БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 247 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10069 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының Тізбесінде:
47 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"47. Өскемен-Жаланашкөл-Достық.";
мынадай мазмұндағы 51, 52 және 53 тармақтармен толықтырылсын:
"51. Алматы-Қапшағай.
52. Балқаш-Жарық-Жезқазған.
53. Қызылордада-Достық.".
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
М. Карабаев |