Республикалық бюджет қаражаты есебінен орындалатын топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 163 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 қаңтарда № 10139 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 72/НҚ бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 03.03.2023 № 72/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң күшіне енеді) бұйрығымен.

      "Геодезия және картография туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 15-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджет қаражаты есебінен орындалатын топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (Қ.Қ. Айтмұхаметов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Қ.А. Өскенбаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң күшіне енеді.

Министр

Е. Досаев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 163 бұйрығымен
бекітілген

Республикалық бюджет қаражаты есебінен орындалатын
топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың
тізбесі

      1. Жердің пішінін, мөлшері мен сыртқы гравитациялық өрісін анықтау.

      2. Жерді дистанциялық зондтау және геодинамикалық зерттеу.

      3. Тығыздығы мен дәлдігі мемлекеттік топографиялық карталар мен жоспарлар жасауды қамтамасыз ететін барлық кластағы мемлекеттік астрономиялық-геодезиялық, жерсеріктік геодезиялық және нивелирлік желілерді, іргелі және бірінші класты гравиметриялық желіні жасау, дамыту, зерттеу, қалпына келтіру.

      4. Дәлдігі мен мазмұны жалпы мемлекеттік, қорғаныс, ғылыми-зерттеу міндеттері мен өзге де міндеттердің шешімін қамтамасыз ететін мемлекеттік топографиялық карталар мен жоспарларды, оның ішінде қалалардың және елді мекендердің жоспарларын графикалық, цифрлық, фотографиялық электрондық және өзге де нысандарда жасау, жаңарту және басып шығару.

      5. Геодезиялық жерсеріктік технологияны енгізу және пайдалану.

      6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын делимитациялауды, демаркациялауды және оның өту сызығын тексеруді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының теңіз кеңістігін делимитациялауды геодезиялық, картографиялық, топографиялық және гидрографиялық қамтамасыз ету.

      7. Теңіздер, көлдер, өзендер, су қоймалары қайраңдарын картографиялау және топографиялық, навигациялық теңіз карталарын, көмекші құралдарды, теңіз, кеме жүзетін өзендер мен су айдындары лоцияларын жасау.

      8. Мемлекеттің, оның қорғанысы мен қауіпсіздігінің, сондай-ақ теңіздерде, кеме жүзетін өзендер мен су айдындарында жалпы теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүдделері үшін геодезиялық, картографиялық, топографиялық және гидрографиялық жұмыстар жүргізу.

      9. Шет мемлекеттер мен Дүниежүзілік мұхит аумағын қоса алғанда топографиялық және арнаулы карталар мен жоспарлар жасау және жаңарту үшін аэроғарыштық түсіру жұмыстары.

      10. Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорды қалыптастыру және жүргізу.

      11. Географиялық ақпараттық жүйелерді жасау және жүргізу.

      12. Жалпы географиялық, саяси-әкімшілік, ғылыми-анықтамалық және басқа да тақырыптық карталар, салааралық мақсаттағы жоспарлар мен атластар, картографиялық оқу құралдарын құрастыру және басып шығару.

      13. Географиялық атауларды стандарттау, есепке алу және олардың қолданылуын ретке келтіру, Географиялық атаулардың мемлекеттік каталогын жасау және жүргізу.

      14. Ғылыми-зерттеу, тәжірибелі-конструкторлық жұмыстар жүргізу және заманауи технологияларды енгізу.

      15. Геодезиялық және картографиялық қызмет саласындағы мемлекеттік нормативтерді әзірлеу.

      16. Геодезиялық және картографиялық техника өндірісін ұйымдастыру.

      17. Геодезиялық, картографиялық, топографиялық жұмыстарды метрологиялық қамтамасыз ету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады