"Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бонитердің (сыныптаушының), техник-ұрықтандырушының және эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маманның біліктілікті арттыру курстарынан өту және біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификатты алу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы |
Ә. Тамабек |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 3 наурыздағы № 82 бұйрығымен бекітілген |
Бонитердің (сыныптаушының), техник-ұрықтандырушының және эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маманның біліктілікті арттыру курстарынан өту және біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификатты алу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бонитердің (сыныптаушының), техник-ұрықтандырушының және эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маманның біліктілікті арттыру курстарынан өту және біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификатты алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 28-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және бонитердің (сыныптаушының), техник-ұрықтандырушының және эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маманның біліктілікті арттыру курстарынан өту және біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат алу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады.
1) бонитер (сыныптаушы) – асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органды (бұдан әрі – Уәкілетті орган) бонитирлеу бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны (тоқтатылғаны) туралы хабардар еткен жеке тұлға;
2) техник-ұрықтандырушы – уәкілетті органды жануарларды қолдан ұрықтандыру бойынша қызметті көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны (тоқтатылғаны) туралы хабардар еткен жеке тұлға;
3) эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маман – уәкілетті органды асыл тұқымды жануарлардың эмбриондарын алу, криоконсервациялау және транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі қызметтің басталғаны (тоқтатылғаны) туралы хабардар еткен жеке тұлға.
2-тарау. Біліктілікті арттыру курстарынан өту тәртібі
3. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне (бұдан әрі – тізілім) енгізілген бонитерлер (сыныптаушы), техник-ұрықтандырушы және эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі мамандар үш жылда бір рет міндетті түрде біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.
Көрсетілген мерзімді есептеу асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарлама тізілімге енгізілген жылдан кейінгі жылдан басталады.
4. Осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл ішінде тізілімде тұрған бонитерлер (сыныптаушы), техник-ұрықтандырушылар және эмбриондарды трансплантациялау (ауыстырып салу) жөніндегі мамандар біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Кейіннен біліктілікті арттыру курстарынан өту осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.
5. Бонитердің (сыныптаушының), техник-ұрықтандырушының және эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маманның біліктілігін арттыру Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы бейініндегі ғылыми және ғылыми-білім беру ұйымдары немесе асыл тұқымдық орталықтар (бұдан әрі–ұйымдар) курстар түрінде жүргізеді.
Біліктілікті арттыру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес бонитер (сыныптаушы), техник-ұрықтандырушы және эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маман мен ұйым арасында жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады.
6. Бонитердің (сыныптаушының), техник-ұрықтандырушының және эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маманның біліктілігін арттыру Заңын 13-бабы 4-8) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін бонитердің (сыныптаушының), техник-ұрықтандырушының және эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маманның біліктілігін арттыру курстарының үлгілік бағдарламаларына және олардың сағаттарының көлемдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
7. Бонитер (сыныптаушы), техник - ұрықтандырушы және эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маман біліктілікті арттыру курстарын аяқтағаннан кейін біліктілікті арттыруды жүргізген ұйымда тестілеуден өтеді.
3-тарау. Біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттарды алу қағидалары
8. Бақылау қорытындылары бойынша білімді бағалаудың оң нәтижесі болған кезде біліктілікті арттыруды жүргізген ұйым бонитерге (сыныптаушыға), техник-ұрықтандырушыға және эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маманға біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат береді.
Тестілеуден өтпеген бонитер (сыныптаушы), техник-ұрықтандырушы және эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маман тестілеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қайта тестілеуден өтеді.
9. Біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификатта:
1) біліктілігін арттырудан өткен бонитер (сыныптаушы), техник-ұрықтандырушы және эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маман туралы мәліметтер (аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі);
2) біліктілікті арттыруды жүргізген ұйымның атауы;
3) академиялық сағат саны;
4) біліктілікті арттыру кезеңі;
5) сертификат нөмірі, қала, берілген күні;
6) аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі және біліктілікті арттыруды жүргізген ұйым басшысының қолы.
10. Біліктілікті арттыруды жүргізген ұйым осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі туралы берілген сертификаттарды тіркеу журналын жүргізеді.
11. Біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың көшірмесін бонитер (сыныптаушы), техник-ұрықтандырушы және эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маман Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекцияларына оны алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде береді.
Аумақтық инспекциялар 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне (бұдан әрі – Комитет) біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдардың тізімін ұсынады.
Комитет 3 (үш) жұмыс күні ішінде біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдар туралы деректерді тізілімге енгізеді және оны Министрліктің ресми сайтында орналастырады.
Біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттарды тіркеу журналы
р/с |
Аты, әкесінің аты, тегі, |
Мекен | Сертификаттың № |
Берілген |