"Ашық диалогтың интернет-порталында жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 145 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 14 наурыздағы № 95 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 15 наурызда № 32067 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ашық диалогтың интернет-порталында жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22660 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ашық диалогтың интернет-порталында жұмыс істеу қағидаларында:

      1, 2, 3, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ашық диалогтың интернет-порталында жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-2-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және ашық диалогтың интернет-порталында жұмыс істеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:

      1) ашық диалогтың интернет-порталы (бұдан әрі – Портал) – мемлекет жүз пайыз қатысатын тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілері бірінші басшыларының блог-платформасы арқылы ақпарат пайдаланушылардың сұрау салуды жіберу, сондай-ақ ақпарат пайдаланушылардың интернет-конференцияларға және сауалнамаларға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;

      2) ашық диалог интернет-порталының автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – АЖО) – "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның операторы ұсынатын, баптауларды және ашық диалогтың интернет-порталында орналастырылатын контентті басқаруға арналған қосымша;

      3) мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің әкімшісі (бұдан әрі – әкімші) – мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің ақпарат пайдаланушылардың интернет-конференциялар өткізуге қатысты өтінімдерін, сондай-ақ мемлекет жүз пайыз қатысатын тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілерлерінің бірінші басшыларының блог-платформасындағы сұрау салуларды қарау жөніндегі жұмысын ұйымдастыратын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің өкілі;

      4) мемлекет жүз пайыз қатысатын тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілері бірінші басшыларының блог-платформасы (бұдан әрі – Блог-платформа) – азаматтардың сұрау салуды жіберу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бірінші басшыларынан оларға жауап алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;

      5) модерация – әкімшінің ақпарат пайдаланушылардың сұрау салуларын Заңның талаптарына сәйкестігі нысанасында өңдеуі;

      6) ақпарат пайдаланушы – ақпаратты сұрататын және (немесе) пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;

      7) сұрау салу – ақпарат иеленушіге Заңда белгіленген тәртіппен айтылған немесе жіберілген ауызша немесе жазбаша нысандағы, оның ішінде электрондық құжат түріндегі ақпарат беру туралы өтініш;

      8) "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның операторы (бұдан әрі – Оператор) – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, өзіне бекітілген "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген заңды тұлға;

      9) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесі" болып табылатын ақпараттық жүйе.

      3. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бірінші басшыларына блог-платформа арқылы жіберілетін сұрау салулар ақпарат пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

      Сондай-ақ ақпарат пайдаланушылар "электрондық үкіметтің" веб-порталында есепке алу жазбалары болған және оған ұялы байланыс операторы берген ақпарат пайдаланушының абоненттік нөмірі қосылған кезде сұрау салу жібереді.

      4. Әкімші Блог-платформаға келіп түсетін сұрау салуларды жаңғыртуды жүргізеді.

      Құзыретіне сұратылатын ақпарат беру кірмейтін ақпарат иеленушіге келіп түскен жазбаша сұрау салу ол келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тиісті ақпарат иеленушіге жіберіледі, бір мезгілде бұл туралы сұрау салуды жіберген ақпарат пайдаланушы хабардар етіледі.

      Заңның 11-бабына сәйкес келмейтін сұрау салуларды әкімші Блог-платформаға келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қайтарады.

      5. Егер сұрау салу қарауға қабылданған жағдайда, жауап ақпарат пайдаланушыға квазимемлекеттік сектор субъектісіне келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде беріледі.

      Егер сұрау салынған ақпарат бірнеше ақпарат иеленушінің құзыретіне кіретін және жазбаша сұрау салуға жауап беру кезінде өзге ақпарат иеленушілерден ақпарат алу талап етілетін болса, қарау мерзімін ақпарат иеленушінің басшысы бір мәрте күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін, бұл туралы ақпарат пайдаланушыға қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде хабар беріледі.

      Заңның 11-бабының 16-тармағында көзделген негіздер бойынша сұрау салу жөнінде ақпарат беруден бас тартылған жағдайда, квазимемлекеттік сектор субъектісі сұрау салу тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ақпарат пайдаланушыға уәжді жауап береді.

      6. Квазимемлекеттік сектор субъектісінен өз сұрау салуына жауап алған ақпарат пайдаланушы оның сапасын бағалай алады.

      Бағалау "Ұнайды" не "Ұнамайды" деген белгілер арқылы жүргізіледі. "Ұнамайды" деген батырманы таңдаған кезде ақпарат пайдаланушы себебін көрсетеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму министрі
Д. Қыдырәлі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары білім

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жоғары аудиторлық палатасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын реттеу және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржылық мониторинг агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

      іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас

      жемқорлыққа қарсы қызмет)

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады