"Ұлттық әл-ауқат қорының сатып алуын бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметті қоспағанда, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жүзеге асыратын бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1252 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 2023 жылғы 27 наурыздағы № 293 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 наурызда № 32138 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұлттық әл-ауқат қорының сатып алуын бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметті қоспағанда, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жүзеге асыратын бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1252 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізімінде № 25489 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорының сатып алуын бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметті қоспағанда, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жүзеге асыратын бақылауды жүргізу қағидаларында:

      Қағидаларға 1-2-қосымшасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржыминистрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі орынбасарының
міндетін атқарушы - Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі
орынбасарының
міндетін атқарушы -
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 27 наурыздағы
№ 293 бұйрығына
қосымша
Ұлттық әл-ауқат қорының
сатып алуын бақылау жөніндегі
орталықтандырылған қызметті
қоспағанда, сатып алуды
бақылау жөніндегі
орталықтандырылған
қызмет жүзеге асыратын
бақылауды жүргізу
қағидаларына
1-2-қосымша

Бақылау элементтері және бұзушылықтарды жою тәсілдері

Бақылау бағыттары/элементтері

Деректерді іріктеу үшін тәуекелді басқару жүйесінің өлшемшарттары

Тәуекелдердің бейіні

Бұзушылықтарды жою тәсілдері

Бірінші бағыт

Тендер (аукцион) тәсілімен сатып алулар.
Сатып алулар тендер тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу.
Сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметке шағым түскен сатып алулар.

№ 1-бейін
Ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің тендерлік (аукциондық) құжаттамада Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып, біліктілік талаптары мен шарттарын белгілеуі.

1-нұсқа. Тендерлік (аукциондық) құжаттамаға өзгерістер енгізу *.

2-нұсқа. Егер тендерлік (аукциондық) құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау жүзеге асырылмаған жағдайда, ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің тендерлік (аукциондық) құжаттаманы бекіту туралы тиісті шешімінің күшін жою*.

№ 3-бейін
Тендер тәсілімен сатып алуды өткізу кезінде лоттарға бөлмеу.

Сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін сатып алудың күшін жою.

№ 8-бейін
Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі 15 (он бес) күнтізбелік күннен аз, сондай-ақ, тауарды жеткізуге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмысты орындауға, қызметтерді көрсетуге жұмсалатын мерзімнен аз.

Сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін сатып алудың күшін жою.

Екінші бағыт

Тендер (аукцион) тәсілімен сатып алу.

№ 2-бейін
Тендерлік (аукциондық) құжаттаманың жобасына алдын ала талқылау хаттамасында тиісті ескертулер болған кезде ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып, тендерлік (аукциондық) құжаттаманы бекітуі.

Сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін сатып алудың күшін жою.

№ 14-бейін
Талқылау қорытындысы бойынша тендерлік (аукциондық) құжаттама өзгерген не тендерлік (аукциондық) құжаттамада техникалық ерекшеліктің орнына жобалау-сметалық құжаттама (жабдықтардың (тетіктердің, машиналардың) және еңбек ресурстарының негізгі түрлерінің тізбесі) болған жағдайда, ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің тендерлік (аукциондық) құжаттамада Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген біліктілік талаптары мен шарттарын белгілеуі.

Сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін сатып алудың күшін жою.

Үшінші бағыт

Тендер тәсілімен сомасы 300 (үш жүз) миллион теңгеден асатын сатып алулар және (немесе) тиісті тендерге қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілердің шағымдары келіп түскен тендер тәсілімен сатып алу.

№ 4-бейін
Әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұза отырып, оны қабылдамауға әкеп соққан шешімді қабылдау.

Алдын ала рұқсат беру хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру *.

№ 5-бейін
Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып әлеуетті өнім берушіге рұқсат беру туралы шешім қабылдау.

Алдын ала рұқсат беру хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру *.

№ 7-бейін
Алдын ала рұқсат беру хаттамасында тендерлік (аукциондық) өтінімдерді қабылдамаудың егжей-тегжейлі себептерін көрсетпеу.

Алдын ала рұқсат беру хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру *.

№ 13-бейін
Әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін, оларға өз өтінімдерін сәйкес келтіру құқығын бермейтін негіздер бойынша заңсыз қабылдамау.

1-нұсқа. Алдын ала рұқсат беру хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру*.

2-нұсқа. Сатып алуды ұйымдастырушы, тапсырыс беруші қорытындылар туралы хаттаманы ресімдеген жағдайда, ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің тиісті шешімінің күшін жою*.

Төртінші бағыт

Сомасы 300 (үш жүз) миллион теңгеден асатын тендер (аукцион) тәсілімен сатып алулар және (немесе) "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында белгіленген мерзімде шағымдар түскен тендер (аукцион) тәсілімен сатып алу.

№ 4-бейін
Әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұза отырып, оны қабылдамауға әкеп соққан шешім қабылдау.

Қорытынды хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру*.

№ 5-бейін
Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып, әлеуетті өнім берушіге рұқсат беру туралы шешім қабылдау.

Сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін сатып алудың күшін жою.

№ 6-бейін
Шартты жеңілдіктерді қолданбау немесе заңсыз қолдану.

Қорытынды хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру*.

Бағалық ұсыныстарды сұрату тәсілімен сатып алуды бақылау

Лот сомасы 2 (екі) миллион теңгеден асатын бағалық ұсыныстарды сұрату тәсілімен сатып алулар және (немесе) сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметке шағымдар келіп түскен сатып алулар.

№ 9-бейін
Бағалық ұсыныстарды сұрату тәсілімен сатып алуларды өткізу кезінде лоттарға бөлмеу.

Сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін сатып алудың күшін жою.

№ 10-бейін
Техникалық ерекшелік бағалық ұсыныстарды сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу кезінде тауар белгілерін, пайдалы модельдерін және басқа да сипаттамаларын көрсетуді қамтиды.

Сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін сатып алудың күшін жою.

№ 15-бейін
Бағалық ұсыныстарды сұрату тәсілімен сатып алуларды жүзеге асырған жағдайдағы заңсыз талаптар.

Сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін сатып алудың күшін жою.

Бір көзден алу тәсілімен сатып алуларды бақылау

Егер мынадай шарттар (жеке-жеке):
1) сатып алу сомасы 2 (екі) миллион теңгеден асатын болса;
2) жылдық сатып алу жоспарының Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығының бірдей атаулары мен кодтары бар бірден артық тармағы болса тапсырыс берушімен әлеуетті өнім берушіге қол қоюға жолданған тікелей жасасу жолымен сатып алулар туралы шарттың жобасы.
Тауар биржалары арқылы тәсілімен жоспарланған сатып алулар.

№ 11-бейін
Сатып алу тәсілін заңсыз қолдану – сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілі.

Хабарламаға сәйкес жылдық сатып алу жоспарына өзгерістердің енгізілуімен сатып алулар туралы шарттың жобасын кері қайтарып алу*.

№ 12-бейін
Биржалық тауарлар тізбесіне кіретін тауарларды сатып алуды жүзеге асыру тәсілін заңсыз таңдау.

Хабарламаға сәйкес сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізу*.

      Ескертпе:

      * Хабарлама тапсырылғаннан кейін сатып алулар туралы шарт жасасу кезінде, бұзушылық осындай шартты бұзу (қорытындыларды жою) арқылы жойылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады