"Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 166 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 234 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 7 наурызда № 32022 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 166 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16448 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 206-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Көлік құралдары салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша декларация (700.00-нысан)" салық есептілігін жасау қағидаларында:

      көрсетілген Қағидалардың 1-қосымшасы осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидалардың 2-қосымшасы осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2023 жылғы 3 наурыздағы
№ 234 бұйрығына
1-қосымша
  "Көлік құралдары салығы,
жер салығы мен мүлік салығы
бойынша декларация
(700.00-нысан)" салық
есептілігін жасау қағидаларына
1-қосымша

Салықтық жеңілдіктер кодтары:

Салықтық жеңілдіктер кодының №

Салықтық жеңілдіктер кодының атауы

1

Салық кодексінің 290-бабы 3-тармағында және 291-бабының 1-тармағында айқындалған заңды тұлғалар

2

арнайы экономикалық аймақтар аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар – арнайы экономикалық аймақтар аумағында орналасқан және Салық кодексінің 79-тарауында белгіленген ережелерді ескере отырып, Салық кодексінің 708-бабында көрсетілген қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша

3

инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйымдар – Салық кодексінің 712-бабында белгіленген ережелерді ескере отырып, инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін пайдаланатын жер учаскелері бойынша

4

Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым

5

балаларды сауықтыру мекемелері – осындай балаларды сауықтыру мекемелерінің балаларды сауықтыру жөніндегі өздерінің қызметінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша

6

негiзгi қызмет түрi ормандарды өртке қарсы жайластыру, өртке, орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес, табиғи биологиялық ресурстардың өсімін молайту және ормандардың экологиялық әлеуетiн арттыру жөнiндегi жұмыстарды орындау болып табылатын мемлекеттiк кәсiпорындар – өздері осы қызметте пайдаланатын жер учаскелері бойынша

7

балықты ұдайы молайту мақсатындағы мемлекеттiк кәсiпорындар – өздері балықты ұдайы молайту жөніндегі қызметте пайдаланатын жер учаскелері бойынша

8

психоневрологиялық және туберкулез мекемелері жанындағы емдеу-өндірістік кәсіпорындары

9

технологиялық парктер – Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген негізгі қызмет түрін жүзеге асыру үшін пайдаланылатын жер учаскелері бойынша

10

Салық кодексінің 289-бабының 4-тармағында көрсетілген діни бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды қоспағанда, Салық кодексінің 289-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалған коммерциялық емес ұйымдар

11

Салық кодексінің 290-бабының 2-тармағында айқындалған заңды тұлғалар – Салық кодексінің 290-бабының 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде пайдаланылатын жер учаскелері бойынша

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2023 жылғы 3 наурыздағы
№ 234 бұйрығына
2-қосымша
  "Көлік құралдары салығы,
жер салығы мен мүлік
салығы бойынша декларация
(700.00-нысан)" салық
есептілігін жасау қағидаларына
2-қосымша

Салықтық жеңілдіктер кодтары:

Салықтық жеңілдіктер кодының

Салықтық жеңілдіктер кодының атауы:

1

дiни бiрлестiктердi қоспағанда, Салық кодексінің 289-бабында айқындалған заңды тұлғалар

2

Салық кодексінің 290-бабында айқындалған заңды тұлғалар

3

негiзгi қызмет түрi кiтапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын ұйымдар

4

мемлекеттiк меншіктегі және бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын су қоймаларының, су тораптарының объектiлерi бойынша заңды тұлғалар

5

ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушi заңды тұлғалардың және шаруа немесе фермер қожалықтарының жерін суару үшiн пайдаланылатын гидромелиоративтік құрылыс объектiлерi бойынша заңды тұлғалар

6

ауыз сумен жабдықтау объектілері бойынша заңды тұлғалар

7

арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компаниялары – тиісті объект бойынша салық міндеттемесі туындаған салық кезеңін қоса алғанда, он салық кезеңі ішінде салық салу объектілері бойынша

8

"Ұлттық индустриалдық мұнай химиялық технопаркі" арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компаниялары – тиісті объект бойынша салық міндеттемесі туындаған салық кезеңін қоса алғанда, он салық кезеңі ішінде салық салу объектілері бойынша

9

Астана және Алматы қалаларының әуеайлақтарындағы ұшу-қону жолақтарын және әуежайларының терминалдарын қоспағанда, әуеайлақтардағы ұшу-қону жолақтары және әуежайлардың терминалдары бойынша заңды тұлғалар

10

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген негізгі қызмет түрін өздері жүзеге асырған кезде пайдаланатын объектілер бойынша технологиялық парктер

11

Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым

12

Салық кодексінің 291-бабының 1-тармағында айқындалған заңды тұлғалар

13

Салық кодексінің 79-тарауында белгіленген ережелер ескеріле отырып, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар

14

тұрғын үй қатынастары саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекіткен тізбеде айқындалған заңды тұлғалар – салықты мемлекеттік және (немесе) үкіметтік тұрғын үй құрылысы бағдарламаларын іске асыру шеңберінде осы бағдарламаға қатысушы болып табылатын жеке тұлғаға тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берілген салық салу объектілері


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады