Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидаларды бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 13 наурыздағы № 90/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 15 наурызда № 32073 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 08.01.2024 № 7/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2)-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидалар бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 08.01.2024 № 7/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
2023 жылғы 13 наурыздағы
№ 90/НҚ Бұйрықпен
бекітілген

Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидалар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 2) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) және геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) рұқсаттар беру мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.

      Осы Қағидаларға мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде геодезия және картография саласындағы уәкілетті орган өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторын және Бірыңғай байланыс орталығын енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы хабардар етеді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) геодезиялық пункт – жер бетінің нүктесін белгілі бір координаттармен және (немесе) биіктіктермен және (немесе) ауырлық күшінің мәндерімен бекітетін инженерлік конструкция;

      2) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терілі.

2-тарау. Геодезиялық пункттерді қорғау

      3. Мемлекеттік геодезиялық, нивелирлік және гравиметриялық желілердің пункттері, оның ішінде осы пункттердің жерүсті белгілері мен орталықтары мемлекеттік меншік болып табылады және мемлекеттің қорғауында болады.

      4. Ұлттық кеңістіктік деректер қорын жүргізуге уәкілеттік берілген мемлекеттік кәсіпорын геодезиялық пункттерді есепке алуды, тұрақты жұмыс істейтін референциялы станциялар желісінің тұтастығын бақылауды жүзеге асырады.

      5. Геодезиялық пункт орталықтан, сыртқы белгіден және геодезиялық белгінің шекарасы болып табылатын жыра немесе бел түріндегі сыртқы безендірмеден тұрады. Геодезиялық пункттің сыртқы безендірмесі болмаған жағдайда сыртқы белгінің негізі оның шекарасы болып табылады.

      Арнайы орталықтары ғимараттар мен құрылыстардың қабырғаларына салынған геодезиялық пункттер үшін пункттердің шекаралары мен қорғау аймақтары белгіленбейді. Бұл ретте қабырғалық марка немесе қабырғалық репер қорғалуға тиіс.

      6. Геодезиялық пункт орналасқан жер учаскесі, геодезиялық белгінің шекарасы және оларды бойлай жағаланған ені 1 метр жер жолағы геодезиялық пункттердің қорғау аймағы болып табылады.

      7. Аумағында геодезиялық пункттер орналасқан жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылары (бұдан әрі – меншік иелері мен жер пайдаланушылары) геодезиялық пункттердің бүліну немесе жойылу жағдайлары туралы уәкілетті органға және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың жергілікті атқарушы органдарына хабарлауға міндетті.

      Геодезиялық пункттердің бүлінуі немесе жойылуы анықталған сәттен бастап меншік иелері мен жер пайдаланушылары он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың жергілікті атқарушы органдарына жазбаша хабарлама жібереді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 08.01.2024 № 7/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Меншік иелері мен жер пайдаланушылары геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу кезінде геодезиялық пункттерге көлікпен (жаяу) кіруге мүмкіндік беруге міндетті.

      9. Топографиялық түсірілімдер үшін геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзген кезде геодезиялық және нивелирлiк желiдегі геодезиялық пункттердің тығыздығы:

      елді мекеннен тысқары аумақтарда 1:25000 және 1:10000 масштабта – 50-60 шаршы километрге 1 геодезиялық пунктті;

      елді мекендер (қалалар, кенттер және ауылдық елді мекендер) аумақтарында 1:2 000 және одан ірі масштабта – 5-15 шаршы километрге 1 геодезиялық пунктті құрайды.

      10. Геодезиялық пункттердің бүлінгендігі немесе жойылғандығы туралы ақпарат келіп түскен жағдайда, жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, геодезиялық пункттің бүлінуі (жойылуы) туралы акт жасайды.

      11. Геодезиялық пункттерді жою немесе бүлдіру "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 138-бабы 2-тармағында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

3-тарау. Геодезиялық пункттердi бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) тәртібі

      12. Геодезиялық пункттердi бұзу немесе қайта салуға (орнын ауыстыру) (бұдан әрі – рұқсат) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) рұқсатымен ғана жүргізіледі.

      Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) рұқсат беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазылған.

      13. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) өтінішті (бұдан әрі – өтініш) "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы ұсынады.

      14. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш түскен күні оны қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің жұмыскеріне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері) орындауға жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді тіркеу не дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде, "жеке кабинетке" мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жолданады.

      16. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері өтініш тіркелгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде, көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қолы қойылған геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) болатындығы немесе болмайтындығы туралы сұрауды, зерттеу жүргізу үшін топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізуді жүзеге асыратын ведомстволық бағынысты кәсіпорынға (бұдан әрі – ведомстволық бағынысты кәсіпорын) дайындайды және жолдайды.

      17. Ведомстволық бағынысты кәсіпорын алты жұмыс күні ішінде бұрыннан бар геодезиялық желіні дамыту және жаңарту перспективаларын анықтауды, сондай-ақ геодезиялық пункттің орналасқан аумағына бару арқылы, осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес геодезиялық пункттердің тығыздығын анықтауды қамтитын зерттеу жүргізеді.

      Ведомстволық бағынысты кәсіпорын бір жұмыс күні ішінде зерттеу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті берушіге геодезиялық пункттердің тығыздығын, бұрыннан бар геодезиялық желіні дамыту және жаңарту перспективаларын ескере отырып, геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) болатындығы немесе болмайтындығы туралы оң не теріс қорытынды жолдайды.

      18. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері оң қорытынды алған жағдайда, бір жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ қолы қойылған электрондық құжат нысанында ағымдағы жылдың соңына дейінгі мерзіммен геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) рұқсатты береді.

      Теріс қорытынды алған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту жөніндегі алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымды білдіру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама алдын ала, бірақ мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші рұқсат береді не осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес рұқсатты беруден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындап, көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған рұқсатты не дәлелді бас тартуды жібереді.

      19. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ақпараттық жүйеге енгізуді қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік қызметті рұқсаттар мен хабарламалар ақпараттық жүйесі арқылы көрсеткен кезде, мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түседі.

4-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      20. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағымды қарайтын органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

  Геодезиялық пункттерді қорғау,
бұзу немесе қайта салу
(орнын ауыстыру) туралы
қағидаларға
1-қосымша
  Нысан

Геодезиялық пункттің бүлінуі (жойылуы) туралы акт

      20___жылғы "__" _______

      ____________________________________________________________________

      (елді мекеннің атауы, пошталық мекенжайы)

      Біз, төменде қол қойғандар _____________________________________________

      (актіні жасағандардың тегі, аты,

      ____________________________________________________________________

      әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, заңды тұлғаның атауы)

      20 жылғы "__"________акт бойынша сақталуын бақылау үшін қабылданған

      ____________________________________________________________________

      (геодезиялық пунктті сақталуын қадағалау үшін беру актісіне сәйкес)

      ___________________________________________________________ орналасқан

      ____________________________________________________________________

      (геодезиялық пункттің атауы немесе нөмірі)

      геодезиялық пунктінің бүлінуі (жойылуы) туралы осы актіні жасадық.

      Қарау кезінде_________________________________________________________

      (орталықтың, сыртқы белгісінің, бағдарлық пункттердің)

      ____________________________________________________________________

      және сыртқы безендірменің жай-күйі, геодезиялық пункттің бүлінуіне немесе

      ____________________________________________________________________

      жойылуына әкеп соқтырған себептер, сондай-ақ кінәлі адамдар көрсетілсін)

      __________________________________________________________ анықталды.

      _________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      _____________________________________ ___________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      _____________________________________ ___________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

  Геодезиялық пункттерді
қорғау, бұзу немесе қайта салу
(орнын ауыстыру) туралы
қағидаларға
2-қосымша
  Нысан

"Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 08.01.2024 № 7/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) рұқсат беру

2

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

"Электрондық үкімет" веб-порталы

4

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

9 (тоғыз) жұмыс күні

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

6

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) арналған рұқсат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

7

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.

8

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған.

9

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Электрондық құжат нысанындағы геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) өтініш

10

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) геодезиялық пункттер тығыздығының, қолда бар геодезиялық желіні жаңарту және дамыту перспективаларының болмауы;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

11

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  Геодезиялық пункттерді
қорғау, бұзу немесе қайта салу
(орнын ауыстыру) туралы
қағидаларға
3-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігінің Геодезия және
картография комитетіне
_________________________
(тұлғаның аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі,
________________________
немесе заңды тұлғаның
толық атауы)

      Нөмірі _________                                     "___" _______ 20__ жыл

Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) өтініш

      ____________________________________________________________________

      (облыс, аудан, елді мекен)

      ____________________________________________________________________

      аумағында орналасқан геодезиялық пункттi бұзуға немесе қайта салуға

      (орнын ауыстыруға) рұқсат беруді сұраймын.

      Геодезиялық пункттің атауы немесе нөмірі

      ____________________________________________________________________

      Геодезиялық пунктті бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) өтініштің себебі

      ______________________________________________________________

      (себебін көрсету)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.



  Геодезиялық пункттерді
қорғау, бұзу немесе қайта салу
(орнын ауыстыру) туралы
қағидаларға
4-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгiнiң Геодезия және картография комитеті



 

Комитет геодезии и картографии Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан

Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) рұқсат

      Нөмірі "___"                                                 _______ 20__ жыл

      Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) тегі не заңды тұлғаның толық атауы

      ____________________________________________________________________

      Геодезиялық пункттің орналасқан орны

      ____________________________________________________________________

      (облыс, аудан, елді мекен)

      Қорытынды____________________________________________________

      [Қол қоюшының лауазымы]

      [Қол қоюшының аты, әкесінің

      аты (бар болса), тегі]



  Геодезиялық пункттерді
қорғау, бұзу немесе қайта салу
(орнын ауыстыру) туралы
қағидаларға
5-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгiнiң Геодезия және картография комитеті



 

Комитет геодезии и картографии Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан

  Жеке тұлғаның аты,
әкесінің аты (бар болса),
тегі не заңды тұлғаның
толық атауы _________________

Дәлелді бас тарту

      Нөмірі "___"                                                 _______ 20__ жыл

      Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгiнiң Геодезия және картография комитеті, Сіздің 20__ жылғы "___" _____ № ___________ өтінішіңізді қарастырып, мынадай себеппен геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) рұқсат беруден бас тартады:

      [Дәлелді бас тартудың себебі]

      [Қол қоюшының лауазымы]

      [Қол қоюшының аты, әкесінің

      аты (бар болса), тегі]



  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
2023 жылғы 13 наурыздағы
№ 90/НҚ Бұйрыққа
қосымша

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 319 бұйрығы.

      2. "Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 319 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 353/НҚ бұйрығы.

      3. "Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 319 бұйрығына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрықтарының кейбір құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 122/НҚ бұйрығы.

      4. "Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 319 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 25 мамырдағы № 185/НҚ бұйрығы.

      5. "Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 319 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 480/НҚ бұйрығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады