Ерекше жағдайлар үшін және денсаулыққа және өмірге зиян келтіру қаупімен байланысты жұмыс үшін қосымша ақы төлеу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ күту режимінде болғаны және авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарға шығуға тұрақты дайындығы үшін үстемеақылар төлеу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 36 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 21 қаңтарда № 18213 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 06.04.2023 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 12-қосымшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған ерекше жағдайлар үшін және денсаулыққа және өмірге зиян келтіру қаупімен байланысты жұмыс үшін қосымша ақы, сондай-ақ күту режимінде болғаны және авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарға шығуға тұрақты дайындығы үшін үстемеақы төлеу қағидалары мен шарттары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 06.04.2023 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.Р. Беккер) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2019 жылғы 18 қаңтардағы
№ 36 бұйрығымен
бекітілді

Денсаулық пен өмірге зиян келтіру қаупімен байланысты ерекше жағдайлар үшін және жұмыс үшін қосымша ақы төлеу, сондай-ақ күту режимінде болғаны және авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарға шығуға тұрақты дайындығы үшін үстемеақы төлеу қағидалары мен шарттары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 06.04.2023 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы ерекше жағдайлар үшін және денсаулыққа және өмірге зиян келтіру қаупімен байланысты жұмыс үшін қосымша ақы, сондай-ақ күту режимінде болғаны және авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарға шығуға тұрақты дайындығы үшін үстемеақы төлеу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен бекітілген Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесінің 12-қосымшасына сәйкес әзірленді және ерекше жағдайлар үшін және денсаулыққа және өмірге зиян келтіру қаупімен байланысты жұмыс үшін қосымша ақы төлеу тәртібін айқындайды, сондай-ақ күту режимінде болғаны және авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарға шығуға тұрақты дайындығы үшін үстемеақылар.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 06.04.2023 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидалар мыналарға қолданылады:

      1) "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің негізгі персоналы климаттық және географиялық жағдайлары қиын, шалғай, биік таулы аймақтарда төтенше жағдайлар туындаған және оларды жою кезінде қоныстануға қарсы, көшкінге қарсы, су тасқынына қарсы және басқа да қорғау іс-шараларын, профилактикалық, авариялық-құтқару және жөндеу-қалпына келтіру іс-шараларын жүргізгені үшін,

      сондай-ақ осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген денсаулыққа және өмірге зиян келтіру қаупімен байланысты жұмыс үшін;

      2) Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушылары, кәсіби медициналық авариялық-құтқару қызметтерінің құтқарушы-санитар лауазымдары санаты бар қызметкерлерге.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 06.04.2023 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) химиялық ластану аймақтарындағы жұмыс істеу - белгілі бір уақыт ішінде адамдардың өмірі мен денсаулығына, ауыл шаруашылығы малдары мен өсімдіктеріне қауіп төндіретін концентрациядағы немесе мөлшердегі қауіпті химиялық заттар тараған немесе әкелінген аумақта немесе акватория шегінде авариялық құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстары;

      2) радиоактивті ластану аймағында жұмыс істеу - шекті рұқсат етілген концентрациядан асатын радиоактивті ластану бар аумақ немесе акватория шегінде авариялық құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстары;

      3) биік таулы жерде жұмыс істеу - теңіз деңгейінен 2 000 метрден астам биіктікте жүргізілген авариялық құтқару және кезек күттірмейтін, оның ішінде профилактикалық және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары;

      4) жолы қиын аудандарда жұмыс істеу - қатты бөлшектелген бедермен жабық жергілікті жерлерде, қалың жынысты орман, қалың бұталы және шалшықтанған (алқап) аумақтарда, өзеннің атырауында, тау шатқалы мен шөлдерде авариялық құтқару және кезек күттірмейтін, оның ішінде профилактикалық және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары;

      5) күрделі объектілерде жұмыс істеу – қираған және жартылай қираған ғимараттар мен құрылыстарда, жертөлелерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы "Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы" №165 бұйрығымен белгіленген жауапкершілік деңгейі І (жоғары) объектілерде жүргізілген авариялық-құтқару жұмыстары (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10666 тіркелген);

      6) арнайы құрал-жабдықтар – альпинистік құрал-жабдықтар (жеке сақтандыру жүйесі, арнайы арқан, түсіру құрылғысы, карабин), тыныс алу, тері және көру органын жеке қорғау құралдары, құтқару жабдықтары (механикалық, гидравликалық (қол), электр, пневматикалық, мото жетек сайман), көтеру құрылғысы (тринога);

      7) өмір үшін аса қатерлі кезде – авариялық құтқару және кезек күттірмейтін, оның ішінде профилактикалық және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде құтқарушының денсаулығына нұқсан және өмір үшін аса қатерлі кезде қандай да бір сыртқы орта факторының, зиянды әсерлердің пайда болу ықтималдығын сипаттайтын қауіптілік шарасы;

      8) селге қарсы, сырғымаға қарсы, көшкінге қарсы іс-шаралары – халықтың, объектілердің, инфрақұрылымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған сел ағынынан, қар көшкінінен және сырғымадан азаматтық қорғау іс-шаралары және оларға мыналар кіреді:

      қауіпті табиғи құбылыстарға мониторинг (қауіпті дүлей табиғи құбылыстарды бақылау және құлақтандыру қызметін ұйымдастыру (тұрақты және маусымдық гидрометеорологиялық бекеттер, желілік бағыттар));

      сел-, көшкіні-, сырғыма қауіпті учаскелерге жерүсті және аэрокөзбен шолу тексерулер жүргізу (қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстардың қатері мен туындауын белгілеу мақсатында), сондай-ақ теңіз және мұзды көлдерге тексерулер, шолып байқау жұмыстарын жүргізу;

      таулы беткейлердің, биікті таулы мұздақ және мұзды көлдердің қауіптілігін азайту бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізу, қар көшкіндерін күштеп түсіру бойынша жұмыстарды орындау;

      көшкіннен және селден қорғайтын құрылыстарға тексерулер жүргізу (техникалық және пайдалану әзірлігі мәніне);

      қауіпті табиғи құбылыстардан (сел ағындары, қар көшкіндері, сырғыма процестері) инженерлік қорғаныш құрылыстарын салу және пайдалану.

2-тарау. "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің негізгі персоналына сел тасқындарына қарсы, көшкіндерге қарсы, су тасқындарына қарсы және басқа да қорғау іс-шараларын, сондай-ақ жолы қиын, шалғайдағы, климаты мен географиялық жағдайы күрделі биік таулы аймақтарда төтенше жағдайлар туындағанда және оларды жою кезіндегі профилактикалық, авариялық-құтқару және жөндеу-қалпына келтіру іс-шараларын жүргізген ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы төлеу

1-параграф. "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің негізгі персоналына қосымша ақы төлеу тәртібі

      4. "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – мекеме) негізгі персоналының жүргізген әрбір сел тасқындарына қарсы, көшкіндерге қарсы, су тасқындарына қарсы және басқа да қорғау іс-шараларын, сондай-ақ профилактикалық, авариялық-құтқару және жөндеу-қалпына келтіру іс-шаралары бойынша ерекше еңбек жағдайларына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысымен бекітілген азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес қосымша ақыны көздейтін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атқарылған жұмыстар актілері ресімделеді.

      5. Атқарылған жұмыстар актісін мекеменің авариялық-механикаландырылған және көзбен шолу тобының басшысы, жұмыс орнына келуімен бір данада жасайды және мекеме басшысының сел тасқындарына қарсы, көшкіндерге қарсы, су тасқындарына қарсы іс-шараларын, сондай-ақ сел-, сырғыма-, көшкін қауіпті объектілердегі салдарды жою бойынша жұмыстарды жүргізуге жетекшілік ететін орынбасарына (жоқ болған жағдайда, оны алмастырушы тұлға) келісуге беріледі.

      6. Сел тасқындарына қарсы, көшкіндерге қарсы, су тасқындарына қарсы іс-шараларын, сондай-ақ сел-, сырғыма-, көшкін қауіпті объектілердегі салдарды жою бойынша жұмыстарды жүргізуге жетекшілік ететін мекеме басшысының орынбасары атқарылған жұмыс актісінің ресімделуінің дұрыстығын тексереді.

      7. Салыстыру нәтижесі бойынша екі тәулік ішінде сел тасқындарына қарсы, көшкіндерге қарсы, су тасқындарына қарсы іс-шараларын, сондай-ақ сел-, сырғыма-, көшкін қауіпті объектілердегі салдарды жою бойынша жұмыстарды жүргізуге жетекшілік ететін мекеме басшысының орынбасары атқарылған жұмыстардың келісілген актісін мекеме басшысына (жоқ болған жағдайда, оны алмастырушы тұлға) бекітуге енгізеді.

      8. Атқарылған жұмыстардың бекітілген актісі өткен айдың қорытындысы бойынша қосымша ақы төлеуге бұйрықты ресімдеу үшін мекеменің кадр қызметіне жолданады және келесі айдың 5 күніне дейін төлемақыны жүзеге асыру үшін мекеменің қаржы қызметіне беріледі (айына бір рет жүргізіледі).

      9. Сел тасқындарына қарсы, көшкіндерге қарсы, су тасқындарына қарсы іс-шараларын, сондай-ақ сел-, сырғыма-, көшкін қауіпті объектілердегі салдарды жою бойынша жұмыстарды жүргізу уақытында мекеменің негізгі персоналының қауіпсіздік техникасы талаптарын бұзу фактілері анықталған жағдайда қосымша ақы төленбейді.

2-параграф. "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің негізгі персоналына қосымша ақы төлеу шарттары

      10. Мекеменің негізгі персоналына қосымша ақы:

      1) сел тасқындарына қарсы, көшкіндерге қарсы, су тасқындарына қарсы және басқа да жолы қиын, шалғайдағы, климаты (жиі жауын-шашын, қатты жел, ультракүлгін сәуле әсері, оттектің жетіспеуі) мен географиялық жағдайы күрделі биік таулы аймақтарда, сондай-ақ өмір үшін аса қатерлі кезде профилактикалық қорғау іс-шараларын жүргізу кезінде;

      2) сел, сырғыма, көшкін қауіпті объектілердегі салдарларын (сел шығарындылары, үйемелеу, сырғыма (құлама) және жолы қиын, шалғайдағы, климаты (жиі жауын-шашын, қатты жел, ультракүлгін сәуле әсері, оттектің жетіспеуі) мен географиялық жағдайы күрделі биік таулы аймақтарда, сондай-ақ өмір үшін аса қатерлі кезде салдарларын жою бойынша жұмыстарын жүргізу кезінде;

      3) сел тасқындарына қарсы, көшкіндерге қарсы, су тасқындарына қарсы және басқа да профилактикалық қорғау іс-шараларын, сондай-ақ қауіпті жабайы жыртқыш аңдар болған жерлердегі (тікелей жұмыстарды жүргізу орындарында) сел, сырғыма, көшкін қауіпті объектілердегі салдарларды жою бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде;

      4) мекеменің (мекеме филиалы) негізгі персоналының және авариялық-механикаландырлыған бригадалардың (күту және ден қоюға тұрақты әзірлік режимінде болған) тәулік бойғы кезекшілігін ұйымдастыру кезінде белгіленеді.

3-параграф. "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің негізгі персоналының лауазымдар тізбесі

      11. Қосымша ақы, осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген жұмыстарды жүргізу кезінде мынадай лауазымдарға:

      мекеменің басшысына және басшы орынбасарларына;

      филиал басшысына және басшы орынбасарларына;

      төтенше жағдайлардың алдын алу және қорғаныш құрылыстарын пайдалану, кезекшілік қызметі, мониторинг және құлақтандыру, құрылыс, техникалық қызмет, тылдық қамтамасыз ету бөлімдерінің басшыларына және басшы орынбасарларына;

      өндірістік-пайдалану бөлімдері мен бөлімшелердің басшыларына және орынбасарларына;

      бас инженер-гидрологқа, бас гидротехникке, бас инженер-жарушыға, бас инженер-гидрогеологқа, пайдалану бойынша бас инженерге, бас инженер-метеорологқа, қауіпсіздік техникасы бойынша бас инженерге, бас инженер-геодезистке, бас инженер техқадағалаушыға, бас инженер-сметашыға, бас іс өндірушіге, бас байланыс инженерге, бас инженер-бағдарламашыға, бас инженер энергетикке, бас инженерге, бас механикке, инженер-жарушыға, инженер-гидрологқа, инженер-энергетикке, инженер гидротехникке, инженер-құрылысшыға, қауіпсіздік техникасы бойынша инженерге, инженер гидрогеологқа, инженер электроникке, байланыс инженеріне, инженер-сметашыға, инженер-механикке, инженерге, инспектор психологқа, диспетчерге, тракторшыға, бульдозершіге, электрикке, жүргізушіге, шеберге, экскаваторшыға, автокраншыға, слесар-жөндеушіге, газ-электр дәнекерлеушіге, маусымдық бақылаушыға, бақылаушыға, селден қорғау құрылыстарына қызмет көрсететін жұмысшыға жүзеге асырылады.

3-тарау. Кәсіптік авариялық–құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы

1-параграф. Кәсіптік авариялық–құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы төлеу үшін атқарылған жұмыстардың актісін ресімдеу тәртібі

      12. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен бекітілген Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес қосымша ақыны көздейтін ерекше еңбек жағдайында жүргізілген әрбір авариялық-құтқару жұмыстары бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атқарылған жұмыс актісі ресімделеді.

      13. Атқарылған жұмыс актісін барған топтың жетекшісі бір данада жасайды, бөлімшеге келген соң жедел жұмысқа жетекшілік ететін жасақ басшысының орынбасарына (ол болмаған жағдайда оның алмастыратын тұлғаға) келісуге ұсынылады.

      14. Жедел жұмысқа жетекшілік ететін жасақ басшысының орынбасары атқарылған жұмыс актісінің дұрыс ресімделгендігін тексереді, кезекшілік журналы мен сүңгуірлер журналын, радиоалмасу мәліметтерімен (желі болмаған жағдайда спутниктік немесе мобильдік байланыс арқылы) салыстырып тексереді.

      15. Салыстырып тексеру нәтижесі бойынша жедел жұмысқа жетекшілік ететін жасақ басшысының орынбасары екі жұмыс күні ішінде келісілген жүргізілген жұмыс актісін бекітуге жасақ басшысына (ол болмаған жағдайда оның орнын басатын тұлғаға) енгізеді.

      16. Атқарылған жұмыстардың бекітілген актісі кадр қызметіне өткен айдың қорытындысы бойынша қосымша ақы төлеуге бұйрық ресімдеу үшін жолданады және келесі айдың 5–не дейін төлемді жүзеге асыру үшін қаржы қызметіне беріледі.

      17. Құтқарушылар авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын бұзу фактілері анықталған жағдайда қосымша ақы төленбейді.

2. Параграф. Кәсіптік –құтақару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы төлеу шарттары

      18. № 1 қосымша ақы "Химиялық, радиациялық ластану аймақтарында, биік таулы және жолы қиын аудандарда, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюда, арнайы жабдықтарды қолданумен байланысты күрделі объектілерде, тікұшақ техникасымен десант түсіру, өмір үшін аса қатерлі кезде шұғыл және жедел авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарын тікелей жүргізу кезінде" (бұдан әрі-№ 1 қосымша ақы):

      1) химиялық, радиациялық ластану аймақтарында, биік таулы және жолы қиын аудандарда, арнайы құрал-жабдықтарды қолданумен байланысты күрделі объектілерде, тікұшақ техникасымен десант түсіру, өмір үшін аса қатерлі кезде авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарын жүргізу кезінде;

      2) су тасқыны кезеңінде бөгендерді бұзып өту қаупі бар жерлерде авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезінде (су қорларын пайдалану және күзету, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің растауымен ақпараттың болуы кезінде);

      3) сең жүру уақытында авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізу кезінде (тек адамдарды құтқару және мұз кептелістері мен сеңнің тоқтауларын жою кезінде);

      4) күрделі климат жағдайларында авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезінде (дауыл, секундына жылдамдығы 20 метр күшті жел, диаметрі 2 сантиметрден кем емес бұршақ, "Қазгидромет" РМК интернет ресурсында мәліметтің болуы кезінде);

      5) қауіпті жабайы жыртқыш аңдар және улы бауырымен жорғалаушылар, жәндіктер болатын жерлерде авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізу кезінде (тікелей авариялық – құтқару жұмыстарын жүргізу орнында) кезінде белгіленеді.

      19. № 2 қосымша ақы "Жоғары (плюс 30 градус және одан жоғары) немесе төмен (минус 20 градус және одан төмен (боран, бұрқасын) температура кезінде жұмыс істегені үшін" (бұдан әрі- №2 қосымша ақы):

      1) жоғары (плюс 30 градус және одан жоғары) немесе төмен (минус 20 градус және одан төмен (боран, бұрқасын) температура байқалған төтенше жағдай туындаған жерде (қоршаған орта, үй-жай) авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарын, бұл ретте құтқару жұмыстары арнайы құраол-жабдықтарын қолданумен жүргізу кезінде;

      2) қоршаған ортада тікелей 2 сағаттан аса су айдындарында патрульдеулер және мұзда рейдтер бойынша іс-шараларын жүргізу (түсіндіру жұмыстарын жүргізу) кезінде белгіленеді.

      Атқарылған жұмыстар актісіне міндетті түрде жұмыс жүргізу аумағындағы температура режимдері туралы "Қазгидромет" РМК интернет-ресурсының мәліметі қоса ұсынылады.

      20. Химиялық, радиациялық ластану аймақтарында, биік таулы және жолы қиын аудандарда, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюда, арнайы жабдықтарды қолданумен байланысты күрделі объектілерде, тікұшақ техникасымен десант түсіру, өмір үшін аса қатерлі кезде шұғыл және жедел авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарын тікелей жүргізу кезінде, күрделі ауа-райы факторлары жоғары (плюс 30 градус және одан жоғары) немесе төмен (минус 20 градус және одан төмен (боран, бұрқасын) температура болған кезінде өмірге қатерлі қысылтаяң жағдайдағы жұмыстың әр сағаты үшін сағаттық мөлшерлемеден 300 % № 1 қосымша ақы белгіленеді.

      21. № 3 қосымша ақы "Су астындағы авариялық-құтқару және жедел жұмыстарды тікелей жүргізу кезінде" (бұдан әрі- № 3 қосымша ақы) сүңгуір құрал-жабдықтарын пайдаланумен (тыныс алу аппараты, гидрокостюм, дабыл және түсу желі) су астында сүңгуірлік-іздестіру жұмыстарын жүргізу (су астына түсу) кезінде белгіленеді.

      22. № 3 қосымша ақы оқу-жаттығу, жаттығу, біліктілік және экспериментальді су астына түсу кезінде жүзеге асырылмайды.

      23. № 2 қосымша ақы (жоғары температура) белгілеу кезінде қолданылатын факторлардың болуы кезінде қосымша ақы төлеу № 3 қосымша ақыда белгіленген (су астындағы жұмыстың әр сағаты үшін сағаттық мөлшерлемеден 100 %) мөлшерде ғана жүзеге асырылады.

      24. № 4 қосымша ақы "Мәйіттермен және мәйіттердің фрагменттерімен үнемі жұмыс істегендіктен психоэмоциялық жүктемесі үшін" авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу барысында қаза болғандардың мәйіттерімен тікелей байланыста болуы, тасымалдау, көтеру және олардың бөлшектерін жинау кезінде белгіленеді және айына бір рет БЛА-дан 100 % жүргізіледі.

4-тарау. Кәсіптік авариялық-құтқару қызметтері және құралымдары құтқарушыларына күту және авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарға аттануға ұдайы әзірлік режимiнде болғаны үшін үстемеақы

      25. Күту және авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарға аттануға ұдайы әзірлік режимiнде болғаны үшін құтқарушыға күту және ұдайы әзірлік режиміндегі кезекшіліктің әр сағаты үшін сағаттық мөлшерлемеден 25 %үстемеақы төлеу.

      26. Күту және ұдайы әзірлік режимiнде құтқарушылардың кезекшілік ету уақыты кезекшiлiктiң әрбір сағатына сағаттың төрттен бiрi мөлшерiнде ескеріледi, мынадай нысан бойынша:

      Сам х Кркс х 25%, мұнда Сам – құтқарушының сағаттық ақы мөлшерлемесі, Кркс - күту және ұдайы әзірлік режимiндегі кезекшілік сағатының саны. Кркс = (Ксс)/4, мұнда Ксс- бір айға кезекшілік сағаты саны.

      27. Үстемеақыны есептеу "Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7126 тіркелген) нысан бойынша жасақ басшысы бекіткен жұмыс істеу уақыты есебі табеліне сәйкес ай сайын жүргізіледі.

      28. Авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізу уақытында жұмыс режимі және кәсіптік авариялық-құтқару қызметтері және құралымдары құтқарушыларының жұмыс ауысымы ұзақтығы төтенше жағдайдың сипаты, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері, санитарлық қағида және гигиеналық нормативтерті есепке ала отырып, төтенше жағдайларды жою басшысы белгілейді.

      29. Жұмыстан тыс уақытта құтқарушыларды жұмысқа тарту кезінде нақты пысықталған сағат жұмыс уақыты табеліне енгізіледі және бұл сағатқа үстемеақы төлеу жүргізілмейді.

      30. Еңбек демалысындағыларға, уақытша жұмысқа жарамсыз парағы барларға, іссапардағыларға, оқудағы және оқту-жаттығу жиындарындағы құтқарушыларға үстемеақы төлеу жүргізілмейді.

5 тарау. Құтқарушылардың және құтқарушының функцияларын орындайтын басқа да қызметкерлердің денсаулығы мен өміріне зиян келтіру қаупімен байланысты жұмыс үшін қосымша ақы

      Ескерту. 5-тараумен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 06.04.2023 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-Параграф. Құтқарушылардың және құтқарушының функцияларын орындайтын басқа да қызметкерлердің денсаулығы мен өміріне зиян келтіру қаупімен байланысты жұмыс үшін қосымша ақы төлеу тәртібі

      31. Денсаулық пен өмірге зиян келтіру қаупімен байланысты жұмыс үшін қосымша ақы кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларына, "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің негізгі персоналына, кәсіби медициналық авариялық-құтқару қызметтерінің құтқарушы-санитар лауазымдары санатындағы қызметкерлерге төленеді.

      32. Қосымша ақы төлеу кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларына және демалыстағы және еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңіндегі "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің негізгі персоналына жүзеге асырылмайды.

2-Параграф. Құтқарушылардың және құтқарушының функцияларын орындайтын басқа да қызметкерлердің денсаулығы мен өміріне зиян келтіру қаупімен байланысты жұмыс үшін қосымша ақы төлеу шарттары

      33. Денсаулық пен өмірге зиян келтіру қаупімен байланысты жұмыс үшін қосымша ақыны есептеу "Мемлекеттік мекемелерге арналған бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша жасақ басшысы бекіткен жұмыс уақытын есепке алу табеліне сәйкес ай сайын жүргізіледі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7126 болып тіркелген).

      34. Құтқарушыларды жұмыс уақытында жұмысқа тартқан кезде нақты жұмыс істеген сағаттар жұмыс уақытының табеліне енгізіледі және осы сағаттар үшін қосымша ақы төлеу жүргізіледі.

  Авариялық-құтқару жұмыстары
мен кезек күттірмейтін
жұмыстарға аттануға ұдайы
әзірлік режимiнде болғаны және
ерекше еңбек жағдайлары үшін
қосымша ақылар және
үстемеақылар төлеу
қағидаларына
№ 1 қосымша
  "Бекітемін"
  мекеме басшысы
  ____________________________
  Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (бұдан – әрі Т.А.Ә.)
  20__ ж. "____"_______________

Мемлекеттік мекеме (атауы) Жүргізілген жұмыстар АКТІСІ

      Жұмыстың басталған уақыты мен күні: _______________________________________

      Жұмыстың аяқталған уақыты мен күні: _______________________________________

      Жұмыс жүргізілген орын (облыс, аудан, өзен бассейні, бағыты): __________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      Жұмыс түрі: ______________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      (қысқаша сипаттама): ______________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      Жұмыстарды жүргізуге негіз: ________________________________________________

      Топ, бригада құрамы:

      Лауазымы, Т.А.Ә.:

      1)_______________________________________________________________________

      2)_______________________________________________________________________

      3)_______________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      Көлік құралы, мемлекеттік нөмірі, жүргізушінің тегі, аты, әкесінің аты:

      1)_______________________________________________________________________

      2)_______________________________________________________________________

      3)_______________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      Жүргізілді (жұмыс түрі): ____________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      Ауа райы жағдайы: ________________________________________________________

      Қосымша ақпарат: _____ ___________________________________________________

      Қолданылды: саймандар, жабдықтар, құрал-жабдықтар:

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      Жүргізілген жұмыс нәтижлері:

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      Жұмысшылармен қауіпсіздік техникасының бұзылуы туралы мәлімет

      Қауіпсіздік техникасын бұзған қызметкердің Т.А.Ә., бұзу туралы мәлімет:

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      Қосымша: __________________________________________________ парақта

      Қолы:

      1.Топ, бригада басшысы:

      Т.А.Ә. ______________________________ қолы

      2.Топ, бригада мүшелері:

      Т.А.Ә.______________________________ қолы

      Т.А.Ә.______________________________ қолы

      Т.А.Ә.______________________________ қолы

      Т.А.Ә.______________________________ қолы

      Т.А.Ә.______________________________ қолы

      Келісілді

      Мекеме басшысының орынбасары

      Т.А.Ә.______________________________ қолы

  Авариялық-құтқару жұмыстары
мен кезек күттірмейтін
жұмыстарға аттануға ұдайы
әзірлік режимiнде болғаны және
ерекше еңбек жағдайлары үшін
қосымша ақылар және
үстемеақылар төлеу
қағидаларына
№ 2 қосымша
  "Бекітемін"
  мекеме басшысы
  ____________________________
  Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (бұдан – әрі Т.А.Ә.)
  20__ ж ."____"_______________

Мемлекеттік мекеме (атауы) Жүргізілген жұмыстар АКТІСІ 20____ж. "______"_________________

      Уақыты: сигнал алу ________сағ_____________мин

      жұмыстың басталуы ________сағ_____________мин

      жұмыстың аяқталуы ________сағ_____________мин

      хабарлама кімнен алынды__________________________________________________

      (Т.А.Ә.)

      мекенжайы

      (аудан)__________________________________________________________________

      жұмыс

      түрі_____________________________________________________________________

      төтенше жағдайдың

      сипаты __________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      (жағдайдың қысқаша

      сипаттамасы)_____________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      Өтініш берушінің қолы (мүддесіне жұмыс жүргізілетін тұлға)

      _________________________________________________________________________

      (лауазымы)                  (Т.А.Ә.)                  (қолы)

      Шығуға

      рұқсат____________________________________________________________алынды

      Құтқарушылар ТЖ жоюға аттанды:

      ________________________________________________________________________

      (мемлекеттік нөмірін көрсетумен көлік құралы)

      жүргізуші _______________________________________________________________________

      Жұмыс барысында: құтқарылды _______адам оның ішінде балалар______________

      Қаза болғандар мәйіттері табылды (шығарылды) _______адам оның ішінде балалар_____

      Медициналық көмек көрсетілді ______адам оның ішінде балалар________________

      Төтенше жағдай аймағынан эвакуацияланды______адам оның ішінде балалар__________

      Автомобильдер босатылды _____________бірлік. Жұмыстар жүргізілді

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      Құрал-саймандармен жұмыс істеу уақыты

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысының 12-қосымшасына сәйкес, қосымша ақы көзделетін жүргізілген авариялық-құтқару жұмыстары туралы деректерді толтыру үшін мәлімет Химиялық, радиациялық ластану аймақтарында, биік таулы және жолы қиын аудандарда, арнайы құрал-жабдықтарды қолданумен байланысты күрделі объектілерде, тікұшақ техникасымен десант түсіру, өмір үшін аса қатерлі кезде авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарын жүргізу туралы мәлімет

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      Жұмыс істегендердің Т.А.Ә.

      Су тасқыны кезеңінде бөгендерді бұзып өту қаупі бар жерлерде жүргізілген авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар туралы мәлімет

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      Жұмыс істегендердің Т.А.Ә.

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      Сең жүру уақытында жүргізілген авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар туралы мәлімет

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      Жұмыс істегендердің Т.А.Ә.

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      Күрделі климат жағдайында жүргізілген авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар туралы мәлімет

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      Жұмыс істегендердің Т.А.Ә.

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      Қауіпті жабайы жыртқыш аңдар және улы бауырымен жорғалаушылар, жәндіктер болатын жерлерде жүргізілген авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар туралы мәлімет

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      Жұмыс істегендердің Т.А.Ә.

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      Жоғары (плюс 30 градус және одан жоғары) немесе төмен (минус 20 градус және одан төмен (боран, бұрқасын) температура байқалатын төтенше жағдайлар туындаған жерде жүргізілген авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстары туралы мәлімет, бұл ретте құтқару жұмыстары арнайы құрал-жабдықтарын қолданумен жүргізілген

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      Ауа температурасы ________________________________________________________

      Жұмыс істегендердің Т.А.Ә.

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      Су астында жүргізілген авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізу туралы мәлімет (су астында жұмыс істеу уақыты, ауа температурасы, тереңдігі) Жұмыс істегендердің

      Т.А.Ә.____________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      Қаза болғандардың мәйітімен жұмыс істеуге байланысты жүргізілген авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар туралы мәлімет (қаза болғандардың мәйіттерімен және бөлшектерімен тұрақты жұмыс істеуге байланысты психоэмоциялық жүктелуіне) ______________________________________________________________

      Қаза болғандардың мәйіттерімен жұмыс істеу уақыты

      Жұмыс істеушілердің Т.А.Ә.

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      Құтқарушылардың қауіпсіздік техникасын бұзу туралы мәлімет

      _________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      Қауіпсіздік техникасын бұзған қызметкердің Т.А.Ә.

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      Құтқарушы тобының жетекшісі

      _________________________________________________________________________

      (қолы, Т.А.Ә.)

      Мекеме басшысының орынбасары

      _________________________________________________________________________

      (қолы, Т.А.Ә.)

      Авариялық-құтқару жұмыстарына шыққан құтқарушыларды актімен таныстыру

      Т.А.Ә.________________________ қолы _______________________күні

      Т.А.Ә.________________________ қолы _______________________күні

      Т.А.Ә

      Т.А.Ә.________________________ қолы _______________________күні

      Т.А.Ә. ____________________________ қолы _______________________күні

      Т.А.Ә.________________________ қолы _______________________күні

      Т.А.Ә.________________________ қолы _______________________күні

      Т.А.Ә.________________________ қолы _______________________күні

      Т.А.Ә.________________________ қолы _______________________күні

      Т.А.Ә.________________________ қолы _______________________күні

      Т.А.Ә.________________________ қолы _______________________күні

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады