"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 278-бабының 16-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Геологиялық және (немесе) тау-кендік бөлуді беру және қайта ресімдеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 3 тамыздағы № 285 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23907 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Геологиялық және (немесе) тау-кендік бөлуді беру және қайта ресімдеу қағидаларында:
4-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
9-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру кезінде тау-кендік бөлуді қайта ресімдеу талап етілмейді.".
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
А. Бейспеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі