Бюджет қаражаты есебінен орындалатын геодезиялық, картографиялық жұмыстардың және аэроғарыштық түсірілім жұмыстарының тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 72/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 7 наурызда № 32021 болып тіркелді

      "Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Бюджет қаражаты есебінен орындалатын геодезиялық, картографиялық жұмыстардың және аэроғарыштық түсірілім жұмыстарының тізбесі бекітілсін.

      2. "Республикалық бюджет қаражаты есебінен орындалатын топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 163 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10139 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
      аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
2023 жылғы 3 наурыздағы
№ 72/НҚ Бұйрықпен
бекітілген

Бюджет қаражаты есебінен орындалатын геодезиялық, картографиялық және аэроғарыштық түсірілім жұмыстарының тізбесі

      1. Жердің пішінін, көлемін мен сыртқы гравитациялық өрісін айқындау.

      2. Мемлекеттік есептеу жүйелерінің, топографиялық карталар мен жоспарлардың картографиялық проекцияларының параметрлерін айқындау.

      3. Тығыздығы мен дәлдігі топографиялық карталар мен жоспарларды, квазигеоид карталарын жасауды, қорғаныстық, ғылыми-зерттеу және өзге де міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін, іргелі астрономиялық-геодезиялық желінің, дәлдігі жоғары геодезиялық желінің, спутниктік геодезиялық желінің, мемлекеттік геодезиялық желілердің тұрақты жұмыс істейтін референттік станцияларының, астрономиялық-геодезиялық желінің, геодезиялық жиілету желісінің, барлық сыныптағы нивелирлік желілердің, іргелі гравиметриялық желі мен бірінші сыныпты гравиметриялық желілердің пункттері жататын мемлекеттік геодезиялық желілерді құру, жаңғырту, дамыту, сақталуын қамтамасыз ету және жұмыс істейтін жағдайында ұстау.

      4. Геодезиялық пункттердің координаттар каталогтарын және нивелирлік каталогтарды құру, жүргізу және есепке алу.

      5. Дәлдігі мен мазмұны жалпымемлекеттік, салааралық, қорғаныстық, ғылыми-зерттеу және өзге де міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін топографиялық карталар мен жоспарларды, оның ішінде елді мекендердің жоспарларын, олардың карталары мен жоспарларын ашық пайдалануға түрлендіру, графикалық, цифрлық, фотографиялық, электрондық және өзге де нысандарда жасау, жаңарту және басып шығару.

      6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын межелеуді, шегендеуді және оның сызығының өтуін тексеруді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы теңіз кеңістіктерін межелеуді, ажыратуды геодезиялық, картографиялық, топографиялық және гидрографиялық қамтамасыз ету.

      7. Теңіздер, көлдер, өзендер, су қоймалары қайраңын картографиялау және топографиялық, навигациялық теңіз карталарын, теңіздердің, кеме жүзетін өзендер мен су айдындарының құралдарын, лоцияларын жасау.

      8. Мемлекеттің, оның қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігінің мүддесі, сондай-ақ теңіздерде, кеме жүзетін өзендер мен су айдындарында жалпы теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесі үшін геодезиялық, картографиялық, топографиялық және гидрографиялық жұмыстар жүргізу.

      9. Ұлттық кеңістіктік деректер қорының құрамына жатқызылған материалдар мен деректердің есебі, жиналуы, сақтауы және сақталуын қамтамасыз ету.

      10. Салааралық мақсаттағы жалпыгеографиялық, саяси-әкімшілік, ғылыми-анықтамалық және басқа да тақырыптық карталарды, жоспарлар мен атластарды, карта-схемаларды, картографиялық оқу құралдарын жасау және басып шығару.

      11. Географиялық атауларды стандарттау, есепке алу және қолданылуын ретке келтіру, Қазақстан Респубикасы географиялық атауларының дерекқорын жасау және жүргізу.

      12. Ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу және қазіргі заманғы технологияларды енгізу.

      13. Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеу.

      14. Геодезиялық, картографиялық және гравиметриялық жұмыстарды метрологиялық қамтамасыз ету.

      15. Инженерлік-геодезиялық ізденістер бойынша жобалау-сметалық құжаттамасын, аэротүсірілім, геодезиялық және картографиялық жұмыстар бойынша техникалық жобаларын әзірлеу.

      16. Жерді қашықтықтан зондтау, желілік және алаңдық үлгідегі инженерлік құрылысжайларды, жерасты құрылысжайлары мен желілерін жобалау және ізденістер, салу және пайдалану кезіндегі геодезиялық, картографиялық және басқа да арнаулы жұмыстар, кадастрлар мен өзге де ізденістерді және арнаулы жұмыстарды жүргізу.

      17. Жалпымемлекеттік, салааралық, қорғаныстық және ғылыми-зерттеу міндеттерін шешу үшін Жерді, оның ішінде шет мемлекеттер мен дүниежүзілік мұхиттың аумағын қашықтықтан зондтау және геодинамикалық зерттеу.

      18. Мемлекеттік функциялар мен міндеттерді орындауға бағытталған географиялық ақпараттық жүйелер мен ресурстар, геопорталдар, геосервистер жасау, дамыту және қолдап отыру.

      19. Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құру және дамыту.

      20. Жергілікті координаттық есептеу жүйелерін жасау және жаңартып отыру.

      21. Мемлекеттік, халықаралық, жергілікті координаттық есептеу жүйелері арасындағы трансформация және түрлендіру параметрлерін анықтау, нақтылау.

      22. Геодезиялық пункттерді есепке алу, тұрақты жұмыс істейтін референциялы станциялар желісінің тұтастығын бақылау.

      23. Мемлекеттік геодезиялық желілердің тұрақты жұмыс істейтін референциялы станциялар арқылы дәлдігі жоғары спутниктік тұрғыландыру мәліметтерін беру.

      24. Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық бірліктер шекараларының дерекқорын жүргізу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады