Өңделмеген балықтың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан шығаруға тыйым салуды енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023 жылғы 30 наурыздағы № 106 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 31 наурызда № 32189 болып тіркелді

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына және 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ көрсетілген шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес, жаңа ауланған немесе салқындатылған балықтың жекелеген түрлерін (жайын және көксерке) (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының кодтары (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары) 0302891070-тен, 0302720000, 0303240000, 0303891070-тен) шығаруға 6 ай мерзімге тыйым салу енгізілсін;

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетін және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін осы бұйрықтың 1-тармағының орындалуын бақылауды қамтамасыз ету туралы;

      2) осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салудың енгізілгені туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрінің м.а.
З. Сулейменова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Репсубликасының

      Қаржы министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Репсубликасының

      Сауда және интеграция министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Репсубликасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
2023 жылғы 30 наурыздағы
№ 106 Бұйрығына
қосымша

СЭҚ ТН коды

Балық өнімдерінің атауы

1

0302891070
соның ішінде

Басқа да тұщы су балықтары,
жаңа ауланған немесе салқындатылған (көксерке)

2

0303891070
соның ішінде

Басқа да тұщы су балықтары,
мұздатылған (көксерке)

3

0302720000

Жаңа ауланған жайын немесе салқындатылған, кларий жайынын қоспағанда

4

0303240000

Мұздатылған жайын, кларий жайынын қоспағанда

      Ескерту:

      Тыйым салуды қолдану мақсаттары үшін тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО СЭҚ ТН) сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтарымен де, тауарлардың атауларымен де айқындалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады