Тұрақты жұмыс істейтін референциялы станцияларды орнату қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 14 наурыздағы № 91/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 наурызда № 32093 болып тіркелді

      "Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 25) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Тұрақты жұмыс істейтін референциялы станцияларды орнату қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
2023 жылғы 14 наурыздағы
№ 91/НҚ Бұйрыққа
қосымша

Тұрақты жұмыс істейтін референциялы станцияларды орнату қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тұрақты жұмыс істейтін референциялы станцияларды орнату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді және Қазақстан Республикасында тұрақты жұмыс істейтін референциялы станцияларды орнатуға қойылатын бірыңғай талаптарды қамтиды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) дәлдігі жоғары геодезиялық желі (бұдан әрі – ДЖГЖ) – кеңістіктік координаттары іргелі астрономиялық-геодезиялық желі пункттеріне қатысты айқындалатын аралас геодезиялық пункттер арасындағы орташа қашықтығы 150-300 км болатын спутниктік геодезиялық желі;

      2) жаһандық навигациялық спутниктік жүйелер (бұдан әрі – ЖНСЖ) – жерүсті, су және әуе объектілерінің координаттық-уақыттық (географиялық координаттары мен биіктіктерінің, қозғалыс жылдамдығы мен бағытының, уақыттың) параметрлерін айқындауға арналған ғарыш жүйелері;

      3) мемлекеттік геодезиялық желі (бұдан әрі – МГЖ) – мемлекеттік координаттық есептеу жүйесін белгілеу және (немесе) тарату мақсатында пайдаланылатын геодезиялық желі;

      4) "Мемлекеттік геодезиялық қамтамасыз ету" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "МГҚ" АЖ) – референттік станциялардан техникалық навигациялық ақпаратты қабылдауға, өңдеуге, Қазақстан Республикасының жаңартылған геодезиялық қамтамасыз ету жүйесінің барлық геодезиялық, нивелирлік, гравиметриялық деректерін өңдеуге және сақтауға арналған ақпараттық жүйе;

      5) тұрақты жұмыс істейтін референциялы станциялар (бұдан әрі – референциялы станциялар) – белгілі кеңістіктік координаттары бар нүктеде орналасқан радиоэлектрондық және техникалық құралдардың кешені, олардың көмегімен жаһандық навигациялық спутниктік жүйелердің сигналдарын кейіннен өңдеу және пайдаланушыларға түзетуші ақпаратты беру үшін қабылдау жүзеге асырылады;

      6) іргелі астрономиялық-геодезиялық желі (бұдан әрі – ІАГЖ) – координаттары координаттардың геоцентрикалық кеңістіктік жүйесінде айқындалатын шектес геодезиялық пункттер арасындағы орташа қашықтықтағы 650-1000 километр спутниктік геодезиялық желі.

      3. Референциялы станцияларды Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары геодезиялық және картографиялық қызметті орындау үшін белгілейді және қабылдағыштан, ЖНСЖ-антеннадан, үздіксіз қоректендіру көзінен, темір шкафтан, телекоммуникация құралынан (байланыс құралдарынан), найзағай бұрғыштан тұрады.

      4. Референциялы станция ЖНСЖ келетін деректерді қабылдауға, өңдеуге және сақтауға, сондай-ақ осы деректерді "МГҚ" АЖ-ға және түзету ақпаратын геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне беруге арналған.

      5. Референциялы станция ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымы шеңберінде ІАГЖ және ДЖГЖ жұмыс орталықтарында орнатылады.

      6. Референциялы станция профилактикалық және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезеңдерін қоспағанда, тәулігіне 24 (жиырма төрт) сағат, аптасына 7 (жеті) күн үздіксіз жұмыс істейтін тұрақты станциялар болып табылады.

2-тарау. Тұрақты жұмыс істейтін референциялы станцияларды орнату тәртібі

      7. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары референциялы станцияны орнату алдында осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша референттік станцияны орнату туралы геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы уәкілетті органды хабардар етеді.

      8. Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы уәкілетті орган белгіленген референциялы станциялардың есебін жүргізеді.

      9. Референциялы станциялар:

      1) "Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 29) тармақшасына сәйкес геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік геодезиялық нивелирлік, гравиметриялық желілерін құру және дамыту жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес дайындалған және белгіленген конструкцияларда;

      2) спутниктік бақылауларды орындау үшін мынадай оңтайлы шарттармен:

      экрандау объектілерінің ең аз саны тұрған ашық жерде орналасуы (спутниктік сигналдарды алуға кедергі келтіретін ғимараттар мен объектілер);

      кіру немесе жақындау үшін қол жетімді жерде орналасқан жерде;

      визуалды түрде танылған жерде;

      көп жолақты сәуле таралу әсерін және әртүрлі кедергі көздерін растаусыз;

      тәуліктің кез келген уақытында жыл бойы бақылауларды орындау мүмкіндігімен орнатылады.

      10. Елді мекендерде референциялы станциялар 7 (жеті) жылдан астам уақыт тұрған, кірпіш, тас, бетон және темірбетон ғимараттары мен құрылыстарының негізгі көтергіш элементтеріне орнатылады.

      11. Референциялы станциялар ғимараттар мен құрылыстарға қабырғаға жарықтар түсірмей мен іргетасты бұзбай орнатылады.

      12. Референциялы станция көп жүйелік және көп жиілікті қабылдағыштармен жабдықталған.

      13. Қабылдағыш бір мезгілде кемінде 10 (он) спутниктен сигналдарды қабылдайды және шаң мен ылғалдан қорғайтын арнайы темір шкафтарда үй-жайда немесе құрылыста орнатылады.

      14. Референциялы станция тербелістерден және қуаттың бұзылуынан қорғалған резервтік қуатпен жабдықталады.

      15. ІАГЖ және ДЖГЖ барлық ЖНСЖ-антенналарын бірыңғай орнату қолданылады.

      16. Референциялы станцияны найзағайдан қорғау үшін кіріктірілген разрядтағышты қолдана отырып, найзағай өткізгіштер орнатылады.

  Тұрақты жұмыс істейтін
референциялы станцияларды
орнату қағидаларына
қосымша

      Нысан

Тұрақты жұмыс істейтін референциялы станцияларды орнату туралы хабарлама

      1. ________________________________________________________________

                        (мемлекеттік органның толық атауы)

      2. Осымен _________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі,

      жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі)

      тұрақты жұмыс істейтін референциялы станциялардың орнатылатынын хабарлайды.

      3. Заңды тұлғаның/жеке тұлғаның орналасқан мекенжайы

      __________________________________________________________________

      (пошта индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,

      үй/ғимарат (станционарлық үй-жай нөмірі)

      4. Электрондық пошта ______________________________________________

      5. Телефон нөмірлері _______________________________________________

      6. Тұрақты жұмыс істейтін референциялы станциялар орнатылатын мекенжай (-лар)

      __________________________________________________________________

      (пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/

      ғимараттың (стационарлық үй-жайдың нөмірі)

      7. Өтініш беруші ___________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Мөр орны (болған жағдайда)

  Берілген күні мен уақыты:
  20__ жылғы ________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады