"Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 35 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 20 наурызда № 32101 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Уәкілетті орган ведомствосы тарифті бекіту үшін субъект "Монополист" базасы" веб-порталы арқылы электрондық нысанда өтінім ұсынады.";

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) осы Қағидаларға 142-қосымшаға сәйкес инвестициялық бағдарламалар шеңберінде нысаналы көрсеткіштері бар субъектілердің жөндеу картасы;";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Бекітілген тарифтік сметаны тарифті жоғарылатпай өзгерту үшін субъект ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қарашасына дейінгі мерзімде қағаз немесе "Монополист" базасы" веб-порталы арқылы электрондық нысанда уәкілетті органның ведомствосына бекітілген тарифтік сметаны тарифті жоғарылатпай өзгерту туралы өтінішпен жүгінеді.";

      39-тармақ алып тасталсын;

      42-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Тарифтің қолданылуы кезеңінде субъект жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей, уәкілетті органның ведомствосына "Монополист" базасы" веб-порталы арқылы электрондық нысанда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті ұсынады.";

      301-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "301. Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына 299-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген субъекті уәкілетті орган ведомствосының Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізілгені туралы хабарламасын алған сәттен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті органның ведомствосына "Монополист" базасы" веб-порталы арқылы электрондық нысанда өтінім ұсынады.";

      303-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қуаты аз субъекті тарифті уәкілетті органның ведомствосы айқындаған тарифті индекстеу деңгейінен аспайтын шамаға өзгерткен кезде уәкілетті органның ведомствосына "Монополист" базасы" веб-порталы арқылы электрондық нысанда өтінім береді.";

      322-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "322. Субъект ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қарашасына дейін өтінішпен қағаз немесе "Монополист" базасы" веб-порталы арқылы электрондық нысанда уәкілетті органның ведомствосына уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифтік сметаны тарифті жоғарылатпай өзгерту туралы өтінішпен жүгінеді.";

      328-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "328. Субъект жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей уәкілетті органның ведомствосына осы Қағидалардың 329-тармағына сәйкес және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 11-нысан бойынша негіздейтін материалдарды қоса бере отырып, алдыңғы күнтізбелік жыл үшін бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті "Монополист" базасы" веб-порталы арқылы электрондық нысанда ұсынады.

      Бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есепке қоса берілетін есептемелерді және негіздейтін материалдарды субъект реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түріне жеке дайындайды.";

      338-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "338. Бекітілген инвестициялық бағдарламаны іске асыру және оны іске асыру үшін тартылған қарыз қаражатын қайтару, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларын және (немесе) ұлттық жобаларын, сондай - ақ табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын (бұдан әрі - Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары):

      тарифте ескерілген пайда мен амортизациялық аударымдар есебінен;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.";

      345-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жаңа инвестициялық бағдарламаны іске асыру немесе бекітілген инвестициялық бағдарламаны өзгерту (мемлекеттік бағдарламаларды және (немесе) ұлттық жобаларды, сондай-ақ Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыруды қоспағанда) бекітілген инвестициялық бағдарламаны іске асырудың қалған мерзіміне тарифті арттыруды талап еткен жағдайда оның қарауға қабылданғаны немесе оның қарауға қабылдаудан бас тартылғаны туралы (қағаз және электрондық) жазбаша хабардар етеді.";

      347-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "347. Инвестициялық бағдарламаның жобасын оның негізділігі тұрғысынан қарау кезінде:

      1) осы Қағидалардың 335-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін;

      2) қаржыландыру көзімен қамтамасыз етілмеген;

      3) негіздеуші құжаттармен расталмаған іс-шаралар алып тасталады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес инвестициялық бағдарламаның барлық іс-шараларын алып тастау инвестициялық бағдарламаны бекітуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

      Инвестициялық бағдарламаны бекітуден уәкілетті орган ведомствосының, тиісті салаларда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның не жергілікті атқарушы органның бас тартуы тарифті бекітуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

      Инвестициялық бағдарламаны бекітуден бас тарту уәкілетті орган мен мемлекеттік органның не жергілікті атқарушы органның бірлескен шешімімен қабылданады.";

      361-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік бағдарламаларды және (немесе) ұлттық жобаларды, сондай-ақ Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асырған жағдайда субъект уәкілетті органның ведомствосына және (немесе) тиісті салаларда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға не жергілікті атқарушы органға бекітілген инвестициялық бағдарламаны өзгерту туралы өтінішпен жүгінеді.";

      366-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "366. Тарифтің қолданылу кезеңінде субъект жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей уәкілетті органның ведомствосына, тиісті салаларда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға не жергілікті атқарушы органға осы Қағидалардың 367-тармағына сәйкес және осы Қағидаларға 1-қосымшаның 20, 21 және 23-нысандары бойынша негіздейтін материалдарды қоса бере отырып, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есепті бір мезгілде "Монополист" базасы" веб-порталы арқылы электрондық нысанда ұсынады.";

      601 және 602-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "601. Тарифті өзгерту уәкілетті орган ведомствосының бастамасы бойынша жылына екі реттен асырмай және субъектінің бастамасы бойынша жылына бір реттен асырмай жүзеге асырылады.

      Уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифті қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгертуге:

      1) стратегиялық тауарлар түрінің және құнының және (немесе) мемлекеттік реттеуге жататын стратегиялық тауарларды тасымалдауға арналған тарифтердің (бағалардың) өзгеруі;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төтенше жағдайдың жариялануы;

      3) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мөлшерлемелерінің өзгеруі;

      4) мемлекеттік бағдарламаларды және (немесе) ұлттық жобаларды, сондай-ақ Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыруға байланысты бекітілген инвестициялық бағдарламаның өзгеруі;

      5) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің ұлғаюы;

      6) газдың және (немесе) оны тасымалдау бағасының өзгеруіне байланысты жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау жөніндегі және сумен жабдықтаудың реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсыну кезінде атом-энергетикалық кешен пайдаланатын, өзі өндіретін электр энергиясының және судың өзіндік құнының өзгеруі;

      7) реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерінің сақталмауы;

      8) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның ақпараты негізінде электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынатын субъект қызметінің "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі;

      9) субъектілер қызметінің тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізбеу;

      10) Заңның 5-бабы 1-тармағының 10), 12) және 13) тармақшаларында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынуы кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті оны өтеусіз пайдалануға алған кезде балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардан балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға алу;

      11) статистика деректері бойынша өңірдегі (қаладағы) экономикалық қызмет түрлері бойынша бір жылда қалыптасқан бір жұмыскерге жұмсалатын орташа айлық номиналды жалақының өзгеруі;

      12) "Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды - Теміртау - Астана" бағыты бойынша магистральдық газ құбырын субъектіге мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру негіз болып табылады.

      Қағидалардың осы тармағының 10) тармақшасында көзделген негізде, оның ішінде табиғи монополиялар субъектілері басқа энергия беруші ұйымдардан реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға алған жағдайда, оның қолданылу мерзімі өткенге дейін бекітілген тарифтік сметаға өзгерісті уәкілетті орган тиісті жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы деңгейінен аспайтын, деңгейде жүзеге асырады.

      602. Тариф қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерген жағдайда, осы Қағидалардың 601-тармағының 4), 5), 7), 8), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларында көзделген негіздерді қоспағанда, тиісті шығындар бабы өзгереді.

      Тариф қолданылу мерзімі өткенге дейін оны өзгерген кезде осы Қағидалардың 601-тармағының 9) тармақшасына сәйкес бекітілген тарифтік сметадан осы Қағидаларда айқындалған инвестициялық шығындар (пайда, амортизациялық аударымдар, негізгі құралдар құнының өсуіне алып келетін күрделі шығындар) алып тасталады.

      Уәкілетті органның ведомствосы осы Қағидалардың 601-тармағының 5) тармақшасында көзделген себеп бойынша:

      1) бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есептің;

      2) тұтынушының растайтын құжаттармен қоса, тұтынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің жоспарланатын ұлғаюы туралы ақпараттың негізінде оның қолданылу мерзімі өткенге дейін тарифті өзгертуге бастамашылық жасайды.

      Осы Қағидалардың 601-тармағының 5), 10) және 12) тармақшаларында көзделген себептер бойынша тариф оның қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерген жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы осы Қағидалардың 604-тармағына сәйкес ұсынылған есептер мен материалдарға талдау жүргізеді.

      601-тармақтың 5) тармақшасының негізінде өтінішпен ұсынылған есептеулер мен материалдарды талдаудың нәтижелері бойынша уәкілетті органның ведомствосы шартты-ауыспалы шығындар мен көрсетілетін қызметтердің көлемін түзетеді немесе егер мұндай өзгеріс бекітілген тарифтің жоғарылауына әкеп соқтырса, субъектінің тарифті өзгертуге өтінішін қараусыз қалдырады.";

      604-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "604. Тарифті өзгертуге берілген өтінімге:

      1) уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифті қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту себептерін көрсете отырып, түсіндірме жазба;

      2) осы Қағидаларға сәйкес Тарифте есепке алынатын және есепке алынбайтын шығындар тізбесіне, Тарифте есепке алынатын шығындардың мөлшерін шектеу қағидаларына сәйкес тарифтік сметаның жобасы қоса беріледі. Бұл ретте, стратегиялық тауарлардың құны ұлғайған жағдайда, тарифтік сметада мемлекеттік реттеуге жататын стратегиялық тауарларды тасымалдауға тарифтердің (бағалардың) өзгеруін қамтитын шығындар баптары ғана түзетіледі;

      3) уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифті қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту қажеттігін растайтын құжаттар.

      Стратегиялық тауарлардың құны және (немесе) мемлекеттік реттеуге жататын стратегиялық тауарларды тасымалдауға тарифтер (бағалар) өзгерген жағдайда, тарифті бекітуге берілетін өтінімге конкурстық құжаттама, тауарларды сатып алу бойынша конкурстық (тендерлік) комиссиялардың шешімдері, шарттар, шот-фактуралар, шығындар деңгейінің есеп-қисаптары, сондай-ақ тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгілік нормалар мен нормативтер негізінде жүргізілген техникалық ысыраптардың есеп-қисаптары, стратегиялық тауар шығыстарының нормалары қоса беріледі.

      Уәкілетті органның тарифті қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту туралы өтінімді қарау мерзімі:

      1) осы Қағидаларының 601-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда, оның ұсынылған күнінен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімді;

      2) осы Қағидаларының 601-тармағының 4), 6), 10) және 11) тармақшаларында көзделген жағдайларда, оның ұсынылған күнінен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімді;

      3) осы Қағидаларының 601-тармағының 12) тармақшасында көзделген жағдайда, оның ұсынылған күнінен бастап тоқсан жұмыс күнінен аспайтын мерзімді құрайды.

      Тариф уәкілетті орган ведомствосының бастамасы бойынша өзгерген жағдайда, субъекті тиісті ақпаратты алған күннен бастап бір ай мерзімде экономикалық негізделген есеп-қисаптар мен материалдарды (шарттардың, орындалған жұмыстар актілерінің, жүкқұжаттардың, шот-фактуралардың көшірмелерін, баланстық және қалдық құнын, қызмет ету мерзімін, жылдық амортизацияны көрсете отырып, негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің объектілер бойынша тізбесін) ұсынады.";

      630-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) тарифті қалыптастыру кезінде өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар субъект персоналының нақты, бірақ нормативтік санынан, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін (инфляция) ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақыдан аспайтын шығыстарды немесе субъект персоналының нормативтік санынан аспайтын нақты санына және субъект қызмет көрсететін өңірдегі (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) берілетін бір жылдағы немесе жылдың басынан бастап қалыптасқан төртінші тоқсандағы статистика деректері бойынша қалыптасқан экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес орташа айлық жалақысына сүйене отырып қамтиды.

      Қуаты аз субъектілер үшін өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар жыл сайын тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленетін ең төменгі жалақының екі еселенген мөлшерінен төмен емес деңгейде айқындалады.

      Жаңа объектілер, қуаттар енгізілген және инвестициялық бағдарламада көзделген өзге де іс-шаралар іске асырылған жағдайда, тарифті қалыптастыру кезінде жаңа объектілерге өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар өндірістік персоналдың нормативтік саны негізге алына отырып, айқындалады.

      Бұл ретте персонал санының, шикізаттың, материалдардың, отынның, энергияның қажеттілігін есептеу және техникалық ысыраптарды есептеу тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгілік нормалар мен нормативтердің негізінде жүргізіледі.

      Субъект реттеліп көрсетілетін қызметтерді екі және одан да көп өңірлерде (облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада) көрсеткен және бірыңғай тариф бекітілген жағдайда, орташа айлық жалақы мөлшері өтінім берудің алдындағы жылғы статистика деректері бойынша өңірдегі (облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес орташа айлық жалақының орташа өлшемді көрсеткіші деңгейінде немесе субъект персоналының нормативтік санынан аспайтын нақты санына және өтінім берудің алдындағы бір жылдағы немесе төртінші тоқсандағы статистика деректері бойынша қалыптасқан экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес субъект қызмет көрсететін өңірдегі (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) орташа айлық жалақысына сүйене отырып енгізіледі:



      Wcp-экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақының орташа өлшемді көрсеткіші;

      Wp1, Wp2,... - өтінім берудің алдындағы бір жылдағы немесе жылдың басынан бастап қалыптасқан төртінші тоқсандағы статистика деректері бойынша І өңірдегі (облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақы;

      Pp1, Pp2,... - өтінім берудің алдындағы i - өңірдегі (облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) бір жылдағы немесе жылдың басынан бастап қалыптасқан төртінші тоқсандағы субъектінің нақты іске қосылған саны.

      Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақыны негізге ала отырып айқындалған өндірістік персоналдың жалақысы Экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес субъект қызмет көрсететін өңірдегі (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) өндірістік персоналдың орташа айлық жалақысынан асып кеткен кезде, өтінім берудің алдындағы бір жылдағы немесе жылдың басынан бастап қалыптасқан төртінші тоқсандағы және (немесе) осы Қағидаларда айқындалған орташа айлық жалақының орташа өлшенген көрсеткішінен жоғары статистика деректері бойынша қалыптасқан Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін (инфляция) ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақыны негізге ала отырып айқындалатын өндірістік персоналдың жалақысы есепке алынады.

      Субъектінің қолданыстағы тарифтік сметасында экологиялық апат және радиациялық тәуекел аймақтарында тұрғаны үшін қосымша төлемдер болмаған жағдайда орташа айлық жалақыға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тиісті қосымша төлемдер қолданылады.

      Қуаттылығы аз субъектінің өндірістік персоналының Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының (инфляция) көрсеткіштері ескеріле отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақыны негізге ала отырып айқындалған жалақысы жыл сайын тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленетін жалақының ең төмен мөлшерінің екі еселенген деңгейінен асып кеткен кезде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының (инфляция) көрсеткіштері ескеріле отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақыны негізге ала отырып айқындалатын, өндірістік персоналдың жалақысы есеп алынады.";

      631-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) әкімшілік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар субъект персоналының нақты санына, бірақ нормативтік санынан аспайтын және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін (инфляция) ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақыға немесе субъект персоналының нормативтік санынан аспайтын нақты санына және субъект қызмет көрсететін өңірде (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) төлемақы, өтінім берудің алдындағы қалыптасқан бір жылдағы немесе жылдың басынан бастап төртінші тоқсандағы статистика деректері бойынша қалыптасқан экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес айқындалады.

      Субъект реттеліп көрсетілетін қызметтерді екі және одан да көп өңірлерде (облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада) көрсеткен және бірыңғай тариф бекітілген жағдайда, орташа айлық жалақы мөлшері реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсетілетін өңірлердегі (облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы) орташа айлық жалақының орташа өлшемді көрсеткіші деңгейінде, өтінім берудің алдындағы бір жыл немесе жылдың басынан бастап қалыптасқан төртінші тоқсан үшін жылғы статистика деректері бойынша экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес қосылады:



      Wcp - экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақының орташа өлшенген көрсеткіші;

      Wp1, Wp2,... - өтінім берудің алдындағы бір жылдағы немесе жылдың басынан бастап қалыптасқан төртінші тоқсандағы статистика деректері бойынша І өңірдегі (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақы;

      Pp1, Pp2,... - өтінім берудің алдындағы i - өңірдегі (облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) бір жыл немесе жылдың басынан қалыптасқан төртінші тоқсан үшін субъектінің нақты іске қосылған саны.

      Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақыны негізге ала отырып айқындалған әкімшілік персоналдың жалақысы субъект қалыптасқан экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес қызметтер көрсететін өңірдегі (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) әкімшілік персоналдың орташа айлық жалақысынан асып кеткен кезде бір жылдағы немесе жыл басынан бастап қалыптасқан төртінші тоқсандағы статистика деректері бойынша, өтінім берудің алдындағы және (немесе) осы Қағидаларда айқындалған орташа айлық жалақының орташа өлшенген көрсеткішінен жоғары Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақыны негізге ала отырып айқындалатын әкімшілік персоналдың жалақысы (инфляция)ескеріледі;

      Субъектінің қолданыстағы тарифтік сметасында экологиялық апат және радиациялық тәуекел аймақтарында тұрғаны үшін қосымша төлемдер болмаған жағдайда орташа айлық жалақыға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тиісті қосымша төлемдер қолданылады.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 142-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2023 жылғы 17 наурыздағы
№ 35 бұйрыққа
қосымша
  Тарифтерді қалыптастыру
қағидаларына
142-қосымша

      1-нысан

Инвестициялық бағдарламалар шеңберінде нысаналы көрсеткіштері бар табиғи монополия субъектісінің ____ жылдарға арналған ғимараттарын (күрделі жөндеу) жөндеу картасы _____________________________ Кәсіпорынның атауы

№р/с Іс-шараның (күрделі жөндеудің) атауы Нақты орналасқан жері Ғимараттардың атауы (кеңсе, өндірістік объект, гараж) Мақсатты мәні (ашып жазу) Табиғи монополия субъектісінің мүлікке меншік құқығы (баланста / сенімгерлік басқару, жалдау) Ауданы (м2) Бастапқы құны, (миллион теңге) Объектіні пайдалануға берген жыл Бухгалтерлік есепке (ай) сәйкес қызмет мерзімі (пайдалануға алу, пайдалану, қолдану)
Облыс, қала, аудан (елді мекен) Көше, даңғыл, шағын аудан
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11










      Кестенің жалғасы

Техникалық паспортқа (ай) сәйкес қызмет мерзімі (пайдалану, пайдалану, қолдану) Объектіні пайдалану сәтінен бастап жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған шығындардың жалпы сомасы (миллион теңге) Орындалған жөндеу жұмыстарын қаржыландыру көзі (миллион теңге) Нысанды жөндеуге қажетті жалпы сома (миллион теңге) Мәлімделген тариф шеңберінде, оның ішінде инвестициялық бағдарлама есебінен жаңарту үшін жоспарланатын сома (миллион теңге)
Меншікті қаражат Қарыз қаражаты Бюджет қаражаты Реттелетін қызметтерге жатпайтын қызмет Жаңғырту немесе қайта құру Күрделі жөндеу
12 13 14 15 16 17 18 19 20








      Кестенің жалғасы

Өзге көздер есебінен, оның ішінде тариф құнына кірмейтін мемлекеттік қаражат есебінен жаңарту үшін жоспарланатын сома (миллион теңге) Мәлімделген тариф шеңберінде, оның ішінде инвестициялық бағдарлама есебінен жөндеу жұмыстарын қаржыландыру көзі (миллион теңге) Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын орындағаннан кейінгі тозу деңгейі (%)
Меншікті қаражат Қарыз қаражаты Бюджет қаражаты Реттелетін қызметтерге жатпайтын қызмет
21 22 23 24 25 26





      Ескерту:

      инвестициялық бағдарламалар шеңберінде нысаналы көрсеткіштері бар табиғи монополия субъектісінің ғимараттарын жөндеу картасына (күрделі жөндеу) осы нысанға қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық бағдарламалар шеңберінде нысаналы көрсеткіштері бар жөндеу (күрделі жөндеу) жүргізілген табиғи монополия субъектісінің ғимараттары бойынша ақпарат қоса беріледі;

      м2-шаршы метр.

      Басшы __________________________________             _________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)             қолы

      Бас бухгалтер _________________________________       ____________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)             қолы

      "____" _____________________ жыл.

  Инвестициялық бағдарламалар
шеңберінде нысаналы
көрсеткіштері бар табиғи
монополиялар субъектілерінің
ғимараттарын жөндеу
(күрделі жөндеу) картасына
қосымша

Инвестициялық бағдарламалар шеңберінде нысаналы көрсеткіштермен жөндеу (күрделі жөндеу) жүргізілген табиғи монополия субъектісінің ғимараттары бойынша ақпарат


_____________________________________ Кәсіпорынның атауы

№ р/с Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезеңі
Ғимараттардың атауы (кеңсе, өндірістік объект, гараж) Нақты орналасқан жері Реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде іске қосылған ғимараттардың орындалған жөндеу жұмыстарының көлемі (м2) Жүргізілген жұмыстың сипаттамасы Жөндеу жұмыстарына бағытталған шығындар сомасы
(миллион теңге)
Қаржыландыру көзі, (миллион теңге) Күнтізбелік жылға реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде тартылған барлық ғимараттардың тозу деңгейі (%)
Облыс, қала, аудан (елді мекен) Көше, даңғыл, шағын аудан Меншікті қаражат Қарыз қаражаты Бюджет қаражаты Реттелетін қызметтерге жатпайтын қызмет
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13











      Ескерту:


инвестициялық бағдарламалар шеңберінде нысаналы көрсеткіштермен күрделі жөндеу жүргізілген табиғи монополия субъектісінің ғимараттары бойынша ақпарат өтінім берудің алдындағы 5 жылға толтырылады;

      м2 - шаршы метр.

      Басшы __________________________________             _________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                  қолы

      Бас бухгалтер _________________________________      ____________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)             қолы

      "____" _____________________ жыл.

  2-нысан

Инвестициялық бағдарламалар шеңберінде нысаналы көрсеткіштері бар табиғи монополия субъектісінің _____ жылдарға арналған желілерін жөндеу (күрделі жөндеу) картасы _____________________________________ Кәсіпорынның атауы

№ р/с Іс-шараның (күрделі жөндеудің) атауы Нақты орналасқан жері Желілердің атауы (магистральдық, тарату, теміржол) Жобалық қуаты (М3, Гкал, кВт сағ, вагон-километр) Тартылған қуаты (М3 , Гкал, кВтсағ, вагон-километр және т. б.) Табиғи монополия субъектісінің мүлікке меншік құқығы (баланста / сенімгерлік басқару, жалдау) Ұзындығы (км) Бастапқы құны, (миллион теңге) Объектіні пайдалануға берген жылы
Облыс, қала, аудан (елді мекен) Көше, даңғыл, шағын аудан
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11











      Кестенің жалғасы

Бухгалтерлік есепке сәйкес қызмет мерзімі (пайдалану, пайдалану, қолдану) (ай) Техникалық паспортқа сәйкес қызмет мерзімі (пайдалану, пайдалану, қолдану) (ай) Соңғы 5 жыл ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған шығындардың жалпы сомасы (миллион теңге)
12 13 14



      Кестенің жалғасы

Орындалған жөндеу жұмыстарын қаржыландыру көзі (миллион теңге) Өндірістік көрсеткіштердің нақты жай-күйі
Меншікті қаражат Қарыз қаражаты Бюджет қаражаты Реттелетін қызметтерге жатпайтын қызмет Нормативтік техникалық шығындар, (%) Шикізат, материалдар, отын және энергия шығысының нормалары, барлығы (млн. теңге) Тозу (%) Өтінім берген жылдың алдындағы жылға апаттар саны
Өндіруші /нормативтік белгілеген Нақты Үлгілік нормативтермен белгілеген Нақты
15 16 17 18 19 20 21 22 23 24










      Кестенің жалғасы

Объектіні жөндеу үшін қажетті жалпы сома (миллион теңге) Мәлімделген тариф шеңберінде, оның ішінде инвестициялық бағдарлама есебінен жаңарту үшін жоспарланатын сома
(миллион теңге)
Өзге көздер есебінен, оның ішінде тариф құнына кірмейтін мемлекеттік қаражат есебінен жаңарту үшін жоспарланатын сома (миллион теңге) Мәлімделген тариф шеңберінде, оның ішінде инвестициялық бағдарлама есебінен жөндеу жұмыстарына жіберілетін қаржыландыру көзі, миллион теңгеде Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын орындағаннан кейінгі тозу деңгейі (%) Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын орындаудан күтілетін қосымша әсер, оның ішінде:
Жаңғырту немесе қайта құру Күрделі жөндеу Меншікті қаражат Қарыз қаражаты Бюджет қаражаты Реттелетін қызметтерге жатпайтын қызмет Нормативтік техникалық шығындар (%) Шикізат, материалдар, отын және энергия шығысының нормалары, барлығы (миллион теңге) Апаттар саны
25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 35












      Ескерту:

      инвестициялық бағдарламалар шеңберінде нысаналы көрсеткіштері бар табиғи монополия субъектісінің желілерін жөндеу картасына (күрделі жөндеу) осы нысанға қосымшаға сәйкес нысандар бойынша инвестициялық бағдарламалар шеңберінде нысаналы көрсеткіштері бар жөндеу (күрделі жөндеу) жүргізілген табиғи монополия субъектісінің желілері бойынша ақпарат қоса беріледі.

      Гкал - Гигакалорий жылу энергиясы есептелетін өлшем бірлігі;

      кВтсағ - Киловатт-сағат бір сағат ішінде бір киловатт құрылғы тұтынатын (өндіретін) энергия мөлшеріне тең;

      м3 - текше метр.

      Басшы __________________________________             _________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                   қолы

      Бас бухгалтер _________________________________      ____________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)             қолы

      "____" _____________________ жыл.

  Инвестициялық бағдарламалар
шеңберінде нысаналы
көрсеткіштері бар табиғи
монополия субъектісінің
желілерін жөндеу картасына
(күрделі жөндеу)
қосымша

Инвестициялық бағдарламалар шеңберінде нысаналы көрсеткіштермен жөндеу (күрделі жөндеу) жүргізілген табиғи монополия субъектісінің желілері бойынша ақпарат


_____________________________________ Кәсіпорынның атауы

№ р/с Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезеңі
Желілердің атауы (магистральдық, тарату, теміржол) Нақты орналасқан жері Реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде іске қосылған желілерге орындалған жөндеу жұмыстарының көлемі (км) Жүргізілген жұмыстың сипаттамасы, оның ішінде жөнделген объектінің техникалық параметрлері (құбырлардың диаметрі, электр желілерінің түрлері) Жөндеу жұмыстарына бағытталған шығындар сомасы (миллион теңге) 1 км жұмыс құны
(миллион теңге)
Облыс, қала, аудан (елді мекен) Көше, даңғыл, шағын аудан
1 2 3 4 5 6 7 8 9









      Кестенің жалғасы

Қаржыландыру көзі, (миллион теңге) Күнтізбелік жылға реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде тартылған барлық желілердің тозу деңгейі (%)
Меншікті қаражат Қарыз қаражаты Бюджет қаражаты Реттелетін қызметтерге жатпайтын қызмет
10 11 12 13 14





      Ескерту:


инвестициялық бағдарламалар шеңберінде нысаналы көрсеткіштермен күрделі жөндеу жүргізілген табиғи монополия субъектісінің желілері бойынша ақпарат өтінім берудің алдындағы 5 жылға толтырылады;

      км-километр.

      Басшы __________________________________             _________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                   қолы

      Бас бухгалтер _________________________________       ____________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)             қолы

      "____" _____________________ жыл.

  3-нысан

Инвестициялық бағдарламалар шеңберінде нысаналы көрсеткіштермен табиғи монополия субъектісінің _____ жылдарға арналған жабдықтарын жөндеу (күрделі жөндеу) картасы _____________________________________ Кәсіпорынның атауы

№ р/с Іс-шараның (күрделі жөндеудің) атауы Нақты орналасқан жері Жабдықтардың атауы Жабдықтарды шығару/өндіру жылы Мақсатты мәні (ашып жазу) Табиғи монополия субъектісінің меншікке құқығы (баланста/сенімгерлік басқару, жалдау) Бастапқы құны, (миллион теңге) Жабдықты пайдалануға берген жылы Техникалық паспортқа сәйкес қызмет ету мерзімі (ай) Соңғы 5 жылда жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған шығындардың жалпы сомасы (миллион тенге)
Облыс, қала, аудан (елді мекен) Көше, даңғыл, шағын аудан
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12












      Кестенің жалғасы

Орындалған жөндеу жұмыстарын қаржыландыру көзі (миллион теңге) Өндірістік көрсеткіштердің нақты жай-күйі Жабдықты жөндеуге қажетті жалпы сома (миллион теңге) Сатып алу қажеттілігі, қосымша, барлығы
Меншікті қаражат Қарыз қаражаты Бюджет қаражаты Нормативтік техникалық шығындар (%) Шикізат, материалдар, отын және энергия шығысының нормалары, барлығы (миллион теңге) Тозу (%) Өтінім берген жылдың алдындағы жылға апаттар саны (дана) Жаңғырту немесе қайта құру Күрделі жөндеу дана миллион теңге
Өндіруші белгілеген / нормативтік Нақты Үлгілік нормативтермен белгіленген Нақты
13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25













      Кестенің жалғасы

Мәлімделген тариф шеңберінде, оның ішінде инвестициялық бағдарлама есебінен жаңарту үшін жоспарланатын сома (миллион теңге) Өзге көздер есебінен, оның ішінде тариф құнына кірмейтін мемлекеттік қаражат есебінен жаңарту үшін жоспарланатын сома (миллион теңге) Мәлімделген тариф шеңберінде, оның ішінде инвестициялық бағдарлама есебінен жөндеу жұмыстарына жіберілетін қаржыландыру көзі (миллион теңге) Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын орындағаннан кейінгі тозу деңгейі (%) Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын орындаудан күтілетін қосымша әсер, оның ішінде:
Күрделі жөндеу Сатып алу Күрделі жөндеу Сатып алу Меншікті қаражат Қарыз қаражаты Бюджет қаражаты Реттелетін қызметтерге жатпайтын қызмет Нормативтік техникалық шығындар (%) Шикізат, материалдар, отын және энергия шығысының нормалары, барлығы (миллион теңге) Апаттар саны
26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37












      Ескерту:

      инвестициялық бағдарламалар шеңберінде нысаналы көрсеткіштері бар табиғи монополия субъектісінің жабдықтарын жөндеу картасына (күрделі жөндеу) осы нысанға қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық бағдарламалар шеңберінде нысаналы көрсеткіштері бар жөндеу (күрделі жөндеу) жүргізілген табиғи монополия субъектісінің жабдықтары бойынша ақпарат қоса беріледі;

      Гкал-Гигакалорий жылу энергиясы есептелетін өлшем бірлігі;

      кВтсағ-Киловатт-сағат бір сағат ішінде бір киловатт құрылғы тұтынатын (өндіретін) энергия мөлшеріне тең;

      м3 - текше метр.

      Басшы __________________________________             _________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                   қолы

      Бас бухгалтер _________________________________      ____________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)             қолы

      "____" _____________________жыл.

  Инвестициялық бағдарламалар
шеңберінде нысаналы
көрсеткіштері бар табиғи
монополиялар субъектілерінің
жабдықтарын жөндеу картасына
(күрделі жөндеу)
қосымша

Инвестициялық бағдарламалар шеңберінде нысаналы көрсеткіштермен жөндеу (күрделі жөндеу) жүргізілген табиғи монополия субъектісінің жабдықтары бойынша ақпарат


_____________________________________ Кәсіпорынның атауы

№ р/с Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезеңі (күнтізбелік жыл)
Жабдықтың атауы Объектінің нақты орналасқан жері Реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде іске қосылған орындалған жөндеу жұмыстарының көлемі (дана) Жүргізілген жұмыстың сипаттамасы, оның ішінде жөнделген объектінің техникалық параметрлері (қуаты, түрі, өндіруші елі) Жөндеу жұмыстарына бағытталған шығындар сомасы (миллион теңге) Қаржыландыру көзі, (миллион теңге) Күнтізбелік жылға реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде тартылған барлық жабдықтардың тозу деңгейі (%)
Облыс, қала, аудан (елді мекен) Көше, даңғыл, шағын аудан Меншікті қаражат Қарыз қаражаты Бюджет қаражаты Реттелетін қызметтерге жатпайтын қызмет
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13













      Ескерту:


инвестициялық бағдарламалар шеңберінде нысаналы көрсеткіштермен күрделі жөндеу жүргізілген табиғи монополия субъектісін жабдықтау жөніндегі ақпарат өтінім берудің алдындағы 5 жылға толтырылады.

      Басшы __________________________________            _________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                   қолы

      Бас бухгалтер _________________________________      ____________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)             қолы

      "____" _____________________ жыл.

  4-нысан

Инвестициялық бағдарламалар шеңберінде нысаналы көрсеткіштермен табиғи монополия субъектісінің ____ жылдарға арналған көлік құралдары бойынша жөндеу (күрделі жөндеу) картасы _____________________________________ Кәсіпорынның атауы

№ р/с Іс-шараның (күрделі жөндеудің) атауы Көлік құралының атауы Көлік құралының шығарылған жылы Мақсатты мәні, (ашып жазу) Табиғи монополия субъектісінің көлік құралына меншік құқығы (баланста/сенімгерлік басқару, жалға алу) Бастапқы құны, (миллион теңге) Көлік құралын пайдалануға берген жылы Бухгалтерлік есепке сәйкес қызмет мерзімі (пайдалану, пайдалану, қолдану) (ай) Техникалық паспортқа сәйкес қызмет мерзімі (пайдалану, пайдалану, қолдану) (ай) Соңғы 5 жыл ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған шығындардың жалпы сомасы (миллион теңге)
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11











      Кестенің жалғасы

Орындалған жөндеу жұмыстарын қаржыландыру көзі (миллион теңге) Сатып алу қажеттілігі, қосымша, барлығы Мәлімделген тариф шеңберінде, оның ішінде инвестициялық бағдарлама есебінен жаңарту үшін жоспарланатын сома (миллион теңге) Өзге көздер есебінен, оның ішінде тариф құнына кірмейтін мемлекеттік қаражат есебінен жаңарту үшін жоспарланатын сома (миллион теңге)
Меншікті қаражат Қарыз қаражаты Бюджет қаражаты Реттелетін қызметтерге жатпайтын қызмет дана миллион теңге Күрделі жөндеу Сатып алу Күрделі жөндеу Сатып алу
12 13 14 15 16 17 18 19 20 21










      Кестенің жалғасы

Мәлімделген тариф шеңберінде, оның ішінде инвестициялық бағдарлама есебінен жіберілетін қаржыландыру көзі (миллион теңге) Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын және жаңа сатып алуды орындағаннан кейін автопаркті қамтамасыз ету деңгейі (%) Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын орындаудан күтілетін қосымша әсер, оның ішінде:
Меншікті қаражат Қарыз қаражаты Бюджет қаражаты Реттелетін қызметтерге жатпайтын қызмет Шикізат, материалдар, отын және энергия шығысының нормалары (миллион теңге) Автокөліктің жоспардан тыс және авариялық тоқтап қалуын азайту
22 23 24 25 26 27 28







      Басшы __________________________________             _________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                   қолы

      Бас бухгалтер _________________________________       ____________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)             қолы

      "____" _____________________жыл.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады