БҰЙЫРАМЫН:
1. "Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 375 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15589 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің міндетін атқарушы |
Р. Жаксылыков |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 31 наурыздағы № 265 Бұйрыққа қосымша |
Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Запастағы офицерлер мен сержанттар бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) әскери оқытылған резервті әскери даярлау тәртібін айқындайды.
2. Азаматтарды запастағы офицерлер мен сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлау (бұдан әрі – әскери даярлау) Қазақстан Республикасының әскери оқытылған резервін қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері (бұдан әрі – ҚР ҚК) офицерлер мен сержанттар құрамының бастапқы лауазымдарын қосымша жасақтау мақсатында алатын жоғары кәсіптік білім негізінде әскери-есептік мамандықтар бойынша жүзеге асырылады. Әскери даярлауға оқыту процесін ұйымдастыру және басқару, әскери-патриоттық тәрбие беру, оқу материалдық базамен қамтамасыз ету, кәсіби даярлау кіреді.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) академиялық кезең – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) белгілейтін теориялық оқыту кезеңі;
2) әскери дайындық бағдарламасы – әрбір әскери-есептік мамандық бойынша жоспарлау құжаттарының кешені, олардың негізінде азаматтарды запастағы офицерлер мен сержанттар бағдарламалары бойынша әскери қызметке даярлау жүзеге асырылады;
3) әскери кафедраның оқу материалдық базасы – әскери оқытылған резервті даярлауды қамтамасыз ететін материалдық және техникалық құралдар, ғимараттар мен құрылыстар кешені;
4) "әскери күн" әдісі – ЖЖОКБҰ-ның әскери кафедраның күн тәртібіне сәйкес әскери дайындықты ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін әскери кафедраға қажетті сағат санын бөлуі;
5) әскери-патриоттық жұмыс – студенттердің бойында патриотизм сезімін, Қазақстан Республикасына адал болуды, мемлекет мүддесінде өзін құрбан етуге дайын болуын қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ білім беру ұйымдарында, қоғамдық бірлестіктерде және мемлекеттік органдарда әскери-патриоттық іс-шараларды өткізу;
6) емтихан – белгілі бір пәнді немесе оның бір бөлігін зерделеудің қорытынды кезеңін іске асыратын және студенттердің теориялық (практикалық) білімін тексеру және практикалық міндеттерді шешу кезінде алған білімін қолдану дағдысын, сондай-ақ осы пән бойынша оқу және ғылыми әдебиетпен өз бетімен жұмыс істей білуін анықтау мақсаты бар оқу сабағының арнайы түрі;
7) кәсіби практика – оқыту жүргізілетін әскери-есептік мамандыққа байланысты белгілі бір жұмыс түрін орындау процесінде теориялық білімді, іскерлікті бекітуге, іс жүзінде дағды мен біліктілік алуға және оны дамытуға бағытталған оқу жұмысының түрі;
8) күн тәртібі – "әскери күн" немесе оқу-жаттығу жиыны кезеңінде, ал кейбір жағдайда апта ішінде де уақыт бөлу;
9) қашықтан оқыту – оқытушы мен студенттің қашықтан, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды қолдануымен өзара іс-қимыл жасауы кезінде жүзеге асырылатын оқыту;
10) оқу процесі – әскери кафедралар қызметінің негізгі түрі және оқу сабағының барлық түрін, ағымдағы бақылауды, сынақ-емтихан сессиясын және оқу бітіру емтиханын жоспарлауды, ұйымдастыруды және жүргізуді қамтиды;
11) оқу-жаттығу жиыны – әскери дайындықтың қорытынды кезеңі болып табылатын, практикалық сабақтарды пысықтау және қорытынды аттестаттауды өткізу мақсатында өткізілетін жиын түрі;
12) оқудағы жетістікті бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі – халықаралық практикада қабылданған әріптік жүйеге сәйкес келетін және студенттердің рейтингісін белгілеуге мүмкіндік беретін білім деңгейін балмен бағалау жүйесі;
13) сынақ-емтихан сессиясы – студенттердің академиялық кезеңде зерделеген пәндердің бір бөлігінің немесе барлық көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;
14) студенттердің оқудағы жетістіктері – студенттердің оқу процесінде алған және жеке тұлғаның қол жеткізген даму деңгейін көрсететін білімі, іскерлігі, дағдылары мен біліктілігі;
15) тапсырыс беруші – олардың мүддесінде әскери оқытылған резервті даярлау жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының құрылымдық бөлімшесі;
16) үлгерімді ағымдағы бақылау – оқу бағдарламасына сәйкес академиялық кезеңде, оқу-жаттығу жиынында (кәсіби практикада) ПОҚ жүргізетін студенттердің білімін жүйелі тексеру.
4. Әскери даярлау қосымша оқыту түрі болып табылады және теориялық және практикалық оқу курстарынан тұрады.
Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындыққа 588, оның ішінде теориялық дайындыққа – 360 және практикалық дайындыққа – 228 академиялық сағат бөлінеді.
Запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша әскери дайындыққа 294, оның ішінде теориялық дайындыққа – 180 және практикалық дайындыққа – 114 академиялық сағат бөлінеді.
Жас жігіттер әскери дайындықтың практикалық бөлігін далалық жағдайда (оқу-жаттығу жиыны), ал қыздар ЖЖОКБҰ не әскери бөлімдер (мекемелер) мен әскери оқу орындары (кәсіби практика) базасында өтеді.
Әскери дайындық бағдарламасын мүдделерінде студенттерді даярлау жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – ҚР ҚМ), Бас штабы құрылымдық бөлімшелерінің, ҚР ҚК түрлері мен тектерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнайы мемлекеттік органдардың бастықтары бекітеді.
5. Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау өтеусіз (мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша) және ақылы негізде, запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша – ақылы негізде ҚК-нің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жұмылдыру қажеттілігін негізге ала отырып, ҚР ҚМ қабылдау жоспарына, сондай-ақ әскери оқытылған резервті жинақтау қажеттілігіне сәйкес жүргізіледі.
Ақылы негіздегі әскери дайындық үшін оқыту құнын ЖЖОКБҰ айқындайды.
6. ЖЖОКБҰ басшысы ақылы негіздегі әскери дайындыққа ҚР ҚМ-мен келісу бойынша меншік нысанына және бағыныстылығына қарамастан, әскери кафедрасы жоқ басқа ЖЖОКБҰ студенттерін жібере алады.
2-тарау. Әскери кафедрада оқыту үшін студенттерді іріктеу
7. Іріктеу комиссиясы әскери кафедрада оқыту үшін студенттерді іріктеуді Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітетін қабылдау жоспарына сәйкес конкурс негізінде жүргізеді.
8. Әскери кафедра құжаттарды қабылдауды іріктеу комиссиясының жұмысы басталғанға дейін 10 жұмыс күні бұрын аяқтайды.
Әскери кафедра ЖЖОКБҰ студенттеріне қабылдау жылының 1 ақпанына дейін әскери кафедраға құжаттарды тапсыру мерзімі және іріктеу комиссиясының жұмысы туралы ақпаратты жеткізуді қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысуға конкурс өтетін жылы 24 жастан үлкен емес Қазақстан Республикасының азаматтары – ЖЖОКБҰ-да күндізгі оқыту нысаны бойынша оқитын студенттер жіберіледі.
Әскери кафедрада оқу үшін студенттерді іріктеу үшін конкурс төрт кезеңде жүзеге асырылады:
бірінші кезең – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларына және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережеге сәйкес (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21869 болып тіркелген) медициналық куәландырудан өту;
екінші кезең – кәсіби-психологиялық тестілеу жүргізу;
үшінші кезең – дене шынықтыру дайындығын тексеру;
төртінші кезең – ЖЖОКБҰ-ның басшысы жасайтын және бекітетін рейтингілік балл есебіне сәйкес жүзеге асырылатын конкурстық іріктеу.
Конкурстың әрбір кезеңінен бір рет өтуге жол беріледі.
9. Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін құжаттар бірінші (3 және 4 жылдық оқумен) және екінші (5 жылдық оқумен) курс студенттерінен қабылданады.
Запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін құжаттар бірінші, екінші (4 жылдық оқумен) және бірінші, екінші, үшінші (5 жылдық оқумен) курс студенттерінен қабылданады.
10. Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысына жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесі жұмылдыру қажеттілігін және әскери оқытылған резервті жинақтау қажеттілігін негізге ала отырып, әскери-есептік мамандықтар бойынша студенттерді әскери кафедраларда даярлаудың жыл сайынғы қажеттілігін есептеуді жүргізеді және оны іріктеу жылының 1 ақпанына дейінгі мерзімде ҚР ҚМ-ның әскери білім мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесіне жолдайды.
11. ҚР ҚМ-ның әскери білім мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесі қабылдау жоспарын ЖЖОКБҰ-ның өтінімдерін, бейінін және тиісті әскери-есептік мамандықтар бойынша әскери кафедралар оқу-материалдық базасының мүмкіндігін ескере отырып, студенттерді әскери кафедраларда даярлаудың жыл сайынғы қажеттілігіне сәйкес осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша әзірлейді.
Қабылдау жоспарынан үзінді іріктеу жылының 1 сәуіріне дейін әскери кафедра бастықтарының атына жолданады.
12. Іріктеу комиссиясының құрамы мен жұмыс мерзімі Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабы бастығының (бұдан әрі – ҚМБО – ҚР ҚК БШБ) бұйрығымен айқындалады. Бұйрықтың жобасын әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесі әзірлейді. Іріктеу комиссиясының жұмыс мерзімі мен құрамы бойынша ұсыныстарды әскери кафедралар ҚР ҚМ-ға қабылдау жылының 1 сәуірінен кешіктірмей жолдайды.
13. Мерзімді қызмет өткерген студенттер медициналық куәландырудан өткеннен кейін өтеусіз негізде (мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша) конкурстан тыс әскери даярлауға жіберіледі.
14. Іріктеу комиссиясының жұмыс регламенті ЖЖОКБҰ-ның академиялық күнтізбесіне сәйкес айқындалады.
15. Әскери кафедрада оқу үшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген студент қабылдау жылының 1 ақпанынан бастап осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша өтініш және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізбесін береді.
16. Медициналық куәландырудан өту үшін студенттерге әскери кафедрада ресімделген медициналық куәландыру карталары беріледі (бұдан әрі – 7-нысан). Студенттерді медициналық куәландыру қабылдау жылының 1 ақпанынан бастап жергілікті әскери басқару органдарында жүргізіледі. Конкурстық іріктеуге қатысу үшін 7-нысан бойынша медициналық куәландыру нәтижесі іріктеу комиссиясының жұмысы басталғанға дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей әскери кафедраға ұсынылады.
17. Медициналық куәландырудан өтпеген студенттер конкурсқа жіберілмейді.
18. Студенттердің дене шынықтыру дайындығы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес дене шынықтыру бойынша нормативтерді тапсыру нәтижесімен бағаланады. Үш нормативті тапсыру жиынтығы бойынша 9 балл жинамаған студенттер конкурс кезеңінен өтпеген болып саналады.
19. Студенттерді кәсіби-психологиялық тестілеу ЖЖОКБҰ-ның компьютерлік сыныптарында өткізіледі және ерік-жігері, күйзеліске төзімділік, сыни және қисынды ойлау деңгейін тексеруді қамтиды.
20. Кәсіби-психологиялық іріктеуді жүргізу және дене шынықтыру дайындығы нәтижесі комиссия мүшелері қол қоятын ведомоста ескеріледі.
21. Іріктеу комиссиясының отырыстары іріктеу комиссиясының төрағасы бекітетін жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі және "әскери дайындыққа жіберілсін", "ақылы негізде оқуға ұсынылсын", "бас тартылсын" деген шешімдердің біреуін қабылдаумен осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттама ресімдеумен сүйемелденеді.
22. Шешім қарапайым көпшілік дауыс берумен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда іріктеу комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
23. Тегін негізде оқу үшін әскери кафедраға бірінші нөмірден бастап қабылдау жоспары бойынша бөлінген орындардың санына сәйкес келетін нөмірге дейінгі рейтингіде тұрған студенттер жіберіледі.
24. Конкурс кезеңдерінің нәтижесімен келіспеген студент сол күні іріктеу комиссиясының төрағасына жазбаша түрде (еркін нысанда) өтініш береді.
25. Өтініштің мәнісі бойынша хаттамамен ресімделген іріктеу комиссиясының шешімі өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 1 күн ішінде "қанағаттандырылсын" немесе "бас тартылсын" деген тұжырыммен қабылданады.
26. Конкурс нәтижесі іріктеу комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін келесі күні сағат 17.00-ге дейін әскери кафедраның ақпараттық стендіне орналастырылады.
3-тарау. Әскери кафедра қызметіне басшылық жасау және қамтамасыз ету
27. Әскери дайындыққа жалпы басшылық жасауды ҚР ҚМ ЖЖОКБҰ-ның басшысымен бірлесіп жүзеге асырады. Әскери дайындыққа тікелей басшылық жасауды әскери кафедра бастығы жүзеге асырады.
28. Әскери дайындықты ұйымдастыру, ол үшін қажетті оқу материалдық базаны құру, қару-жарақ пен әскери техниканың сақталуын, оны пайдалануды қамтамасыз ету, құпиялылық режимін сақтау ЖЖОКБҰ басшысына жүктеледі.
29. Әскери кафедраларды әскери мүлікпен, оқу-жаттығу қару-жарағы мен әскери техникасының үлгілерімен, оқ-дәрілермен, аспаптармен, аппаратурамен, құралдармен, әскери техникаға қосалқы бөлшектермен, ведомстволық нормативтік құқықтық актілермен, топографиялық және теңіз карталарымен қамтамасыз етуді олар бекітіліп берілген ҚР ҚМ әскери бөлімдері, әскери оқу орындары мен мекемелері жүзеге асырады.
30. Әскери кафедраның штат кестесін осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес әскери кафедра бастығы студенттерді запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша қабылдау жоспары негізінде әзірлейді, ЖЖОКБҰ-ның басшысымен келісіледі және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітеді.
31. Әскери кафедраға тікелей басшылық жасауды Қорғаныс министрі іріктейтін, тағайындайтын және іссапарға жіберетін әскери кафедра бастығы жүзеге асырады. Қалған әскери оқытылған резервті қамтамасыз ететін әскери лауазымдарға тағайындауды әскери кафедра бастығының ұсынысы бойынша ҚМБО – ҚР ҚК БШБ жүргізеді.
32. Әскери кафедраның әскери оқытылған резервті қамтамасыз ететін азаматтық лауазымдарына тағайындауды әскери кафедра бастығының ұсынысы бойынша ЖЖОКБҰ басшысы жүзеге асырады.
4-тарау. Оқу процесі
33. Әскери дайындық "әскери күн" әдісімен ұйымдастырылады және жүзеге асырылады. Нақты ЖЖОКБҰ-да оқыту ерекшелігін ескере отырып, ЖЖОКБҰ-ның қарауы бойынша әскери дайындықты ұйымдастырудың басқа да нысанына жол беріледі.
34. Оқу процесін жоспарлау әскери кафедраның қызметін регламенттейтін құжаттарды әзірлеу жөніндегі іс-шаралар кешені болып табылады.
35. Оқу процесін жоспарлау оқу материалдық базаның ауқымын, әскери кафедраның орналасу ерекшелігін ескере отырып, басшылық құжаттарда айқындалған міндеттерді негізге ала отырып жүзеге асырылады.
36. Әскери кафедрада оқу процесін ұйымдастыру оның барлық элементтерін толық және тиімді жүргізуді және әскери оқытылған резервті, оның ішінде қашықтан оқытуды пайдалана отырып даярлау жөніндегі міндеттерді сапалы орындауды қамтамасыз етеді.
37. Әскери кафедраларда кредиттік оқыту технологиясын іске асырмай студенттердің оқудағы жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі пайдаланылады.
38. Әскери кафедра студенттерінің әскери ант қабылдауы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары ішкі қызмет жарғысының талаптарына сәйкес ұйымдастырылады және жүргізіледі.
5-тарау. Оқу-жаттығу жиыны (кәсіби практика)
39. Оқу-жаттығу жиыны (кәсіби практика) әскери дайындықтың қорытынды кезеңі болып табылады. Оқу-жаттығу жиыны (кәсіби практика) студенттерді іс жүзінде оқыту және олардың әскери дайындықтың теориялық курсын зерделеу кезінде меңгерген командалық, әдістемелік дағдыларын жетілдіру мақсатында әскери бөлімдердің (мекемелердің), әскери оқу орындарының оқу материалдық-техникалық базасын пайдалана отырып өткізіледі.
Оқу-жаттығу жиыны (кәсіби практика) кезінде оқу-жаттығу оқ атуының жаттығулары, жауынгерлік (транспорттық) техниканы жүргізу орындалады.
Оқу-жаттығу жиындары (кәсіби практика) студенттердің әскери ант қабылдауымен аяқталады.
40. Оқу-жаттығу жиынын (кәсіптік практиканы) өткізу мерзімі мен орнын ҚМБО – ҚР ҚК БШБ 1 мамырдан кешіктірмей айқындайды.
41. Оқу-жаттығу жиынынан (кәсіби практикадан) өту кезеңінде тәртіпті жүйелі түрде бұзатын, одан өтуден жалтарған студенттер әскери кафедра бастығының ұсынысы бойынша ЖЖОКБҰ басшысының бұйрығымен әскери кафедра студенттерінің тізімінен шығарылады.
6-тарау. Тәрбие және әскери-патриоттық жұмыс
42. Тәрбие және әскери-патриоттық жұмыс студенттердің бойында Қазақстан Республикасының Конституциясын және Заңдарын құрметтеуге бағытталған құндылық жүйесін қалыптастыру, Қазақстан халқына және Президентке адал болуға тәрбиелеу, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген жалпыәскери жарғылар (бұдан әрі – Жалпыәскери жарғылар) мен командирлер бұйрықтарының талаптарын мүлтіксіз орындау, әрбір студенттің Отанды қорғау бойынша өзінің әскери борышын орындауына дайын болуға тәрбиелеу мақсатында жүргізіледі.
43. Студенттердің тәрбие және әскери-патриоттық жұмысы жөніндегі іс-шаралар сабақ процесінде және әскери кафедраның күн тәртібінде көзделген сағатта, сондай-ақ оқу уақытынан тыс жүргізіледі.
7-тарау. Кәсіби даярлық
44. Әскери кафедраның профессор-оқытушы құрамы (бұдан әрі – ПОҚ) мен инженерлік-техникалық персоналын (бұдан әрі – ИТП) кәсіби даярлау ҚР ҚК кәсіби даярлау бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.
45. ПОҚ-ның және инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін арттыру үшін әскери бөлімдерге (мекемелерге), әскери оқу орындарына және ЖЖОКБҰ-ға курстарға және/немесе тағылымдамаға жіберіледі.
46. Біліктілікті арттыру курстарын жоспарлауды ЖЖОКБҰ, ал тағылымдаманы әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.
8-тарау. Оқу материалдық база
47. Әскери кафедраның оқу материалдық базасы оқу жоспарлары мен бағдарламаларында көзделген сабақтың барлық түрін сапалы өткізуді, студенттердің зерделенетін материалды толық меңгеруін, олардың командалық, әдістемелік және практикалық дағдыны меңгеруін қамтамасыз етеді және әскери істің, ғылымның, техниканың және оқытудың қазіргі заманғы әдістемесінің даму деңгейіне сәйкес келуге тиіс.
48. Әскери дайындықты ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін ЖЖОКБҰ басшысы әскери кафедраны әскери-есептік мамандықтар бойынша даярлау ерекшелігін ескере отырып, қажетті құралдармен және инфрақұрылыммен қамтамасыз етеді:
1) Жалпыәскери жарғылардың талаптарына қатысты ішкі тәртіпті ұйымдастыру және ұстау мүмкіндігімен құрылыс нормалары мен қағидаларына, өрт, күзет қауіпсіздігі нормаларына сәйкес келетін және желі мен коммуникация жүргізу, сондай-ақ сабақ өткізу үшін қажетті, орнатуға жарамды қару-жарақтың, әскери және басқа да техниканың үлгілерін орнатудың технологиялық мүмкіндігі бар оқшауланған дәрісханалық қормен;
2) кітапханалық қоры, интернетке қосылған компьютерлермен жабдықталған оқу залдары бар арнайы кітапханамен;
3) қаруды сақтауға арналған бөлмемен;
4) басқа алаңдармен біріктірілмеген саптық плацпен;
5) әскери-есептік мамандықтарға сәйкес арнайы оқу-жаттықтыру кешенімен (оқу-жаттығу қалашықтары, оқ ату тирлері) және объектілермен;
6) әскери кафедраның ғимараттары мен құрылыстарын күтіп-ұстау және жөндеу;
7) әскери дайындық және оқу-жаттығу жиыны (кәсіби практика) үшін оқу сағатының қажетті санымен;
8) арнайы әдебиет (әскери-оқу, тақырыптық), әскери пәндерге арналған (тактикалық, оқ ату, техникалық даярлық) қазіргі заманғы цифрлық оқыту бағдарламаларын сатып алу.
Әскери кафедраға бөлінетін оқу үй-жайлары әскери дайындық бағдарламаларының пәндері бойынша жабдықталады.
49. Әскери кафедралар ҚР ҚМ әскери бөлімдері (мекемелері) мен әскери оқу орындарының далалық оқу базасын пайдаланады. Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының оқу базаларын пайдалануға жол беріледі.
50. Әскери кафедралар өрт, күзет қауіпсіздігі нормаларына сәйкес келетін және желі мен коммуникация жүргізудің технологиялық мүмкіндігі бар, сондай-ақ сабақ өткізу үшін қажетті қару-жарақтың, әскери және басқа да техниканың үлгілерін орнату үшін жарамды оқшауланған дәрісханалық қорда орналастырылады.
51. Әскери кафедралардың оқу материалдық базасын дамыту және жетілдіру әскери-есептік мамандықтарға сәйкес перспективалық, жылдық жоспарлар негізінде жүзеге асырылады.
9-тарау. Студенттердің оқудағы жетістіктерін бағалау және оқу бітіру емтиханын тапсыру
52. Студенттердің бақылаудың барлық түрі бойынша оқудағы жетістіктері сынақ-емтихан сессиясын және оқу бітіру емтиханын өткізу кезінде ЖЖОКБҰ-да пайдаланылатын жүйеге қатысты әскери кафедра әзірлеген білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі бойынша бағаланады.
53. Сынақ-емтихан сессиясын өткізуді ұйымдастыру оқу процесіне жетекшілік ететін әскери кафедра бастығының орынбасарына жүктеледі.
54. Емтихандар жазбаша, ауызша, тестілік, практикалық немесе аралас нысанда өткізіледі. Тестілік нысан кезінде күніне үшке дейін емтихан өткізуге жол беріледі.
55. Оқу бітіру емтиханы студенттердің әскери кафедрада оқу кезеңінде әскери дайындық бағдарламасын меңгеру дәрежесін тексеру мақсаты бар әскери дайындықтың қорытынды кезеңі болып табылады.
56. Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындықтың толық курсын аяқтаған және оқу бітіру емтихандарын тапсырған студенттер ЖЖОКБҰ-ны бітіргеннен кейін "запастағы лейтенант", "запастағы медицина қызметінің лейтенанты" әскери атағын беруге ұсынылады.
57. Запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша әскери дайындықтың толық курсын аяқтаған және оқу бітіру емтихандарын тапсырған студенттер "запастағы кіші сержант", "запастағы медицина қызметінің кіші сержанты" әскери атағын беруге ұсынылады.
10-тарау. Әскери дайындықтан шеттету, оқыту, ауыстыру және қайта қабылдау нысанын өзгерту
58. Студентті әскери дайындықтан шеттету, қайта қабылдау және ауыстыру әскери кафедра бастығының ұсынысы бойынша ЖЖОКБҰ басшысының бұйрығымен жүргізіледі.
59. Әскери кафедрасы бар ЖЖОКБҰ студенттері үшін ақылы оқу негізінен өтеусіз (мемлекеттік білім беру тапсырысы) негізге ауыстыру әскери дайындықтың барлық кезеңі процесінде әскери кафедра бастығының ұсынысы бойынша ЖЖОКБҰ басшысының бұйрығымен жүргізіледі.
60. Әскери дайындықтан өтетін студентті бір ЖЖОКБҰ-дан басқасына ауыстыру кезінде әскери дайындыққа рұқсат ету бос орын болған кезде студент бұрын оқыған әскери-есептік мамандық бойынша ЖЖОКБҰ басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.
Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидаларына 1-қосымша |
|
Үлгі |
20___ жылы __________________________ жанындағы әскери кафедраға (ЖЖОКБҰ атауы) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындықтан өту үшін студенттерді қабылдау бойынша ұсыныстар
Р/с№ | ЖЖОКБҰ және мамандық атауы | 20 __ жыл | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Грант бойынша | Ақылы негізде | Барлығы | ||||||
135 | ||||||||
110 | 60 | 5 | 15 | 45 | 10 | 245 | ||
1. | Киберқауіпсіздік* | 40 | 20 | - | - | - | - | 60 |
2. | Ұшқышсыз ұшу аппараттарының бөлімшелері мен бөлімдерін жауынгерлік қолдану | 30 | 15 | - | 15 | - | - | 60 |
3. | Қаржылық қамтамасыз ету * | 15 | 15 | 5 | - | - | 10 | 45 |
4. | Теміржол, су және әуе көлігімен әскери қатынастар мен әскери тасымалды ұйымдастыру | 15 | 10 | - | - | 10 | - | 35 |
5. | Жалпыәскери бөлімшелерді, бөлімдер мен құрамаларды жауынгерлік қолдану | 10 | - | - | - | 35 | - | 45 |
Ескертпе: * – осы мамандықтар бойынша студент қыздарды оқытуға жол беріледі.
ЖЖОКБҰ басшысы
Өтініш
Сізден мені әскери кафедрада оқу үшін конкурстық іріктеуге қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
Іріктеу және әскери дайындық кезеңіне дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
20___ж. "____" ________________ ________________
(студенттің қолы)
Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидаларына 3-қосымша |
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізбесі
1. Өтініш.
2. Жеке куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі).
3. Көлемі 3х4 сантиметр фотосурет – 4 дана.
4. Соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама.
5. Факультетті және мамандығын көрсете отырып, ЖЖОКБҰ-да нақты оқитыны туралы анықтама.
Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидаларына 4-қосымша |
Студент жігіттер үшін дене шынықтыру бойынша нормативтер
Р/с | Бақылау жаттығуы | Балл | ||
"5" |
"4" |
"3" | ||
1. | 100 м (с) жүгіру | 14,2 | 14,5 | 15,0 |
2. | 3000 м (мин) жүгіру | 13,00 | 15,00 | 16,00 |
3. | Биік белтемірде тартылу (саны) | 12 | 10 | 8 |
Студент қыздар үшін дене шынықтыру бойынша нормативтер
Р/с | Бақылау жаттығуы | Балл | ||
"5" |
"4" |
"3" | ||
1. | 100 м (с) жүгіру | 16,0 | 16,5 | 17,0 |
2. | 2000 м (мин) жүгіру | 10,00 | 11,3 | 12,2 |
3. | Шалқасынан жатқан күйде қолын желкесіне қоюмен денені көтеру (саны) | 25 | 20 | 15 |
Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидаларына 5-қосымша |
Нысан
ЖЖОКБҰ ______________________________________әскери кафедрасында әскери дайындыққа тарту үшін студенттерді іріктеу жөніндегі іріктеу комиссиясы отырысының № ___ хаттамасы
Р/с № | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) | Туған күні, айы, жылы | Факультет | Мамандық шифры | Оқу курсы | Оқу тобы | ӘДК нәтижесі | Психологиялық тестілеу нәтижесі | Кәсіби-психологиялық іріктеу балы | Дене шынықтыру бойынша нормативті тапсыру нәтижесінің балы | Оқу үлгерімінің рейтингісі бойынша балл | Қорытынды рейтингілік балл | Комиссия шешімі |
1. | |||||||||||||
2. | |||||||||||||
3. | |||||||||||||
4. | |||||||||||||
5. | |||||||||||||
6. |
Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидаларына 6-қосымша |
Келісілді ЖЖОКБҰ басшысы __________ _________ ________________ (ғылыми атағы) ( қолы) (аты-жөні, тегі) 202__ ж. "_____" ______________ |
Бекітемін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі __________ _________ ________________ (әскери атағы) (қолы) (аты-жөні, тегі) 202__ ж. "_____" ______________ |
---|
_______________________________ жанындағы әскери кафедраның (ЖЖОКБҰ атауы)
ШТАТ КЕСТЕСІ
Р/с № | Штат санатының атауы | Штат бойынша әскери атақ | Штат бірлігінің саны | |||
---|---|---|---|---|---|---|
қолданастағы штат бойынша | жаңа штат жобасы бойынша | |||||
Әскери лауазым | Азаматтық лауазым | Әскери лауазым | Азаматтық лауазым | |||
ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫ ҚҰРАМЫ | ||||||
1. | Әскери кафедра бастығы | полковник | 0 | 1 | 1 | 0 |
2. | Әскери кафедра бастығының орынбасары | подполковник | 0 | 2 | 1 | 1 |
3. | Әскери кафедра циклінің бастығы | подполковник | 0 | 3 | 1 | 2 |
4. | Әскери кафедраның аға оқытушысы | подполковник | 0 | 10 | 1 | 8 |
5. | Әскери кафедраның оқытушысы | майор | 0 | 10 | 1 | 7 |
6. | Әскери кафедраның ассистенті | аға лейтенант | 0 | 0 | 1 | 0 |
Жиыны | 0 | 26 | 6 | 18 | ||
ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ПЕРСОНАЛ | ||||||
1. | Аға инженер | капитан | 0 | 1 | 1 | 0 |
2. | Инженер | аға лейтенант | 0 | 1 | 1 | 0 |
3. | Нұсқаушы | - | 2 | 2 | ||
Жиыны | 0 | 4 | 2 | 2 | ||
ОҚУ-ҚОСАЛҚЫ ПЕРСОНАЛ | ||||||
1. | Бөлім бастығы | 1 | 1 | |||
2. | Бөлім бастығының орынбасары | 1 | 1 | |||
3. | Зертхана меңгерушісі | 1 | 1 | |||
4. | Шеберхана меңгерушісі | 1 | 1 | |||
5. | Жетекші маман | 1 | 1 | |||
6. | Маман | 1 | 1 | |||
Жиыны | 6 | 6 | ||||
Барлығы штаттық лауазым | 0 | 36 | 8 | 26 |
Келісілді __________ _________ ________________ (ғылыми атағы) (қолы) (аты-жөні, тегі) 202__ ж. "_____" ______________ |
Келісілді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы ________ _________ _____________ (әскери атағы) (қолы) (аты-жөні, тегі) 202__ ж. "_____" ______________ |
---|