"Ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы мен күту және авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарға аттануға ұдайы әзірлік режимiнде болғаны үшін үстемеақы төлеу қағидалары мен шарттары" Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 36 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 182 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 10 сәуірде № 32265 болып тіркелді

            ЗҚАИ-ның ескертпесі!
            Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 36 бұйрығымен бекітілген "Ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы мен күту және авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарға аттануға ұдайы әзірлік режимiнде болғаны үшін үстемеақы төлеу қағидалары мен шарттары" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18213 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ерекше жағдайлар үшін және денсаулыққа және өмірге зиян келтіру қаупімен байланысты жұмыс үшін қосымша ақы төлеу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ күту режимінде болғаны және авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарға шығуға тұрақты дайындығы үшін үстемеақылар төлеу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған ерекше жағдайлар үшін және денсаулыққа және өмірге зиян келтіру қаупімен байланысты жұмыс үшін қосымша ақы, сондай-ақ күту режимінде болғаны және авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарға шығуға тұрақты дайындығы үшін үстемеақы төлеу қағидалары мен шарттары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ерекше жағдайлар үшін қосымша ақылар мен күту режимінде болғаны және авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарға шығуға тұрақты дайындығы үшін үстемеақылар төлеу қағидалары мен шарттарында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Денсаулық пен өмірге зиян келтіру қаупімен байланысты ерекше жағдайлар үшін және жұмыс үшін қосымша ақы төлеу, сондай-ақ күту режимінде болғаны және авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарға шығуға тұрақты дайындығы үшін үстемеақы төлеу қағидалары мен шарттары";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы ерекше жағдайлар үшін және денсаулыққа және өмірге зиян келтіру қаупімен байланысты жұмыс үшін қосымша ақы, сондай-ақ күту режимінде болғаны және авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарға шығуға тұрақты дайындығы үшін үстемеақы төлеу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен бекітілген Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесінің 12-қосымшасына сәйкес әзірленді және ерекше жағдайлар үшін және денсаулыққа және өмірге зиян келтіру қаупімен байланысты жұмыс үшін қосымша ақы төлеу тәртібін айқындайды, сондай-ақ күту режимінде болғаны және авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарға шығуға тұрақты дайындығы үшін үстемеақылар.

      2. Осы Қағидалар мыналарға қолданылады:

      1) "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің негізгі персоналы климаттық және географиялық жағдайлары қиын, шалғай, биік таулы аймақтарда төтенше жағдайлар туындаған және оларды жою кезінде қоныстануға қарсы, көшкінге қарсы, су тасқынына қарсы және басқа да қорғау іс-шараларын, профилактикалық, авариялық-құтқару және жөндеу-қалпына келтіру іс-шараларын жүргізгені үшін,

      сондай-ақ осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген денсаулыққа және өмірге зиян келтіру қаупімен байланысты жұмыс үшін;

      2) Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушылары, кәсіби медициналық авариялық-құтқару қызметтерінің құтқарушы-санитар лауазымдары санаты бар қызметкерлерге.";

      мынадай мазмұндағы 5-тараумен толықтырылсын:

      "5 тарау. Құтқарушылардың және құтқарушының функцияларын орындайтын басқа да қызметкерлердің денсаулығы мен өміріне зиян келтіру қаупімен байланысты жұмыс үшін қосымша ақы

      1-Параграф. Құтқарушылардың және құтқарушының функцияларын орындайтын басқа да қызметкерлердің денсаулығы мен өміріне зиян келтіру қаупімен байланысты жұмыс үшін қосымша ақы төлеу тәртібі

      31. Денсаулық пен өмірге зиян келтіру қаупімен байланысты жұмыс үшін қосымша ақы кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларына, "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің негізгі персоналына, кәсіби медициналық авариялық-құтқару қызметтерінің құтқарушы-санитар лауазымдары санатындағы қызметкерлерге төленеді.

      32. Қосымша ақы төлеу кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларына және демалыстағы және еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңіндегі "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің негізгі персоналына жүзеге асырылмайды.

      2-Параграф. Құтқарушылардың және құтқарушының функцияларын орындайтын басқа да қызметкерлердің денсаулығы мен өміріне зиян келтіру қаупімен байланысты жұмыс үшін қосымша ақы төлеу шарттары

      33. Денсаулық пен өмірге зиян келтіру қаупімен байланысты жұмыс үшін қосымша ақыны есептеу "Мемлекеттік мекемелерге арналған бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша жасақ басшысы бекіткен жұмыс уақытын есепке алу табеліне сәйкес ай сайын жүргізіледі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7126 болып тіркелген).

      34. Құтқарушыларды жұмыс уақытында жұмысқа тартқан кезде нақты жұмыс істеген сағаттар жұмыс уақытының табеліне енгізіледі және осы сағаттар үшін қосымша ақы төлеу жүргізіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Қаржы және мемлекеттік сатып алу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2-тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады