Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 45 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын бекіту, Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 қазандағы № 194 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12318 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мыналар:
1) сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге жұмсалатын шығыстарының жол берілетін деңгейі сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінің 1,5 (бір жарым) пайызынан және әрбір сақтандыру төлемінің 3 (үш) пайызынан аспайтын мөлшерде;
2) сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесі кемінде 7 (жеті) пайыз мөлшерде белгіленсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін (бар болса) жүзеге асыру кезеңі 20__ жылғы "___"______ 20__ жылғы "___"______ және 20__ жылғы "___"______ - 20__ жылғы "___"______ аралығында _____ жыл (екінші сақтанушы бар болса) құрайды.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Сақтанушы (Сақтанушылар) және (немесе) сақтандырылушы (сақтандырылушылар) қайтыс болған жағдайда кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін және (немесе) сатып алу сомасын алуға (Сақтанушының (Сақтанушылардың) қалауы бойынша толтырылады) мынадай тұлға (Тұлғалар):
______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса),
______________________________________________________________
(тұрғылықты мекенжайы),
______________________________________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі),
________________________________(жеке басты куәландыратын құжат) (бірнеше алушылар болған кезде деректер әрбір алушы бойынша жеке көрсетіледі) болып табылады.";
14, 15 және 16- тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Сақтанушы (Сақтанушылар):
1) Сақтандырушы жүргізген сақтандыру төлемдері мөлшерінің есеп-қисабымен танысуға;
2) Сақтандырушы жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері мөлшерінің есеп-қисабын жүргізу үшін тәуелсіз сарапшыларды тартуға;
3) Шарттың көшірмесін алуға;
4) Сақтандырушымен Шарт жасасу кезінде немесе қолданыстағы Шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сақтандыру сыйлықақысын төлеу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға құқылы.
15. Сақтанушы (Сақтанушылар):
1) Шарт жасасқан немесе Шартқа өзгерістер енгізілген күннен бастап осындай шарттың және (немесе) Шартқа қосымша келісімнің түпнұсқасын бере отырып, күнтізбелік 10 (он) күн ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын хабардар етуге;
2) Шарт бұзылған кезде Шартты бұзу туралы өтінішпен жүгінуге және жаңа зейнетақы аннуитеті шарты жасалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жаңа сақтандыру ұйымымен немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалымен жасалған зейнетақы аннуитеті шартынның түпнұсқасын ұсынуға;
3) Сақтандырушы олар бойынша ай сайынғы сақтандыру төлемдерін жүзеге асыратын дербес деректер және (немесе) банктік деректемелер өзгерген кезде бұл туралы Сақтандырушыға осындай өзгерту болған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде хабарлауға міндетті. Сақтандырушыға банктік деректемелердің өзгергені туралы хабарламау Сақтандырушыны дұрыс банктік деректемелер бергенге дейін ай сайынғы сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудан босатады.
16. Сақтандырушы:
1) Сақтанушыны (Сақтандырушыларды) сақтандыру төлемдері мөлшерінің есеп-қисабымен таныстыруға;
2) Шартты Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен ресімдеуге;
3) жаңа сақтандыру ұйымымен немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалымен жасалған зейнетақы аннуитеті шартының түпнұсқасын алған сәттен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілген сақтандыру ұйымына немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалына сатып алу сомасын аударуға;
Жаңа сақтандыру ұйымымен немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру ұйымының филиалымен жасалған зейнетақы аннуитеті шартының түпнұсқасын алған күннен бастап кесте бойынша төлемдерді тоқтатуға;
4) Шартта көзделген сақтандыру төлемдері уақтылы жүзеге асырылмаған кезде Сақтанушыға (Сақтанушыларға) немесе сақтандырылушыға (сақтандырылушыларға) мерзімін өткізіп алған әр күн үшін төленбей қалған соманың 1,5 (бір жарым) пайызы мөлшерінде өсімпұл төлеуге, бірақ төленбеген соманың 50 (елу) пайызынан артық емес;
5) Сақтандырушының шотына сақтандыру сыйлықақысы сомасы аударылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Шарт бойынша оның түскені туралы Сақтанушыға аударылған зейнетақы жинақтарының сомаларын көрсете отырып, жазбаша немесе Шарт тараптарының келісімінде айқындалған өзге тәсілмен хабарлауға;
6) Сақтанушы (Сақтанушылар) және (немесе) сақтандырылушы (сақтандырылушылар) қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға Шарттың 10-тармағында белгіленген мөлшерде жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы түрінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға;
7) шарттың талаптарын сақтандыру төлемдерінің мөлшерін азайту бөлігінде өзгерту және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ақшаны қайтару туралы өтінішті алған кезден бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде Шарттың 26-тармағында көзделген мөлшерде қайтаруға жататын ақша сомасын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға міндетті.";
1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң), "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру сыйлықақысының және сақтандыру төлемінің есебіне қойылатын талаптарды белгілейді.
Әдістеменің сақтандыру ұйымдарына қатысы бойынша қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының Қазақстан Республикасының аумағында ашылған филиалдарына қолданылады.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Сақтандыру ұйымдары зейнетақы аннуитеті шарты бойынша болашақ сақтандыру төлемдерінің ағымдағы құн факторын есептеу кезінде Әдістемеге 2-қосымшада көрсетілген және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 28 қаулысымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6156 болып тіркелген Аннуитет шарты бойынша аннуитеттік төлемдерді есептеу және аннуитет шарты мен сақтандырушының жасалатын аннуитет шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейіне қойылатын талаптар туралы қағидаларға 1-қосымшада (бұдан әрі – № 28 Қағидаларға 1-қосымша) белгіленген зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдерін есептеу үшін өлім-жітім көрсеткіштерін пайдаланады.
Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша болашақ сақтандыру төлемдерінің ағымдағы құн факторын есептеу кезінде мынадай өлім-жітім көрсеткіштері пайдаланылады:
1) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші топтағы мүгедектігі бар тұлғалар үшін – № 28 Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген кәсіби еңбекке жарамдылығын 90-100%-ға жоғалтқан тұлғалар үшін;
2) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, екінші топтағы мүгедектігі бар тұлғалар үшін – № 28 Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген кәсіби еңбекке жарамдылығын 60-89%-ға жоғалтқан тұлғалар үшін;
3) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, үшінші топтағы мүгедектігі бар тұлғалар үшін – № 28 Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген кәсіби еңбекке жарамдылығын 30-59%-ға жоғалтқан тұлғалар үшін;
4) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 32-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген және осы тармақтың екінші бөлігі 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілмеген тұлғалар үшін – № 28 Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген кәсіби еңбекке жарамдылығын 5-29%-ға жоғалтқан тұлғалар үшін;
5) осы тармақтың екінші бөлігі 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілмеген – Әдістемеге 2-қосымшада көрсетілген тұлғалар үшін.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін есептеу кезінде ұлттық валютада жылдық 9 (тоғыз) пайыздан аспайтын мөлшерде кірістіліктің тиімді жылдық пайыздық мөлшерлемесі пайдаланылады.";
1-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн ішінде күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2023 жылғы 20 ақпандағы № 4 Қаулыға 1-қосымша |
|
Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартына 1-қосымша |
Сақтандыру төлемдерінің кестесі
Бірінші сақтандырылушы үшін төлеу күні | Бірінші сақтандырылушы үшін мерзімді сақтандыру төлемінің мөлшері (теңге) | Бірінші сақтандырылушы үшін сатып алу сомасының мөлшері (теңге) | Екінші сақтандырылушы үшін төлеу күні | Екінші сақтандырылушы үшін (бар болса) мерзімді сақтандыру төлемінің мөлшері (теңге) | Екінші сақтандырылушы үшін (бар болса) сатып алу сомасының мөлшері (теңге) |
2018 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған зейнетақы аннуитетінің шарттары бойынша мерзімді сақтандыру төлемдері ай сайынғы немесе тоқсан сайынғы, немесе жартыжылдық, немесе жылдық негізде жүзеге асырылады.
Жыл бойы тоқсан сайынғы немесе жартыжылдық, немесе жыл сайынғы негізде жүзеге асырылатын мерзімді төлемдер сомасы жыл ішінде ай сайынғы негізде жүзеге асырылатын мерзімді сақтандыру төлемдері сомасының мәнінен кем болмайды.
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған зейнетақы аннуитетінің шарттары бойынша сақтандыру төлемдері ай сайын жүзеге асырылады.
Актуарий ____________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
Қаулыға 2-қосымша |
|
Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартына 2-қосымша |
Нысан
20___ жылғы "___" ___________ № ___________ зейнетақы аннуитеті шартына қорытынды
Сақтандырылушы туралы ақпарат | |
Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) | |
Туылған күні, жасы | |
Жынысы | |
Екінші сақтандырылушы туралы ақпарат (бар болса) | |
Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) | |
Туылған күні, жасы | |
Жынысы | |
Шарт бойынша ақпарат | |
Зейнетақы аннуитеті шартын жасау негіздемесі | |
Сақтандыру сыйлықақысының сомасы | |
Бірінші Сақтанушы үшін сақтандыру төлемдерінің мөлшеріне қарай есептелген сақтандыру сыйлықақысының мөлшері | |
Екінші Сақтанушы үшін сақтандыру төлемдерінің мөлшеріне қарай есептелген сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (екінші сақтанушы болған кезде) | |
Басқа сақтандыру ұйымынан сатып алу сомасының мөлшері | |
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарының сомасы | |
Екінші Сақтанушы үшін басқа сақтандыру ұйымынан сатып алу сомасының мөлшері (екінші сақтанушы болған кезде) | |
Екінші Сақтанушы үшін (екінші сақтанушы болған кезде) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарының сомасы | |
Бірінші аннуитент үшін сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мерзімі | |
Екінші аннуитент үшін сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мерзімі | |
Бірінші сақтандырылушы үшін кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мерзімі (бар болса) | 20___ жылғы "____" ______________ бастап 20___ жылғы "____" _____________ аралығы. |
Екінші сақтандырылушы үшін кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мерзімі (бар болса) | 20___ жылғы "____" ______________ бастап 20___ жылғы "____" _____________ аралығы. |
Кірістіліктің тиімді жылдық пайыздық мөлшерлемесі | |
Индекстеу мөлшерлемесінің мөлшері | |
Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерінен істі жүргізуге арналған шығыстар (пайыздарда) | |
Сақтандыру төлемінің мөлшерінен істі жүргізуге арналған шығыстар (пайыздарда) | |
Кепілдік берілген сақтандыру төлемдері ескерілген ағымдағы құн факторы (бар болса) | |
Кепілдік берілген сақтандыру төлемдері (бар болса) мен шығыстар ескерілген ағымдағы құн факторы | |
Бірінші сақтандырылушы үшін бірінші мерзімді сақтандыру төлемінің мөлшері | |
Екінші сақтандырылушы үшін (бар болса) бірінші мерзімді сақтандыру төлемінің мөлшері |
"Зейнетақы аннуитеті шартын жасау негіздемесі" жолында зейнетақы аннуитеті шартын жасауға негіз болған "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормасын (нормаларын) көрсету қажет.
Актуарий _____________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
Қаулыға 3-қосымша |
|
Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесіне 1-қосымша |
Зейнетақы жинақтарының және сақтандыру сыйлықақысының ағымдағы құнының факторын, жеткіліктілігін, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша мерзімді сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу
1. Ағымдағы құн факторы дисконтталатын фактордың, тиісті дәрежелердегі индекстеу мөлшерлемесінің және зейнетақы аннуитеті шартын жасасу күнгі жастан бір жылға сақтандыру төлемдерін алу жасына дейінгі алушының өмір сүру көрсеткіші (көрсеткіштері) көбейтіндісі сомасының, дисконтталатын фактордың және тиісті дәрежелердегі индекстеу мөлшерлемесінің көбейтіндісі ретінде әрбір сақтанушы бойынша жеке айқындалады:
мұндағы:
äx0 – x0 – жастағы аннуитенттер үшін ағымдағы құн факторы;
– дисконтталатын фактор;
i – кірістіліктің тиімді пайыздық мөлшерлемесі;
j – индекстеу мөлшерлемесі;
– x жасынан x + t жасына дейін аннуитенттің өмір сүру ықтималдылығы;
x – аннуитенттердің аннуитеттік төлемдерді ала бастаған күнгі жасы;
x0 – аннуитенттердің зейнетақы аннуитеті шарты жасалған сәттегі жасы;
t – мәні 0-ден ∞-ге дейінгі ауыспалы.
Кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру кезеңінде және зейнетақы аннуитеті шартын жасасқаннан бастап "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабының 13-тармағында көрсетілген жасқа дейінгі кезеңде аннуитенттің өмір сүру ықтималдығы бірге тең;
m – сақтандыру төлемдерінің кезеңділігі.
2. Сақтандыру ұйымының шығыстарын есептегендегі ағымдағы құн факторы:
мұндағы:
ä – ағымдағы құн факторы;
c – сақтандыру сыйлықақысының мөлшеріндегі істі жүргізуге арналған шығыстар (пайызбен);
d – сақтандыру төлемінің мөлшеріндегі істі жүргізуге арналған шығыстар (пайызбен).
3. Зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігі және зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы мынадай формула бойынша есептеледі:
мұнда:
СС – сақтандыру сыйлықақысы;
ЗЖ – зейнетақы жинақтары, екі Сақтанушы болған жағдайда, Сақтанушылардың зейнетақы жинақтарының сомасы;
СТ – сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитеті шартын жасау күніне қолданыстағы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 (жетпіс) пайызынан төмен емес;
m – сақтандыру төлемдерінің кезеңділігі;
ä1 – аннуитенттің ағымдағы құнының факторы (бірінші аннуитенттің, шартты екі сақтанушы жасаған кезде);
ä2 – екінші аннуитенттің ағымдағы құнының факторы;
c – сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінен істі жүргізуге жұмсалатын шығыстар (пайызбен);
d – сақтандыру төлемі мөлшерінен істі жүргізуге жұмсалатын шығыстар (пайызбен);
– екінші сақтандырылушының сақтандыру төлемдері мөлшерінің бірінші сақтандырылушының сақтандыру төлемдерінің мөлшеріне қатынасына тең коэффициент (шартты екі сақтанушы жасаған кезде). Бір сақтанушы зейнетақы аннуитеті шартын жасау кезінде 0 (нөлге) тең мән қабылданады.
Екі сақтанушы зейнетақы аннуитеті шартын жасаған кезде зейнетақы жинақтары мен зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының жеткіліктілігін есептеу мақсатында сақтандыру төлемінің мөлшері ретінде бірінші сақтандырылушының сақтандыру төлемінің мөлшері пайдаланылады.
Екі сақтанушы зейнетақы аннуитеті шартын жасаған кезде әрбір сақтанушы үшін сақтандыру төлемдерінің мөлшерін негізге ала отырыпй есептелген сақтандыру сыйлықақысының мөлшері былайша айқындалады:
мұнда:
СС – әр сақтанушы бойынша сақтандыру сыйлықақысы;
СТ – сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитеті шартын жасау күніне қолданыстағы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 (жетпіс) пайызынан төмен емес;
m – сақтандыру төлемінің кезеңділігі;
ä – әр аннуитент бойынша ағымдағы құнның факторы;
c – сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінен істі жүргізуге жұмсалатын шығыстар (пайызбен);
d – сақтандыру төлемі мөлшерінен істі жүргізуге жұмсалатын шығыстар (пайызбен).
4. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша мерзімді сақтандыру төлемінің мөлшері мынадай формула бойынша айқындалады:
мұнда:
СС – сақтандыру сыйлақысы;
СТ – сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитеті шартын жасау күніне қолданыстағы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 (жетпіс) пайызынан төмен емес.
Екі сақтанушы зейнетақы аннуитеті шартын жасасған кезде екінші сақтандырылушының сақтандыру төлемінің мөлшері бірінші сақтандырылушының сақтандыру төлемінің және g мөлшерінің көбейтіндісі ретінде айқындалады
m – сақтандыру төлемдерінің кезеңділігі;
ä1 – аннуитенттің ағымдағы құнының факторы (бірінші аннуитенттің, шартты екі сақтанушы жасаған кезде);
ä2 – екінші аннуитенттің ағымдағы құнының факторы;
c – сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінен істі жүргізуге жұмсалатын шығыстар (пайызбен);
d – сақтандыру төлемі мөлшерінен істі жүргізуге жұмсалатын шығыстар (пайызбен);
– екінші сақтандырылушының сақтандыру төлемдері мөлшерінің бірінші сақтандырылушының сақтандыру төлемдерінің мөлшеріне қатынасына тең коэффициент (шартты екі сақтанушы жасағаан кезде). Бір сақтанушымен зейнетақы аннуитеті шартын жасау кезінде 0 (нөлге) тең мән қабылданады.