"Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы" 2022 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Базалық кеңістіктік деректердің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. |
А. Турысов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023 жылғы 10 наурыздағы № 85/НҚ Бұйрықпен бекітілген |
Базалық кеңістіктік деректердің тізбесі
1. Мемлекеттік геодезиялық қамтамасыз ету жүйесі, мемлекеттік геодезиялық, нивелирлік және гравиметриялық желілер, математикалық негіз жиынтығы;
2. жер бедері;
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы және әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекаралары;
4. жер учаскелері;
5. ғимараттар мен құрылыстар;
6. көлік инфрақұрылымы объектілері;
7. гидрография және гидротехникалық құрылыстар;
8. инженерлік коммуникациялар;
9. өсімдіктер;
10. топырақ;
11. географиялық объектілердің атаулары;
12. Жерді қашықтықтан зондтау ортофотопландары;
13. ерекше қорғалатын табиғи аумақтар.