"Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 136/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 7 сәуірде № 32252 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13353 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1 бабына,

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 152-бабының 3-тармағына, "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес, "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 776-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына толықтыру енгізу туралы қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 16 тармағының 1) жүз тоқсан бірінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";"

      3-қосымшаның 5-тарауы және 6-тарауында 58, 59, 60, 61, 62, 63-параграфтар алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      ауыл шаруашылығы министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      денсаулық сақтау министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады