"Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 334 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 184 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 наурызда № 32174 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 334 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11602 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларында:

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Теміржолдарда немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржолдарда жылжымалы құрамның соқтығысу, рельстен шығып кету, сондай-ақ жылжымалы құрамның бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтіп кету не поезды қабылдау-жөнелту маршрутына кетіп қалу, бірақ апат немесе авария салдары жоқ жағдайлар оқиғаларға жатады.";

      15-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) шектік бағанадан рұқсатсыз өту;";

      15-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) жылжымалы құрамның станциялардағы, кірме жолдардағы, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржолдардағы шектік бағанадан асып іргелес аралыққа, станциядан аралыққа немесе аралықтан станцияға кетуі, бірақ осы Қағидалардың 12, 13 және 14-тармақтарында көрсетілген салдардың болмауы;".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
М. Карабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады