ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі
"Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық әл-ауқат қорының сатып алуын бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметті қоспағанда, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жүзеге асыратын бақылауды жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2022 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1252 бұйрығымен бекітілген |
Ұлттық әл-ауқат қорының сатып алуын бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметті қоспағанда, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жүзеге асыратын бақылауды жүргізу қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ұлттық әл-ауқат қорының сатып алуын бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметті қоспағанда, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жүзеге асыратын бақылауды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және Ұлттық әл-ауқат қорының сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметін қоспағанда, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жүзеге асыратын бақылауды жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бақылау – ақпараттық жүйелердің деректерін, сондай-ақ бақылау объектілерінің қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау және салыстыру негізінде бақылау объектісіне бармай-ақ сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жүзеге асыратын бақылау нысаны;
2) бақылау тәуекелдерінің бейіні (бұдан әрі – тәуекел бейіні) – бақылау объектілерінің қызметі туралы мәліметтерді талдау арқылы айқындалған және белгілі бір бұзушылықтарды анықтау мақсатында әзірленетін деректерді таңдау шарттарының жиынтығы;
3) сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет –акционері ұлттық басқарушы холдинг немесе ұлттық холдинг болып табылатын ұлттық компанияны қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның қызметі, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның қызметі(бұдан әрі – Қызмет);
4) сатып алу веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарын қоспағанда, Заңға және Заңның 2-бабы 15) тармақшасына сәйкес бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорын және Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес электрондық форматта сатып алуды өткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;
5) мыналар бақылау объектілері болып табылады:
тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы, тендерлік комиссия (аукциондық комиссия), сатып алу жөніндегі сараптама комиссиясы, сатып алу жөніндегі сарапшы;
өткізілетін сатып алу нысанасы шегінде әлеуетті өнім беруші, өнім беруші, сондай-ақ олар жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлер не қызметтерді көрсету бойынша бірлесіп орындаушылар ретінде тартатын тұлғалар;
электрондық сатып алу ақпараттық жүйесінің операторы;
6) тәуекелдерді басқару жүйесі – бар тәуекелдердің жиынтығын жан-жақты талдауды, оларды сәйкестендіруді және бағалауды, ден қою шараларын әзірлеуді және қабылдауды, қабылданған шаралар нәтижелерінің тиімділігінің мониторингін өзіне қамтитын бақылаудың неғұрлым басым бағыттарына ресурстарды іріктеу, оңтайлы бөлу қағидаттарына негізделген бақылау объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыруды және бақылауды, бақылау объектісінің өзге де қызметін жүргізуді қамтамасыз ететін әкімшілендіру жүйесі;
7) тәуекел – Қазақстан Республикасының заңнамаларының сақталмау, қаржылық бұзушылықтарға, қаражатты ұрлауға (талан-таражға салуға) және мемлекетке, заңды тұлғаларға экономикалық залал келтіруге әкеп соғуы мүмкін оқиғаның немесе әрекеттің бақылау объектісі мен нысанасына қолайсыз әсер ету ықтималдығы, сондай-ақ бағдарламалық құжаттарда және заңды тұлғалардың стратегиялық жоспарларында көзделген нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізбеу немесе толық көлемде орындамау ықтималдығы;
8) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шекте ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, мемлекеттік сатып алу, аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы.
3. Сатып алуды бақылаудың мақсаты бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау объектісіне сатып алуды бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру және бақылау объектілеріне әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
2-тарау. Ұлттық әл-ауқат қорының сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметін қоспағанда, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жүзеге асыратын бақылауды жүргізу тәртібі
4. Қызмет бақылауды Заңның 15 және 16-баптарының негізінде бақылау объектісіне бармай, бақылау объектілерінің қызметі бойынша, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері бойынша ақпараттық жүйелердің деректерінен алынған мәліметтерді салыстыру арқылы тұрақты негізде жүргізеді.
5. Бақылаудың ден қою шаралары Заңның 15-бабы 5-тармағының 1) тармақшасында көзделген.
6. Бақылау сатып алу туралы шарттар жасалғанға дейін жүргізіледі.
7. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды бақылау баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізілетін сатып алу туралы мәліметтер веб-порталда сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін орналастырылған күннен бастап немесе заңның 16-бабында көзделген шағымды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
8. Сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілдерімен және (немесе) тауар биржалары арқылы сатып алуды бақылау сатып алу туралы шарттың жобасы әлеуетті өнім берушіге қол қоюға жіберілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
9. Тендер (аукцион) тәсілімен сатып алуды бақылау мынадай бағыттар бойынша:
1) бірінші бағыт:
тендер (аукцион) жарияланған күннен бастап тендерлік құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасын алдын ала талқылау кезеңінде ескертулерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін немесе Заңның 16-бабында көзделген шағымды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;
егер тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау жүзеге асырылмаған жағдайда, тендер тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтіні орналастырылған күннен бастап (10) күнтізбелік он күн ішінде немесе Заңның 16-бабында көзделген шағымды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;
2) екінші бағыт – тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасы веб-порталда орналастырылған күннен бастап (10) күнтізбелік он күн ішінде немесе Заңның 16-бабында көзделген шағымды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;
3) үшінші бағыт – алдын ала рұқсат беру хаттамасы веб-порталда орналастырылған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;
4) төртінші бағыт – қорытындылар хаттамасы орналастырылған күннен бастап сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде немесе Заңның 16-бабында көзделген шағымды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
10. Бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған кезде Қызмет анықталған бұзушылықтардың сипаттамасын қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) ресімдейді және бақылау объектілеріне жібереді және веб-порталда автоматты түрде тіркеледі.
10-1. Бақылау жүргізу барысында бұзушылықтарды анықтау осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген бақылау тәуекелдері бейіндерінің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. Қағида 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 12.08.2022 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Хабарлама бақылау объектісіне бұзушылықтар анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде веб-портал арқылы жіберіледі.
12. Бақылау объектісі хабарламаны бақылау объектісіне табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде орындайды.
Бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама Заңның 15-бабы 7-тармағында белгіленген мерзімі өткен соң орындалмаған кезде Қызмет 3 (үш) жұмыс күні ішінде материалдарды сатып алу саласындағы уәкілетті органға береді.
12-1. Бақылау элементтері және хабарламада көрсетілген бұзушылықтарды жою тәсілдері осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген.
Ескерту. Қағида 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 12.08.2022 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Бақылау объектісі хабарламаның орындалуы туралы ақпаратты (қажет болған жағдайда растайтын құжаттарды қоса бере отырып) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама жіберген Қызметке веб-портал арқылы ұсынады.
14. Тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының, тендерлік комиссияның (аукциондық комиссияның), сатып алу жөніндегі сарапшының, сатып алу жөніндегі сараптамалық комиссияның, электрондық сатып алу ақпараттық жүйесі операторының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым Заңның 16-бабына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы, оның ішінде веб-портал арқылы беріледі.
Қызметке Заңның 16-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген мерзімдер өткеннен кейін тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының, тендерлік комиссияның (аукциондық комиссияның), сатып алу жөніндегі сарапшының, сатып алу жөніндегі сараптамалық комиссияның, электрондық сатып алу ақпараттық жүйесі операторының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасау Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Шағым Заңның 16-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген мерзімдерде берілген кезде шарт жасасу мерзімі шағымды қарау мерзімі аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.
15. Заңның 16-бабында белгіленген тәртіппен қаралған шағымға жауап жобасын және (немесе) хабарламаны тыңдау рәсімі шағымға жауап жобасы орналастырылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
16. Қызмет тыңдау рәсімінің нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 15-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде веб-порталда айқындалған ұстанымдар туралы ақпаратты және ұсынылған позициялар бойынша Қызметтің егжей-тегжейлі негіздемесін қамтитын тыңдау хаттамасын орналастырады.
17. Заңның 16-бабының 8-тармағына сәйкес қабылданған Қызмет шешімімен келіспеген жағдайда әлеуетті өнім беруші оған сотқа шағым жасауға құқылы.
3-тарау. Ұлттық әл-ауқат қорының сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметін қоспағанда, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жүзеге асыратын бақылау нәтижелеріне шағымдану тәртібі
18. Бақылау объектісі хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, оны веб-портал арқылы жеткізген күннен кейінгі күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламада көрсетілген бұзушылықтарға қарсылықты Қызметке жібереді.
Қажет болған кезде қарсылықтың дәлелдерін растайтын құжаттардың көшірмелері қарсылыққа қоса беріледі.
19. Қарсылықты Қызмет сатып алуды бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықты алған күннен кейінгі күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.
20. Хабарламаны орындау мерзімі қарсылықты қарау кезеңіне тоқтатыла тұрады.
21. Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша мынадай:
1) бақылау объектісі даулап отырған барлық мәселелер қанағаттандырылған жағдайда – қарсылықты қанағаттандыру туралы;
2) бақылау объектісі даулайтын мәселелер ішінара қанағаттандырылған жағдайларда – қарсылықты ішінара қанағаттандыру туралы;
3) бақылау объектісі даулап отырған барлық мәселелер қанағаттандырылмаған жағдайларда – осындай шешім қабылдауды негіздей отырып, қарсылықты қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша шешім осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарсылықты қарау нәтижелері бойынша қорытындымен ресімделеді.
Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша қорытынды автоматты түрде тіркеледі және бақылау объектісіне веб-портал арқылы жіберіледі.
22. Осы Қағидалардың 21-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда хабарлама:
1) хабарламада көрсетілген барлық бұзушылықтарға дау айтылған жағдайда күші жойылуға;
2) қарсылықпен дауланбайтын хабарламада көрсетілген бұзушылықтарды жою бөлігінде орындалуға жатады.
Осы Қағидалардың 21-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда хабарлама қарсылықтың қанағаттандырылмаған дәлелдері бойынша бұзушылықтарды жою бөлігінде орындалуға жатады.
Осы Қағидалардың 21-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда, хабарламаны бақылау объектісі толық көлемде орындауға тиіс.
Хабарламаға ішінара қарсылық білдірілген жағдайда, дауланбаған хабарлама бұзушылықтары жоюға жатады.
Ұлттық әл-ауқат қорының сатып алуын бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметті қоспағанда, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жүзеге асыратын бақылауды жүргізу қағидаларына 1-қосымша |
Бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама
20___ жылғы "___" __________ № _____
__________________________________________________________________________
(Сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметтің атауы)
"Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" Қазақстапн Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-бабы 5-тармағына сәйкес
__________________________________________________________________________
(бақылау объектісінің атауы,бизнес-сәйкестендіру нөмірі, орналасқан орны)
бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлайды.
Заңның 15-бабы 7-тармағына сәйкес Сізге осы бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) табыс етілген (алған) күннен кейінгі күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде орындау қажет.
Қарсылықтарды қарау нәтижелері ескеріле отырып, хабарламада көрсетілген бұзушылықтар жойылған жағдайларда хабарлама орындалды деп танылады.
Бақылау объектісі бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты (қажет болған кезде растайтын құжаттарды) веб-портал арқылы Заңның 13-бабы 7) тармақшасына сәйкес бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорының сатып алуын бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметті қоспағанда, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жүзеге асыратын бақылауды жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Бақылау жүргізу қағидалары) 2-қосымшаға сәйкес хабарлама жіберген уәкілетті органға ұсынады.
Бақылау жүргізу қағидаларының 18-тармағына сәйкес хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, бақылау объектісі қажет болған кезде ол веб-портал арқылы жеткізілген күннен кейінгі күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Қызметке Бақылау жүргізу қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес қарсылық жібереді.
Қажет болған кезде қарсылыққа қарсылықтың дәлелдерін растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
Осы хабарлама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда, Заңның 15-бабының 8-тармағына сәйкес материалдар лауазымды адамдарды әкімшілік жауаптылыққа тартуды қоса алғанда, тиісті шараларды қарау және қабылдау үшін сатып алу саласындағы уәкілетті органға беріледі.
Анықталған бұзушылықтар сипатталған қосымша ____ парақта.
Қызмет басшысы _______________________________________________ __________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)) (Қолы)
Бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қосымша |
Мен,______________________________________________________________________
(лауазымы, Қызметтің атауы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
"Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес сатып алуға бақылау жүргіздім
__________________________________________________________________________
(Бақылау нысанасы)
негізінде__________________________________________________________________
(Өтініш беруші туралы мәліметтерді көрсете отырып, тәуекелдерді басқару
жүйелері/шағымдар) _________________________________________________ арқылы
(Ақпараттық жүйенің атауы)
Бақылау нәтижелері бойынша мынадай бұзушылық (-тар) анықталды:
Бұзушылық тармағының нөмірі | Тәуекел бейіні | Ережелері бұзылған нормативтік құқықтық актілердің баптарына, тармақтарына және тармақшаларына сілтеме жасай отырып, бұзушылық сипатының сипаттамасы | Бұзушылықтарды растайтын құжаттардың деректемелері мен атаулары |
1–тармақ | |||
2–тармақ | |||
… |
(Әрбір бұзушылық фактісі жеке тармақпен белгіленеді және тәуекел бейінін көрсете отырып, ережелері бұзылған нормативтік құқықтық актілердің баптарына, тармақтары мен тармақшаларына сілтеме жасай отырып, бұзушылық сипатын сипаттай отырып, толассыз тәртіппен нөмірленеді. Бұзушылық сипаттамасында бұзушылықтарды растайтын құжаттардың деректемелері мен атауларына сілтеме жасалады.)
Ұлттық әл-ауқат қорының сатып алуын бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметті қоспағанда, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жүзеге асыратын бақылауды жүргізу қағидаларына 1-1-қосымша |
Бақылау тәуекелдері бейіндерінің тізбесі
Ескерту. Қағида 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 12.08.2022 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Бақылау тәуекелдері бейіндерінің атауы | Бақылау тәуекелдері бейіндерінің деректерін таңдау шарттары | Бақылау тәуекелдері бейіндерінің бұзушылықтары |
1. | Ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасында көзделмеген біліктілік талаптары мен шарттарын белгілеуі. |
1. Тендер (аукцион) тәсілімен жарияланған мемлекеттік сатып алулар. |
Ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің тендерлік (аукциондық) құжаттамада келесі біліктілік талаптары мен шарттарын көрсетуі: |
2. | Тендерлік (аукциондық) құжаттаманың жобасына алдын ала талқылаудың хаттамасында тиісті ескертулер бола тұра, ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң) және Сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бұза отырып тендерлік (аукциондық) құжаттаманы бекітуі. |
1. Алдын ала талқылау хаттамасы қалыптастырылған, тендер (аукцион) тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу. | Сатып алуды жүзеге асыру қағидалардың 69 және 190-тармақтарын бұзу. |
3. | Тендер тәсілімен сатып алуды жүргізу кезінде лоттарға бөлмеу. |
1. Тендер тәсілімен жүргізілген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жарияланған сатып алулар. | Сатып алуды жүзеге асыру қағидалардың 6-тармағын бұзу. |
4. | Әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұза отырып, оның қабылданбауына әкеп соқтырған шешім қабылдау. |
1. Олар бойынша қорытындылары туралы хаттама ресімделген тендер (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алулар. | Сатып алуды жүзеге асыру қағидалардың 123 және 234-тармақтарын бұзу. |
5. | Әлеуетті өнім берушіге квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы туралы заңнаманы бұза отырып рұқсат беру туралы шешім қабылдау. |
1. Олар бойынша қорытындылары туралы хаттама ресімделген тендер (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алулар. | Сатып алуды жүзеге асыру қағидалардың 123 және 234-тармақтарын бұзу. |
6. | Шартты жеңілдіктерді қолданбау немесе заңсыз қолдану. |
1. Олар бойынша қорытындылары туралы хаттама ресімделген тендер тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алулар, бұл ретте олар өткізілген болып танылған. | Сатып алуды жүзеге асыру қағидалардың 127 және 130-тармақтарын бұзу. |
7. | Алдын ала рұқсат беру хаттамасында тендерлік (аукциондық) өтінімдерді қайтарудың нақты себептерін көрсетпеу. |
1. Алдын ала рұқсат беру хаттамасы қалыптастырылған тендер (аукцион) тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алулар. | Сатып алуды жүзеге асыру қағидалардың 106-тармағын бұзу. |
8. | Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі 15 (он бес) күнтізбелік күннен аз, сондай-ақ, тауарды жеткізуге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге жұмсалатын мерзімнен аз. |
1. Сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 18-тармағымен көзделген тәсілдермен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алулар. | Сатып алуды жүзеге асыру қағидалардың 399-тармағын бұзу. |
9. | Бағалық ұсыныстарды сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу кезінде лоттарға бөлмеу. |
1. Бағалық ұсыныстарды сұрату тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алулар. | Сатып алуды жүзеге асыру қағидалардың 6-тармағын бұзу. |
10. | Техникалық ерекшелігі бағалық ұсыныстарды сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу кезінде тауарлық белгілер, пайдалы модельдер және басқа сипаттамаларды қамтиды |
1. Бағалық ұсыныстарды сұрату тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алулар. | Сатып алуды жүзеге асыру қағидалардың 250-тармағын бұзу. |
11. | Сатып алу туралы шартты тікелей жасау жолымен бір көзден алу тәсілі – сатып алу тәсілін заңсыз қолдану. |
1. Тікелей жасасу арқылы сатып алу туралы шарт жобасы тапсырыс берушімен әлеуетті өнім берушіге қол қоюға жіберген. | Сатып алуды жүзеге асыру қағидалардың 287-тармағын бұзу. |
12. | Биржалық тауарлар тізбесіне кіретін тауарларды сатып алуды жүзеге асырудың тәсілін заңсыз таңдау. |
1. Тауарлық биржалар арқылы тәсілмен өткізілген тауарларды сатып алу. | Сатып алуды жүзеге асыру қағидалардың 295 және 296-тармақтарын бұзу. |
13. | Әлеуетті өнім берушілердің өз өтінімдерін сәйкес келтіруге құқық бермейтін негіздер бойынша олардың өтінімдерін заңсыз қайтару |
1. Алдын ала рұқсат беру хаттамасы ресімделген тендер (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алулар. | Сатып алуды жүзеге асыру қағидалардың 102-тармағын бұзу. |
14. | Ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің тендерлік (аукциондық) құжаттамада талқылау қорытындысы бойынша тендерлік (аукциондық) құжаттама не тендерлік (аукциондық) құжаттама өзгерген жағдайда, техникалық ерекшеліктің орнына жобалау-сметалық құжаттама (жабдықтардың (тетіктердің, машиналардың) және еңбек ресурстарының негізгі түрлерінің тізбесі) қамтылған кезде, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамада көзделмеген біліктілік талаптары мен шарттарын белгілеуі. |
1. Тендерлік (аукциондық) құжаттама жобасын алдын ала талқылау хаттамасы ресімделген тендер (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алулар. |
Ұйымдастырушының,тапсырыс берушінің тендерлік (аукциондық) құжаттамада мынадай: |
15. | Бағалық ұсыныстарды сұрату тәсілімен сатып алу жүзеге асырылған жағдайдағы заңсыз талаптар. |
1. Бағалық ұсыныстарды сұрату тәсілімен жарияланған сатып алулар. | Бағалық ұсыныстарды сұрату тәсілімен сатып алу жүзеге асырылған жағдайда біліктілік талаптарын белгілеу. |
Ұлттық әл-ауқат қорының сатып алуын бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметті қоспағанда, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жүзеге асыратын бақылауды жүргізу қағидаларына 1-2-қосымша |
Бақылау элементтері және бұзушылықтарды жою тәсілдері
Ескерту. Қағида 1-2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 12.08.2022 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 27.03.2023 № 293 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Бақылау бағыттары/элементтері | Деректерді іріктеу үшін тәуекелді басқару жүйесінің өлшемшарттары | Тәуекелдердің бейіні | Бұзушылықтарды жою тәсілдері |
Бірінші бағыт |
Тендер (аукцион) тәсілімен сатып алулар. |
№ 1-бейін | 1-нұсқа. Тендерлік (аукциондық) құжаттамаға өзгерістер енгізу *. |
2-нұсқа. Егер тендерлік (аукциондық) құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау жүзеге асырылмаған жағдайда, ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің тендерлік (аукциондық) құжаттаманы бекіту туралы тиісті шешімінің күшін жою*. | |||
№ 3-бейін | Сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін сатып алудың күшін жою. | ||
№ 8-бейін | Сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін сатып алудың күшін жою. | ||
Екінші бағыт | Тендер (аукцион) тәсілімен сатып алу. |
№ 2-бейін | Сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін сатып алудың күшін жою. |
№ 14-бейін | Сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін сатып алудың күшін жою. | ||
Үшінші бағыт | Тендер тәсілімен сомасы 300 (үш жүз) миллион теңгеден асатын сатып алулар және (немесе) тиісті тендерге қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілердің шағымдары келіп түскен тендер тәсілімен сатып алу. |
№ 4-бейін | Алдын ала рұқсат беру хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру *. |
№ 5-бейін | Алдын ала рұқсат беру хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру *. | ||
№ 7-бейін | Алдын ала рұқсат беру хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру *. | ||
№ 13-бейін | 1-нұсқа. Алдын ала рұқсат беру хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру*. | ||
2-нұсқа. Сатып алуды ұйымдастырушы, тапсырыс беруші қорытындылар туралы хаттаманы ресімдеген жағдайда, ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің тиісті шешімінің күшін жою*. | |||
Төртінші бағыт | Сомасы 300 (үш жүз) миллион теңгеден асатын тендер (аукцион) тәсілімен сатып алулар және (немесе) "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында белгіленген мерзімде шағымдар түскен тендер (аукцион) тәсілімен сатып алу. |
№ 4-бейін | Қорытынды хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру*. |
№ 5-бейін | Сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін сатып алудың күшін жою. | ||
№ 6-бейін | Қорытынды хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру*. | ||
Бағалық ұсыныстарды сұрату тәсілімен сатып алуды бақылау | Лот сомасы 2 (екі) миллион теңгеден асатын бағалық ұсыныстарды сұрату тәсілімен сатып алулар және (немесе) сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметке шағымдар келіп түскен сатып алулар. |
№ 9-бейін | Сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін сатып алудың күшін жою. |
№ 10-бейін | Сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін сатып алудың күшін жою. | ||
№ 15-бейін | Сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін сатып алудың күшін жою. | ||
Бір көзден алу тәсілімен сатып алуларды бақылау |
Егер мынадай шарттар (жеке-жеке): |
№ 11-бейін | Хабарламаға сәйкес жылдық сатып алу жоспарына өзгерістердің енгізілуімен сатып алулар туралы шарттың жобасын кері қайтарып алу*. |
№ 12-бейін | Хабарламаға сәйкес сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізу*. |
Ескертпе:
* Хабарлама тапсырылғаннан кейін сатып алулар туралы шарт жасасу кезінде, бұзушылық осындай шартты бұзу (қорытындыларды жою) арқылы жойылады.
Ұлттық әл-ауқат қорының сатып алуын бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметті қоспағанда, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жүзеге асыратын бақылауды жүргізу қағидаларына 2–қосымша |
Хабарламаның орындалуы туралы ақпарат
20___ жылғы "___" __________ № _____
Осы _____________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(Бақылау объектісінің атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
______________________________________________ хабарламаны қарап
__________________________________________________________________________
(Хабарламаны жіберген қызметтің атауы)
20__ жылғы "__" _________ № __, оның ішінде қарсылықты қарау нәтижелерін ескере
отырып, (Қарсылықтарды қарау нәтижелері бойынша 20__ "__" _______ № ___
қорытынды жіберілді) хабарламаны орындау туралы ақпаратты жіберіп отыр:
Бұзушылық тармағының нөмірі | Тәуекел бейіні | Ережелері бұзылған нормативтік құқықтық актілердің баптарына, тармақтарына және тармақшаларына сілтеме жасай отырып, бұзушылық сипатының сипаттамасы | Жою тәсілі /қарсылық қабылданды |
Растайтын құжаттың |
1-тармақ | ||||
2-тармақ | ||||
… |
Бақылау объектісінің басшысы ______________________________________ ________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (Қолы)
Бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламада көрсетілген бұзушылықтарға қарсылық
20___ жылғы "___" __________ № _____
Осымен___________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(Бақылау объектісінің атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
________________________________________________________ хабарламаны қарап
(Хабарлама жіберген Қызметтің атауы)
20__ жылғы "__" _________ № _______, мынадай бұзушылықтармен келіспейтіні туралы хабарлайды:
Бақылау объектісі даулайтын хабарламаға сәйкес бұзушылық тармағының нөмірі | Тәуекел бейіні | Хабарламада көрсетілген ережелері бұзылған нормативтік құқықтық актілердің баптарына, тармақтарына және тармақшаларына сілтеме жасай отырып, бұзушылық сипатының сипаттамасы | Бақылау объектісінің хабарламада көрсетілген бұзушылықпен келіспеген негіздемелері | Қоса берілетін құжаттардың тізбесі |
Бақылау объектісінің басшысы ________________________________ ______________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (Қолы)
Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша қорытынды
20___ жылғы "___" __________ № _____
Бақылау жүргізу қағидаларының 21-тармағына сәйкес қарсылықты қарау
нәтижелері бойынша ________________________________________________________
(Бақылау объектісінің атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
______________________________________________________________________
20__ жылғы "___" _________ № _______, хабарламаға
__________________________________________________________________________
(Хабарлама жіберген қызметтің атауы)
20__ жылғы "___" _________ № _________, мыналар анықталды:
Бақылау объектісі даулайтын хабарламаға сәйкес бұзушылық тармағының нөмірі | Тәуекел бейіні | Хабарламада көрсетілген ережелері бұзылған нормативтік құқықтық актілердің баптарына, тармақтарына және тармақшаларына сілтеме жасай отырып, бұзушылық сипатының сипаттамасы | Бақылау объектісінің хабарламада көрсетілген бұзушылықпен келіспеген негіздемелері | Бақылау объектісінің қарсылығын қарау нәтижелері (қарсылық қабылданған/қарсылық қабылданған жоқ) | Қабылдан ған шешімнің негіздеме сі |
Қарсылықты бақылау объектісі даулайтын мәселелер шегінде қарау нәтижелері бойынша мынадай шешім қабылданды:
__________________________________________________________________________
(қарсылықты толық қанағаттандыру туралы/қарсылықты ішінара қанағаттандыру
туралы/қарсылықты қанағаттандырудан бас тарту туралы).
Қызметтің уәкілетті лауазымды тұлғасы
Қызмет басшысы
________________________________________________________ ________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (Қолы)