарда спирт қосу жолымен ашытуы алдын алынған немесе тоқтатылған жүзім ашытқысы | Төменгі |
859-4 | 220422 | Күшейтілген жүзім шарабы; 2009 тауар позициясында көрсетілгендерден басқа, жүзім шырыны, өзге де шараптар; ашуы спирт қосу жолымен алдын алынған немесе тоқтатылған жүзім шырыны: сыйымдылығы 2 л-ден астам ыдыстарда, н | Төменгі |
859-5 | 220429 | Сыйымдылығы 2 л-ден асатын ыдыстарда спирт қосу жолымен ашытылуы алдын алған немесе тоқтатылған жүзім ашытқысы бар өзге де шараптар | Төменгі |
859-6 | 220430 | Өзге де жүзім шырындары | Төменгі |
859-7 | 220510 | Сыйымдылығы 2 л аспайтын ыдыстарда өсімдік немесе хош иісті экстраттар қосылған Вермуттар және өзге де табиғи жүзім шараптары | Төменгі |
859-8 | 220590 | Сыйымдылығы 2 л астам ыдыстардағы өсімдік немесе хош иісті концентраттар қосылған өзге де вермуттар мен табиғи жүзім шараптары | Төменгі |
859-9 | 220600 | Ашытылған өзге де сусындар (алма сидрі, перри [алмұрт сидрі], бал сусыны); ашытылған сусындардан жасалған қоспалар және ашытылған сусындар мен алкогольсіз сусындардың қоспалары, басқа жерде аталмаған | Төменгі |
";
Мынадай мазмұндағы реттік нөмерлері 864-1 – 864-7, жолдарымен толықтырылсын:
"
864-1 | 220820 | Жүзім шарабын немесе жүзімнің сығылуын дистилляциялау нәтижесінде алынған спирт тұнбалары | Төменгі |
864-2 | 220830 | Виски | Төменгі |
864-3 | 220840 | Ром және тафия | Төменгі |
864-4 | 220850 | Джин және арша тұнбалары | Төменгі |
864-5 | 220860 | Арақ | Төменгі |
864-6 | 220870 | Ликерлер | Төменгі |
864-7 | 220890 | Өзге де спирттік ішімдіктер | Төменгі |
".
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің экспортты ілгерілету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен келесіні қамтамасыз етсін:
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі |
С. Жумангарин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі