"Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 320 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 179 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 10 сәуірде № 32264 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 320 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31222 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):

      3-тармақ алып тасталсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қызметкерлердің және әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін беру, растау, төмендету немесе алып тастау туралы шешімді осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген тәртіппен құрылған қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін айқындау бойынша азаматтық қорғау органдарының біліктілік комиссиялары (бұдан әрі - біліктілік комиссиясы) шығарған осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін беру, растау, төмендету немесе алып тастау туралы актінің (бұдан әрі – акт) негізінде:

      1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – ТЖМ) орталық аппаратының, ТЖМ ведомстволарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне, ТЖМ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Төтенше жағдайлар департаменттерінің (бұдан әрі - ТЖМ ТЖД) бастықтарына және олардың орынбасарларына, ТЖМ-ның оқу орнының бастығына және оның орынбасарларына, азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері командирлеріне (бұдан әрі – әскери бөлімдер) және олардың орынбасарларына қатысты - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі (бұдан әрі – Министр) немесе оның міндеттерін атқарушы;

      2) ТЖМ ТЖД, ТЖМ ТЖД Төтенше жағдайлар басқармаларының (бөлімдерінің), ТЖМ ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне қатысты - ТЖМ ТЖД бастықтары немесе олардың міндеттерін атқарушылар;

      3) әскери бөлімдердің әскери қызметшілеріне қатысты - әскери бөлімдердің командирлері немесе олардың міндеттерін атқарушылар;

      4) ТЖМ оқу орнының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне қатысты - ТЖМ-ның оқу орнының бастығы немесе оның міндеттерін атқарушы қабылдайды.

      Бұл ретте осы Қағидалардың 29-тармағында санамаланған адамдардың сыныптық біліктілігін қалпына келтіру осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген тұлғалардың бұйрығымен біліктілік комиссиясының қарауынсыз жүргізіледі.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қызметкерлер мен әскери қызметшілерге келесі сыныптық біліктіліктер беріледі:

      1) "2-сыныпты маман" - кемінде бір жыл құқық қорғау қызметінде, арнауы мемлекеттік органдарда, әскери қызметте (мерзімді әскери қызметті қоспағанда) жұмыс өтілі (бұдан әрі – қызмет өтілі) бар қызметкерлер мен әскери қызметшілерге;

      2) "1-сыныпты маман":

      "2-сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, "2-сыныпты маман" сыныптық біліктілігін бергеннен кейін АҚО-да кемінде бір жыл қызмет өтілі бар қызметкерлер мен әскери қызметшілерге;

      сыныптық біліктіліктері жоқ, дегенімен кемінде үш жыл қызмет өтілі, сондай-ақ АҚО-да кемінде бір жыл қызмет өтілі немесе мемлекеттік қызметте кемінде үш жыл жұмыс өтілі, сондай-ақ АҚО-да кемінде бір жыл қызмет өтілі бар қызметкерлер мен әскери қызметшілерге;

      3) "1-сыныпты маман - тәлімгер (шебер)":

      "1-сыныпты маман" сыныптық біліктілігі, "1-сыныпты маман" сыныптық біліктілігін бергеннен кейін АҚО-да кемінде бір жыл қызмет өтілі бар қызметкерлер мен әскери қызметшілерге;

      сыныптық біліктіліктері жоқ, дегенімен кемінде төрт жыл қызмет өтілі және саяси лауазымдарда кемінде бір жыл, сондай-ақ АҚО-да кемінде бір жыл қызмет өтілі немесе мемлекеттік қызметте кемінде төрт жыл жұмыс өтілі және саяси лауазымдарда кемінде бір жыл, сондай-ақ АҚО-да кемінде бір жыл қызмет өтілі бар қызметкерлер мен әскери қызметшілерге.";

      14-тармақ алып тасталсын;

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Біліктілік беруге рұқсат етілгендердің тізімі үш жұмыс күні ішінде біліктілік комиссиясының қарауына енгізіледі.";

      17, 18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Қолда бар сыныптық біліктілік:

      1) бала күтімі бойынша демалыста болған, ТЖМ оқу орнында және уағдаластық шеңберінде шет елдерде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген және АҚО-ның лауазымдарына қайта тағайындалған қызметкерлер мен әскери қызметшілерге:

      2) басқа күштік құрылымдардан ауысу (іссапарға жіберу) тәртібімен АҚО-ның қызметіне келген және АҚО лауазымдарына тағайындалған тұлғаларға;

      3) соттың шешімі бойынша АҚО-ның қызметіне қалпына келтірілген тұлғаларға;

      4) күш құрылымдардан босатылған және АҚО-ның қызметіне қайта қабылданған тұлғаларға тиісті үстемеақы белгілене отырып, осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген адамдардың бұйрығымен расталады.

      18. Сыныптық біліктілікті растау үшін тоқсан сайын, тиісті тоқсанның соңғы айының бесінші күніне дейін АҚО-ның кадр қызметтері осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыныптық біліктілігін растауға жататын қызметкерлер мен әскери қызметшілердің тізімін (бұдан әрі - Растау үшін тізім) жасайды.

      19. Растау үшін тізім үш жұмыс күні ішінде біліктілік комиссиясының қарауына енгізіледі.

      Осы Қағидалардың 17-тармығының 4) тармақшасында көзделген тұлғаларға жоғары тұрған сыныптық біліктіліктерін беру үшін қызмет өтілін есептеу мерзімі АҚО-ның лауазымдарына тағайындалған күннен бастап жүзеге асырылады.";

      20, 21, 22, 23, 24 және 25-тармақтар алып тасталсын;

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Біліктілік комиссиясының мүшелері болып кадр қызметтерінің бастықтары, сондай-ақ заң және қаржы қызметтерінің өкілдері тағайындалады.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша алып тасталсын;

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 5-қосымша алып тасталсын;

      көрсетілген Қағидаларға 8-қосымша алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

  Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2023 жылғы 6 сәуірдегі
№ 179 бұйрығына қосымша
  Азаматтық қорғау органдары
қызметкерлері мен әскери
қызметшілерінің сыныптық
біліктілігін айқындау қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін беру, растау, төмендету немесе алып тастау туралы акт

      Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін айқындау бойынша біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - комиссия) құрамында: комиссия төрағасы (лауазымы, арнаулы (әскери) атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)) (бұдан әрі - ТАӘ) және комиссияның басқа мүшелері (лауазымы, арнаулы (әскери) атағы, ТАӘ, сыныптық біліктілікті беруге, растауға, төмендетуге немесе алып тастауға ұсынылған материалдарды қарап, мынадай шешім шығарады:

Арнаулы (әскери) атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Атқаратын лауазымы

Құқық қорғау қызметінде, арнаулы мемлекеттік органдарда, әскери қызметте (мерзімді әскери қызметті қоспағанда) жұмыс өтілі, сондай-ақ мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі

Азаматтық қорғау органдарында қызмет өтілі ( азаматтық қорғау органдарында қай уақыттан бастап (күні, айы, жылы))

Қолда бар сыныптық біліктілік (сыныптық біліктілікті беру, растау, төмендету немесе алу, қалпына келтіру туралы бұйрықтың күні мен нөмірі)

Комиссия шешімі
(тағайындау, растау, төмендету немесе алып тастау)

1.







2.







      Комиссия төрағасы ___________________________________________________

      Комиссия мүшелері _________________________________________________________

      Комиссия хатшысы ______________________________________________________

      20___ жыл "____" __________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады