Мемлекеттік емес музейлер әкелген кезде импорты қосылған құн салығынан босатылатын өнер туындыларының тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 наурыздағы № 76 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 14 наурызда № 32063 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 399-бабының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес мемлекеттік емес музейлер әкелген кезде импорты қосылған құн салығынан босатылатын өнер туындыларының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Оралов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2023 жылғы 14 наурыздағы
№ 76 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік емес музейлер әкелген кезде импорты қосылған құн салығынан босатылатын өнер туындыларының тізбесі

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес өнер туындыларының кодының түсіндірмесі

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес он таңбалы код

1.

100 жылдан асқан картиналар, суреттер мен пастельдер

9701210000

2.

100 жылдан асқан мозаикалар

9701220000

3.

Қолмен боялған немесе безендірілген басқа да дайын бұйымдар, коллаждар және 100 жылдан асқан ұқсас сәндік бейнелер

9701290000

4.

Картиналар, суреттер және пастельдер, басқалар

9701910000

5.

Мозаикалар, басқалар

9701920000

6.

Қолмен боялған немесе безендірілген басқа да дайын бұйымдар, коллаждар және ұқсас сәндік бейнелер, басқалар

9701990000

7.

100 жылдан асқан гравюралардың, басылымдардың және литографтардың түпнұсқалары

9702100000

8.

Гравюралардың, басылымдардың және литографтардың түпнұсқалары, басқалар

9702900000

9.

100 жылдан асқан кез-келген материалдан жасалған мүсіндер мен мүсіншелердің түпнұсқалары

9703100000

10.

кез-келген материалдан жасалған мүсіндер мен мүсіншелердің түпнұсқалары, басқалар

9703900000

11.

археология, этнография немесе тарих бойынша коллекциялар мен коллекциялық жиынтықтар

9705100000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады