ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 07.03.2023 бастап қолданысқа енгізіледі
"Өсімдіктер дүниесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның мөлшерлерін есептеуге арналған базалық мөлшерлемелері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2023 жылғы 7 наурыздан бастап күшіне енеді және ресми жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі |
З. Сулейменова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 23 ақпандағы № 61 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтiрiлген зиянның мөлшерлерiн есептеуге арналған базалық мөлшерлемелері
1. Жабайы өсімдіктерді заңсыз алып қойғаны, дайындағаны (жинағаны), бүлдіргені немесе өлтіргені үшін
№ р/с | Зиян түрлері | Өлшем бірлігі | Айлық есептік көрсеткіштермен алғанда залалды өтеу мөлшері |
---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Жас шыбықтар мен өскіндерді жою немесе зақымдау: | ||
1) қылқан жапырақты тұқымдастар |
1 дана үшін |
2 | |
2 | Биіктігі 1 м дейінгі ағаштар мен бұталарды өз бетімен қазып алу* | 1 дана үшін | 10 |
3 | Байламының диаметрі 10 см-ге дейінгі ағаштар мен бұталар шыбықтарын өз бетімен дайындау | 1 байлам үшін | 0,1 |
4 | Рұқсат беру құжаттары немесе хабарлама жіберу бойынша ғана тыйым салынған немесе рұқсат етілетін барлық санаттағы жерлерде дәрі-дәрмектік өсімдіктерді және техникалық шикізатты өз бетімен жинау | 1 килограмм үшін | 0,3 |
5 | Жердің құнарлы үстіңгі қабатын алу: | ||
1) 25 см-ге дейінгі тереңдікте | 1 шаршы метр үшін |
3 |
Ескертпе:
* - осыдан кейінгі әрбір метр үшін залалды өтеу мөлшеріне 1 айлық есептік көрсеткіш қосылады.
2. Жеке және заңды тұлғалардың жердің барлық санаттарында Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді заңсыз өндіргені, дайындағаны, зақымдағаны немесе жойғаны үшін
Р/с № | Өсімдіктер тобы мен зақымның түрі | Айлық есептік көрсеткіштермен алғанда залалды өтеу мөлшері |
---|---|---|
1 | 2 | 3 |
1 | Ағаштың, бұтаның, лиананың әрбір данасы үшін: | |
1) өсуін тоқтату дәрежесіне жеткізбей зақымданған кезде |
500 | |
2 | Мөлшеріне қарамастан, арнайы рұқсатсыз өндірілген, зақымданған немесе жойылған әрбір шөп тұқымдас өсімдік немесе саңырауқұлақтың жемісті бөлігі үшін | 0,5 |
3 | Зақымданған немесе жойылған мүк пен қынаның әрбір шаршы метрі үшін | 2,3 |
Ескертпе:
Өсімдіктер дүниесіне келтірілген зиянды өтеу жабайы өсетін өсімдіктерді заңсыз алып қойғаны, дайындағаны (жинағаны), бүлдіргені немесе олардың құрып кеткені үшін қылмыстық, әкімшілік немесе азаматтық-құқықтық жауаптылық тәртібімен жүзеге асырылады.
Өсімдіктер дүниесіне зиянды өтеу мөлшерін осы базалық мөлшерлемелерге сәйкес уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшелері айқындайды.