"Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 184 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 138 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 12 сәуірде № 32283 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 184 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9960 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің, сондай-ақ бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің, сондай-ақ стационарлық автожанармай құю станциялары үшін бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2023 жылғы 12 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
А. Саткалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2023 жылғы 12 сәуірдегі
№ 138 бұйрығына
қосымша

Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің, сондай-ақ бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің, сондай-ақ бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының 21-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын (бұдан әрі – шекті бөлшек сауда бағалары), сондай-ақ бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерінің стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізудің (бұдан әрі – шекті көтерме сауда бағалары) шекті бағаларын айқындау тәртібін белгілейді.

2-тарау. Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды айқындау тәртібі

      2. Дизель отынын 300 (үш жүз) литрден сату кезінде шекті бөлшек баға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша теңгемен Argus Media Limited баспасының "Argus Каспий нарығы" (бұдан әрі – Argus media) көзінің ақпараты бойынша айқындалатын Қырғызстан және Өзбекстан Республикаларында орташа арифметикалық бағаға тең болып белгіленеді.

      Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде дизель отыны үшін - тәулігіне 100 (жүз) литрге дейін, жүргізуші куәлігін және Қазақстан Республикасында берілген жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде - тәулігіне 300 (үш жүз) литрге дейін, сондай-ақ бензиндер үшін осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес есептелген бағалар қолданылады.

      Шекті бөлшек сауда бағалары 4-тармақта көзделген шарттарды ескере отырып, мынадай формула бойынша есептеледі:

      Pбөлшек сауда = Pбөлшек сауда -1 *(100%+Kинфл/4)*(100%+Kимпорт), мұнда:

      1) Pбөлшек сауда– жарты жылдыққа 1 (бір) литр мұнай өнімінің шекті бөлшек сауда бағасы;

      2) Pбөлшек сауда-1 – алдыңғы жартыжылдықта белгіленген 1 (бір) литр мұнай өнімінің шекті бөлшек сауда бағасы.

      Ескертпе: белгілі бір әкімшілік-аумақтық бірліктердегі әртүрлі шекті бөлшек сауда бағалары кезінде Pбөлшек сауда-1 үшін Аргус медиа ақпараты бойынша айқындалатын ең төменгі бөлшек сауда бағалары қолданылады;

      Kинфл – шекті бөлшек бағаларды бекіту жүзеге асырылатын жылдың қаңтар айындағы жағдай бойынша, шекті бөлшек бағаларды бекіту жүзеге асырылатын жылдың алдындағы жылдың қаңтарына қарай Қазақстан Республикасындағы инфляцияның жылдық деңгейі;

      Kимпорт –2016 жылғы 30 қыркүйектегі Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде газ, мұнай және мұнай өнімдерінің индикативтік (болжамды) баланстарын қалыптастыру әдіснамасы туралы Келісімнің Еуразиялық экономикалық одақтың индикативтік (болжамды) балансына сәйкес шекті бөлшек бағаны бекіту жоспарланатын жылға тиісті мұнай өнімі импортының болжамының Қазақстан Республикасындағы мұнай өнімі өндірісі көлемінің болжамына пайыздық арақатынасы.

      4. Егер жарты жылға есептелген шекті бөлшек сауда бағасының мөлшері Қырғызстан және Өзбекстан Республикаларында ағымдағы орташа бағадан асып кеткен жағдайда, онда шекті бөлшек сауда бағасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша Қырғызстан және Өзбекстан Республикаларында теңгемен орташа бағаға тең болып белгіленеді.

3-тарау. Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізудің шекті бағасын айқындау тәртібі

      5. Шекті көтерме сауда бағалары мынадай формула бойынша есептеледі:

      P көтерме = Pбөлшек сауда *Kауд – S, мұнда:

      P көтерме – мұнай өңдеу зауытын жеткізу базасында жарты жылға 1 (бір) тонна мұнай өнімінің шекті көтерме сауда бағасы;

      Pбөлшек сауда – осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген тәртіппен есептелген жарты жылға арналған 1 (бір) литр мұнай өнімінің шекті бөлшек саудабағасы;

      Kауд – дизель отыны үшін 1190 (бір мың жүз тоқсан) және бензиндер үшін 1325 (бір мың үш жүз жиырма бес) тең өлшем бірліктерін литрден тоннаға ауыстыру коэффициенті.

      S- мұнай өнімдерін мұнай өңдеу зауыттарынан стационарлық автожанармай құю станцияларына дейін тасымалдауға, сондай-ақ осындай мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станцияларында өткізуге байланысты 1 тонна мұнай өнімдеріне жұмсалатын шығыстардың орташа сомасы дизель отыны үшін Pопт 19% - ға және бензин үшін Pопт 21% - ға тең.

4-тарау. Шекті бөлшек сауда бағаларын белгілеу тәртібі және мұнай өнімдерінің шекті көтерме сауда бағалары

      6. Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық автожанармай құю станциялары үшін мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын белгілеу туралы және бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық автожанармай құю станциялары үшін мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын белгілеу туралы бұйрықтардың жобаларын мұнай өнімдері саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға келісуге жіберіледі.

      7. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде мұнай өнімдерінің шекті бағаларын келіседі не ескертулер болған кезде пысықтауды талап ететін бұйрық жобасына негізделген ескертулерді көрсете отырып, пысықтауға жібереді.

      8 Заңның 22-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес "Ұлттық қауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда, шекті бағаларды уәкілетті орган осы Қағидаларды қолданбай белгілейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады