Қазақстан Республикасында гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 29 наурыздағы № 48 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 31 наурызда № 32185 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасында гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № ҚР ДСМ-63 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18647 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1 және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің м.а.
А. Ғиният

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
м.а. 2023 жылғы 29 наурыздағы
№ 48 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасында гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасында гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес және терепия бейінінің меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдарында асқорыту ағзалары ауруларымен ауыратын пациенттерді гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру процестеріне қойылатын талаптар мен қағидаларды белгілейді.

      2. Осы Стандартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен қысқартулар:

      1) бейінді маман - жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;

      2) динамикалық байқау - пациенттің денсаулық жағдайын жүйелі түрде байқау, сондай-ақ осы байқау нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету;

      3) жоғары технологиялық медициналық көмек (бұдан әрі - ЖТМК) - тиімділігі мен қауіпсіздігі ғылыми дәлелденген диагностика мен емдеудің инновациялық және (немесе) бірегей әдістерін және медицина ғылымының және ғылым мен техниканың сабақтас салаларының жетістіктері негізінде әзірленген технологияларды қолдануды қажет ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін қызмет;

      4) клиникалық хаттама (бұдан әрі – КХ) - пациенттің белгілі бір ауруы немесе жай-күйі кезіндегі профилактика, диагностика, емдеу, медициналық оңалту және паллиативтік медициналық көмек бойынша ғылыми дәлелденген ұсынымдар;

      5) консилиум - кемінде үш дәрігердің қатысуымен диагноз қою, емдеу тактикасын айқындау және ауруды болжау мақсатында адамды зерттеу;

      6) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі - МӘМС) – әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені;

      7) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) - бюджет қаражаты есебінен берілетін медициналық көмектің көлемі.

      3. Гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек асқорыту ағзаларының ауруларымен ауыратын пациенттерге терапиялық көмекті және шағын инвазивтік (эндоскопиялық, интервенциялық) диагностикалық және емдік манипуляцияларды қамтиды.

      4. Пациенттерге гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсету ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде және медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық көмек түрлерін қамтитын Кодекстің 195, 196, 200, 201, 202-баптарына сәйкес көрсетіледі.

      5. Асқорыту ағзаларының ауруларымен ауыратын пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде жүзеге асырылады:

      1) амбулаториялық жағдайда "Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23885 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-75 бұйрығы) сәйкес;

      2) cтационарлық немесе стационарды алмастыратын жағдайларда денсаулық сақтау ұйымы бекіткен дәрілік формуляр бойынша жүзеге асырылады.

      6. Гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек КХ сәйкес, олар болмаған жағдайда гастроэнтерология және гепатология саласындағы ғылым мен практиканың қазіргі заманғы жетістіктеріне дәлелді медицина қағидаттарына негізделген профилактикалық, диагностиқалық, емдеу әдістеріне сәйкес көрсетіледі.

      7. Гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмекті "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес медициналық қызметтің "Гастроэнтерология", "Ультрадыбыстық" және "Эндоскопиялық" кіші түрлері бойынша лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымдары көрсетеді.

      8. Медициналық есепке алу құжаттамасын жүргізу және есептерді беру "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) бекітілген нысандар бойынша қызмет ерекшеліктері ескеріле отырып жүзеге асырылады.

2-тарау. Гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымы

      9. Гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымы:

      1) аудандық, қалалық және облыстық деңгейлердегі медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) ұйымдарын;

      2) мамандандырылған гастроэнтеролог кабинеті (бұдан әрі – Гастроэнтеролог кабинеті) аудандық, қалалық, облыстық деңгейлердегі емханалардағы, көпбейінді ауруханаларды консультативтік-диагностикалық бөлімшелеріндегі, консультативті-диагностикалық орталықтардағы, гастроэнтеролог кабинеті құрылған денсаулық сақтау ұйымдарында сәулелік және эндоскопиялық диагностиканы орындауды қамтамасыз етеді;

      3) облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органдарының (бұдан әрі – Денсаулық сақтау басқармасы) ведомстволық бағынысты қарамағындағы медициналық көп бейінді ауруханалар мен емханалардың құрамына кіретін гепатологиялық орталық (бұдан әрі – ГО) құрылымы: бір облысқа, республикалық маңызы бар қалаға кемінде бір ГО есебінен құрылады;

      4) гастроэнтерологиялық бөлімшелер немесе аудандық, қалалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалар деңгейлеріндегі көп бейінді (балалар, ересектер) ауруханаларының және ғылыми ұйымдардың құрылымындағы төсектерді қамтиды.

3-тарау. Гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің негізгі бағыттары

      10. Гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің негізгі бағыттары:

      1) барлық кезеңдерде сабақтастықты сақтай отырып бастапқы профилактикаға, диагностикаға, емдеуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, динамикалық байқау, қатерлі ісіктердің ерте диагностикасы, пациенттерді медициналық оңалту;

      2) халыққа және денсаулық субъектілеріне асқорыту ағзаларының аурулары мәселелері бойынша ақпараттық-консультациялық және ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек, оның ішінде қашықтықтан медициналық қызмет көрсету;

      3) клиникалық гастроэнтерология және гепатология саласында ғылыми-зерттеу қызметіне қатысу және өткізу, инновациялық технологияларды ендіру;

      4) денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс істеп тұрған ақпараттық жүйелерді (бұдан әрі – АЖ) қолданыстағы АЖ-мен қолданылатын интеграциясын қамтамасыз ету.

      11. Гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін ұйымдар халықтың санитариялық-эпидемиологилық саламаттылығы саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер негізінде эпидемияға қарсы жұмыс режимін сақтаумен медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

4-тарау. Медициналық көмекті деңгейлері, түрлері, нысандары мен шарттары бөлінісінде көрсету тәртібі және оны көрсету шарттары

1- параграф. Амбулаториялық жағдайда гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсету тәртібі (бірінші деңгей)

      12. МСАК ұйымдары (оның ішінде гастроэнтеролог дәрігер):

      1) МСАК дәрігерінің жолдамасы бойынша асқорыту ағзаларының ауруларымен ауыратын пациенттерге мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді;

      2) пациенттерге зертханалық және аспаптық зерттеулер жүргізуді;

      3) пациенттерді бейінді мамандарға зерттеп-қарауға және консультацияға жіберуді;

      4) асқорыту ағзаларының ауруларымен ауыратын пациенттерді стационарда емдеу, оның ішінде ЖТМК көрсету үшін емдеуге жатқызуға жолдаманы дайындауды;

      5) асқорыту ағзаларының ауруларымен ауыратын пациенттердің профилактикасы, диагностикалау және емдеудің жаңа әдістерін практикаға ендіруге қатысуды;

      6) бекітілген жері бойынша "Ересектер, балалар гастроэнтерологиясы" және "Педиатрия" мамандықтары бойынша дәрігерлермен сабақтастық және өзара іс-қимылды;

      7) бекітілген (қызмет көрсетілетін) халық арасында асқорыту ағзалары аурулары бойынша статистикалық деректерді талдау және есепке алу және есептік құжаттаманы жүргізуді;

      8) халық арасында ақпараттық-ағарту жұмстары іс-шараларын жүргізуге қатысуды;

      9) күрделі диагностикалық жағдайларда пациентті үшінші (республикалық) деңгейдегі ұйымға консультацияға жіберуді;

      10) дәрілік заттармен қамтамасыз етеді.

      13. Гастроэнтеролог кабинеті дәрігерінің клиникалық-диагностикалық қызмет көрсету уақытының нормативі (пациентті қабылдау) денсаулық сақтау ұйымдарының үлгілік штаты мен штаттық кестесіне сәйкес белгіленеді.

2-параграф. Стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету тәртібі (екінші деңгей)

      14. Гастроэнтерология бөлімшесі:

      1) стационарлық жағдайда КХ-ға сәйкес көрсетілімдер бойынша асқорыту ағзаларының ауруларымен ауыратын пациенттерді емдеуге жатқызуды және медициналық көмек көрсетуді;

      2) стационардың басқа бөлімшелерінің дәрігерлері мен пациенттеріне консультациялық көмек көрсетуді;

      3) медициналық көмектің сапасын арттыру және асқорыту ағзалары ауруларынан болатын ауруханалық өлімді төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және өткізуді;

      4) асқорыту ағзаларының ауруларымен ауыратын пациенттерге профилактика және медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша дәрігерлік және орта медицина персоналының біліктілігін арттыруға қатысуды;

      5) клиникалық практикаға асқорыту ағзаларының ауруларымен ауыратын пациенттерге профилактика, диагностика, емдеу және медициналық оңалтудың жаңа әдістерін ендіруді;

      6) пациенттермен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді;

      7) емдеуге жатқызылған пациенттер бойынша ақпаратқа жүйелі талдау, есепке алу және есептік құжаттамасын жүргізуді жүзеге асырады.

3-параграф. Республикалық медициналық ұйымдарда медициналық көмек көрсету тәртібі (үшінші деңгей)

      15. Республикалық медициналық ұйымдарда медициналық көмек көрсету ЖТМК жаңа және бірегей әдістерін қолдануды қамтиды.

4-параграф. Созылмалы вирустық гепатиттері аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсету тәртібі

      16. Созылмалы вирустық гепатитке (бұдан әрі – СВГ) қанның иммундық-ферменттік талдауы (бұдан әрі – ИФТ) оң болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнге дейінгі мерзімде МСАК медициналық ұйымдарында полимеразды-тізбектік реакция (бұдан әрі – ПТР) (сапалық) тағайындаумен зерттеп-қарау жүргізіледі.

      17. ПТР (сапалық) нәтижесі оң болған жағдайда МСАК дәрігері ТМККК шеңберінде 20 (жиырма) жұмыс күніне дейінгі мерзімде ПТР (сандық, генотиптік), фибросканирлеуге немесе ішпердені ультрадыбыстық зерттеуге және гастроэнтеролог дәрігерге немесе инфекционист дәрігерге консультацияға жібереді.

      18. СВГ диагнозы расталған кезде МСАК дәрігері пациенттің деректерін медициналық ақпараттық жүйелерге ("Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі" АЖ (бұдан әрі - ДНЭТ АЖ) енгізеді.

      19. СВГ ауруы бар пациенттерге вирусқа қарсы терапияны (бұдан әрі – ВҚТ) жүргізу тәртібі:

      1) "С" СВГ кезінде фиброздың F0 - FII сатысында ВҚТ МСАК ұйымында бейінді маманның (гастроэнтеролог немесе инфекционист) консультациялық қорытындысының негізінде МСАК дәрігерімен жүргізеді;

      2) "С" СВГ кезінде фиброздың FIII - FIV сатысында және ауыр қосарласқан аурулары кезінде ВҚТ режимін таңдау және дәрілер үйлесімділігін айқындау үшін ГО бейінді маманның (гастроэнтеролог немесе инфекционист) консультациясы қажет;

      3) "В" СВГ кезінде ВҚТ МСАК ұйымдарында (МСАК дәрігерімен) ГО-тың бейінді маманының (гастроэнтеролог немесе инфекционист) консультациялық қорытындысына сәйкес жүргізіледі;

      4) "В" СВГ кезінде динамикалық байқау бейінді ГО-да КХ сәйкес тұрақты негізде жүргізіледі.

      20. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды алуға рецептерді жазып беруді МСАК дәрігері, ГО маманы жүзеге асырады.

      21. СВГ емдеу үшін емдеу үшін дәрілік препараттарды босату Денсаулық сақтау басқармасы айқындайтын денсаулық сақтау ұйымы жүзеге асырады.

      22. СВГ ВҚТ сәтті аяқталғаннан кейін 6 (алты) ай өткен соң, тұрақты вирусологиялық нәтижеге (бұдан әрі - ТВН) қол жеткізген кезде, ГО бейінді маманының консультатциялық қорытындысын алғаннан кейін пациент есептен шығарылады.

      МСАК дәрігері есептен шығару туралы ақпаратты ДНЭТ АЖ енгізеді.

      23. "С" СВГ кезінде ВҚТ тиімсіз болған жағдайда динамикалық байқау КХ сәйкес өңірлік ГО-да жалғасады.

      24. FIII- F IV өршитін фиброзы бар (соның ішінде бауыр циррозы) ТВН ауыратын пациенттер ВҚТ кейін КХ сәйкес динамикалық байқауды ГО-да жалғастырады.

      25. Өңірлік ГО СВГ аурумен ауыратын пациенттерді ВҚТ тиімділігіне мониторинг және бағалауды тұрақты негізде жүргізеді.

      26. Адамның иммун тапшылығы вирусы бар пациенттерде (бұдан әрі – АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдар) СВГ зерттеп-қарауды, "АИТВ инфекциясы жағдайларын электрондық қадағалау" АЖ тіркеумен деректерді дербестендірмей тіркелген жағдайлардың санын тоқсан сайын есептік кезеңнің келесі айының 10-күніне дейін өңірлік ГО-қа берумен АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі – АИТВ инфекциясы орталығы) жүргізеді.

      27. ВҚТ және АИТВ инфекциясы өмір сүретін адамдарға және СВГ ауыратын адамдарға дәрілік заттарды алуға рецептті жазып беруді АИТВ инфекциясы орталықтарының инфекционист дәрігерлері ("бір терезе" шеңберінде) және бекітілген жері бойынша тұрақты МСАК ұйымдары дәрігер жүзеге асырады.

      28. АИТВ инфекциясы орталықтары АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарға СВГ емдеуге арналған вирусқа қарсы препараттардың қажеттілігін Кодекстің 1-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес қалыптастырады.

      29. "С" СВГ ВҚТ сәтті аяқталғаннан кейін 6 (алты) айдан соң ТВН қол жеткізгеннен кейін Info Tracker АИТВ инфекциясы жағдайларына кезде пациентті диспансерлік есептен алу туралы ақпаратты АИТВ инфекциясы орталығының дәрігері "электрондық қадағалау жүйесі" АЖ Info Tracker АИТВ инфекциясы есептік кезеңнің келесі айының 10-күніне дейін тоқсан сайын өңірлік ГО-қа берумен электронды қадағалау жүйесі АЖ-ға енгізіледі.

5-параграф. Бауыр циррозымен ауыратын пациенттерге гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсету тәртібі

      30. Бауыр циррозымен ауыратын (бұдан әрі – БЦ) пациенттерге медициналық көмек МСАК денсаулық сақтау ұйымдарында көрсету, ГО-да, көп бейінді стационарларда, ведомстволық және республикалық денсаулық сақтау ұйымдарда және трансплантаттау орталықтарында жүзеге асырылады.

      31. БЦ бар және оларға күдік бар пациенттерді бірінші зерттеп-қарау бекітілген жері бойынша МСАК дәгігерінің, ол жоқ болған жағдайда МСАК дәрігерінің жолдамасы бойынша ересек, балалар гастроэнтерологиясы, гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер), гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (балалар), гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия) (ересектер), гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия) (балалар), инфекциялық аурулар (ересектер), инфекциялық аурулар (балалар) мамандығы бойынша дәрігер бойынша жүргізеді.

      32. БЦ ауруымен ауыратын пациенттерге:

      1) Бірінші зерттеп-қарауды;

      2) Бауыр ауруларының терминалды сатысы үшін Чайлд-Пью (А, В, С) және MELD, MELD-Na шкаласы бойынша БЦ диагнозы мен ауырлық түрін верификациялауды;

      3) БЦ асқынуын диагностикалау және емдеуді;

      4) БЦ этиологиялық факторына сәйкес терапия режимін таңдауды;

      5) №ҚР ДСМ-75 бұйрыққа сәйкес патогенетикалық (паллиативтік) терапияны;

      6) терапия жүргізуді және мониторингті;

      7) бауыр трансплантациясына (бұдан әрі - БТ) көрсетілімдерді айқындауды;

      8) пациентке тиісті консультациялық қорытынды берумен трансплантолог дәрігердің консультациясын;

      9) профилактикалық шаралар мен консультацияларды қамтиды.

      33. БЦ диагнозы белгіленген кезде МСАК дәрігері өңірлік ГО-ға берілетін тиісті ақпаратты ДНЭТ АЖ енгізеді ( жыл сайын өз өңіріндегі БЦ-мен ауыратын пациенттердің саны бойынша есеп жыл сайын есептік кезеңнен кейінгі жылдың 15 қаңтарына қалыптастырады).

      34. БТ іріктеу MELD (MELD-Na) шкаласына, MELD шкаласынан тыс мына өлшемшарттарға сәйкес жүзеге асырылады: өңеш пен асқазанның варикозды тамырларының кенеюінен қайталанатын қан кетулер, Милан өлшемшарттары шеңберінде гепатоцеллюлярлық карцинома, рефрактерлі асцит, гепатопульмональды синдром, портопульмональды гипертензия, өршіген бауыр энцефалопатиясы, фульминантты бауыр функциясының жеткіліксіздігі, бақылауға көнбейтін тері қышуы.

      35. БЦ бар пациенттерге (көрсетілімдер болған кезде) БТ Кодекске сәйкес жүргізіледі.

      36. БТ жүргізу фактісі бойынша МСАК дәрігері ДНЭТ АЖ тиісті ақпаратты енгізеді, одан кейін ақпарат өңірлік ГО-ға беріледі, ол жыл сайын есептік кезеңнен кейінгі жылдың 15 қаңтарына БТ-дан кейін пациенттер саны бойынша есеп қалыптастырады.

      37. БТ-нан кейін пациенттерді динамикалық байқау (иммуносупрессивті терапияның тиімділігі мен қауіпсіздігін мониторингтеу, бағалау) өңірлік жауапты бейінді маманы, ол болмаған кезде – МСАК дәрігері БТ орындайтын медициналық ұйымдар мамандарының консультациялық қорытындысына сәйкес тіркелген жері бойынша МСАК дәрігері жүзеге асырады.

      38. Стационарларық жағдайда БТ-нан кейін пациенттерге мамандандырылғын медициналық көмек көрсету Денсаулық сақтау басқармасы айқындайтын денсаулық сақтау ұйымының гастроэнтерологиялық бөлімше базасында (немесе гастроэнтерологиялық бейіні бар бөлімшелердің) немесе көпбейінді ауруханалардың хирургиялық бөлімшелерінде жүзеге асырылады.

      39. Көрсетілімдер болған жағдайда БТ-дан кейін пациент БТ орындайтын республикалық деңгейдегі ұйымдарға консультацияға немесе емдеуге жатқызуға жіберіледі.

      40. Профилактикалық шаралар мен консультация мыналарды қамтиды:

      1) БЦ бар пациент бекітілген жері бойынша динамикалық байқау;

      2) БЦ бар пациенттерге БТ-нан кейін пациенттерді бейінді маманның, ересек, балалар гастроэнтерология, гастроэнтерология (ересектер), гастроэнтерология (балалар), гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер), гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (балалар), гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия) (ересектер), настроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия) (балалар), гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер), гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (балалар), гастроэнтерология, оның ішінде балалар, инфекциялық аурулар ересектер, балалар, инфекциялық аурулар (ересектер), инфекциялық аурулар (балалар), инфекциялық аурулар, соның ішінде балалар өңірлік ГО пациентке тиісті консультатциялық қорытынды бере отырып әрбір 6 (алты) ай сайын;

      3) БЦ бар науқастар КХ сәйкес гепатоцеллюлярлық карциномаға тұрақты скринингтен өткізу.

6-параграф. Ішектің қабыну аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсету тәртібі

      41. Ішектің қабыну ауруларымен (бұдан әрі – ІҚА) ауыратын пациенттерге медициналық көмек ТМККК және (немесе) МӘМС тізбесінің шегінде МСАК, стационар алмастыратын және стационарлық көмек көрсететін ұйымдарда, оның ішінде республикалық денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетіледі.

      42. IҚА бар және оларға күдікті пациенттерді бірінші зерттеп-қарауды бекітілген жері бойынша МСАК дәрігері немесе МСАК дәрігерінің жолдамасымен ересек, балалар гастроэнтерологиясы мамандығы бойынша дәрігер жүзеге асырады.

      43. ІҚА ауыратын пациенттерге мамандандырылған (гастроэнтерологиялық) медициналық көмекті қосымша білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттырудың өткен циклдарынан ересектер, балалар гастроэнтерологиясы, гастроэнтерология (ересектер), гастроэнтерология (балалар), гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер), гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (балалар), гастроэнтерология негізгі мамандық бейіні бойынша (эндоскопия) (ересектер), гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия) (балалар), гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер), гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (балалар), гастроэнтерология, оның ішінде балалар мамандығы бойынша дәрігерлер көрсетеді олардың білім беру бағдарламасы ІҚА бар пациенттерді қадағалап қарауды.

      44. Стационарлық жағдайда ІҚА пациенттеріне мамандандырылған медициналық көмек көрсету Денсаулық сақтау басқармалары айқындайтын көп бейінді ауруханалардың гастроэнтерологиялық бөлімшелерінің (немесе гастроэнтерологиялық бейіні бар бөлімшелерінің) базасында және денсаулық сақтау ұйымдарының үшінші деңгейінде жүзеге асырылады.

      45. ІҚА пациенттеріне медициналық көмек:

      1) бірінші зерттеп-қарау;

      2) диагнозды белгілеуді;

      3) иммундық супрессивті және (немесе) гендік-инженерлік биологиялық терапияға көрсетілімдерді айқындай отырып, терапия режимін таңдауды;

      4) гендік-инженерлік биологиялық терапияны (бастама) стационар жағдайында бастауды қамтиды.

      Гендік-инженерлік биологиялық терапия көрсетілімдерді және тағайындауды айқындау Денсаулық сақтау басқармасы жанынан құрылған штаттан тыс бас гастроэнтеролог, МСАК емдеуші дәрігер немесе гастроэнтеролог-дәрігер, гендік-инженерлік терапияны тағайындайтын медициналық ұйымның емдеу ісінің бас дәрігерінің орынбасарының қатысуымен, бейінді мамандарды (колопроктолог, фтизиатр, ревматолог, онколог, дерматолог, офтальмолог) тартумен консилиум жүргізеді.

      46. Пациенттердің дәрілік заттарды алуға арналған рецепттерді жазып беруді МСАК дәрігері жүргізеді;

      47. ІҚА емдеу дәрілік препараттарды жіберуді Денсаулық сақтау басқармасы айқындайтын денсаулық сақтау ұйымы жүргізеді.

      48. ІҚА пациенттері колоректальды обырға тұрақты скринингтен өтеді.

      49. ІҚА диагнозы қойылған кезде МСАК дәрігері ДНЭТ АЖ-ға ақпарат енгізеді.

5-тарау. Гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлер штаты

      50. Қызметкерлердің штаттары осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының штаттық нормативтерімен белгіленеді.

6-тарау. Гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарды медициналық бұйымдармен жабдықтау

      51. Гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін ұйымдарды медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандыру осы Стандартқа 2 қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасына
гастроэнтерологиялық және
гепатологиялық көмек көрсетуді
ұйымдастыру стандартына
1-қосымша

Гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының штаттық нормативі

      Гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін ұйымдардың қызметкерлерінің штаты денсаулық сақтау ұйымдарының штаттық нормативтеріне сәйкес бекітіледі.

1-кесте. Амбулаториялық деңгейде гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдар қызметкерлерінің штаттық нормативтері

Лауазымның атауы

Штаттық бірлік саны

гастроэнтеролог дәрігер

100 000 халыққа шаққанда 1,0

мейіргер

2,0 дәрігерге шаққанда 1,0

санитар

0,5

2-кесте. Гепатология орталығында гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерінің штаттық нормативтері

Лауазымның атауы

Штаттық бірлік саны

гастроэнтеролог, гепатолог дәрігер

100 000 халыққа шаққанда 1,0

инфекционист, гепатолог дәрігер

30 000 халыққа шаққанда 1,0

мейіргер

2,0 дәрігерге шаққанда 1,0

санитар

0,5

3-кесте. Стационарлық жағдайларда гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдардың ұсынылатын штаттық нормативтері

Лауазымның атауы

Штаттық бірлік саны

бөлімше меңгерушісі

1,0

гастроэнтеролог дәрігер

Ересектер үшін – 16 төсекке 1,0, балалар үшін – 16 төсекке 1,0

аға мейіргер

1,0

палаталық мейіргер (пост мейіргері)

10 төсекке тәулік бойы 1 постқа шаққанда есеппен

емшара мейіргері

1,0

пациенттерді күту бойынша мейіргер

20 төсекке тәулік бойы 1 постқа шаққанда есеппен

шаруашылық бикесі

1,0

санитар

бір бөлімшеге тәулік бойы 1 постқа шаққанда есеппен

  Қазақстан Республикасына
гастроэнтерологиялық және
гепатологиялық көмек көрсетуді
ұйымдастыру стандартына
2-қосымша

1-кесте. Құрылымында гастроэнтеролог кабинеті бар денсаулық сақтау ұйымдарындағы медициналық жабдықтардың тізбесі

р/с

Медициналық бұйымның атауы

Саны

Эзофагастродуоденоскопия кабинеті

1

Бейнеэндоскопиялық жүйе (бейнепроцессор, монитор, жарық беруші, сорғыш)

1

2

Бейнегастроскоп

2

3

Биопсиялық қысқыштар

2

4

Пациентті қарап тексеруге арналған кушетка немесе үстел

1

5

Аспаптық үстел

2

6

Медициналық шкаф

1

7

Бактерицидті шам

1

8

Морфологиялық зерттеуге материал алуға арналған формалині бар шынылар мен құтылар

Қызметтердің көлеміне қарай

Ректоскопия кабинеті

9

Ректоскоп

2

10

Ректоскопқа арналған биопсиялық қысқыштар

2

11

Эндоскопиялық жарықтандырғыш немесе процессор

1

12

Пациентті қарап тексеруге арналған кушетка немесе үстел

1

13

Медициналық шкаф

1

14

Аспаптық үстел

1

15

Бактерицидті шам

1

16

Морфологиялық зерттеуге материал алуға арналған формалині бар шынылар мен құтылар

Қызметтердің көлеміне қарай

Эндоскоптар мен құрал-саймандарды жууға және стерильдеуге арналған кабинет

17

Эндоскоптарды автоматты жууға және стерильдеуге арналған аппарат

1

18

Эндоскоптарды кептіруге және сақтауға арналған шкаф

1

19

Рентгенологиялық қондырғы

1

20

Ультрадыбыстық диагностикаға арналған аппарат

1

21

Пациентті қарап-тексеруге арналған кушетка

1

Өзге жабдықтар

22

Тыныс алу уреаз тестін жүргізуге арналған аспап

1

2-кесте. Құрылымында гепатология орталығы бар денсаулық сақтау ұйымдарындағы медициналық жабдықтардың тізбесі

р/с

Медициналық жабдықтардың атауы

Саны

Эзофагогастродуоденоскопия кабинеті

1

Бейнеэндоскопиялық жүйе (бейнепроцессор, монитор, жарық беруші, сорғыш)

1

2

Бейнегастроскоп

2

3

Биопсиялық қысқыштар

2

4

Пациентті қарап тексеруге арналған кушетка немесе үстел

1

5

Аспаптық үстел

2

6

Медициналық шкаф

1

7

Бактерицидті шам

1

8

Морфологиялық зерттеуге материал алуға арналған формалині бар шынылар мен құтылар

Қызметтердің көлеміне қарай

Колоно- және ректоскопия кабинеті

9

Бейнеэндоскопиялық жүйе (процессор, монитор, сорғыш)

1

10

Бейне колонноскоп

2

11

Ректоскоп

2

12

Ректоскопқа арналған биопсиялық қысқыштар

2

13

Эндоскопиялық жарықтандырғыш немесе процессор

1

14

Пациентті қарап тексеруге арналған кушетка немесе үстел

1

15

Медициналық шкаф

1

16

Аспаптық үстел

2

17

Бактерицидті шам

1

18

Морфологиялық зерттеуге материал алуға арналған формалині бар шынылар мен құтылар

Қызметтердің көлеміне қарай

Эндоскоптар мен құрал-саймандарды жууға және стерильдеуге арналған кабинет

19

Эндоскоптарды автоматты жууға және стерильдеуге арналған аппарат

1

20

Эндоскоптарды кептіруге және сақтауға арналған шкаф

1

Сәулелік диагностика кабинеті

21

Рентгенологиялық қондырғы

1

22

Доплерогафиялық карталау функциясы бар ультрадыбыстық диагностикаға арналған аппарат

1

23

Бауырдың жанама эластография аппараты

1

24

Пациентті қарап тексеруге арналған кушетка

1

3-кесте. Құрылымында гастроэнтерология (гастроэнтерология және гепатология) бөлімшесі бар денсаулық сақтаудағы медициналық жабдықтардың тізбесі

р/с

Эндоскопия бөлімшесі

Саны

Эзофагастродуоденоскопия кабинеті

1

Бейнеэндоскопиялық жүйе (процессор, монитор, сорғыш)

1

2

Бейнегастроскоп

2

3

Биопсиялық қысқыштар

2

4

Эндоскопиялық жарықтандырғыш немесе процессор

1

5

Электр сорғыш

1

6

Пациентті тексеруге арналған кушетка немесе үстел

1

7

Аспаптық үстел

2

8

Медициналық шкаф

1

9

Бактерицидті шам

1

10

Морфологиялық зерттеуге материал алуға арналған формалині бар шынылар мен құтылар

Қызметтердің көлеміне қарай

Колоно- және ректоскопия кабинеті

11

Бейнеэндоскопиялық жүйе (процессор, монитор, сорғыш)

1

12

Бейне колонноскоп

2

13

Ректоскоп

2

14

Ректоскопқа арналған биопсиялық қысқыштар

2

15

Эндоскопиялық жарықтандырғыш немесе процессор

1

16

Пациентті тексеруге арналған кушетка немесе үстел

1

17

Медициналық шкаф

1

18

Аспаптық үстел

2

19

Бактерицидті шам

1

20

Морфологиялық зерттеуге материал алуға арналған формалині бар шынылар мен құтылар

Қызметтердің көлеміне қарай

Ренгтгенэндоскопиялық операциялық бөлме

21

Бейнеэндоскопиялық жүйе (процессор, монитор, сорғыш)

1

22

Бейнедуоденоскоп

1

23

Ультрадыбыстық эндоскоп

1

24

Электрооптикалық немесе С–доға түрлендіргіші бар стационарлық рентгенологиялық аппарат

1

25

Наркозды–тыныс алу аппараты

1

26

Пациентке арналған монитор

1

27

Электрохирургиялық қондырғы

1

28

ЭРХПГ (эндоскопиялық ретроградтық холангиопанкреатография) арналған катетер

2

29

Папиллотом

2

30

Гастроскопияға арналған ілмек

2

31

Колоноскопияға арналған ілмек

2

32

Гастроскопияға арналған инжектор

2

33

Колоноскопияға арналған инжекторлар

2

34

Дормиа себеті

2

35

Гастро – және колоноскопияға арналған клипс жинағы бар клипатор

Қызметтердің көлеміне қарай

36

Бөгде заттарды жоюға арналған құрал–сайман

Қызметтердің көлеміне қарай

37

Эндоскопиялық жарықтандырғыш немесе процессор

1

38

Пациентті қарап-тексеруге арналған кушетка немесе үстел

1

39

Медициналық шкаф

1

40

Аспаптық үстел

2

41

Бактерицидті шам

1

42

Морфологиялық зерттеуге материал алуға арналған формалині бар шынылар мен құтылар

Қызметтердің көлеміне қарай

Эндоскоптар мен құрал-саймандарды жууға және стерильдеуге арналған кабинет

43

Эндоскоптарды автоматты жууға және стерильдеуге арналған аппарат

1

44

Эндоскоптарды кептіруге және сақтауға арналған шкаф

Қызметтердің көлеміне қарай

Сәулелік диагностика бөлімшесі

45

Стационарлық рентгенологиялық қондырғы

1

46

Доплерогафиялық карталау функциясы бар ультрадыбыстық диагностикаға арналған аппарат

1

47

Бауырдың серпімділігін (эластометриясын) өлшеуге арналған аппарат

1

48

Компьютерлік томограф және/немесе магнитті резонансты томограф

1

49

Контрастық затты енгізуге арналған инжектор

1

50

Колбалық немесе колбалық емес (колбалар, сорғыш түтікшелері, пациенттің түтікшелері) болуына байланысты инжекторға арналғаншығын материалдар

Қызметтердің көлеміне қарай

51

Құрамында йод бар контрасты препарат

Қызметтердің көлеміне қарай

52

Құрамында гадолиний бар контрасты препарат

Қызметтердің көлеміне қарай

Өзге жабдықтар

53

Бауырдың пункциялық биопсиясына арналған жиынтықтар

Қызметтердің көлеміне қарай

54

Қарыншаішілік рН-метрияны жүргізуге арналған аспап

1

55

Тыныс алу тестін жүргізуге арналған аспап

1

56

Пациентті қарап-тексеруге арналған кушетка немесе үстел

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады